ҚАЗҰУ имиджінің қалыптасуына информатика кафедрасының қосқан үлесі зор

0
1595
ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық рейтингте кезекті сатыға көтеріліп, Орталық Азия аймағы мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында  World University Rankings QS (Ұлыбритания) беделді рейтингтік агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша алғашқы болып әлемнің 250 үздік университеті қатарына еніп,  236-орыннан көрінді. Айта кетерлігі, бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО – Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді. Осылайша жетекші Қазақстандық университет ҚазҰУ — Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дәлелдеді. Халықаралық рейтингте университеттің табысты алға жылжуына заманауи талаптарға сай жүргізілген кешенді құрылымдық жаңарту ықпал етті. Нәтижеге бағытталған процестік менеджмент, басқару жүйесі және еңбекті рейтингтік бағалау енгізілді. Сондай-ақ, жоғары әлемдік талаптарға сай әрі халықаралық аккредитациядан өткен эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары  белсенді жүргізілуде.\r\n\r\nАйтуға тұрарлық осындай шаралардың бірі жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша механика математика факультетінің информатка кафедрасының ұйымдастыруымен өткен\r\n\r\nпрограммалау бойынша ACM ICPC 2016-2017 халықаралық олимпиадасының ширек финалы. Бұл олимпиада бағдарламалау саласындағы маңызды сынақтардың бірі. Турнирдің негізгі мақсаты — оқушылар мен студенттердің информатика ғылымына деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу дағдысын дамыту, информатика ғылымын насихаттау болып табылады.  Аталмыш сайысқа еліміздің 14 облысының  мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттері — әрқайсысы  үш адамнан тұратын 150-ден астам команда және  жеке қатысушылар бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттері иеленсе, жүлделі 2-орынды  Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті мен Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттері қанжығаларына байлады. Осындай олимпиадалардың жеңімпаздарына әлемдік  IT- индустрия сферасына жол ашылады. ҚазҰУ –нің көптеген бітірушілері мен ACM ICPC  олимпиада жеңімпаздары  жетекші IT-компанияларда, атап айтсақ  Google, Facebook, Twitter, imo.im, Amazon, Booking.com  т.б. компаниялардан жұмысқа шақыртулар алып, қызмет етуде.\r\n\r\n QS сарапшыларының ұсыныстары бойынша ҚазҰУ тәжірибесі әлемдегі үздік университеттерде зерттелуде. Бұл көрсеткіш әлемдік білім мен ғылым нарығында бәсекелестікке қабілеттіліктің айқын дәлелі болып табылады. ҚазҰУ ғылым, білім беру және инновациялық жетекші орталық ретінде Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі және ЖОО-ның әлемнің 200 үздік топ университеті құрамына енуі жөніндегі мемлекеттік маңызы зор тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеуде. \r\n\r\nУрмашев Б.А.\r\n\r\nАдилжанова С.А.\r\n\r\nГусманова Ф.Р.\r\n\r\nГазиз Г.Г.\r\n\r\nТюлепбердинова Г.А.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ