Оңтүстік Америка

Жоспар

Кіріспе

1. Оңтүстік Америка халықтары

1.1 Оңтүстік Америкаға Еуропалықтардың отарлауы

1.2 Оңтүстік Америкаға Испандықтардың қоныстануы

1.3 Оңтүстік Америка мемлекетінің құрылыуы

1.4 Оңтүстік Американың егінші халықтары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Оңтүстік Америка.

300px-South_America_%28orthographic_projection%29

1 Оңтүстік Америка халықтар.

Оңтүстік Американы мекендеген халықтар: үндістер, инкилер, чибча-муиси, айтектер, араукандар, мапучелер мекендеді. Олар көбінесе теңіз жағалауларын, тау беткейлерін аңғарларын мекендеді. Олар негізінен терімшілікпен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысты.

220px-Filhas-de-santo_moradoras_do_terreiro220px-Fiesta_Palenque

1.1 Оңтүстік Америкаға Еуропалықтардың отарлауы

Оңтүстік Америка сирек және өте ала-құла қоныстанған. Материктің тек шеткері бөліктері негізінен Атлант мұхиты жағалауы мен Андының кейбір аудандары ғана тығыз қоныстанған. Ал ішкі аудандарда, мысалы, орманды Амазонка ойпатында халық мүлде жоқтың қасы.

Оңтүстік Американың байырғы халқы — үндістердің шығу тегі туралы мәселе ұзақ уақыт талас тудырып келді.

Оңтүстік Американың біздің эрамыздан 20-30 мың жыл бұрын Азиядан Солтүстік Америка арқылы келген монголоидтар қоныстанған деген пікір басым болып отыр. Бірақ Оңтүстік Американың үндіс халықтарының Мұхиттық аралдар халқымен кейбір антропологиялық ұқсастықтарына (кең танау, бұйра шаш, қаба сақал) және олардың бірдей еңбек құралдарының болуына негізделе отырып, кейбір ғалымдар Оңтүстік Америка Тынық мұхит аралдары жағынан қоныстанған деген пікір айтады. Алайда бұл пікірді жақтаушылар аз. Оңтүстік Америка арқылы монголоидтармен бірге мұхиттық нәсіл өкілдерінің де өтуі ықтимал деп түсіндіруге бой ұрады.

«Ақтардың» билеп-төстеуі кезінде жалпы саны қатты азайғанымен Оңтүстік Америка үндістерінің қазіргі саны Солтүстік Америкаға қарағанда анағұрлым көп. Кейбір елдерде үндістер қазіргі күнге дейін халықтың әжептәуір процентін құрайды. Перуде, Эквадорда және Боливияда халықтың жалпы санының жартысына жуығы үндістер, ал жеке аймақтарда олар, тіпті, едәуір басым. Парагвай халқының көбі үндіс текті, көптеген үндістер Колумбияда тұрады. Аргентинада, Уругвайда, Чилиде үндістер отарлаудың бірінші кезеңінің өзінде ақ мүлдем дерлік қырып жіберілген болатын, олар бұл елдерде қазірде де өте аз. Бразилияның үндіс халқы да үнемі азаюда.

Жалпы алғанда Оңтүстік Америка үндістері әлі аз зерттелген, сондықтан да қазіргі кезге дейін олардың ғылыми және бірыңғай классификациясы жоқ. Антропологиялық жағынан Оңтүстік Американың барлық үндістері біртұтас және солтүстік Америка үндістеріне жақын тұрады. Үндіс халықтары тіл белгілеріне қарай жақсы топтастырылған. Дегенмен, бұл мәселе жөнінде де бірыңғай пікір болмай отыр, өйткені Оңтүстік Америка үндістерінің тілі өте алуан түрлі және олардың көпшілігінің өзіндік ерекшелігі соншалық, тіл семьялары мен топтарға біріктіруге келмейді. Сонымен қатар бұрын материкте кеі тараған көптеген тіл семьялары мен жеке тілдер қазіргі кезде түгел немесе түгелдей дерлік жойылған, өйткені ол тілдерде сөйлейтін халықтар европалық отарлаудың нәтижесінде құрып кеткен. Оқшау тіршілік ететін көптеген үндіс тайпалары мен халықтарының тілдері қазіргі кезге дейін зерттелмей отыр деуге болады.

Европалық отарлау қарсаңында Оңтүстік Американың байырғы халқы даму дәрежесі жөнінен екі үлкен топқа бөлінген. Бұл айырма белгілі бір дәрежеде қазіргі кезге дейін сақталынып келеді. Андыдан шығысқа қарай жатқан территорияны алғашқы қауымдық құрылыс сатысында тұрған аң аулау және дайын өнім жинаумен тіршілік ететін халықтар мекендеген. Андыда және Тынық мұхит жағалауында егіншілік пен мал шаруашылық мәдениеті біршама жоғары, қолөнері, қолданбалы көркемөнері дамыған жіне ғылыми білімдердің бастамасы бар қуатты үндіс мемлекеттері құрылған.

Еуропалық отарлау және отарлаушылармен кескілескен күрес барысында кейбір үндіс халықтары Жер бетінен мүлдем құрып кетті, басқалары өздерінің ата мекендерінен игерілмеген әрі жайсыз жерлерге ығыстырылды. Кейбір үндіс халықтары өздерінің бұрынғы мекендерінде тұрып жатыр. Бірақ барлық жағдайда үндістер, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің еі кедей, правосыз және қаналушы бөлігін құрайды. Қазіргі кезге дейін оқшау тұратын, европалықтар басып кірген кездегі даму дәрежесі мен тұрмыс тәртібін сақтаған және басқа халықтармен онша араласпайтын тайпалар бар.

Төменде үндіс халықтарының кейбір саны ең көп және ең жақсы зерттелген материк халқының қазіргі кезже айтарлықтай бөлігін құрайтын немесе бұрын құраған топтары ғана аталып өтіледі.

Бразилияның ішкі аудандарында қазіргі кезге дейін тіл семьясы тайпаларының қалдықтары тіршілік етеді. Европалықтар материкке келген кезде, олар Бразилияның шығыс және оңтүстік бөліктерін қоныстанған, бірақ отарлаушылар оларды елдің ішкі және батпақты аудандарына ығыстырған. Бұл Оңтүстік Американың қазіргі кезге дейін алғашқы қауымлық құрылысын сақтаған және қаңғырып жүріп тіршілік ететін халықтарының бірі.

Европалықтардың келуі қарсаңында Оңтүстік Американың қиыр оңтүстігінің тұрғындары — Оттыжерліктер дамудың өте төмен сатысында тұрды. Олар киім тіге білмейтін және суықтан аң терісін жамылып қорғанатын, сүйек пен тастан қару жасайтын, гуанако және теңізде балық аулау арқылы күн көретін, теңізге ағаш қабығынан жасаған қайықтармен шығатын. Оттыжерліктер XIX ғасырда аяусыз қырылып жойылды, ал қазір олар өте аз.

Материктің орталық және солтүстік бөліктерінің Ориноко мен Амазонка өзендерінің бассейнін қоныстанған тайпалар дамудың анағұрлым жоғары сатысында тұрды (тупи гуарани, аравак, кариб тіл семьяларының халықтары). Олар қазірде де қарапайым егіншілікпен айналысып, маниок, жүгері, мақта өсіреді. Олар садақпен және сол бойда әсер ететін өсімдік уы — курарені пайдаланып, жебе ататын түтіктермен аң аулайды. Бұл халықтар қазіргі кезге дейін рулық құрылысын сақтаған.

Аргентина Пампасы мен Патагонияда өмір сүрген тайпалар европалықтардың келуіне дейін жаяу аңшылар болатын.

1.2 Оңтүстік Америкаға Испандықтардың қоныстануы

Испандар материкке жылқы әкелді де, олар тез арада тағы жылқыға айналып көбейіп кетті. Үндістер жылқыны қолға үйретуді және оны гуанако аулауға пайдалануды үйреніп алды. Аргентинада капитализм жедел дамыған кезде испандар жергілікті халықты қырып дойды және оларды Патагонияның қиыр оңтүстігіне, астық шаруашылығына жарамсыз жерлерге ығыстырды. Қазіргі кезде Пампада байырғы халық мүлде жоқтың қасы. Тек ірі егіншілік шарушылықтарында батырақ болып жұмыс істейтіндер үндістердің шағын топтары ғана сақталып қалған.

Европалықтардың келуі кезінде биік Анд таулы үстіртінің Перу, Боливия және Эквадор алабын қоныстанған тайпалар барынша жоғары қоғамдық экономикалық және мәдени даму жағдайында болды, мұнда суармалы егіншіліктің еі ежелгі отарлықтарының бірі жайласқан.

XV ғасырдың бірінші жартысында кечуа тіл семьясына жататын ең мықты тайпалардың бірі — инктер Андының бытырап жүрген ұсақ халықтарын біріктірді де, пайда болған халықтарын Чилидің қазіргі территориясына дейінгі жерді өздеріне бағындырып, билігін оңтүстікке таман жатқан аудандарға таратты. Ол аудандарда отырықшы егінші арауқандардың дербес, бірақ инктерге жақын мәдениеті пайда болды.

Суармалы егіншілік инктердің негізгі кәсібі болды, олар егістіктерді тау беткейлеріне террассалар түрінде орналастырды және оларға таудың тасқын суын жеткізе отырып, пайдалы өсімдіктердің қа тарта түрін өсірді. Инктер жабайы ламаларды қолға үйретіп, оларды жүк тасуға паййдаланды, сонымен бірге үй ламаларын өсіріп, ет, жүн, сүт алыып отырды. Тау жолдарын және лианалардан көпірлер салу шеберлігімен де инктердің даңқы шықты. Олар көптеген қолөнерін : қыш жасау, мата тоқу, алтын мен мыс өңдеу т.б. білген. Олар алтыннан көркем әшекейлермен дінге табыну заттарын жасаған.
Инктердің мемлекетінде жерге жеке және мемлекеттік меншік болған, мемлекет басында қолында шексіз өкімет билігі бар жоғары көсем отырған. Инктер бағындырылған тайпаларға салық салған. Инктердің мәдениетін испан жаулап алушылары айуандықпен жойып жіберген, дегенмен оның кейбір ескерткіштері : жолдар, құрылыс қалдықтары, жер суару құрылыстары қазіргі кезге дейін сақталып қалған. Инктер мемлекетінің құрамына кірген кейбір халықтар қазіргі кезге дейін Андының биік таулы шөл үстіртін мекендейді. Олар жерді қарапайым әдіспен өңдеп, картоп, киноа және басқа да кейбір өсімдіктер өсіреді. Олардың біразы рудниктерде немесе басқа кәсіпорындарда ақтарға қарағанда анағұрлым аз жалақы алып, жұмыс істейді.

Қазіргі кездегі саны ең көп үндіс халқы — кечуа Перудің, Боливияның, Эквадордың, Чилидің және Аргентинаның таулы аймақтарын мекендейді. Тититака көлінің жағаларында дүние жүзіндегі біршама биік тауды мекендеген халықтардың бірі — аймара тіршілік етеді.

Чилидің байырғы халқының негізін раукандар деген жалпы атпен біріктірілетін күшті егінші тайпалар тобы құраған. Олар көпке дейін испандарға бағынбаған, тек XVIII ғасырда ғана олардың біразы жаулап алушылардың тықсыруымен Пампаға қоныс аударған. Қазіргі араукандар (мапуче) Чилидің оңтүстік жартысында, тек шағын бөлігі ғана Аргентина Пампасында тұрады.

Андының солтүстігінде, қазіргі Колумбияның территориясында, испан жаулап алушыларының келуіне қарайғы кезде чибча муиска халықтарының мәдениетті мемлекеті құрылған. Рулық тайпалық құрылыс қалдықтарын сақтап қалған шағын тайпалар — чибчаның ұрпақтары қазір Колумбия мен Панама мойнағында тұрады.

Европадан Америкаға семьясыз келген алғашқы қоныс аударушылар үндіс әйелдерімен некелескен. Соның нйтижесінде аралас, метис халық пайда болған. Метистену процесі кейініректе де болып отырған.

Қазіргі кезде европоид нәсілдерінің «таза» өкілдері маретикте жоқтық қасы. Бұған тек кейінгі иммигранттар ғана қосылмайды. «Ақ» деп аталатындардың көпшілігінде белгілі бір дәрежеде үндіс (немесе негр) қанының қосылысы бар. Бұл аралас халық (метистер, чоло) Оңтүстік Америка мемлекеттерінің барлығының дерлік тұрғындарының негізгі көпшілігін құрайды.

Халықтың едәуір бөлігін, әсіресе Атлант маңы аймағында (Бразилияда, Гвианада, Суринамада, Гайанада) Оңтүстік Америкаға плантацияда жұмыс істеуге көптеген және арзан жұмысшы күші қажет болған отарлаудың алғашқы кезеңдерінде әкелінген құлдардың ұрпақтары — негрлер құрайды. Негрлер ішінара ақ және үндіс халықтарымен араласқан. Осының нәтижесінде аралас типтер — бірінші жағдайда — мулаттар, екіншісінде — самбо пайда болған.

Қанаудан бас сауғалаған негр-құлдар өздерінің қожаларынан тропиктік ормандарға қашып, тығылған. Олардың ішінара үндістермен араласып кеткен ұрпақтары қазіргі кезге дейін әр жерде қарапайым орман тіршілігіне көшуде.

Оңтүстік Америка республикаларының тәуелсіздігі жарияланғанға дейін, яғни XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін Оңтүстік Америкаға басқа елдерден иммиграция жасауға тыйым салынған болатын. Алайда кейіннен жаңа құрылған республикалардың өз елдерінің дамуына және бос жатқан жерлердің игерілуіне мүдделі болған үкіметтері иммигранттардың келуіне жол ашты. Соның арқасында Оңтүстік Америкаға Европа мен Азияның әр түрлі елдерінен едәуір адам қоныс аударды. Иммигранттар, әсіресе Италиядан, Германиядан, Балқан елдерінен көп келді, ішінара Россиядан, Қытайдан және Жапониядан келді. Кейінгі кезде қоныс аударған бұл иммигранттар , әдетте, өзінің тілін, әдет-ғұрпын, мәдениетін және дінін сақтап, басқалардан оқшауланып тұрады. Олар кейбір республикаларда (Бразилия, Аргентина, Уругвай) халықтың едәуір топтарын құрайды.

Оңтүстік Америка тарихының ерекшеліктері, соның нәтижесі болып табылатын қазіргі халқының таралуындағы үлкен ала құлалық және оның орташа тығыздығының біршама аз болуы Оңтүстік Американың табиғи жағдайларының басқа материктермен салыстырғанда көбірек сақталуына жағдай жасаған. Амазонка ойпатының үлкен алаптары, Гвиана таулы қыратының орталық бөлігі (Рорайма массиві), Анды мен Тынық мұхит жағалауының оңтүстік батыс бөлігі елсіз деуге болады және іс жүзінде игерілмеген. Амазонка ормандарының басқа халықпен жуыспайтын деуге болатын қаңғыма тайпалары табиғатқа әсер етпек түгел, өздері оған бағынышты. Дегенмен, мұндай аудандар барған сайын азаюда. Пайдалы қазбалар өндіру, қатынас жолдарын салу, жаңа жерлерді игеру Оңтүстік Америкада барған сайын материкті ішкерілей түсуде.
Соңғы жылдары Амазонка ойпатының батысында, Перудің ылғалды тропиктік ормандарының нағыз нуында мұнай өндіріле бастады. Қазірдің өзінде Бразалияның территориясында трансамазонка автомобиль жолын салу аяқталып отыр. Оның маңындағы жерлер таяудағы жылдары игерілмек. Одан бұрынырақ Ла-Плата жазығы, Бразилия таулы қыратыының жағалау бөліктері, материктің қиыр солтүстігі игеріліп, айтарлықтай өзгерген. Боливия Андысының, Перудің және басқа елдердің ішкері аудандары, ертеде, европалық отарлау басталмас бұрын игерілген болатын. Үндістердің ежелгі цивилизациясы өркендеген жерлерде әлденеше ғасырлар бойындағы адам әрекеті теңіз деңгейінен 3-4,5 мың м биіктіктегі шөлді тау үстірттері мен тау беткейлерін мәдени ландшафтыға айналдырған.

1.3 Оңтүстік Америка мемлекетінің құрылуы
Испан жаулап алушылары Орталық Америка жеріне келгенде тілі бойынша ғана әртүрлі емес, сонымен бірге әлеуметтік даму дәрежесі бойынша да әртүрлі сатыда тұрған халықтарға тап болды. Кейін Оңтүстік Американың батыс бөлігі бойынша етек жайған мемлекеттер тізбегі осы жерден басталды. Сірә, бұлар мемлекеттер ме, әлде мемлекеттер емес пе деген таласты тарихты жазушылыр шешіп жатыр. Ал археологтар жыл сайын дерлік тропикалық ормандар қопаларында жаңа қалалар жаңа храмдар тауып, Американың осы жерінде жоғарғы және өзіндік сипаттағы цивилизацияның болғанын дәлелдеп келеді. Жинақталған материалдар бұл мідениеттердің қалыптасуы, олардың гүлдену және құлдырау, даму орталықтарының бір жерден екінші жерге ауысып отыру тарихын негізгі сипаттарда бағдарлауға мүмкіндік береді. Жазба материалдардың жоқтығынан бұл халықтардың тарихын көптеген кезеңдері мүлде жойылып кеткен. Ал қазыр бұл халықтардың тарихы мен цивилизациялары Ескі Әлемнің ертедегі цивилизациялары тарихынан кем емес көңіл аударуға тұратындығында күмән жоқ.

XVI ғасырда жаулап алушылар талқандаған және бүлдірген неғұрлым ірі мемлекеттердің бірі «ацтектер» мемлекеті.Археологтардың деректері бойынша біздің эрамыздан бұрын көп ертеректе ольмектердің, одан соң тольтектердің, кейінірек — сапотектердің жоғары мәдениеті болғаны мәлім. Ацткетер жергілікті тұрғындардың бұрынғы қол жеткенінің мүрагерлері ғана болып шыққан. Ацткетер билігі шеңберіндегі осы дамыған жіне санқырлы шаруашылық негізінде ацтектердің таптық қоғамының күрделі де өзіндік сипаттағы пирамидасы бой көтерді. Оның шынар басында айтектердің өз «тайпасы» тұрды. Сірә, XVI ғасырдың жүзінде жеті тайпа одағы бұрынғы атышулы ұйымның тек кейбір белгілерін ғана сақтаса керек. Аралдарда жатқан қала ішіндегі жерлер де, сол сияқты теңіз өңіріндегі учаскелер де қауымдар қарауына қарады.
Мұндай семьялық қауым ішіндегі жұмысты оның қауым басшысы басқарады. Айтектерді алма кезек сайланып қойылатын екі көсем басқарды. Іс жүзінде XVI ғасырға қарағанда өкімет атақты бір ру бойынша мұрагерлік қуалады: испандықтардың Теночтитлан билеушілерін «император» деп атауы тегін емес. Кейбір жағдайларда жаңадан қосылған жерлер ацтек мемлекетінің құрамында тәуелсіздігі мен дербестігін сақтады. Бағындырылған жерлер тұрғындарының бір бөлігі құлдарға айналдырылып, олардың еңбегі қоғамдық жұмыстарға ( храмдар, сарайлар, жол, құбырлар салуға) кең пайдаланылды. Құлдардың біразы шонжарларға тікелей тәуелді етіліп, солардың шаруашылықтарында қаналды. Міне мұның бәрі тікелей ацтек тұрғындарының жағдайларына да әсерін тигізді. Қарыздар үшін ацтектің семьясы ғана емес, сонымен бірге оның өзі де құлдыққа сатылатын болды. Ацтектер мемлекетінен оңтүстікке қарай, Орталық Американың тропикалық ормандары мен саванналарында археологтар ертедегі мәдениеттің , көбінесе маия қала мемлекеттер деген атпен белгілі ескерткіштерін ашты және ашуда.
Америка материктерінің арасындағы мойнақтың оңтүстік бөлігін және осы күнгі Колумбияның айтарлықтай бөлігін чибча тілдерінде сөйлеген халықтар мекендеген. Солардың бірі чибча-муиски осында, Богота қаласының төңірегінде жоғары цивилизация құрған. Олардың шаруашылық жүйесіде майялықтардікінен аумайды, тропикалық орманды өртеп, учаскелер жасап, жүгері және басқа өсімдіктер өсірген, олардың арасында маниока мен бататы елеулі орын алған.

Тынық мұхитқа қарай құлаған Анд тау жоталарының бөктерінде біршама үлкен емес тау аңғарлы аймақ жатыр. Мұнда тау өзендері жағалауларында тіпті біздің эрамыздан бұрынғы I мыңыншы жылда жасалған террастық суландыру жүйесі негізінде жоғары мәдениет орталықтары қалыптасады. Қазәр осы цивилизациялар тарихының көптеген кезеңдері мәлім. Біздің эрамыздан бұрынғы VI ғасырда таулы облыстарда алғашқы өокендеген мәдениет пайда болады. Куско аңғарында кечуа тілдес тайпалардың бірлестіктері шығады, олардың арасында инкилердің кейініректегі «империясының» қаһарлы билеушілері инкилерде болды. Ацтектердегідей инкилер мемлекетінің құүрылымынан да қалайда екі түрлі негіздің ұштасқанын байқауға болады. Бүкіл мемлекеттің, өміріне абыздар үлкен рөл атқарды. Жоғарғы мәртебелі инки күннің улы болып саналды және егіншілік табынуларда басты рөл атқарды- мәселен, Сана Инка өзінің алтың кетпенін жерге қадаған күн мен сағатта елде жүгери егісі басталды.

Күнге табынушылық діни жүйеде өзекті орын алды. Инкилер мемлекетін 1531-1533 жылдары Писсаро жаулап алушылар талқандады.Дегенмен инка халқының испандықтарға қарсы күресі бұдан соң да 40 жыл жұрді. Бұл күрес одан кейінде тоқтаған жоқ. Соңғы бір көтеріліс тіпті XX ғасырда болды. Испандықтар инкилер мемлекетінің орталықтануын өз мақсаттарына пайдалануға тырысты. Олар кечуа тілінің одан әрі таратылуына жағдай жасады, христиан кітаптарын аударып, ауғыздарды осы тілде жүргізді, үндістермен қарымқатынаста кечуаларды пайдаланды. Кечуа тілі тек тіпті бертіндеп ғана Перуде ресми тіл болып танылды.

1.4 Оңтүстік Американың егінші халықтары

Инкилерден оңтүстікке қарай араукандар (дұрысырағы -мапуче) тайпалар тұрды. Бұл тайпалардың көпшілігі әртүрлі дәрежеде егіншілікпен таныс болған.Олар картоп, маис, бұршақтар өсірді. Мапучелер солтүстіктегі көршілердің әсерімен лам өсірді. Бірақ олардың егіншілік шаруашылығы басқа кәсіптермен- аңшылықпен, балық аулаушылықпен, терімшілікпен қатар жүргізілді. Тіпті олардың «араукандар» деген атының өзі жеуге жарамды дәндері көп араукария ағашынан алынған. Олардың қоныстары сол кезде-ақ отырықшы болған. Олар қолөнершіліктің кейбір түрлерін қышшылықты, тоқымашылықты білген.Шаруашылықта жылқының және басқа европалық мәдениет жаңалықтарының пайда болуы олардың шаруашылық және әлеуметтік құрылымын қатты өзгертті.
Анд тау жоталарының шығыс бетін жайлаған көптеген тайпалардың өмірі анағұрлым күрделі әрі әрқилы соқты. Бұл тайпалар мен халықтардың көбі португальдық және испандық отарлау тұсында шетінен құрытылды, көбі біраз кейініректе тонаушылық пен байю әккілігінің құрбаны болып кетті. Кейбір тайпалар тропикалық ормандар түпкіріне, сельваларға кетіп бас сауғалады. Амазонка ормандарында тілдері жағынан әртүрлі үндістердің шағын топтарының бытыраңқы топтары бар. Олардың шаруашылықтары комплексті. Егіншілік пен қатар балық аулау, терімшілік, аздап аңшылық өте үлкен рөль атқарады. Егіншілігі тропикалық сипатта орманды учаскелер өртеу, маиске қоса маниока, батат және тағы басқаларын өсәру болып келеді. Амазонкадан солтүстікке қарай саванналарды мекендеген үндіс тұрғындарының топтары сельва тайпаларына жақын. Олар егіншілікпен таныс болған, біріқ аңшылықпен, терімшілікпен балық аулаумен көбірек шұғылданған.

Страны и территории

Площадь (км²)

Население
(на
1 июля 2008)

Плотность населения
(на км²)

Аргентина Аргентина

2 766 890

40 677 348

14,3

Боливия Боливия

1 098 580

8 857 870

8,1

Бразилия Бразилия

8 514 877

191 908 598

22,0

Венесуэла Венесуэла

912 050

26 414 815

27,8

Гайана Гайана

214 970

770 794

3,6

Колумбия Колумбия

1 138 910

45 013 674

37,7

Парагвай Парагвай

406 750

6 347 884

15,6

Перу Перу

1 285 220

27 925 628

21,7

Суринам Суринам

163 270

438 144

2,7

Уругвай Уругвай

176 220

3 477 778

19,4

Фолклендские острова Фолклендские острова (спорные между Великобританией и Аргентиной)

12 173

2 967

0,24

Французская Гвиана Французская Гвиана (Франция)

91 000

209 000

2,1

Чили Чили

756 950

16 454 143

21,1

Эквадор Эквадор

283 560

13 927 650

47,1

Южная Георгия и Южные Сандвичевы острова Южная Георгия и Южные Сандвичевы острова

3 093

20

0

Всего

17 824 513

382 426 293

21,5

Қорытынды

Қорыта келгенде, Европалықтар келгенге дейін осы күндегі Бразилияның шығыс тау беткейлері және Амазонкадан оңтүстікке қарай облыстарды қазір толық дерлік жойылып кеткен әртүрлі тілдегі көптеген семьялар мен топтар менкендеген. Олардың ішіндегі неғұрлым белгілері жес, бороро, тупи, гуайкуру тайпалары. Өзіндік сипаттағы ерекше климаттағы (құрғақшылық пен су тасқындарының алмасып отыруы) бұл облыстарда терімшілік пен балық аулаушылық дамыған. Мұндағы климатқа байланысты шаруашылықтың тұрақты түрі бола алмаса да, барлық тайпалар дерлік егіншілікті білген. Аңшылықтың да берері көп болған жоқ. Бұл тайпалар толық жеткілікті зерттелмеген. Олардың көбі құрытылып жіберілгендіктен немесе қолайсыз, әрі өмір құруға төселінбеген жерлерге ығыстырылып тез жойылып кеткендіктен этнографияның зерттеу объектісіне ілініп үлгірмеді. Үндістер топтарының сақталған белгісіз бір бөлігі әлі күнге дейін осында тұрады.

Пайдалагылған әдебиеттер

  1. Т.В.Власова «Материктердің физикалық географиясы» 2 том, Алматы

1985, 164-168 б.б

  1. Ю.В.Бромлей, Г.Е.Марков «Этнография» Алматы 1987, 181-187 б.б
  2. Рябчиков А.М., «Физическая география материков и океанов» М.: «Высшая школа» 1988 г.
  3. «Құрлықтар мен материктердің физикалық географиясы оқу әдістемелік кешені»., Алматы 2006 ж.
  4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы.8 том, Алматы 2005 ж 467-480 б.б
  5. http://www.un org /esa / population/ publications/ wpp2008/WPP2008_ Highlights_rev.pdf
  6. http://demos cope.ru/ weekly/2009/0371/barom01.php

Кіріспе

Оңтүстік Американың байырғы халқы — үндістердің шығу тегі туралы мәселе ұзақ уақыт талас тудырып келді.

Оңтүстік Американың біздің эрамыздан 20-30 мың жыл бұрын Азиядан Солтүстік Америка арқылы келген монголоидтар қоныстанған деген пікір басым болып отыр. Бірақ Оңтүстік Американың үндіс халықтарының Мұхиттық аралдар халқымен кейбір антропологиялық ұқсастықтарына (кең танау, бұйра шаш, қаба сақал) және олардың бірдей еңбек құралдарының болуына негізделе отырып, кейбір ғалымдар Оңтүстік Америка Тынық мұхит аралдары жағынан қоныстанған деген пікір айтады. Алайда бұл пікірді жақтаушылар аз. Оңтүстік Америка арқылы монголоидтармен бірге мұхиттық нәсіл өкілдерінің де өтуі ықтимал деп түсіндіруге бой ұрады.

«Ақтардың» билеп-төстеуі кезінде жалпы саны қатты азайғанымен Оңтүстік Америка үндістерінің қазіргі саны Солтүстік Америкаға қарағанда анағұрлым көп. Кейбір елдерде үндістер қазіргі күнге дейін халықтың әжептәуір процентін құрайды. Перуде, Эквадорда және Боливияда халықтың жалпы санының жартысына жуығы үндістер, ал жеке аймақтарда олар, тіпті, едәуір басым. Парагвай халқының көбі үндіс текті, көптеген үндістер Колумбияда тұрады. Аргентинада, Уругвайда, Чилиде үндістер отарлаудың бірінші кезеңінің өзінде ақ мүлдем дерлік қырып жіберілген болатын, олар бұл елдерде қазірде де өте аз. Бразилияның үндіс халқы да үнемі азаюда.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ