Қазақстан – Қытай қатынастары: бүгіні мен болашағы. Бейжің форумы

Қазақстан – Қытай қатынастары: бүгіні мен болашағы. Сәуір айының соңында Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» ІІ халықаралық ынтымақтастық форумы өтеді.

Биылғы форум күрделі халықаралық геосаяси және экономикалық ахуал жағдайында өтеді. Қазір көпжақты сауда жүйесі үлкен проблемаларға ұшырап отыр. Ғаламдық экономика қалпына өте баяу келіп жатыр. Біз осындай жағдайда «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жаһандық экономика мен сауда жүйесін оңтайландыруға қуатты серпін береді есептейміз. Сондықтан біз алдағы форум ғаламдық экономиканы дамытуға қосымша қарқын береді, халықаралық қауамдастықтың жаһандық экономиканы оңтайландыруға деген сенімін қалпына келтіреді деп ойлаймыз. Сайып келгенде, бұл форум біздің бір-бірімізбен достығымызды одан әрі нығайтуға көмектеседі.

Бір белдеу, бір жол

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы біздің мемлекеттер үшін ерекше маңызға ие. Себебі бұл бастама алғаш рет Қазақстанда айтылды. «Бір белдеу, бір жол» 2013 жылғы қыркүйекте Қытай төрағасы Си Цзиньпин мырзаның Қазақстанға сапары барысында жария болды. Бастама айтылған сәттен бастап екі елдің қолдауына ие болды. Ал бір жылдан кейін тағы бір болашағы зор шешім қабылданды. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен тоғысты. 

Қазақстан әлемдегі құрлық ішіндегі ең үлкен ел екенін білеміз, республиканың теңізге шығатын жолы жоқ. Барлығы мұны Қазақстан үшін экономиканы дамыту жағынан үлкен кемшілік деп айтатын, солай ойлайтын. Бірақ осы бастама жарияланғаннан бастап, «Бір белдеу, бір жол» «Нұрлы жолмен» тоғысқаннан кейін не өзгергенін қарайықшы: қазір «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жұмыс істейді. Осы дәліздің пайдалануға берілуінің арқасында Қазақстанның көліктік әлеуеті бүгін Еуразия құрлығындағы жетекші транзиттік аумаққа айналып отыр. Бүгінгі таңда «Қытай-Қазақстан-Еуропа» маршруты және керісінше бағыт ең заманауи, қолайлы және экономикалық жағынан дамыған тиімді бағдарға айналды. Ол тауарларды сенімді әрі уақытылы жеткізу талаптарына толық жауап береді, және де бұл маршрут одан әрі танымал болып бара жатыр. Тоғысудың арқасында қазір Қытайдан Еуропаға және керісінше бағытта Қазақстан арқылы транзитпен контейнерлік тасымал бірнеше есе артты. 

Салыстыратын болсақ, 2011 жылы Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы транзитпен тасымалданған контейнерлер саны 1 мыңға жуықтаған. Ал 2017 жылы контейнерлер саны 200 мыңды құраған. Яғни, алты жылда 200 есе артқан. Ал айтыңызшы, экономиканың қандай секторы осындай қарқынға ие бола алады және осыншама үлкен табыс әкеле алады? Былтыр, 2018 жылы бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 61 пайызға артты. Яғни, өткен жылы Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы транзитпен тасымалданған контейнерлер саны 286 мың контейнерді құрады. Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстанға батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті байланыстыратын Еуразия құрлығындағы өз транзиттік аумағын нығайтуға көмектеседі.

Басқа да мақалалар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ