Қазақтың ұлттық ойындарына баулу

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ
Сынып:  3 Қатысқандар саны:  Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.7. Топтық және жарыс әрекеттері кезіндегі патриотизм .

 

Сабақ мақсаттары 3.2.7.1 — топтық және жарыс әрекеттері кезіндегі патриотизм көрінісін көрсету және дамыту.
Бағалау критерийлері Оқушылардың бойында өзіне, құрбысына деген құрмет, жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету
Тілдік мақсаттар Қазақтың ұлттық ойындары білімдерін талқылап көрсету
Құндылықтарды дарыту Өз құрбыларымен, өзінен кіші және үлкендермен қарым-қатынас орнатуда
Пәнаралық байланыстар Ана тілі, математика
АКТ қолдану дағдылары Ноутбук, проектор

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушы назарын аудару

 

 

 

15 минут

 

— Сапқа тұру. Рапорт. Сәлемдесу.

— Түзел! Тік тұр!

— Оңға, солға, кері айнал!

— Сабақтың тақырыбын айтып мақсатымен таныстыру

— Алаңды айналып жүру

Жүру жаттығулары:

1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру

2. Қол желкеде өкшемен жүру

3. Қолда аяғымызға тигізіп жүру

4. Қол алда жартылай отырып жүру

5. Қол белде толық отырып жүру

6. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру

Жүгіру жаттығулары:

  1. Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру
  2. Қол белде аяқты алға лақтырып жүру
  3. Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру
  4. Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру
  5. Қол белде жанымызбен жүгіру

Ж.Д.Ж

1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.

2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.

3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз

4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.

5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.

6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа серменйміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.

7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.

8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.

9. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа отырамыз. 2 – Б.қ. 3 –сол аяққа отырамыз. 4 –Б.қ.

10. Б.қ. н.т. қол тізеде, аяқ иық деңгейінде, тіземізді ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4 рет айналдырамыз.

11. Б.қ. н.т. қол тізеде аяқ қосылған тіземізді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз.

12. Б.қ. н.т. қол белде оң аяққа 4 рет, сол аяққа 4 рет, қос аяққа 4 рет секіреміз.

Жаттығулар көрсетілімі.

Ысқырық.

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Арқан тартыс» ұлттық ойынының ережесімен таныстыру.

Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді.

Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады..

  • «Арқан тартыс» ұлттық ойынын оқушыларға ойнату.

    «Соккыртеке» — ойыны бұл қазақтың ұлттық ойыны 10 ойыншыға дейін қатысуға болады.Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол ұстаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.

 

 

«Арқан тартыс» ойынына белгі қойылған арқан, ысқырық қажет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы
5 минут
1. Сапқа тұру. Ықшамдалған ереже бойынша демалту ойыны: Қолды жоғары көтеріп төмен түсіру. Секіру жаттығулары
2. Демалыс жаттығулары.

3. Үйге тапсырма.

 

 

 

Бағалау. Бағалаудың жұлдызша,

смайликтер,шапалак аркылы,

балдык жуйе әдісімен бағаладық.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

ПІКІР ҚАЛДЫРУ