«Ең үздік тарихшы» танымдық сайыс

«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты
Мақсаты: тарихи — танымдық сайыстар арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ұлттық тарихымызға, салт — дәстүрімізге шолу жасау, білімін шыңдау.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! 7- сыныбында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Ең үздік тарихшы» атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер! Сайысқа 7- сыныптың 6 оқушысы қатысады.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

І. Ойлы болсаң, озып көр.
ІІ. Тарихқа саяхат.
ІІІ. Сиқырлы сандар.
ІҮ. Тұлғаны таны.
Ү. Ғажайып суреттер.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!

І. Ойлы болсаң, озып көр.
Оқушыларға 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай
Тест.

ІІ. Тарихқа саяхат.

Бөлімде әр оқушы тақырып таңдайды сол бойынша сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Тарихи оқиға ұяшығы:

  1. 1219 жылы шыңғысханның 150 мың қолы Ертістен Сырдарияға қарай аттанды. Бұл қала 6 ай бойы берілмей қарсыласқан тарихи оқиға. (Отырар опаты)

Салт- дәстүр ұяшығы:

  1. Жиналған жұрт жапа- тармағай жабылып, ханды көтерген киізді бөліп алған рәсім. ( тәбәрік )

Тарихи термин ұяшығы:

  1. Атабек деген кім. ( хан, сұлтандардың баласын тәрбиелеуші адам )

Әр түрлі сұрақ ұяшығы:

  1. «Епті адам» сүйегі табылған шатқал ( Олдувай. )

Жылдар сыры ұяшығы:

  1. 1993 ж. ( 15 қараша — ҚР-ның өз ұлттық валютасы — теңге айналымға кірді )

Кесенелер ұяшығы:

  1. ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Тараз қаласынан 18 км қашықтықта орналасқан. Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. ( Айша- бибі кесенесі )
    ІІІ. Сиқырлы сандар.

Бөлімде әр оқушыларға төрт түс беріледі. Түсті таңдайды сол бойынша 10,20,30ұпайлы сұрақтарға жауап береді.

Қызыл түс

10 ұпай. Қай жылы ел астанасын Ақмола қаласына көшірру туралы заң қабылданды? 1997 ж

20 ұпай.«Яса» («Жасақ») заңдар жинағының авторы? Шыңғысхан

30 ұпай.ҚР Елтаңбасының авторы? Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.

Жасыл түс.

10 ұпай.Қазақ хандығының негізін салушылар? Керей мен Жәнібек

20 ұпай.30- тамыз қандай күн? Қазақстан, Конституция күні

30 ұпайАдамзаттың өткен тарихын материалдық жәдігерлер арқылы зерттейтін ғылым? Археология

Көк түс.

10 ұпай.«Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы кім ? Тәуке хан

20 ұпай.ҚР туының авторы кім? суретшi ШәкенНиязбеков.

30 ұпай. Халықтың тұрмысын, мәдениетін, тарихын, қоғамдық дамуын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Этнография

Сары түс.

10 ұпай.40 өтірік айтқан бала кім? Тазша бала

20 ұпай. 22 қыркүйек қандай күн? Тілдер мерекесі

30 ұпай. Тиындар, құйма ақша кесектері мен ақша тарихын зерттейтін ғылымының бір саласы.? Нумизматика

ІҮ. Тұлғаны таны.

Бөлімде әр оқушыларға тариха тұлға жасырылады. Әр дұрыс жауап 1ұпай Қосымша көмек алса жарты ұпай алады.

1-Оқушы:

1. Геродот — ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «Тарих атасы» деп танылған, әйгілі «Тарих» кітабының авторы, жиһанкез. Ол шамамен б.з.б. 484 – 425 жылдары өмір сүрген.

Қосымша мәләмет: Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар.

2. Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 17711781 жылдар аралығында билік құрған қазақ ханы. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс ханБарақ ханӘз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы.

Қосымша мәліметАбылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

3. Бауыржан Момышұлы  — Кеңес одағының батырыжазушыЕкінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы.

Қосымша мәлімет:  «Серігім», «Жазушыға», «Қалыбек аға», «Біреулерге», «Омарбекке», «Жардың мұңы», «Ғ-ға», «Ана тілін ардақта», «Досыма», «Толғау» атты өлеңдер жазған.

2-Оқушы:

1. Сыма Цянь (шамамен б.з.б. 140 – 86 ж.) — ежелгі қытай тарихшысы, әдебиетші. Қытай тарихнамасында іргелі еңбек саналатын “Ши цзидің” (“Тарихи жазбалар”) еңбегінің авторы.

Қосымша мәлімет: Әкесі Сыма Тань Хань әулеті сарайының басты жылнамашысы болған.

2. Жәңгірұлы Тәуке хан – 1680-1715 жылдардағы Қазақ хандығының ханы. Ол көреген саясаткер, дипломат . Ел басқару ісінде «билер кеңесіне » арқа сүйеді.

Қосымша мәлімет: “Жеті жарғы” заңдар жинағының негізін қалаушы.

3. Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры (1944).

Қосымша мәлімет: Ұлы Отан соғысы басталған кезде  Алматы медициналық институтында оқып жүрді.

3-Оқушы:

1. Страбон (б.з.б. 64/63, Амасия, Кіші Азия, – б.з. 23/24) – ежелгі грек географы, тарихшы. Грекия, Кіші Азия, Италия және Египетке саяхат жасаған. Ол қазіргі күнге жетпеген 47 кітаптан тұратын «Тарихи жазбалардың» авторы.

Қосымша мәлімет: 17 кітаптан тұратын “География” атты еңбектің авторы.

2. Қасым хан Жәнібекұлы —  1511-1518 ж ылдары билік еткен қазақтың  ұлы хандарынын бірі,  Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Жәнібек ханның ортаншы баласы.

Қосымша мәлімет: «Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. 

3. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия) Ақтөбе облысыҚобда ауданында дүниеге келген.  Кеңес Одағының Батыры (1944), мергенефрейтор.

Қосымша мәлімет: Ол 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Ү. Ғажайып суреттер.

Оқушыларға суреттер көрсетіледі. Суреттің атын табу керек. Әрдұрыс жауап 1 ұпай.
( Қалқан, торсық, Балбал тас, тас диірмен, саптама етік )

Шалқар ауданы Сарысай негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Аймағанбетова Камшат Данабекқызы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ