Емдік өсімдіктер

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.
Емдік итошаған Череда Bіdens

Итошаған– күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық аймақтарында үш түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында, көлдердің жағалауында, сондай-ақ, саз, құм топырақты далада және суармалы жерлерде өсетін имек итошаған (B. cernua), үштармақты итошаған (B. trіpartіta), сәулелі итошаған (B. radіata) деген түрлері бар. Бұлардың биіктігі 10 – 60 см. Тұқымша жемісінің бүйірі қысыңқы, төрт қырлы, төбесінде 2 – 4 қылтанағы бар. Тік сабағының жоғарғы бөлігі бұтақталып кетеді. Қауырсын тәрізді сүйірленген жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Көп гүлді себет гүлшоғырының сыртын екі қатар орам жапырақшалары қоршап тұрады. Оның сыртқысы – жасыл, ал ішкі қабаты – жарғақ тәрізді, қара-жасыл жолақты сары түсті болады. Гүлдері қос жынысты, шеткі тілімденген гүлдері – жыныссыз келеді.Шілде-тамыз айларында гүлдейді.

Химиялық құрамы: Итошаған шөбінің құрамында илік заттар, шырыш, эфир майы мен ащы заттар, каротин мен С дәрумені бар. Емдік мақсатқа өсімдік шөбін, жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын күзде жинайды. Қолданылуы:Итошаған халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері аурулары кезінде зат алмасуын қалыпқа келтіреді, тер мен несептің бөлінуін арттырады, қан кетуді тоқатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Шөбінен жасалған қайнатындыны тәбет ашып, ас қорытуды жақсарту үшін, суық тигенде, жөтелгенде, бауыр ауырғанда, құяңға шалдыққанда ішеді. Итошаған тамырының қайнатындысымен Орта Азияда бүйі шаққан адамды емдейді. Ал ұсақталған жапырағын жылан шаққан жерге басады. Ғылыми медицина итошағанды балалар ауруына, атап айтқанда, әр түрлі диатездер кезінде қолдануды ұсынады. Ол үшін 2 ас қасық итошаған шөбін жарты литр суға салып, жылы жерге 12 сағат тұндырады, сонан соң жарты стақаннан 3 рет ішеді.Сондай-ақ жібекті, жүнді сары, ашық жасыл және қоңыр түске бояу үшін итошаған (череда трехраздельная) қолданылады.

Шүйіншөп Валериана лекарственный Valerіana

Шүйіншөп– өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік өседі. Тамырсабағының жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті тамырлары шырмап жатады. Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Олар ірі шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 – 12 сәулелі айдаршасы болады. Химиялық құрамы:Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан эфир майы, валериан, сірке және құмырсқа қышқылдары, қант, илік заттар алынады. Қолданылуы:Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында – 16 т, Күнгей Алатауында – 0,3 т жылдық қоры анықталған. Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары — түйнектелген шөл өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны — 200. Мұның СССР-да 30 дайы өседі. Бұған жататындар: дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұрт валерианасы, Орыс валерианасы, Түркістан валерианасы. В. Австралиядан басқа жердің бәрінде өседі.

Емдік арша Можжевельник лекарственный Junіperu

Арша— кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта немесе ағаш. Тау беткейінде, альпі белдеуінде, құмды жерлерде өседі. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне Түркістан аршасы, Талас аршаны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.

Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. (І. talaіca), Сібір Аршасы (І. іbіrіca), кәдімгі арша (І. communі), Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады. Олардың биіктігі 1-2 м-ге жетеді. Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады. Химиялық құрамы: Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады.

Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қ-ларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді.

Қолданылуы:Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.

Емдік дәрмене ARTEMISIA CINA BERG.EX POLJAK

Дәрмене — күрелі гүлділер тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. Батыс Тянь Шаньда, Сырдария, Қаратау бөктерлерінде, Арыс, Бөген өзенднрінің аңғарларында саздақ, сортан, сор, қоңыр топырақты жерлерде, сайларда, өзен, көл аңғарларында өседі.Оңтүстік Қазақстан облысында Арыс ауданында «Дәрмене» кең шарында өсірілген. Биіктігі 18-30 см. Көп сабақты, бұтақтары тік орналасқан, төменгі жапырақтары сағақты, ерте солады, ортаңғысы сағақсыз, сопақ жұмыртқа тәрізді,отырыңқы қос салалы болып тілімделген. Үстіңгі жапырағы тегіс жиекті қандауыр тәрізді. Гүл шоғыры — шашақ, ұзындығы – 3- 4 мм, жұмыртқа пішінді себетте орналасқан. Гүл күлтесі түтікшелі, сары немесе қызғылт түсті. Тұқымынан көбейеді. Дәрмене тамыз бен қыркүйекте гүлдеп, қазан қарашада жемісі пісіп жетіледі. Химиялық құрамы: эфир майы, дарминол, әртүрлі биологиялық илік заттар, сантонин бар.

Қолданылуы: Дәрмене құрамында іш құртын түсіретін сантонин бар. Дәрмене дәрі алу мақсатымен басқада аймақтарда мәдени түрде өсірілген, бірақ оның құрамында сантонин аз болды. Соған байланысты дермененің табиғи кездесетін жерлерін қорғауға алып, қорық болып жарияланды. Дәрілік мақсатта өсімдіктің жер бетіндегі сабақтары мен толық ашылмай тұрған гүл шоғырын жинайды. Сонымен бірге дермене медицинамен қатар парфюмерияда (эфир майы, дарминол алу үшін) пайдаланылады. Халық медицинасында кептірілген дермене жусанының гүлінен дайындалған сұйық ботқаны, жусан майы тұндырмасын,сығындысын емдік қоспалардың құрамдас бөлігі ретінде суық тигенде, өкпе қабынғанда, тұмауға қарсы қолданылады. Дәрмене өте сирек кездесетін эндемик болғандықтан «Қазақстанның қызыл» кітабына енгізілген.

Шипалық шикі зат ретінде, шілде айының басында дермене жусанының көктеп тұрған шөбін кесіп алып, тамыз айының басынан бастап қыркүйек аяғына дейін жинайды. Бұл кезде өсімдіктің жапырағына дейін қурап, себетті шашақ гүлдері жинақтану кезеңінде болады. Ал егер бүрлері ашылып кеткен кезде жиналса құрамындағы негізгі шипалы шикізат сантонин сақталмайды.

Дәрмененің көбеюі бірнеше тәсілмен орындалады, олар тұқымымен, көшетімен және вегетативті болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

П.П.Поляков. Семейство маревые. Флора казахстана.Алма-ата. 1960г.

Н.П.Павлов. Растителное сырье Казахстана. Алма-ата. 1947г.

Ә.Іскендіров. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Қазақстан 1982 г

М.Османов, Ж.Лұқпанов. Өсімдік жанға шипа, дертке дауа. Қайнар 1992ж

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ