Еуропадағы оронимдердің қалыптасу жолдары

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

    1.Топонимика,оронимика туралы жалпы түсінік

    2.Еуропадағы оронимдердің қалыптасу жолдары

    3.Еуропа мен Азия аралығындағы Орал тауына сипаттама

    III. Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

    Кіріспе

Дүние жүзі тілдерінде не көп десек, жалқы есімдер көп,оның ішінде жер су аттары (топонимдер) көп,Еуропа да одан кенде емес.Еуропа жерінің ойы,қыры,тауы,даласы,көлі,өзен-бұлақтары,қысқасы,сан-салалы табиғат көрінісінің әрбір аттамы атсыз емес.Меншіктеп берілген өз аттары бар, атсыз адам болмайтыны сияқты атсыз өңір жоқ.Ерте заманда атаулар қазіргі цивилизация тұсындағыдай келісіммен мәмілемен емес,ұзақ сонр айтыла келе, сөйтіп жалпының жадында берік сақталғанда ғана тілдден мықтап орын тепкен.

Атау болатын сөз ең әуелі жалпы жұртқа аян болған. Сөйте келе бір объектіге белгі боп таңылып,топонимикалық атқа ұласқан.Әрбір атау өз тұсындағы қоғам тіршілігінен (ел мүддесінен),жұрт қалауынан туады. Сондықтан да кез келген сөз атау бола бермейді, «оған бір басшылық керек» дейтін қағиданың мәні сонда.Әрбір онома қоғамдық құбылыстың әр тұстағы бір көрінісі сондықтан да атау аталуының бәрі, сөз аталуының бәрі сияқты, қоғам ризығы,тарихтың ұшқыны,соның табы сіңген нысаналы белгі.Бұл-топонимикалық атаулардың негізгі заңы.

Жалқы есімдерді түсіндіретін ілімді ономастика дейді.Ономастика немесе ономасиология көне гректің onoma «есім,ат»(адамның аты,аңдардың немесе жер бетіндегі өзге түрлі объектілердің аты,аспан әлеміндегі планеталардың, космос кеңістігіндегі жарық дүниелердің,галактика топтарының аттары болуы да мүмкін)+logos «ұғым,ілім» сөздерінен құралған есімдер туралы ілім деген мәні бар сөзі.Ономастика сөзінің өзін (осы сөздің жеке өзін) қазіргі қазақ тілінде айтатын болсақ,мейлі ол абстракциялы ұғым ретінде болсын,мейлі жалқы есіидер жүйесі тұрғысында болсын-«атаулар ілімі» немесе тіпті, бір-ақ сөзбен «атаулар деп те айтуға болар еді».Сонымен,топонимика-Ономастиканың кесек бір бөлігі.

Топонимика(көне гр.topos+nomas)көнеден бар ұғым,сөйте тұра,өзінің даму процесі жағынан едәуір кенжелеп келген жайы бар.Біздің елімізде де, басқа елдерде де енуі-енді қолға алынуда мұның әр түрлі себептері бар.Басты себебі-біз топонимикалық атауларды жүйелі түсінігі жоқ қиын сөздердің (глоссанның)жер бетіндегі шашыранды даналары деп біліп келдік.

Топонимдердің жасаушы иесі де, пайдаланушысы да халықтар болғандықтан, ол тек географиялық себептерден пайда болған құбылыстар емес, қайткен күнде де, тарихи себептнрден туған тілдік құбылыстар болып табылады. «Топонимика»сөзінің қазақша баламасын (калька ретінде) «жер аты»десе де болар еді, бірақ ол баспа сөзде көбіне жер-су аттары делініп жүр.Қарапайым түсінігі жағынвн бұл да дұрыс, бірақ терминологиялық дәлдігі жағынан бұл баламалар «топонимика»сөзінің толық мағынасын бере алмайды.

Топонимика «жер тілі» немесе «жер бетіндегі нүктелердің аты» деп те айта береді.Бірақ «нүктелер» де өздерінің кеңістігі жағынан алуан түрлі.Олар микрожәне макротопонимдер болып ара жіктерін аша түседі.Сонымен топонимикпның қамтитын кеңістігі,яғни оның зерттеу аумағы жер бетіндегі нүктелериен ғана шектеліп қоймайды бір сөзбен айтқанда , топонимиканың зерттейтіндері жер бетіндегі объектілердің ғана аттары емес,жер шарының оқшау дүниеліктерге де қатвсты. Сол үшін де «топонимика» ұғымының аясына ономастиканың мыны төмендегідей пәндер тобы кіреді.

Астронимика-әуе кеңістігіндегі жарық дүниелер аттары туралы ілім;

Гидронимика-өзен,су,көл,және теңіз аттары турулы ілім;

Зоонимика-хайуанаттар аттары туралы ілім;

Космонимика-галактика және жұлдыздардың аттары туралы ілім;

Ойконимика-үй,ауыл,туған ел аттарының қойылу(аталу) жолдары туралы ілім;

Оронимика-тау аттары туралы ілім;

Урбанимика-қала,көше аттарының даму,өзгеру заңдылықтары туралы ілім;

Фитонимика-өсімдіктермен байланысты атаулар туралы ілім;

Хрематонимика-әр заман тұсындағы түрлі мекемелердің мейрамдардың, газет-журналдардың, кинофильмдердің,пароход және поездардың, самолеттердің аттары туралы ілім.

Іс жүзінде осы ілімдерге тән зерттеулердің бәрі топонимикалық зерттеулер деп айтылып жүр.Жеке- дара нүктелердің белгілі бір аты сол жердің иесі болып табылатын халық тіліне негізделеді.

Бұл- табиғи заңдылық. Осы аталған ілімдерге келетін болсақ соның ішіндегі Оронимика-жалпы тау аттары туралы ілім. Оронимдер құамындағы терминдер рельфтің жіктелу сипатын дәл дәлелдейді.Оронимдердегі түсті белгілейтін атаулар көп жағдайда сол тауды құрайтын түсімен байланысты, сонымен қатар пішініне, климатына байланысты ат берілген.

Норвег теңізінен Жерорта теңізіне дейінгі созылған территория көлемі 3,7млн км 2 теңіз жағындағы құрлық көлемі 2,5млн км.Батыс еуропа шеңберінде 24 егеменді еуропа мемлекет бар.Орталық шығыс еуропаға 15 мемлекет кіреді.Солтүстік еуропаға Скандинавия елдерін Дания,Финляндия мемлекетін жатқызамыз. Микро мемлекеттер де осында Андора,Ватикан, Сан-Марино,Манока бір-бірімен жақын теңіз жағалауында Шығыс еуропа елдерімен тығыз байланысы.

Шетелдік Еуропаға экономикалық және мәдени қатынастармен байланысқан 42 мемлекет кіреді.(ауданы шамамен 6млн км2) Шетелдік Еуропа 4 ірі аймаққа бөлінеді;Шығыс Еуропа(1,2 млн км2),Орта Еуропа (1,5 млн км2),Солтүстік Еуропа (1,3 млн км2),Оңтүстік Еуропа (1,1 млн км2). Еуропаның геологиялық негізін архей протерозойлық Шығыс Еуропа және Эриа платформасы құрайды. Платформа Еуропаның шығыс және солтүстік –шығыс бөлігін алып жатыр.

Эриа платформасы Шотландиядан Грендлендияға дейінгі аймақты қамтмды.Палезой эрасының соңында түзіліп біткен герцин қатпарлығы Испания,Франция,Англия,Польша,Германия елдерінің аумағын және Орал тауының едәуір бөлігін алып жатыр.Гибралтардан басталып,Альпы,Карпат;Қырым тауларынан,апеннин, Балқан түбектерін,Жерорта, Қара теңіздері қапсыры өтетін альпы қатпарлығының жерорта теңіздік белдеуі Еуропаның оңтүстік жиегін қамтыған. Рифейдің алдындағы көп қатпарлану әректтерінен платформалар аумағында биік таулар мен қыраттар пайда болған.Еуропаның көпшілік жерінің климаты қоңыржай.Еуропаның шығыс бөлігінің климаты континенттік.Мұнда қысы суық боранды,қарлы,жазы жылы, оңтүстік шығысында ыстық.Жауын-шашынның жылдық мөлшері таулы аймақтарда 1500-2000мм-ден (скандинавияның жел өтіндегі беткейінде 2500мм),Каспий ойпатында 200мм-ге дейін ауытқиды.

Еуропаның жер бедері әр түрлі келген.Мұнда жазық және ойпатты жерлер бірдей аумақты алғавн.Негізгі ойпаттар;Орта еуропалық, Ортадунайлық, Төменгі Дунай, Париж алабы, Падан ойпаты.Солтүстік пен Оңтүстік Еуропаларға аласа және орташа биіктіктегі таулар тән.Олар Скандинавия,Пиреней,Апеннин,Балқан,Карпат т.б. Батыс Еуропаның орталық бөлігінде (Монблан тауы,4807 м)орналасқан.Шығысында солтүстіктен оңтүстікке қарай Орал тауылары созылып жатыр.Еуропада ең биік тау –Альпі тауы. Чехословакияның территориясында таулар басым.Батысында олар күшті бұзылған және биіктігі 1500м-ден аса бермейді.Шығысқа қарай Карпат таулы доғасы басталады,ол жасы жағынан жастау әрі едәуір биік.

Бірақ шөгінді жыныстардан құрылған бұл таулардың беткейлері түйетайлы,шыңдары дөңгелектеу болып келеді.Кристалл жыныстар шығатын жерлерде таулардың шыңы үшкір, беткейі тік жарлы болып келеді.Жер бедері негізінен таулы,тау жоталары Жерорта теңізінің жағалық созылған қапталдаса созылып жатыр.Оның жағалары қатты тілімделген.Румынияның территориясы бойынша Карпатдоға болып иіліп жатыр.Оның жалғасы-Солтүстік Болгария таулары – батыстан шығысқа қарай созылған. Тау түзілуі мұнда әлі аяқталмаған,сондықтан күшті жер сілкіеу,әсіресе Югославияда жиі болып тұрады.

Альпі тауы. (кельтше alp-биік тау) –Еуропаның ең биік тау жүйесі.Географиялық терминде альп (alp)-«тау,жар,биік»,деген ұғым береді.Италия,Франция,Швейцария,Австрия,ФРГ,Югославия және Лихтенштейн жерлерін алып жатады.Лигури теңізі жағалауынан Орта Дунай жазығына дейін солтүстік –батысқа қарай доғаша иіліп жатыр.Доғаның сыртынан есептегенде ұзындығы 1200км-ге жуық,іш жағынан 750 км-дей.Ені 50-60 км-ден 240-260 км-ге (Верона қаласы меридианына) жетеді.Ең биік шыңы 4807 м (Монблан тауы).

Французша атауы Mont Dlanc,яғни мұндағы mont-«тау»,blanc-«ақ»,яғни «ақ тау» деген ұғымды білдіреді.Оның кең мағынасы мәңгілікке қар мен мұз басып жатуы деген мағына.Алпі-Алпі қатпарлығында көтерілген жас тау.Қатпарлы жүйенің негізі докембридің кристалды жыныстарынан (гнейс,слюдалы тақта тас)және жоғарғы протерозойдың болмашы өзгерген кварц-филлитті тақта тастарынан тұрады.Алпі-екі ірі бөлікке бөлінеді.Батыс Алпі(Франция,Италия және Швейцария Алпісі) және Шығыс Алпі.Олардың арасындағы шекара солтүстігіндегі Боден көлінен оңтүстігіндегі Комао көліне дейін келетін тектоникалық көлденең аңғармен өтеді.

Доғаша иілген Батыс Альпінің сырт жақ беткейі (Франция) кеңжәне біршама жадағай,іш жақ беткейі (Италия)жар қабақты.альпінің бұл бөлігінде Монблан (4807 м) таулары бар.Шығыс Альпі жоталарының орталық тобына (ең биік жері-Биік Тауэрндегі Грос-Глюкнер тауы,3798 м) рельефтің альпілік формалары тән.Альпі рельефтінің қалыптасуында эндогендік процестерден басқа антропоген дәуірінің су және мұздық эрозиясы үлкен роль атқарған.Альпіде антропоген дәуірінде төрт рет мұз басу болды.Альпінің географиялық орнына және едәуір биіктігіне байланысты оның климаты ылғалды болып келеді.Жел Атлант мұхитыны мен Жерорта теңізінен көптеген жауын әкеледі.

Андалусия таулары,Бетика таулары.Испанияның оңтүстігінде Жерорта теңіз жағалауын бойлай жатқан тау жүйесі.Бір-бірінен аңғарлар,қазан шұңқырлармен бөлінген жоталардан тұрады.Ең биік жері Съерра-Невада жотасындағы Муласен тауы (3478 м)Андалусия тауы Алпі қатпарлығына жатады.Оңтүстік кристалды,жыныстардан,солтүстік әк тастан түзілген.Беткейлері көбіне тастақ болады,карст көп кездеседі.Климаты Жерорта теңіздік құрғақ.Мәңгі жасыл бұта (маквиас) қарағай өседі.Альпі қатпарлығы –мезозой мент төменгі кезіндегі геосинклинальдар аумағында кайнозой дәуірінде орнаған жас,биік тау жүйелерінің пайда болуына себепші болған қатпарлық.

Жерорта теңіздік зонасына;Еуропада-Альпі,Пиреней,Андалузия,Апеннин,Карпат,Динар,Стара Планина,Қырым,Кавказ таулары кіреді.Альпінің ландшафтысы алуан түрлі.Онда биіктік ландшафт белдеулері анық байқалады.Альпіде 5 белдеу бар;Тау етегі мен тау беткейлері белдеуі (800 м биіктікке дейін).Теңіз маңы Альпісі мен Итальян Альпісінің оңтүстік беткейлерінде жерорта теңіздік климат,басқа аудандарында қоңыржай келеді.Бұл белдеуде еменді орман өседі.Таулық белдеу (1800 м-ге дейін).Климаты қоңыржай және ылғалды келеді.Мұнда Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты(шырша,май қарағай)орман өседі.

Апеннин таулары (италиянша .appennino,латынша.Appenninus)-Италиядағы тау жүйесі. Аталуының себебі осы солтүстік Италия жерлерін б.з.б 4-5 ғғ.кельттер мекен еткен. Сонымен Апеннин тауының мағынасы,пен-«тау»дегенді берсе,2 ғ грек тарихшысы Полибий «жалпы тарих» атты өз шығармасында бірінші рет Апеннин атауын сол жердегі таулы жүйелеріне қарай берді.Оңтүстік тау жүйелірін Апеннин калабрлары Құрайды. Апеннин түбегінің көп жерін алып жатыр.Солтүстік батысында Альпімен жалғасады,оңтүстік шығысында Калабрия тауына дейін созылады.

Ұзындығы 900 км,Калабрия тауын қоса есептегенде (Мессина бұғазына дейін )1100 км,шығыс беткейлері жадағай,батыс беткейлері тік келеді.Ең биік тауы-Гран-Сассо-д Италия (Корно тауы,2914 м).Апеннин тауының Альпі қатпарлығында қалыптасқан,негізінен құм тас,саз және әк тастан түзілген.Рельефінің қалыптасуына вулкан әрекеттері көп әсер еткен.Қазір де атқылайтын вулкандар бар (мысалға,Везувий соңғы рет 1944 ж, атқылады).

Мұнда құрылыс материалдары,әшекей тастар (мәрмәр),қоңыр көмір және боксит кендері бар,минералды бұлақтар көп.Жері қоңыр топырақты келеді.

Скандинавия таулары. Скандинавиия түбегінің батысынан солтүстік шығысқа қарай созылып жатқан Европадағы ірі тау жүйелерінің бірі Солтүстік батыс және оңтүстікке қарай күшті тілімделген сілемдер арқылы тік беткейлі мүйістер,түбектер және аралдар жасай теңізге тіреледі.Ұзындығы 1700 км, ені 200-300км-ден (солтүстікте) 600 км-ге (оңтүстікте) дейін.Биіктігі 2469м (Гальхёпигген тауы). Скандинавиядағы тау жекеленген таулы үстірттерден тұратын қырат болып есептелінеді. Тектоникалық жарылыстар үстінде қалыптасқан терең аңғарлар және фьордтар кең таралған.

Скандинавия тауы каледон қатпарлығында жаралған.Скандинавия тауының мағынасына келетін болсақ,Еуропаның солтүстігіндегі Норвегия иен Швецияға тән.Егер де үш ірі оңтүстік еуропаның жартылай аралы Балқандық,Апенниндік және Пиренейліктер деп тауларының атына қарай аталған,яғни Балкан,Апеннин және Пиреней деп сәйкестірілген.Солтүстік Еуропадағы Скандинавия тауы жартылай аралына байланысты өз атауын алған.Соңғы жалғанған сөзі-авия готша аудармасы «арал» мағынасын береді.Скандинавия тауының түгелдей толық мағынасы ашылмаған болып қалады.Скандинавия өңірінен темір рудасы,мыс,титан кенднрі өндіріледі.Климаты ылғалды теңіздік.Беткейлерін шыршалы және қарағайлы тайга, орман,жоғарырақ бөлігінде қайың тау тундрасы және шалғын алып жатыр.

Стара-Планина.Болгарияның таулы жүйесі.Орта ғасырларда халықтар бұл тауды «Моторлы тау»деп атаған. «тау анасы»-«үлкен,биік».Стара-Планина,планина-«тау,шынжыр тау»,ал Стара деген «жасына қарай үлкен»деген мағынаны бермейді,керсінше «бірінші,бастысы,жетекшісі», деген мағынаны береді.

Пинд тауы.Грецияның батысындағы тау жүйесі.термин бойынша pen-«тау», мағынасын түсіндіреді.Пинд тауын Пеннин Альпі,Пенниндер,Апенниндер т.б атаған.Солардың ішінде Пиндтіде өз атымен атады.

Говерла тауы .Украйнадағы Карпат тауының ең биік шыңы. Ovrl,ovrlina-«әйел басының жиыны»,бастапқы г әріпінің маңызы- айтылуға ыңғайлы етіп жалғанған,сонымен бірге таудың аты жақсы танылған.

Карпат таулы жүйесі Еуропада орналасқан.Таудың атауы бірінші грех географы Птоломейдің еңбегінде айтылады.карпе-«жартас» немесе ежелгі доиндоевропойлық термині бойынша кар-«тас»деген ұғымды берсе,ал кейбір авторлар Карпат аталуының мағынасы карпы тайпасының атын яғни ұғымын береді деген.Украйнаның Карпаты-таулы,Орманды-шалғындыөңір.Карпат таулары-Жерорта теңіздік ландшафтылы,субтропиктік климатты аймақ.Карпат тауларында үйенкі,шырша,самырсынды орман өседі.

Орал тауы.Еуропа мен Азияның аралығындағы тау жүйесі.Меридиан бағытында Қара теңізінен Орск қаласына дейін 2000 км-ге созылған.Ені 60-150 км. «Орал»атауы башқұрт сөзі деген пікір бар,бірақ башқұрттар Орал тауын атауын өздеріне белгілі таудың оңтүстік бөлігіне ғана берілген.Орыстар 1627 жылы «Үлкен чертёж»кітабында бұл бөлікті «Аралтов тауы»деп,таудың қалған бөлігін «Камень»деп атаған 17ғ-дан бастап тау толығымен «Орал тауы»деп аталды.Орал тауы көптеген жоталар және жондардан тұрады.Басты бес бөлікке бөлінеді.Полярлық Орал Константинов Камень тауынан Хулга өзенінің жоғарғы ағысына дейін созылып жатыр.Бұл бөлік абстраксиялы биіктігі 600-1000 м-лік орташа таулы рельефті келеді,ең биік жері 1499 м (Пайер тау).Поляр маңылық Орал Хулга өзенінің жоғарғы ағысымен Щугор өзеніне дейінгі аралықта орналасқан.Орал тауының биік шыңдары-Народная тауы (1894 м),Карпинск тауы (1879 м ) осында.Полярлық және Поляр маңылық Оралға үшкірленіп біткен шыңдар,жалдар,мұздық цирктері тән.
Мұнда 80-нен астам мұздықтар бар.Щугор өзенінен оңтүстікке қарай Ослянка тауына дейін Солтүстік Орал орналасқан.Мұнда биіктігі 800-1000 м (ең биік жері 1617 м,Телпосиз)көтерілімінің күрт төмендейтін шығыс және батыс тау алды қырқалары анық ажыратылады.Солтүстік Орал жоталары-Оралдың байырғы жартас қалдықтары жақсы сақталған бөлігі. Беткейлері қорым тастармен жабылған .Орта Орал Ослянка тауынан оңтүстікке қарай Уфа өзенінің ендік бағыттағы ағысы аралығын алады.Ең биік жері –Орта Басег тауы (993 м).Жоталары күшті тегістелген.Оңтүстік Орал Оңтүстікте Жайық өзенінің ендік бағыттағы ағысымен (Орск қ.тұсында) аяқталады. Бұл бөлік тау аралық қазан шұңқырлармен бөлінген көптеген жоталардан тұрады.Ең биік нүктесі 1640 м (Ямантау тауы).Оңтүстік Оралдың тау алды өңірі Торғайдың төрт күлді өлкесіне ұласа,Батыс Сібір ойпатымен жалғасады.
Орал тауы –палеозойда меридиандық бағытқа созылған геосинклинальдық жүйе болған,герцин қатпарлығы нәтижесінде біржола бекіген жер қыртысының ірі құрылымдарының бірі.Ортаңғы карбонға дейін геосинклинальдық аймақ, ортаңғы триастан кейінгі уақытта тау массивтерінің пәрменді көтерулері мен мүжілулерінің және шөгінділердің қалың қабаттары жиылу провинциясы болды.Ортаңғы триастан бастап Орал тауы платформалық режимде дамыды және осыдан кейінгі геологилық тарихы батысындағы Шығыс Еуропа платформасымен бірге өтті.Орал тауында барлық геологияляқ жүйелердің жыныстары түгел кездеседі.Орал тауында сонымен қатар докембрий,каледон,герцин,киммерий,альпі қатпарлықтары орын алды.

Қорытынды

Қорыта келгенде Дүние жүзі тілінде не көп десек,жалқы есімдер көп, оның ішінде жер-су аттары (топонимдер) көп,Еуропа жерінің ойы,қыры, тауы,даласы,көлі,өзен –бұлақтары,қысқасы, сан-салалы табиғат көрінісінің әрбір аттамы атсыз емес.Меншіктеп берілген өз аттары бар,атсыз адам болмайтыны сияқты атсыз өңір жоқ. Әрбір атау өз тұсындағы қоғам тіршілігінен (ел мүддесінен),жұрт қалауынан туады. Сондықтан да кез келген сөз атау бола бермейді, «оған бір басшылық керек» дейтін қағиданың мәні сонда.Әрбір онома қоғамдық құбылыстың әр тұстағы бір көрінісі сондықтан да атау аталуының бәрі, сөз аталуының бәрі сияқты, қоғам ризығы,тарихтың ұшқыны,соның табы сіңген нысаналы белгі.Бұл-топонимикалық атаулардың негізгі заңы.

Жалқы есімдерді түсіндіретін ілімді ономастика дейді.Ономастика немесе ономасиология көне гректің onoma «есім,ат»(адамның аты,аңдардың немесе жер бетіндегі өзге түрлі объектілердің аты,аспан әлеміндегі планеталардың, космос кеңістігіндегі жарық дүниелердің,галактика топтарының аттары болуы да мүмкін)+logos «ұғым,ілім» сөздерінен құралған есімдер туралы ілім деген мәні бар сөзі.Ономастика сөзінің өзін (осы сөздің жеке өзін) қазіргі қазақ тілінде айтатын болсақ,мейлі ол абстракциялы ұғым ретінде болсын,мейлі жалқы есіидер жүйесі тұрғысында болсын-«атаулар ілімі» немесе тіпті, бір-ақ сөзбен «атаулар деп те айтуға болар еді».Сонымен,топонимика-Ономастиканың кесек бір бөлігі.

Топонимика(көне гр.topos+nomas)көнеден бар ұғым,сөйте тұра,өзінің даму процесі жағынан едәуір кенжелеп келген жайы бар.Біздің елімізде де, басқа елдерде де енуі-енді қолға алынуда мұның әр түрлі себептері бар.Басты себебі-біз топонимикалық атауларды жүйелі түсінігі жоқ қиын сөздердің (глоссанның)жер бетіндегі шашыранды даналары деп біліп келдік. Іс жүзінде осы ілімдерге тән зерттеулердің бәрі топонимикалық зерттеулер деп айтылып жүр.Жеке- дара нүктелердің белгілі бір аты сол жердің иесі болып табылатын халық тіліне негізделеді.Бұл- табиғи заңдылық. Осы аталған ілімдерге келетін болсақ соның ішіндегі Оронимика-жалпы тау аттары туралы ілім. Оронимдер құамындағы терминдер рельфтің жіктелу сипатын дәл дәлелдейді.Оронимдердегі түсті белгілейтін атаулар көп жағдайда сол тауды құрайтын түсімен байланысты, сонымен қатар пішініне, климатына байланысты ат берілген. Сонымен маған беріпген тақырыбым Еуропаның оронимдері,Еуропада таулар көп болмаса,аз емес.
Соларға берілген таулардың аталуының мағынасын,ұғымын ашып көрсету.Шетелдік Еуропаға экономикалық және мәдени қатынастармен байланысқан 42 мемлекет кіреді.(ауданы шамамен 6млн км2) Шетелдік Еуропа 4 ірі аймаққа бөлінеді;Шығыс Еуропа(1,2 млн км2),Орта Еуропа (1,5 млн км2),Солтүстік Еуропа (1,3 млн км2),Оңтүстік Еуропа (1,1 млн км2). Еуропаның геологиялық негізін архей протерозойлық Шығыс Еуропа және Эриа платформасы құрайды. Платформа Еуропаның шығыс және солтүстік –шығыс бөлігін алып жатыр. Эриа платформасы Шотландиядан Грендлендияға дейінгі аймақты қамтиды. Апеннин таулары (италиянша . appennino, латынша. Appenninus)- Италиядағы тау жүйесі. Аталуының себебі осы солтүстік Италия жерлерін б.з.б 4-5 ғғ.кельттер мекен еткен. Сонымен Апеннин тауының мағынасы,пен-«тау»дегенді берсе,2 ғ грек тарихшысы Полибий «жалпы тарих» атты өз шығармасында бірінші рет Апеннин атауын сол жердегі таулы жүйелеріне қарай берді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Поспелов,Евгений Михайлович «Топонимика и картография»

2. Поспелов Евгений Миайлович «Школьный топономические словарь»

3. Абдрахманов М.А.Топонимика и этимология.Наука,Алма-Ата,1975.

4. Добрынин Б.Ф.,Физическая география западной Европы,М.,1948.

5. Тектоника Европы.Объяснительная записка к Международной тектонической карте Европы,М.,1964.

6. Белоусов В.В., Основные вопросы геотектоники, 2 изд ., М.,1962.

7. Тектоника Евразии,М.,1966.

8. Абдрахманов М.А.,Бонюхов А.А.Топонимические названия. «Языки топонимия Сибири»,1.Изд-во Томского университета.Томск,1966.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ