«Қара өлеңнің құлагері» атты республикалық М. Мақатаев оқулары өткізіледі

8
8678

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен martebe.kz білім порталы біріге отырып республикалық жалпы білім беретін мекеме оқушылары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында  «ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰЛАГЕРІ» атты І республикалық байқауын жариялайды. Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім сайты. Байқау жеңімпаздары www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 9 ақпан мен 12 наурыз аралығында  skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

            «ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰЛАГЕРІ» І республикалық ақындар байқауының

         ЕРЕЖЕСІ

1.Байқаудың мақсаты

  • Республикалық жалпы білім беретін мекеме оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
  • Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;
  • Жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.
  1. Байқаудың өту тәртібі
  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін әдебиет саласының өкілдерінен тұратын арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін екі апта ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға барлық мектеп оқушылары қатыса алады.
  • Жас ерекшіліктері:

1-4 сыныптар;

5-8 сыныптар;

9-11 сыныптар аралығында.

 

  1. Байқау тапсырмалары
  • «Қара өлеңнің құлагері» атты жас ақындар номинациясы;

Оқушылар арасындағы  сұлу сөзді серік еткен жас ақындар байқауы. Номинацияда  қатысушы  ақынның болмысы, шығармашылығы, өмірі жайында авторлық өлеңдерін ұсынады. Әділ қазы алқалары қорытынды шығарарда авторлық өлеңдердің стилистикалық байланысына, логикалық құрылымына, ұйқас ерекшелігіне басты назар аударады.

  • «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін»атты эссе номинациясы;

М. Мақатаевтың шығармашылығы, өмірі, оқырманымен арасындағы  рухани байланысын суреттейтін эссе конкурсы.  Эссе келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 2-3 бет басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).

Бағалаудың негізгі критерийлері: тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі, оқырманға эмоционалды әсері.

  • «… Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» атты көркем сөз номинациясы;

М. Мақатаевтың шығармашылығынан бір өлеңді мәнерлеп оқу. Конкурсқа қатысушы ақынның бір өлеңін таңдап, аудио және видео нұсқада жолдайды. Әділ қазы алқалары қорытынды шығарарда оқушының мәнерлеп оқу шеберлігіне, дикциясына, дауыс бояуына, әртістік қабілетіне ерекше мән береді. Оқушы ақынның кез-келген шығармашылығынан таңдай алады (ақын күделігінен үзінді, проза, поэзия). Аудио және видео ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс;

  • «Есіңе мені алғайсың» атты ақын өлеңіне жазылған әндер байқауы;

Ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындау.  Байқауға қатысушы ақынның шығармашылығынан бір әнді орындап, аудио нұсқасын жолдайды. Әділ қазылар алқасы әншінің орындау шеберлігі мен жазылу сапасына мән береді. Ақынның сөзінің өзгертілуіне қатаң тыйым салынады. Байқауға жіберу кезінде орындаушының аты-жөнімен қатар, композитордың аты-жөні жазылуы тиіс.

Ескерту: интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Бір оқушы бір ғана номинация бойынша қатыса алады.

 

  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Бас жүлде – диплом,  байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған кубок, «Мұқағали мұрагері» төс белгісі және ақынның кітабы.

І орын– диплом, «Мұқағали мұрагері» төс белгісі, ақынның кітабы.

ІІ орын  – диплом, «Мұқағали мұрагері» төс белгісі, ақынның кітабы.

ІІІ орын – диплом, «Мұқағали мұрагері» төс белгісі, ақынның кітабы.

 

 «Қара өлеңнің құлагері» атты жас ақындар номинациясының алғыс хаты, ақынның кітабы.

«Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» атты эссе номинациясының алғыс хаты, ақынның кітабы.

«… Қасиетіңнен қара өлең, айналайын»  атты көркем сөз номинациясының алғыс хаты, ақынның кітабы.

«Есіңе мені алғайсың» атты ақын өлеңіне жазылған әндер номинациясының алғыс хаты, ақынның кітабы.

 

Барлық қатысушылар мен жүлдегерлердің жетекшілері арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

 

Байқауға қатысу құны – 2500 тг. Төлем квитанциясының көшірмесі тапсырмамен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының  жұмыстары Martebe.kz білім сайтында жарияланады және марапаттау әр номинация бойынша жүзеге асырылады.

 

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

КНП 859

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87.

 


8 ПІКІРЛЕР

  1. Неге Студенттерге де ұйымдастырмайды?!

  2. Студенттерге де ұйымдастырыңыздаршы, өтініш!Басқа тапқырыптарда болсада.

  3. Сәлеметсіздерме! Мен «Қара өлеңнің құлагері» және «Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» атты сайыстарға оқушылар жұмыстарын жіберіп едім. Нәтижесі қашан белгілі болады екен. Көлбай Данагүл және Қыдырбекова Алтынай.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ