Бірінен – бірі қарама – қарсы бағыттағы қозғалыс

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ
Математика
Уақыты: 12.11.2018ж.
Кабинет: 219
Мұғалім:Тлепова С.
Сабақтың тақырыбы Бірінен – бірі қарама – қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы

қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Бір-бірінен қарама-қарсы қозғалыс бағытын (алыстау) мағынасын ұғынады, қозғалысқа байланысты есептерді шығаруда сызба, кесте бойынша шығаруға

жаттығады.

1) Мазмұнына байланысты: Денелердің қозғалыс бағытын анықтап, есеп мазмұнына сәйкес сызба сызады,шығарады;

2) Сын тұрғысынан ойлау: Қозғалыс шамаларының тәуелділігін есептеуде қолдана білуге үйренеді;

3) Топпен жұмыс: Оқушылардың математикалық ой-белсенділігі қалыптасып сабаққа қызығушылығы артады;

Оқыту нәтижесі

Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыстау жылдамдығын табуды үйренеді.

Есепті өздігінен талдап, түсініп шығаруға дағдыланады

Ойлау қабілеті артады

Негізгі идеялары

Топпен және жұппен  жұмыс  жасату  арқылы  оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Күтілетін нәтиже:

  • Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс жағдайындағы алыстаужылдамдығын табуды;
  • Формуламен жазуды;
  • Берілген сызба сурет бойынша мәтінді есеп құрастыруды;
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар
Тақырыпқа байланысты парақшалар, үлестірмелер, АКТ, слайд топтамасы, видеоролик.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою,

Сабақтың барысы

Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Тапсырмалар береді. Тапсырмалар орындайды, талдайды.

Ұйымдастыру

1 минут

«Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

«5»-ке қолды жеткізу.» 
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, тренинг өткіземін.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бір-біріне қарап жақсы тілектерін айтады. 

Топқа бөлу

2мин

І-топ: Жылдамдық

ІІ-топ: Уақыт

ІІІ-топ: Қашықтық

ІҮ-топ: Қозғалыс

Топқа бөлінеді

Қызығушылығын ояту

«Ой шабуылы» әдісі

3 минут

Сұрақ-жауап

1.Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз?

2. Қашықтық деген не?

 

 

 

3. Қозғалыс жылдамдығын қалай табамыз?

 

 

 

4. Уақытты табу үшін қандай фомула қолданамыз?

І-топ: км/сағ; м/сағ; м/с; мм/с т.б.

 

IІ-топ: Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейтеміз. S= Y * t

ІІІ-топ: Қозғалыс жылдамдығын табу үшін, қашықтықты уақытқа бөлу керек. Ү=S : t

IҮ- топ: Уақытты табу үшін, қашықтықты қозғалыс жылдамдығына бөлеміз.

t=S : Y

Үй тапсырмасын пысықтау

2мин

 

№ 8

а х 2; а=231,3231,9876,12345

231 х 2=462

3231 х 2=6462

9876 х 2=19752

12345 х 2=24690

Оқушылар үй тапсырмасын

жұптасып, топ болып салыстыра отырып тексереді

 

Жаңа сабақ

Білу-түсіну.

5 минут

 

№1 есеп.

Сызбаға қарайық. Жаяу адам бірінен-бірі алыстап барады.
V¹=4 км/сағ ——————— t =3сағ ——————— V²=6 км/сағ


————————————S = ? км

Уақыт бірлігінде нысандардың бірірінен-бірі алыстауын алыстау жылдамдығы дейді. Бірінен-бірі қарама — қарсы бағытта қозғалу кезінде алыстау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.
V алыстау = V¹ + V²
6 + 4 = 10 ( км/сағ )- жаяу адамдардың алыстау жылдамдығы.

Біріне-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезінде алыстау

жылдамдығы  жылдамдықтардың қосындысына тең.   6+4=10км/сағ.-жаяу адамдардың бірінен-бірі алыстау жылдамдығы.

Топтық жұмыс:

Оқулықпен жұмыс.

Тақтамен жұмыс.

10 минут

 

№2 есеп. Есептердің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын бір-бірімен салыстыр.

Т.Ж.

І-топ: а) Саяжайдан бір мезгілде екі велосипедші бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінікі 10 км/сағ. Олар 2 сағ. кейін бір-бірінен қандай қашықтықта болады?

ІІ-топ: ә) Саяжайдан бір мезгілде екі велосипедші бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінікі 10 км/сағ. Неше сағаттан кейін олардың арақашықтығы 44 км болды?

ІІІ-топ: б) Саяжайдан бір мезгілде екі велосипедші бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты. 2 сағ. кейін олардың арақашықтығы 44 км болды. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ. болса, екіншісі қандай жылдамдықпен жүрген.

ІҮ- топ: № 3

Тігін цехы 35 м матадан 7 көйлек тікті. 75 м матадан осындай неше көйлек тігуге болады.

 

І-топ: а) Ш:V1-12 км/сағ

V2-10 км/сағ

t- 2 сағ

S-? V=V1+V2;

Ш: 12+10=22

S= V×t

S=2×22=44

Жауабы: 44 км

 

ІІ-топ: ә) S=44 км

V1- 12 км/сағ

V2- 10 км/сағ

t-? сағ V=V1+V2;

Ш: 12+10=22

t = S: V

44:22=2

Жауабы: 2сағ. кейін

ІІІ-топ: б) S=44 км

V1- 12 км/сағ

V2- ? км/сағ

t-2 сағ V=S:t

Ш: V= 44:2=22км

22 км –12 км/сағ =10 км/сағ

Жаубы: 10 км/сағ

ІҮ – топ: Есеп 3 . талдау, шығару
Ш: 35м-7көйлек 
75м-? көйлек 
Ш: 75 : (35:7)=15 (көйлек
Ж: 15 көйлек

«Кім тапқыр?» ойыны

4 мин

№4 тапсырмы
Динараның 500 теңгесі ба еді. Ол оның 180 теңгесіне пияз, ал қалған ақшасының жартысына картоп сатып алды. Динараның қанша ақшасы қалд?

Ш:Барлығы-500теңге

Пияз-180 теңге

Картоп-қалғанының жартысы

Қалды-?

Ш: Ш: (500-180):2=160тг 
Ж-ы: Қалғаны 160тг. 

Сергіту сәті

3 мин

Есептедік шаршадық

Орнымыздан тұрайық

Қимылдатып аяқты

Шапалақты ұрайық

Отырайық, тұрайық

Соқтығысып қалмайық.

Оқушылар бой жазып сергіп алады.

 

 

Өткенді еске түсіру.

3 минут

 

Балалар, қазір қай мезгіл?

Олай болса «Бағбаншы» атайдың бағындағы жемістер пісіп жатыр екен. Көмекке барамыз ба?

Алған фигуралардан  доғал бұрыштарды табамыз 

5 бөліндінің мәнін тап

8953:7=1279  7080:5=1416 
42568:8=5321  30744:9=3416 

 

Жұлып алған алмадағы есептерін тақтаға орындайды

 

Тапсырманы орындап, доғал бұрыштарды табады 

 

 

Жұптық жұмыс:

Сәйкестендіру

5 мин

Атайдың алмалары жиналуға жақын қалды, соңғы рет теруге көмектесу. 

Ж.Ж.

№ 6. Амалдарды орында:

7км 834м х4 2кг94г

9км 007м х8 501г

16кг 752г:8 1м86см

4т008кг:8 72км056м

16м74 см:9 31км 336м

 

Оқушылар жұптасып отырып сәйкестендіреді.

 

«Бағбан» атай ризашылығын береді

 

Сабақты бекіту

2мин

1.Алыстау жылдамдығы неге тең?
Жылдамдықтардың қосындысына
Жылдамдықтардың айырмасына
Жылдамдықтардың көбейтіндісіне2.Формуламен жазып көрсет

Жылдамдықтардың қосындысына

 

 

Ү = Ү1 +Ү2

Үй тапсырмасы №7,8 Күнделіктеріне жазып алады
 Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма?
Өз көңіл күйлерін білдіреді.
Кері байланыс

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ