Республикалық М.Мақатаев оқуларының жүлдегерлері анықталды

11
4738

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының  «Ең үздік қазақ тілді сайты» аталымының жеңімпазы Martebe.kz республикалық білім сайтында Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық «Қара өлеңнің құлагері» атты шығармашылық байқау өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен талантты оқушылар қатысып, өз белсенділіктерін танытты. Ақиық ақын өмірден өтсе де, жырларымен сусындап өсіп келе жатқан жастар ақын өлеңінің өміршеңдігін көрсетті. Жылдар өтседе көмескіленбейтін Мұқағали мұрасы – мәңгілік. Ақынның жырларын жатқа оқитын жастар барда Мұқағали өлмек емес. Ол әрбір қазақтың жүрегінде…

Алтыншы сынып оқушысы Досқали Абыр есімді қатысушымыздың мына бір өлең жолдары  ақынды сағындырады. 

Жазирасында қазақтың мынау,
Саржайлауын кезіп келгенде.
Тау тасын шарлап, мауқыңды басып,
Бау бақшасынан өрік тергенде,
Оқыңдар жырын Мұқаңның…

Қазбауыр бұлттар сауық құрғанда,
Атойлап шықса алып шыңдарға
Мұзбалақ болып қанатты қағып,
Қырағы көздер шалып тұрғанда
Оқыңдар жырын Мұқаңның…

Кербез қалпымен елік желгенде,
Тарқатылғанда сырым шерменде,
Шалкөде жақтан әуез естіліп,
Көкірегіңді жалын кергенде
Оқыңдар жырын Мұқаңның,

Тамшыдай бақты сезіп білгенде,
Жастықтың лебі желіктіргенде
Бір тал шашыңды алтынға балар
Қара көздіні кезіктіргенде
Оқыңдар жырын Мұқаңның..!

Байқаудың жеңімпаздары

  • «Қара өлеңнің құлагері» атты жас ақындар номинациясы
1-4 сынып аралығы (Кіші топ)
Бас жүлде Жайлау Ерасыл Ермекұлы Алматы облысы, Балқаш ауданы
І орын Серікбай Гүлзат Дәуренқызы ШҚО, Аягөз ауданы
ІІ орын Ербол Дарын Алмасұлы Алматы облысы, Іле ауданы
ІІ орын Сейілхан Нұрай Алматы облысы, Райымбек ауданы
ІІІ орын Серік Ерасыл Мейрамғалиұлы Атырау облысы  Қызылқоға ауданы 
ІІІ орын Жұмкен Айкүнім  Жезқазған қаласы

5-8 сынып аралығы (Орта топ)

Бас жүлде Досқали Абыр Талдықорған қаласы
І орын Еркін Нұрмұханбет Бағдатұлы Жезқазған қаласы
ІІ орын Абай Сасанов Алматы облысы, Алакөл ауданы
ІІ орын Күмісбек Мұрат Күмісбекұлы Алматы облысы, Балқаш ауданы
ІІІ орын Әлімғожа Аяла Айтқұрманқызы Алматы облысы, Іле ауданы
ІІІ орын  Әлібек Ақтілек Атырау облысы, Индер ауданы
ІІІ орын Нұрмұханова Торғын Жаппарғалиқызы Алматы облысы, Райымбек ауданы

9-11 сынып аралығы (Жоғарғы топ)

І орын Тұрсынбай Назерке Нақыпбекқызы Қызылорда облысы
ІІ орын Төкен Ернұр Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
ІІІ орын Жанғалиев Дамир Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

 

  • «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» атты эссе номинациясы

1-4 сынып аралығы (Кіші топ)

І орын Алтай Мирас Серікұлы Қостанай облысы, Арқалық қаласы
II орын Құсайын Досмұхамед Асылханұлы Астана қаласы
II орын Серікқали Қарақат Алматы облысы, Балқаш ауданы
III орын Сетан Әлімжан Рахымжанұлы  Астана қаласы
III орын Досан Азамат Ақмола облысы  Шортанды ауданы

5-8 сынып аралығы (Орта топ)

I орын Акмадиев Ернар Рустамұлы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы
II орын Шонжар Ақерке Еркінқызы Қызылорда қаласы,
II орын Асқар Фатима Роланқызы Атырау қаласы
III орын Айткаримова Данель Талдықорған қаласы
III орын Жүзбай Жаннұр Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
III орын Марат Гүлден Алтайқызы ШҚО,Жарма ауданы

9-11 сынып аралығы (Жоғарғы топ)

Бас жүлде Қайырдинова Зарина Өскемен қаласы
І орын Ибрайым Алмабек Алматы облысы, Райымбек ауданы
ІІ орын Сисенгалиева Айнұр Ақтөбе қаласы
ІІ орын Назарбеков Айбек Есмухаметұлы ШҚО, Аягөз ауданы
ІІІ орын Тулебаева Айгерім Алматы қаласы
ІІІ орын Сатыболдиев Ислам Солтүстік  Қазақстан обл, Мамлют  ауданы

 

  • «… Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» атты көркем сөз номинациясы

1-4 сынып аралығы (Кіші топ)

І орын Базарбай Ақдидар Жалғасқызы Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
ІІ орын Жарас Еркеназ Атырау облысы
ІІ орын Мұхамбет Нартай Ақмола облысы, Целиноград ауданы
ІІ орын Нүсіпхан Айқын Алматы қаласы
ІІІ орын Әбдір Еркеназ Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
ІІІ орын Молдағали Аян Арсенұлы Алматы облысы, Райымбек ауданы
ІІІ орын Тұран Қарақат Жамбыл облысы, Тараз қаласы

5-8 сынып аралығы (Орта топ)

Бас жүлде Батырхан Мирас Алматы облысы, Райымбек ауданы
І орын Мұқанбет Али Қызылорда қаласы
ІІ орын Біләл Алибек Исаұлы Алматы қаласы
ІІ орын Қабдоллаева Салима Атырау облысы, Жылыой ауданы
ІІ орын Байдаулет Әділ Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
ІІІ орын Сәрсенова Іңкәр ШҚО, Аягөз ауданы
ІІІ орын  Балуанбаев Әділ Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
ІІІ орын Сатыбалдиева Аяулым Алматы қаласы
ІІІ орын Сарсенова Іңкәр Саятқызы ШҚО, Аягөз ауданы
ІІІ орын Күребай Әсем Есенқызы Алматы облысы, Райымбек ауданы
ІІІ орын Амангелді Дина Алматы қаласы

9-11 сынып аралығы (Жоғарғы топ)

І орын Сатпаева Анель Муратбекқызы ШҚО, Күршім ауданы
ІІ орын Майлыбай Гүлдана  Қайратқызы Ақтөбе облысы
ІІ орын Әмзе Нұржас ОҚО, Шымкент қаласы
ІІ орын Жөкен Жансая Ержанқызы Алматы қаласы
ІІІ орын Хасенова Диана Нұрлыбекқызы Ақмола облысы, Целиноград ауданы
ІІІ орын Артықбаева Гүлжайна Хожахметқызы Ақтөбе облысы
ІІІ орын Смирнова Татьяна Солтүстік-Қазақстан, Айыртау ауданы

 

  • «Есіңе мені алғайсың» атты ақын өлеңіне жазылған әндер байқауы
І орын Омарова Ботакөз Астана қаласы
ІІ орын Спан Нұрдәулет Ақтөбе қаласы
ІІІ орын Амангелді Нұрдәулет Атырау облысы
ІІІ орын Суздалева Мария Алматы қаласы

 

Жүлдегер оқушыларға диплом, «Мұқағали мұрагері» төсбелгісімен және ақын кітабы табысталады. Жүзден жүйрік деп танылған дарынды оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз. 

Барлық жарысқа қатысушылар мақтау қағазымен марапатталады. Марапаттау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.


11 ПІКІРЛЕР

  1. Сәлеметсіздер ме?! «Қасиетіңнен қара өлең, айналайын…» атты көркемсөз байқауынан жүлделі 1-орын алған оқушымның аты-жөні қате жазылып кетіпті, Сатпаева Анель Муратбекқызы болуы керек. Мақатаев оқулары байқауын Республика көлемінде өткізіп, Мұқағали жырларын сүйетін дарынды жастардың, қазақ әдебиетінің мәртебесін көтеріп жатқан ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!

  2. Өте жақсы, ұйымдастырушыларға біздің де алғысымыз шексіз!!! Осындай байқаулар еліміздің басты ұлттық телеарналардан болса гой, деген тілегіміз бар. Мәні-мағынасы жоқ сайқымазақтардың қойылымдарын емін еркін көрсете бергенше, тілімізді, әдебитеімізді және дәстүр мәденитеімізді дәріптейтін, насихаттайтын бағдарламалар жасап шығарылса, жастарымыздың тәрбиесі жақсы, ұлттық рухани байлығы мол болар еді!

  3. Сәлеметсіздер ме? Байқауды ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Әдебиетке алғаш қадам басқан ақынжанды шәкірттерге қолдау білдіріп, қаламын ұштауға дем беріп, Мұқағали мұрагері деген атақ беру арқылы көптеген шәкірт жүрегіне шабыт бергендеріңізге мың да бір рахмет! Біз қуаныштымыз. Жүлдегерлер дипломы пошта арқылы келе ме, әлде сайттан жүктеле ме? Жауабын берсеңіздер?

  4. Сəлеметсіздер ме? Расымен де керемет сайыс. Мұқағали өлеңдері жан дүниеңді жұбататын керемет өлеңдер. Бас жүлдені иемденген Досқали Абыр есімді қатысушының да өлеңі керемет екен. Қаламы ұштала берсін. Рахмет сіздерге

  5. Сәлеметсіздер ме!Сайыс өте керемет. Ендігі дипломдарымызды қашан? қалай? алуымыз керек екен.

  6. Жарысқа қатысқан оқушыларға мақтау қағазы беріле ме екен,себебеі орын ала алмай қалдық.

  7. Жас ақындар сайысы сіздерде енді қашан болады?

  8. Сәлеметсіз бе! Редакцияға хабарлассаңыз! Бізде барлық марапат жіберіліп бітті

  9. Сәлеметсіз бе? Ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Қара өлеңнің құлагері» атты республикалық байқауында Атырау Облысы ,№6 мектеп 3 «а» сынып оқушысы Сәрсенбаева Нұршатқа берілген марапаттарын осы почтаға қайтадан жібере аласыздар ма? Почтамнан кетіп қалыпты ренжімесеңіздер. Рахмет!!! alinka8009@mail.ru

  10. Сәлеметсіз бе! Мұқағали Мақатаевтың оқулары биыл жалғасын таба ма екен?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ