Біріккен сөздер тақырыбында ашық сабақ

Көбейту және бөлуге берілген теңдеулер
4-сынып.   Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз

Сабақтың мақсаты:  1.Білімділігі: Біріккен    сөздер туралы түсінік. Кейбір сөздер бірнеше түрлерден құралып бірігіп, жазылатынын мысалдар арқылы түсінік алады.

  1. Дамытушылығы: Шығармашылықпен, топпен жұмыс істеу, ауызша және жазбаша тілі қалыптасады.
  2. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, белсенділікке, сауатты жазуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, кесте , суреттер.

Сабақтың әдіс- тәсілдері:  жеке,топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап .

Сабақтың пән байланысы: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

     Психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасы:  Күрделі сөздер. 6-жаттығу.  Күрделі сөз жасап сөйлем құрау.

Күрделі сөз дегеніміз не?            Ереже  айту.

Тірек сызбамен жұмыс.

Біріккен сөз                  Күрделі  сөз             тіркесті сөздер

Жаңа сабақ.

   Айгүл  Теміртау қаласында тұрады.

— осы сөйлемде күрделі сөздерді тап, күрделі сөздің қандай түрін көріп тұрмыз?

-Айгүл,  Теміртау сөздері қалай жасалып тұр. Айна мен гүл екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз.

Темір мен тау сөз де екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз.  Ендеше бұл сөздер біріккен сөздер болып табылады.

Ереже:  Екі түбірден құралады, екі түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздерді біріккен сөздер дейді.

Біріккен сөздер әрқашан бірігіп жазылады.    Мысалы: алабота, Темірқазық

Біріккен сөзге жататын атаулар.

Кісі атаулары Аң, құс, жәндік, өсімдік Қоғамдық  өмірде, тұрмыста Географиялық атаулар Мезгілге байланысты атаулар Дене мүшелері Ойын түрлері
Айгүл, Ержан Қосаяқ, тасбақа,

Баспасөз,

дәріхана,

Қызылорда,

Теміртау,

Қыстыгүні,

бірсігүні

асқазан, ұлтабар, ақсүйек, бестас,
Біржан, Айсұлу Көкқұтан, бәйшешек шекара Алакөл, Сарысу жазғытұрым тоқішек, сегізкөз алтыбақан

Оқулықпен жұмыс:  «Ой ашар»

1-жаттығу.    Сөздерді оқы.   Әр сөз неше түбірден құралған.

Талдықорған,    егеуқұйрық

2-жаттығу.   Эстефета ойыны.  Біріккен сөздерді мағанасына қарай топтап жаз.

Кісі аттары      Аң,құс аттары       Ойын атаулары        Дене мүшелері        Жер, су аттары

Есенәлі             қосаяқ                      ақсүйек                    асқазан                       Қызылорда

Айгүл               көкқұтан                 алтыбақан                 ұлтабар                      Екібастұз

Бейсенбай         аққу                       аяқдоп                        сегізкөз                       Шиліөзен

-Екібастұз сөзі неше түбірдің бірігуі арқылы жасалған?

Біріккен сөздер құрамына енгшен тұлғалар сақталып отырады.  Мысалы: қара+құс, баспа+сөз

Құрамына енген тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстық өзгеріске ұшырайды.   Мысалы:Бота+көз=Ботагөз,     Аман+келді=Амангелді

Сергіту сәті.

3-жаттығу.  Көшіріп жаз. Біріккен сөздерді тап.

Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты.

Қазанғап=Қазан+қап

5-жаттығу. Ойын. «Жоғалған сөзді тап»

Өнер                   сөз

Қол                     мұрын

Ит                       кәсіп

Күзді                  басшы

Баспа                 күні

Топпен жұмыс.

Ойын:  Кім көп біледі?   «Сыңарын тап» .          Біріккен сөз жаса.

1-топ.     Қара, бақа,қар, тас,сақ, қас, серке, көк, қыр, жол, құйрық, барыс.

2-топ.    Мүйіз, қанат, көп, тас, ақ, құс, түйе, бөкен, бір, аяқ, қос, қазан.

Сабақты бекіту:  сұра-жауап

— күрделі сөз дегеніміз не?

— оның түрлері қандай?

— біріккен сөз дегеніміз не?

— біріккен сөзге қандай атаулар жатады?

— біріккен сөз қалай жасалады?

Жұмбақ.

Тастамайды бір елі

Үйін сүйреп жүреді.    ( тасбақа)

Су бетін сызып

Аққұман барады жүзіп.     (аққу)

Сақталар терген олжасы

Алқымында бар дорбасы.         ( бірқазан)

Үй тапсырмасы:   4-жаттығу.  Ереже жаттау.

Бағалау.

Басқа да ашық сабақтар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ