Ежелгі Египет мектебінің өнері (Сабақ жоспары)

0
1532
Иллюстрация: Freepik.com
Пән: Бейнелеу өнері 6 сынып. Күні:
Тақырыбы: Ежелгі Египет мектебінің өнері.

 

Мақсаты:  Ежелгі Египет даналықтың  бесігі, ұлы философ, ғалым, суретшілер мен мүсіншілердің  дүниеге әкелген ғажайыптар елі деп жиі айтады. Ежелгі  Египет мәдениеті ең көне  және өте жоғары деңгейде  дамыған. Олардың үй қабырғаларында,  тұрмыстық бұйымдарға  салған бейне көріністері  мазмұнға бай әрі осы елдің  тарихы туралы  қызықты ақпараттар береді.

Египпеттік суретті көмірмен, қылқаламмен,  қызыл және қара бояулармен салған.Тас пен саз балшықтан жасалып, өңделген тегіс бетке бейнелерді металль таяқшалармен қырнау, қашау  арқылы түсірді.

Осы өнер жайлы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:    Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000жыл бұрынғымозайкалық Рим және темпералық фаюм портреті соның дәлелі.

Графика-гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын» , « сызамын» деген мағына береді. Карандашпен, тушпен, салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Осы тақырып бойынша кең мағұламат алады. Египет өнерімен өз төл туындыларымыз жайлы салыстыра алады.

Керекті жабдықтар: Оқулық, нұсқаулық, ресурс, парақтары,жұмыс дәптері, маркер, сурет альбомы, түрлі-түсті бояулар

 

Сабақ кезеңдері                           Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу.

Шаттық шеңбер: «Құрбымды бағалаймын»

Шеңбердегі оқушылар көршілес құрбысының әрекетін қайталау арқылы, бірін-бірі тыңдай отырып бірдей жаттығу жасайды. Бірлескен жұмыстың көрінісін береді.

Мұғаліммен амандасады.

Шеңберге түрады.Мұғалімнің әрекетін кезекпен- кезек қайталау арқылы бірлескен жаттығу әрекетін жасайды.

Тұсаукесер  Ежелгі Египетте суретшілер шәкірттерін сурет салу техникасына  баулитын арнайы мектеп болды.Олар  өрнек элементтерін, адамдар мен жануарларды   қалай бейнелеу керектігін шыдамдылықпен көрсете білді. Сурет салу өнеріне баулуда техникалық тәсілдерге өте көп көңіл бөлінді. Ежелгі  Египет суретшілері оқиға көріністерінің бірізділік барысы жайлы айтуға ұмтылыс жасағанда, олардың ойынша басынан аяғына дейін жазық бойында тұрған денелердің бәрін белдеумен, жиектермен орналастырған сияқты болып көрінеді. Денелерді бұлай орналастыру  жер бетін жазық тік сызық түрінде сызықтың төменгі шекарасына  және көрерменнен шалғайда жатқан элементтерді бүркемелеп көрерменге алып келді. Бөлшектік бүркемелеу параллель картиналық жазықтықтағы  қозғалысты беріп қана қоймай, сонымен қатар фигуралар арасындағы қашықтықты, олардың суретшімен ара – қатынастың орналасуын көрсететін тереңдікті жеткізуге мүмкіндік берді.

Алайда ежелгі Египет суретшілері шынайы кеңістік қатынастарды жасауды білмейтін еді. Патшалардың денелері ірі көлемде, оның жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер оданда ұсақтау фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды, әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.

Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктеріне  дәл бере алатын  портреттік галерея жасады. Бұл кездейсоқ емес   еді. Портреттік ұқсастықты беруге ұмтылыс- мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын.

Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. 7-10 мин.

Топтастыру әдісін  жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

 

 

 

 

Аталған сөздерді суреттен көрсету арқылы, өз ойларын дәлелдейді.

 

Египет өнері мен Қазақстандағы бейнелеу өнері жайлы салыстырмалы түрде дәлелдеу.

Негізгі бөлім Интернет желісінен ақпарат іздеу арқылы бейнелеу  өнері жайлы  деректер іздестіреді.

Топтық жұмыс орындалады. Флипчарт әзірлейді.

Египет өнерінің даму кезеңдері қандай?

Египет өнері несімен ерекшеленеді?

Египет мектебі нені үйретті?

Өнер  мектебіндегі  шәкірттер  немен  шұғылданды?

Топта талқылау арқылы ортақ жобаның сызбасын дайындап, пікірлерін білдіреді.таныстырылым әзірлейді.
Қорытынды «Египет өнерінің даму тарихы.»  деректерді  топтасу арқылы қорғайды.

Үлгідегі ерекшеліктерді суреттейді

Таныстырылымның  немен аяқталғанын топтар салыстырмалы түрде айтып береді

Басқаша қалай жасауға болар еді? -7мин

Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді.

Топтан бір оқушы қорғайды.

Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 Фото  дәлелдер, жапсырмалау әдісімен

«Ежерлгі Египет даналықтың  бесігі, ұлы философ, ғалым, суретшілер мен мүсіншілердің  дүниеге әкелген ғажайыптар елі»  тақырыбына эссе жазу.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Рефлексия.

(Чемодан,жәшік,

ет тартқыш)

Дереккөз: zkoipk.kz

Басқа материалдар:

  1. Cызық пен штрих. Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары
  2. Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар
  3. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  4. Бейнелеу өнерінің даму тарихы (Сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ