Ата-аналар жиналысына оқушыларға кәсіптік бағдар беру тақырыбына арналған баяндама

ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ БАҚЫТЫ (баяндама)
Адамның таңдай білу құқығы туралы аңыз-әңгіме.
Екі жолдың айрығында бір қарт отырады. Оның қасынан аурудан әбден шаршаған бір адам өтіп бара жатып, отырған қартты көріп: -Ата, ең басты байлық -ДЕНСАУЛЫҚты табу үшін қай жолмен жүрсем болады деп сұрайды. – Мына жолмен жүр деп қарт ақылын айтады. Жолаушы жүріп кетеді. Біраз уақыттан соң жолаушы сапардан сауығып қайта оралады.

Бір күні екінші жолаушы өтіп бара жатып,жолда отырған қарттан жөн сұрайды: — Ақылды игеру үшін қай жолмен жүрсем болады дейді. – Қарт жол нұсқайды, біраз уақыттан соң, әлгі жолаушы данышпан болып оралады.

Үшінші жолаушы қарттан байлық табу үшін қай жолмен жүруге болатынын айтуды сұрайды. Қарттың сілтеуімен өз жолын тапқан үшінші жолаушы да, сапардан бай болып оралады. Қартқа алғысын айтып болған соң, ол көкейіндегі сұрақты қояды: Кане ата, сен денсаулықтың да, ақылдың да, байлықтың да қайда екенін біле отырып жол айрығында ауру, кедей және кәрі қалпыңда не қылып отырсың дейді. – «Өйткені , менің қалауым осы» деген жауап алған жолаушы, тұнық ойға батып қайтады.

Социологиялық сауалнамалар негізінде алған қорытындылар бойынша жалпы мамандық таңдауға келесідей факторлар бірінші орында тұрады.

1-ден барлық адамдар болашақ кәсібінің қоғамда атаққа ие болатын, нарық заманына сай болуын қалайды. Оның крийтерилері: жоғары еңбекақы, еңбек жасауға қолайлы жағдайлардың болуы. Жастардың ойын зерттей келсек, оларша идеалды жұмыс деген кеңседе жайлы орындықта отырып, аса қиналмай жоғары еңбек ақы алу;

Екіншіден көптеген жастар жоғары ақы төлейтін кез-келген мамандықты алғылары келеді. Ақша табу адамның кәсіби білім, дағдыларымен қоса, адамның сол жұмысты жасауға деген ниетіне де байланысты екені ұмытылады.

Үшіншіден мамандық таңдаудың мотивтерінің ішінен оқу оқудың қол жетімділігі болып есептеледі. Әдетте ақшалай мүмкіндіктері келетін , үйге жақын не сол оқу орнында танысы болатын жерлерге баруға тырысады. Әрине бұл да таңдауға әсер етеді.

Мамандық таңдаудағы тағы бір мотив, ол ата-аналардың тілек, нұсқауы немесе достарының кеңестері. Егер де ата-аналар мамандықтар әлеміндегі бағыт-бағдарлары мықты болса, онда бұл пікір ұстанымды. Әйтпесе олардың мамандық туралы ескі білімдері керісінше нәтижеге әкеліп соғуы мүмкін.

Мамандық таңдаудағы себептердің бірі – жұмысқа орналаса алу мүмкіндігі. Өкінішке орай жас бала мамандық таңдауда заман сұранысына сай келу, келмеуі жайлы ойламайды. Осылайша қазіргі замандағы экономист, юрист, финансист сияқты мамандар диплом алғаннан кейін жұмыс таба алмауда.

Және осылардың ішінде кей-кездері осы аталғандардың барлығының алдында тұратын тағы бір фактор бар.

Ол – адамның сүйікті ісімен айналысып, жұмыс күнінінң әрбіреуінен рахат және қуаныш алу сезімі.

Бүгінгі таңда оқушының болашақтағы кәсіпті таңдауы мектептегі, отбасындағы күрделі мәселелердің бірі. Мектеп бітірердің алдында кез-келген оқушы мамандық таңдайды. Біреулер ата-аналары нұсқаған мамандықты таңдаса, екіншілері нарықтық заман талабына сай мамандық таңдап жатады. Тек өте аз санды бозбалалар мен бойжеткендер шынымен көңілі қалайтын мамандықты таңдайды. “Жарқын болашақтың кепілі — жаныңа жақын кәсіп таңдау” демектей, қазіргі таңдағы кәсіби бағдар жұмысының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Осы бағыттағы оқушылардың мамандықты таңдаудағы пікірлерін анықтау мақсатында 16-17 қаңтар күндері 6- сыныптардан сауалнама және оқушылардың бейімін анықтау үшін қызығушылықтар картасы әдістемесі алынды.

Оқушылардың қызығушылықтарын анықтау мақсатындағы сауалнама

1. Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

2. Үйде ата-анаң болашақта мамандық таңдау туралы әңгіме жүргізе ме?

3. Ата-анаңның пікірінше мамандықтың қай түрі саған сай келеді?

4. 11 -сыныпты осы мектептен аяқтау жоспарыңда бар ма?

5. Қай пәнді ерекше жақсы көресің және ол пәннен үлгерімің қандай?

6. Меңгеру қиындық тудыратын пән.

7. 6- сыныптан соң, басқа да білім беру ұйымдарына тапсыруға деген нақты ниетің бар ма? Бар болса қайсысы екенін нақты атап көрсетіңіз.

— Назарбаев Зияткерлік мектебі

— Қазақ-түрік лицейі

— «Жасұлан» мектебі

— басқа мектеп, атап көрсетіңіз

Бұл зерттеулер қорытындысы бойынша

Ең алдымен оқушыға кәсіби бағдар беру үшін келесі жоспармен жұмыс жасау қажет:

1. Оқушының бейімділігін анықтау;

2. Кәсіби бағдар берудің мақсатын анықтау;

3. Мамандыққа байланысты ұғымдармен таныстыру;

4. Мамандық таңдаудың негізгі ережелерін түсіндіру. Мамандық таңдаудағы жіберілетін қателіктер жайлы айту;

5. Тұлғаның психофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктері. Яғни мамандық таңдауда тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін, ағзаның физиологиялық ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын есепке алу қажеттілігін түсіндіру;

6. Еңбек нарығының сипаттамасын беру. Аймақтың қажет ететін және қажет етпейтін мамандықтары, халық шаруашылығының даму болашағы жайлы ақпарат беру;

7. Оқу орындары жайлы ақпарат беру. Орта мектепті аяқтағаннан кейінгі кәсіби білім алу жөнінен ақпарат беру. Барлық орта арнаулы, жоғары арнаулы оқу орындары жайлы; қабылдау ережелері жайлы, даярлық курстары жайлы, оқу орындарының рейтингісі жөнінен мағлұмат беру.

8. Ата-аналарға мамандық таңдаудағы факторлар жөнінен жаднамалар тарату.

Автор Аугонбаева Асель Нурланкызы

Басқа да мақалалар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ