Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы шаруашылықтың қазіргі құрылымы

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ
Тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы шаруашылықтың қазіргі құрылымы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдері, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылық және оның құрылымы, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы білімдерін қалыптастырып, бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

 

Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.
ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың дәптерлерін, ондағы орындаған тапсырмаларды тексереді және балаларға келесі фронтальді сұрақтар қояды:

1. Халық тығыздығы дегеніміз не?

2. Халық тығыз орналасқан аймақтарды атаңдар.

3. Қоныстану деген не? Оның қандай түрлері бар?

4. Көші-қон деген не? Оның қандай түрлері бар?

5. Иммиграция мен эмиграцияға түсінік беріңдер.

Балалар мұғалімге дәптерлерін және ондағы орындаған тапсырмаларды көрсетіп, сұрақтарға жауап береді.

1. 1 км2 жерге қанша адамнан келетінін көрсететін көрсеткіш.

2. Халық тығыз орналасқан аймақ — Еуропа (солтүстігі мен таулы аудандарды қоспағанда), Үнді-Ганг ойпаты, Оңтүстік Үндістан, Шығыс Қытай, Жапон аралдары, Ява аралы, Ніл аңғары және Нигер өзеннің төменгі ағысы, АҚШ-ң солтүстік-шығысы, Бразилия мен Аргентинаның Атлант мұхит жағалауы.

3. Халықтың белгілі бір аумақта таралып, орналасуы және елді мекендер жүйесінің қалыптасуы. Оның екі түрі бар: ауыл және қала.

4. Адамдардың  бір жерден екінші жерге қоныс аударуы.

5. Иммиграция – елге басқа мемлекет азаматарының көшіп келуі, эмиграция – елден адамдардың көшіп кетуі.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндірген кезде  әрбір елдің ұзақ уақыт аралығында қалыптасқан, өзіндік сипаты бар ұлттық шаруашылығы болатынын айтады. Сосын балаларға ұлтьтық шаруашылықтың анықтамасын жазып алыңдар деп айтады.

Одан кейін дүние жүзілік шаруашылықтың даму кезеңдеріне тоқталады, бұны мұғалім 15-кесте көмегімен түсіндіреді. Балаларға кестені сызғызады.

Сосын мұғалім қазіргі заманғы д.ж.шаруашылық және оның құрылымы атты тақырыпшасын өз беттерінше оқып, талдаңдар деп тапсырманы береді. Қазіргі заманғы д.ж.шаруашылықтың ерекшеліктері мен даму бағыттарын 31 сызбанұсқа арқылы түсіндіреді.

Д.ж. шаруашылықпен бірге х.а. географиялық еңбек бөлінісі де қалыптасып келетінін айтады. Оның анықтамасын жазып алыңдар деп айтады. Жалпы д.ж.шаруашылық ұғымына х.а.айырбас, х.а.еңбек бөлінісі, х.а.мамандану, х.а.экономикалық интеграция құрамдас бөліктері кіреді.

Ең алдымен мұғалімді тыңдап, ұлттық шаруашылығына анықтама жазады: дүние жүзіндегі елдердің бір-бірімен күрделі экономикалық  қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтарының жүйесі.

Балалар дүние жүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері деген кестені сызып алады.

Сосын оқушылар қазіргі заманғы д.ж.шаруашылық және оның құрылымы атты тақырыпшасын өз беттерінше оқып, талдайды және қазіргі заманғы д.ж.шаруашылықтың ерекшеліктері мен даму бағыттарын 31 сызбанұсқа арқылы түсініп, сызбанұсқаны дәптерге көшіріп алады.

Сосын халықаралық еңбек бөлінісіне сипаттама береді. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі – жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануын айтамыз.

ІV

Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға  келесі сұрақтарды қояды:

1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не және оның қалыптасуында қандай алғышарттар болды?

2. Дүниежүзілік шаруашылық дамуының басты кезеңдерін және оларға тән белгілерді атаңдар.

3. Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы елдерге қандай пайда әкеледі?

Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырманы береді:

Сөйлемді жалғастырыңдар:

1. Дүниежүзілік экономикалық қарым-қатынастармен өзара байланысқан бүкіл дүние жүзі елдерінің ұлттық шаруашылықтарының тарихи қалыптасқан жиынтығы —— деп атаймыз.

2. Адам қоғамы дамуының, тауарлы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижежесі —— деп аталады.

3. Жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануын —— деп атаймыз.

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды.

1. Дүние жүзіндегі елдердің бір-бірімен күрделі экономикалық  қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтарының жүйесі.

2. Индустриялануға дейінгі, индустриялану және қазіргі кезеңі.

3. Жекелеген елдердің ұлттық шаруашылықтарын өзара байланыстырады, т.б

Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырманы орындайды:

1. Халықаралық экономикалық интеграция.

2. Халықаралық мамандану саласы.

3. Географиялық еңбек бөлінісі.

V

Үй тапсырмасы:

1. §30 оқып, мазмұнын айту.

2. Географиялық диктантқа дайындалу.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ