PR мамандығы туралы не білеміз?

0
4007
пиар мамандығы

Қазақстанға пиар ұғымы жиырма жылдан астам уақыт бұрын келген. Осы уақыт ішінде ол туралы түрлі көзқарастар болды. Көпшілігінде оны жарнамамен шатастырды. Кейіннен екеуінің мақсаты ажыратылып: жарнама – «сатып алу/сатып алмау», пиар – «ұнату/ұнатпау» болды. Шындығында, қазақстандық пиардың бірнеше түрі бар екен: бизнес пиар, саяси және әлеуметтік. Ескере кетерлігі,  КСРО құлағаннан кейін ТМД елдері өзіндік даму «бастамасын» бір уақытта бастаған. Алайда, олардың барлығы қазір дамудың әртүрлі деңгейінде тұр. Өзбекстан мен Беларус елдерінде пиар өте нашар дамыған. «Қазақстанда пиар бағыты, ойдағыдай өсіп келеді» дейді пиар менеджерлер.\r\n\r\nЖалпы, пиар менеджментінде сұранысқа ие «қара пиар» екенін біз жақсы білеміз. «Қара пиар» — белгілі бір объектінің имиджін түсіру мақсатында құрастырылады. «Қара пиар» — негізінен, ресейлік ұғым. Бірақ екі жағдайда да, яғни «қара пиар» мен «ақ пиарда» да қоғамға ұсынылып отырған объект таныла түседі. \r\n\r\nPR – бұл, жарнама деп есептейді көбісі. Олар әлеуетті тұтынушы өз бетінше және қызығушылықпен ұсынылатын ақпараттармен танысуға құрылған. PR-бабында міндетті түрде ақпараттың артықшылықтары туралы, нақты өнім немесе сол үшін негізделген өнімдер туралы айтылады . Алайда маманға қоғаммен байланысу, компанияның жетістігі үшін көп еңбек етуіне тура келеді.\r\n\r\nPR-бап — нәтижелі ойын. Маманның PR-мен жұмыс жасауы мақсатты аудитория мен әр түрлі сипаттағы БАҚ өкілдерімен байланыс жасауға бағытталған. Кәсіби түрде құрылған автордың ақпараттары тұтынушылардың белсенді түрде шешім қабылдауына шақырады. Оның үстіне, мұндай хабар ОА – ның барлық өкілдеріне жетуі үшін тұтастай серияны керек етеді. PR комплекстік бабын толықтай қолдау қажет. Мұндай жағдайда PR маманы бірнеше мәселелермен сұрақтарға жауап іздеуі керек. Мысалы, қажетті ақпаратты қалыптастыруға қандай мақсаттың керектігін және аудиторияға ненің маңызды екендігін.\r\n\r\nКейде тіпті қарапайым деректер, брендке ғажап әсер мен баға бере алады . Әрине, бұл жерде компания туралы контекст маңызды ақпарат болып есептеледі. Бірақ, кез-келген жағдайда бұл ақпараттық өрістің ұлғаюына ықпал етеді.\r\n\r\nНақты PR- бағыттағы баптардың негізгі артықшылықтары неде?\r\n\r\nБіріншіден, PR-бап — бұл көңіл аудару. Бүткіл шоғырланған аудитория тек сіздің компанияңыз туралы ақпарат дайындайды . Дұрыс,нақты құрылған материал айналадағы құрастырушыларға белгілі бір атмосфера құруға көмектеседі, осылайша, тұтынушы өз бетінше осы нақты фирмамен ынтымақтастық құру туралы шешім қабылдайды.\r\n\r\nЕкіншіден, PR-бап — бұл бедел. Егер материал БАҚ-та жарияланса, онда аудиторияға таңдау еркіндігі,сондай-ақ мақсатты бағытталған басылымдар әсер етеді. Бұқаралық ақпарат құралы беделді болған сайын, компанияға тұтынушылардың қатынасы қолайлырақ болады. Сонымен қатар,ұйымдастырушыларға жалған,теріс ақпарат қолдану беделді бәсекелестер арасында нарыққа шығуға қиындық туғызады.\r\n\r\nҮшіншіден, PR-бап — бұл әсерлі. Мұндай мәтінде әрқашан тікелей , нақты компанияның, брендтеріне немесе өнімдеріне бағыттай бермейді. Ұсынылған PR обьектінің бірегейлілігін кілттік ой астарынан ашуы тиіс. Олардың ерекше қасиеттері бар болуы мүмкін: тауардың артықшылығы, өзіндік құрамы, инновациялар және дайындаушы ел және зерттеу нәтижелері. Тауардың немесе қызметтің бірегей сипаттамаларына, стандартты өніміне БАҚ қызметкерлері өте қатты назар аударады. \r\n Ақырында, PR-бап — бұл ең тиімді. Мәтінде осы тауардың артықшылықтары мен нақты қызметтері бәсекелестер алдында ашылады. \r\n PR-бабында не жазу керек?\r\n\r\nӘдетте, PR-компанияның қызметі 4 кезеңнен тұрады:\r\n 1) Жағдайды талдау және мәселенің тұжырымдамасын жасау.\r\n\r\n2) PR-стратегиясын әзірлеу.\r\n\r\n3) Мәлімделген маркетингтермен іс-шараларды іске асыру.\r\n\r\n4) Нәтижелерін бағалау.\r\n\r\nБарлық осы кезеңдер RACE жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады:\r\n\r\nResearch – Зерттеу,\r\n\r\nAction – Іс-Әрекет,      \r\n\r\nCommunication – Қарым-Қатынас,\r\n\r\nEvaluation — Бағалау.\r\n\r\nPR-мақала құру осы жүйеге сәйкес келеді. Бірінші материалды жазбас бұрын, аудиториямен толықтай зерттеу жүргізу керек. Сондай-ақ, қоғамның пікірі мен жұртшылықтың көңіл-күйін зерделеу керек. Мақала шыққаннан кейін, міндетті түрде талдау нәтижелерін жасау керек және қорытынды жасалуы тиіс. Егер қажет болса, алынған деректерге сәйкес пысықтаулар жасалынуы керек.\r\n\r\nЖақсы PR-материал ерекше талаптарымен жауап беруі тиіс. Бап — бұл оқырманның сенімді аккумуляторы, ол өз мүдделерінің маңыздылығын сезінуі тиіс. Ешқашан мақсатты аудиторияға өтірік айтылмауы тиіс: мәтіннің мазмұны шындықпен сәйкес келуі керек. Өтірік — бәсекелестердің көксеу мәні болып табылады. Олар анық емес ақпаратты пайдалана отырып, оп-оңай сіздің компанияңыздың абыройына,сеніміне нұқсан келтіре алады.\r\n\r\nРАИМХАНОВА ДИНАРА                                                                     


ПІКІР ҚАЛДЫРУ