География сабағында саяхат

Әбіш Кекілбаев

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………………………………………………………………….
1 Тарау. География сабағында саяхат
    1. Табиғатқа экскурсия сабағын ұйымдастыру………………
2 ТАРАУ. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
2.1. География сабағында өтілетін сабақ……………………………….
3ТАРАУ. ДИСПУТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
3.1. Пікір – сайыс — оқытудың ұлттық жаңа үлгісі……………..
Қорытынды………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………….

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «…біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді.

Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді.

Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату шығармашылық қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. География ғылымы өте қызықты да күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника заңдылықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

Қазіргі кезеңде, басқа пәндерге қарағанда география сабағы және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар көп мүмкіндік береді, атап айтқанда, физикалық география курсы бойынша мектеп бағдарламасында табиғатқа міндетті түрде экскурсия (көктемгі, күзгі) өткізу қарастырылған.

География сабағы мен өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.

1 Тарау. География сабағында саяхат

    1. Табиғатқа экскурсия сабағын ұйымдастыру
Сабақ сапасын арттыру барлық мүғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі — күнделікті сабақты өткізудің стандартты, бірмәнді, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады. Күн сайын өтетін, тіпті, тамаша көрнекіліктер арқылы болса да жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз.

Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі — міндет.

Қазіргі заманғы білім берудің мақсаткерлік міндеті — сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті жастарды даярлау. Біздің ендігі міндет — жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту. Олай болса, оқушылардың туған өлкеге деген мақтаныш сезімін, кең-байтақ еліміздің табиғатын, отансүйгіштігін, өз елінің байлығын, тарихын, мәдениетін сүйе білуге, оны қорғауға тәрбиелеу.

http://im5-tub-kz.yandex.net/i?id=11601772-37-72&n=21 Қазіргі кезеңде, басқа пәндерге қарағанда география сабағы және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар бұл міндетті орындауға көп мүмкіндік береді, атап айтқанда, физикалық география курсы бойынша мектеп бағдарламасында табиғатқа міндетті түрде экскурсия (көктемгі, күзгі) өткізу қарастырылған. Экскурсия кезінде оқушылар өздері бақылап-байқаған табиғаттың жергілікті ерекшеліктерін, құбылыстар мен үдерістердің байланысын оқып-үйренудің негізінде оқушылардың дүниетанымы және табиғи ресурстарға саналы түрде ұқыпты болу сезімі қалыптасады. Ендеше оқушыларымыз өз Отанының жаратылыс жағдайын, басынан кешірген тарихын, оның байлығы мен мәдениетін жақсы білгенде, өз Отанының артықшылығын, ерекшелігін оқып-үйренгенде ғана, олардың патриоттық сезімі, Отаны мен халқына қызмет жасауы — саналы, үйлесімді, жағымды қарым-қатынастарға негізделеді.

Сонымен, өз Отанының табиғатын оқып-үйренуге көмектесудің бір жолы мектепте өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру болады. Онда оқушылар сабақтан тыс уақыттарда экскурсияға шығып, өздерін қоршаған ортаның табиғат ерекшеліктері, байлығы және адамдардың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Өлкетану материалын оқып-үйрену, жинақтау және пайдалану негізінде жүргізілетін экскурсиялар мен практикалық жұмыстар зерттеудің географиялық әдістеріне сәйкес келетін білімді терең меңгеруге және практикалық біліктілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, оқушылар экскурсияда географ-ландшафт зерттеуші мен геолог, топырақ зерттеуші мен геоботаник, гидролог пен метеоролог, топограф және т.б. мамандықтарымен танысады. Сонымен қатар, табиғатта өткізілетін экскурсия оқушылардың кеңістік жайындағы түсінігінің дамуына, көзбен және қарапайым тәсілдердің көмегімен қашықтықты және биіктікті анықтаудың әдістерін үйренуге, сондай-ақ, компас бойынша және жергілікті жердің белгілеріне қарай сол жерді бағдарлауына аса мол мүмкіндік береді.

Оқу экскурсиясын табиғатта өткізу үшін оқытушының дайындығына мыналар кіреді:

  • экскурсияның мақсаты мен міндеттерін анықтау;
  • маршрутты белгілеу, оның өтетін жерімен танысу;
  • экскурсия кезінде тоқтайтын аялдамалардың саны мен орнын,
    әр аялдамада жасайтын жұмыстардың мазмұны мен әдісін айқындау;
  • үйге берілетін жеке және топтық тапсырмаларды дайындау;
  • экскурсия материалдарын география сабақтарында пайдалану.
Экскурсияға әзірлену кезінде, әрбір оқытушы өзінің дайындығын, ең алдымен, экскурсияның тақырыптарын белгілеуден бастауы керек. Өйткені, мектеп тұрған жерлердің табиғат жағдайлары алуан түрлі болуы мүмкін. Сондықтан, әрбір мектеп бағдарламаға сүйене отырып, өздеріне ыңғайлы тақырыптарды іріктеп алуға тиіс.

Сонымен, география бағдарламасына сай өткізілген экскурсиялардан мысал келтіреміз. Мысалы, бүл экскурсия оқу жылының аяғында «географиялық қабық» бөліміндегі табиғат кешені туралы оқып-үйренгеннен кейін өткізіледі.

Экскурсияның мақсаты — оқушыларға мектеп маңында орналасқан зонаның табиғат кешені туралы білім беру.

Экскурсияның міндеттері:

  • оқушыларды өзі түрған жердің негізгі табиғат кешендерімен және олардың компоненттерінің өзара байланыстарымен таныстыру, жер бедерінің әсерін анықтау;
  • нақты мысалдар бойынша адамның табиғат кешеніне және өз өлкесінің табиғатын қорғауға ықпалын көрсету. Көктемгі экскурсия кезінде байқау мен зерттеудің басты нысандары етіп өзен аңғарының табиғат кешендерін алуға болады. Осы мақсатпен көктемгі экскурсия өткізу үшін мынадай негізгі аялдамаларды ұсынуға болады:
  • өзен жайылмасында;
  • өзен аңғарының негізгі жағасында немесе басқа бір биіктікте;
  • өзен аңғары беткейінің орта бөлігінде, т.б.

Мысалы, өзен жайылмасындағы аялдама мазмұны:

  • жергілікті жерде бағдарлау;
  • эрозиялық үдерістердің өзгеру дәрежесін байқау;
  • жайылманы түзетін жер бедері мен тау жыныстары;
  • жайылманың өсімдіктері, олардың маусымдық өзгеруі;
  • жайылманың табиғат кешені.
Алғашқы табиғат кешенін қарастыру алдында, біздің мысалымызда «жайылма кешені» ұғымының нені білдіретінін оқушылар еске түсіреді. Оқытушы экскурсияның негізгі міндеті — өзі тұрған жердегі негізгі табиғат кешендерімен танысу, бір компоненттің мысалы, жер бедерінің өзгеруі басқа компонеттерге әсер ететінін қадағалау екенін хабарлайды. Табиғат кешеніне сипаттама беру жер бедерінің элементін анықтаудан және жайылма беті тау жыныстарының ерекшеліктерін қарастырудан басталады. Өзен аңғарының жайылмасын, беткейлерін және негізгі жағасын көрсетуді сұрастыру. Мысалы, біз аңғардың қай бөлігінде тұрмыз? Өзен суының деңгейін, өзен қызметінің және су тасқынының нәтижесін салыстырыңдар.

Жайылманың беті қандай болып көрінеді? Саяхаттар мен экскурсиялар кезінде қай жермен жүру қолайлы екенін қарастырыңдар — жайылманың орта тұсымен бе? немесе өзеннің жағасымен бе? Осы аялдамада жайылманың өсімдіктері қарастырылады және оның ерекшеліктері түсіндіріледі. Жайылманың барлық өсімдіктері өмір сүру үшін қандай жағдайларға бейімделуі керек? Өсімдіктердің жайылмада тіршілік жағдайларына бейімделуі туралы қорытынды жасау. Қорытындыда табиғат кешенін суреттеу, яғни жайылманың тегіс бетінде, көбінесе, тұрақты немесе анда-санда аса мол ылғалдануға бейімделген шөп және бұта өсімдіктері, өзеннің борпылдақ шөгінділерінен түзілген құнарлы шымды-шалғынды топырақ болады. Жайылма қалай пайдаланылады деген сұраққа, сонымен қатар оқушыларға жайылма шалғындарының өнімін арттыратын шараларды атап немесе көрсетуді ұсыну, мысалы, құрғату, тегістеу, топырақ бетін қопсыту, бағалы өсімдіктерді егу, т.б. Экскурсия кезінде оқушыларды табиғатты қорғауға үнемі үйретіп отыру қажет.

Оқушылардың мектеп ішінен далаға шығып табиғат құбылыстарын табиғи жағдайында тұрған қалпында тікелей бақылауы барлық құбылыстардың өзара тығыз байланысын, біртұтастығын айқын көріп, түсініп алуға мүмкіндік береді. География сабақтарын айналадағы шындықтан алынған нақты мысалдарды зерттеуге негіздеп құру қажет, сондықтан табиғатқа мүмкіндігінше экскурсияға шығу жөн. Экскурсия теорияны практикамен байланыстырудың ең жақсы құралы болып табылады, өйткені сабақта алған білім экскурсияда тексеріліп және пысықталып қана қоймайды, сонымен қатар, оқушылар өздері жүргізген бақылаулары негізінде қайсыбір табиғат заңдылықтарын өздігінше таба білүге үйренеді, яғни оқушыларды зерттеуге жұмылдырып, география пәніне ынталандыра түседі. Сондай-ақ, Отан алдында борышын өтеуге, ертеңгі сарбаздар үшін қажетті болып табылатын бірқатар ізгі қасиеттерді тәрбиелеп, мысалы, бағдарлай білуге, көзбен өлшеп шамалай білуге, жоспар жасауға және оны пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, шыдамдылыққа үйретеді.

Шынында, әрбір адамның Отаны өзі туып-өскен кішкентай аймақтан басталады, әр адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі болады. Адам өзінің туып-өскен жерін, Отанын шын мағынасында сүюі үшін сол Отанын жақсы білуі керек. Отанды сүю сезімі өзінен-өзі қалыптаспайды. Ол мектептің, ата-ананың, тіпті, барлық қоғамның жастардың дұрыс білім мен тәрбие алуына ұдайы көмектесіп отыруын керек етеді.

«География» оқу пәнінің мазмұнын жаратылыстану-ғылыми жүйелер, олардың өзара әрекеттесуі, табиғат құбылыстарын зерттеудің жаратылыстану-ғылыми әдістері, адамның жаратылыстану-ғылыми дүние-танымы мазмұндық желілері құрайды.

Мектептің білім беру жүйесіңде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәні үлкен рөл атқарады.

«География» оқу пәнінің жалпы мақсаты — тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-географиялық білімнің біртұтастығын анықтау жалпы орта білім беретін мектептерде географиялық білім беру мақсатын құруға, яғни жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлігі ретіндегі біртұтас географиялық бейне қалыптастыру болып табылады.

Географиялық білім берудің бұл мақсаты төмендегідей:
  • оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастыруға, еркін әрі
    шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;
  • оқушыларға географиядан қазіргі дүние толқынына бағдарлануды меңгеруге көмектесетін жүйелі білім беру;
  • оқушылардың бойында қоршаған ортаның алуан түрлілігіне, әртүрлі елдердің өзіне тән ерекшеліктеріне қарай адамзат алдында тұратын күрделі проблемаларға қарамастан, қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінік қалыптастыру;
  • оқушылардың сөйлеу-логикалық және бейнелі түрде ойлай алуын дамыту;
  • картографиялық сауаттылығының қалыптасуына жағдай жасау;
  • оқушыны шынайылыққа тарту және ғылыми-географиялық таным
    негізінде дүниедегі өз орнын анықтауға көмектесу тәрізді міндеттерді
    шешуді талап етеді. Бұл міндеттер 10-11 сыныптарда ҚР мемлекеттік
    жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартының негізгі ережелеріне (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 ж. №367 бұйрығы) сәйкес дайындалған.

2 Тарау. Практикалық жұмыс

2.1. География сабағында өтілетін сабақ

Сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі – Оқушыларға Шығыс Қазақстан туралы білім беру.Шығыс Қазақстандағы су электр станциялары туралы білім дағдыларын қалыптастыру. Теориялық материалдарды іс жүзіндегі материалдармен ұштастыру.

Дамытушылығы – Оқушылардың сабаққа білімділігін арттыру мақсатында қосымша пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі – Оқушыларға экологиялық тәрбие беру және сөйлеу мәнері мен мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды адамгершілікке, отан сүюге, Қазақстанның белсенді азаматы болуға,азаматтық ұстанымы бар адам болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі — ойын сабағы.

Сабақтың әдісі- әңгімелесу,түсіндіру,баяндау.

Сабақтың жабдықтау көрнекілігі- Бұқтыра мен Үлбі су электр станцияларының суреті

Пән аралық байланыстар:  Экология, гидрогеология, өсімдіктану, жануартану т.б.

Ұйымдастыру кезеңі

І бөлім

Ой сергіту ойыны

(География сабағына байланысты сұрақтар қоямыз)

  1. География нені зерттейді (жерді)
  2. Күннен санағанда жер нешінші планета? (3)
  3. Қазақстан қай материкте? (Еуразия)
  4. Еліміздің жер көлемі қанша? (7 млн.км)
  5. Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? (қоңыржай)
  6. Жоңғар қақпасы арқылы соғатын желдер? (ебі, сайқан)
  7. Қазақстанның  ең суық жері? (Атбасар Ақмола облысында)
  8. Қазақстанның ең ұзын  өзені? (Ертіс)
  9. Тұран  тақтасындағы теңіз (Арал)
  10. Шипалы бар минералды суы бар? (Сарыағаш)
  11. Шардара су  бөгені қай өзенде орналасқан? (Сырдария)
  12. Іле Алатауының ең биік шыңы? (Талғар)
  13. Қазақстанның  ең биік  нүктесі? (Талғар)
  14. Республиканың ең төмен жері? (Қарақия)
  15. Дүниежүзілік ең ірі көл? (Каспий)
  16. Атом  электр станциясы қай қалада? (Ақтау)
  17. Портты қала? (Ақтау, Форт Шевченко)
  18. Сырдария өзені қандай шөлмен ағып өтеді? (Сырдария)
  19. Батыс Қазақстан  облысындағы мұнай-газ кен орны? (Қарашығанақ)
  20. Жоңғар қақпасы қандай екі көлдің ортасында (Алакөл, Ебінұр)

ІІ бөлім

1 және 2 топ Бұқтырма, Үлбі су қоймасына сипатта беру

Бұқтырма су қоймасы

Өскемен қаласының оңтүстік – шығысында 60 шақырым жерде Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма ГЭС–і орналасқан. 1956 жылы Ертіс өзенінің бойына Серебрянск қаласынан жоғарырақ Бұқтырма су қоймасы салынды. Суының көлемі жағынан ол дүние жүзінде төртінші, ал су сыйымдылығы жағынан жиырма төртінші орын алады. Бұқтырма су қоймасының көлемі 5490 шаршы шақырым, ені 40 шақырым, ал ең терең жері 80 метр. Мұнда 49,6 текше шақырым (километр) су жиналады.

Су қоймасы 1960 жылдың сәуір айында тола бастады. 1962 жылы Бұқтырма су қоймасы жасалынды. Су қоймасы Күршім, Бұқтырма, Ертіс өзендерінің суымен және жауын – шашын суымен толығып отырады.

Әдетте Бұқтырма су қоймасының су деңгейі мамыр айының басында көтеріле бастайды да, тамыз айында ол ең жоғары шегіне жетеді, ал қыркүйек айынан бастап төмендейді. Бұқтырманың суы көктемде Ертіс өзенінің алабын суландыру үшін пайдаланылады. Қойма суы тұщы (бір литрінде 0,128 грамм тұз ерітіндісі бар). Бұқтырма суы 0,2-6 литр тереңдікке дейін мөп-мөлдір болып жатады.

Қазіргі кезде су қоймасында балықтың 36 түрі бар. Мұнда жерсіндіру үшін сазан, пелядь, көксерке, табан балығы, түрке, шармай, ақ амур т.б. жіберілген. Сондай – ақ су қоймасында шортан, аққайран, бекіре, нәлім балықтары бар.

Үлбі су қоймасы

Техникалық жағынан да, құрылысының күрделілігі жағынан да Үлбі ГЭС — КСРО -дағы алғаш гидротехникалық құрылғы еді. Оның құрылысы 1931 жылы үңгіртау жолдарын жасаудан басталған еді. Аталған құрылыс 65 шақырымға биіктігі теңізбен тең 500-2500 метрге дейінгі тауға дейін жетіп, Риддерден 20 ал Өскеменнен 60 шақырым жерде орналасты. Үлбі құрылысшылары 3,5 метрлі тоғыз шақырымды ағаш құбырларын өткізді. Бұл құбыр өткізгіш ұзындығы мен диаметрі бойынша кеңестік қана емес әлем тәжірибесіндегі ең тұңғыш еді. Гидроэлектростансаның барлық құрылыс жұмыстары 1936 жылы жазда аяқталды.

Барлығы 71 мың текше метр темір бетон салынып, бір миллион текше метр құз бен жер қазылып, 16 мың метр электродәнекерлеу, 4500 тонна метал жөнделіп, Риддерге дейінгі (21 шақырым) электр қуатын беру желісі салынды. Жаңа 1937 жыл қарсаңында ұзындығы 10 шақырымға жететін құбыр мен үңгіртаулар сумен толтырылды.1937 жылы 11 ақпанда Үлбі ГЭС Риддер полиметалл комбинатына өнеркәсіптік тоқ берді. 1937 жылы тамыз айында екінші кезектегі 9 мың квт., ал 1939 жылы 9,5 мың квт. қуатты генератор мен турбиналарды құрастыру аяқталды. Нәтижесінде Үлбі ГЭС-ң жалпы қуаты 28,5 мың квт.-ты құрады.

Үлбі ГЭС-ң іске қосылуы барысында Лениногор энергетикалық торабының қуаты үш есеге артып, ол Риддер поллиметалды комбинатының өнім шығаруын 4,5 есеге арттырды.1940 жылы қазанда Үлбі ГЭС өзге де гидроэлектростанциялармен бірге Қазақстандағы тұңғыш дербес салалық кәсіпорын — Алтай энергожүйесінің құрамына енді. 1954 жылы Лениногор қаласының барлық гидроэлектростансасы, соның ішінде Үлбі ГЭС  бірыңғай кәсіпорын — Лениногор каскад ГЭС-нің құрамына енген.
Бүгінгі күні 1928-1935 жж. негізі қаланған Лениногор каскад ГЭС-ң бөгеттері «Компания «ЛК ГЭС» ЖШС-не қарайды.

ІІІ бөлім

Оқушылармен саяхатқа шығамыз

Бұқтырма мен Үлбі су қоймаларына кім саяхатқа шығады?

A. http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3d/Wasserkraftwerk-Bratsk.jpg/220px-Wasserkraftwerk-Bratsk.jpg

Қандай бөген ең үлкен? (Бұқтырма)

Бұқтырма су қоймасы қай қалада орналасқан? (Өскемен)

Бұқтырма су қоймасының ең терең жері ?(80)

Бұқтырма су қоймасы қай жылы салынды ?(1956)

Бұқтырма суы қандай тереңдікте мөп-мөлдір болып жатады?(0,2-60литр)

Балықтардың қанша түрі кездеседі?(36)

Үлбі құрылысы қай жылдан басталды?(1931)

Үлбі су қоймасының жалпы қуаты қанша мың кВт құрайды?(0,85)

Үлбінің іске қосылуына қанша жыл?(70)

Ұйге тапсырма

Батыс Қазақстанды оқып келу

Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық  өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.

Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.

Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады.

Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім — тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер  алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығн ояту,  терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт,  азамат тәрбиелеу.

Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.

3 Тарау. Диспут технологиясын география сабақтарында

қолдану әдістемесі

3.1. Пікір – сайыс — оқытудың ұлттық жаңа үлгісі

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастағанынан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп, қана қоймай, өз іс — әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік — экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы – үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймын.

Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар — жаңа технологияларды қолдану сабақтары болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Осыған сәйкес сабаққа қойылатын қазіргі талаптар да мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. Халқымызда «шайнап берген ас — ас болмайды» деген мақал бар, сол сияқты мұғалім де сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай түрткі болатындай (стимулятор) әдіс –тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуциидің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл -ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Олай болса, әр мұғалім өз әрекетінде мүмкіндігіне қарай әртіс болып қана қалмай / яғни өз білгенін орындап қана, кете беретін/, орыс тарихшысы В.О. Ключевскийдің: «Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі» дегендей, сабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы қажет.

Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтыратын баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалады. Осы себептен оқушы игерген білімін іс — әрекетте пайдалана алмау қиындығына тап болады. Ал оқушыны дамыта оқытатын болсақ ізденушілік – зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру жағдайы басты назарда болмақ. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жағдайды шешуге қабілетсіз екендігін сезінуі керек. Осыдан кейін барып оқушының білім алуға ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді. Оқушы алдына мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі бермейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Әркім оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр оқушыға жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Оқушы әр түрлі ақпарат көздерімен сусындап өз түйінін айта білуі керек. Кез келген мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі керек. Осыған орай «Сорос Қазақстан» қорының ұйымдастыруымен өткен «Пікір-сайыс» бағдарламасының маңызы зор. Осы бағдарламалардың стратегияларын пайдаланып өткізген сабақтардың әсері мол.

Топқа бөлінген оқушылар өз сұрақтарына тынымсыз жауап іздейді. Әр оқушы өз идеясымен бөліседі. Бұл оларға сол проблема бойынша өз көзқарастарының қалыптасуына, пікірлерін қарсыластарының көзқарастарымен салыстыруға, өз пікірін қорғауға үйретеді, сол проблеманы өздігінен терең зерттеуге итермелейді. Пікір – сайыс жастардың білімдерін жан –жақты жетілдіріп, мәдени деңгейлерін көтереді, басқа адамдарға түсінікпен қарап, олардың пікірлерімен санасуға үйретеді, шешендік өнерге баулиды.

Оқушы бұрын меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ой өрісін кеңейтеді, тақырыпқа сай сын тұрғысынан қарайды. Оқушы өз алдына сұрақтар қойып, жауап іздеуге, мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей білуге, білімнің қайнар көзін өздері тауып, білімді меңгеру үшін қажет дағдыларды өз бетімен қолдануды үйренеді. Әдепті батыл сөйлеу, проблемаларды анықтай алу, топтың жалпы шешіміне үлес қосу, өз ойын тұжырымдауға, өздерінің үйренгендеріне жауапты қарауға, әріптестерінің ой – пікірін құрметтеуге, тыңдауға, салыстыра зерттеуге, үйретеді. Тақырыпты ғылыми түрде меңгеруге мүмкіндік жасайды.

Оқытудың жаңа моделі — пікірталас әдісі. Пікірталас – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Комуникативті пікір алмасу моделі жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды, методикалық нұсқауларды, «Дүние жүзі педагогика инновациясы» атты М. В. Клариннің еңбегін басшылыққа ала отырып, география пәнін оқытуда оқыту құралы ретінде пайдалану – жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп бірлесіп білім алуда жауапты іс — әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Егер пікір алмасу оқушы мен мұғалім арасында кезектескен жүйелі, бірізді сұрақ жауап түрінде жүргізілсе, онда ол біз күткен нәтиже бермейді. Бұрынғы оқу жүйесіндегі сұрақ – жауап түріндегі оқушы мен мұғалім арасындағы төменгі дәрежедегі байланыс әдісі.
Оқытудың коммуникативті пікір алмасу стратегиясымен Қазақстан – Сорос қорының «дебат» немесе пікір сайыс бағдарламасымен шұғылдана жүріп, осы әдістің технологиясын меңгеруге қол жеткізілді және пікір талас моделін география пәнін оқытуда қолдану тиімді болды. Сабақта қолданатын пікірталас моделінің арнайы құрылымы, ережесі бар, қолданыс аясы және уақыты шектеулі. Оның негізін салушы американ философы Карл Поппер. Оның ерекшелігі — әр қарсылас топтың бір – бірімен белгілі ережеге сәйкес ізденіске негізделген сайысқа түсуі, ақиқатқа жету жолын қарастыруы, дәлелдерін салыстыруы. Мына төменде Карл Поппер пікір таласы бағдарламасының пікір талас форматы берілген.

Диспут ойыны ережесі.

Ж- 1 ( 5 мин) Д – 1 ( 6 мин) Ж -2 ( 5 мин)
Шешіммен келіседі

Шешімнің шарттарын анықтайды.

Мақсат немесе критериялар қояды.

Қысқаша жақтаушы команданың көзқарасы жөнінде дәлелдеме береді.

  1. Аргумент

2. Аргумент

3. Аргумент

Өзінің оң бағытын анық түрде қорытындылайды.

Шешіммен келіспейді

Альтернативті түсініктемелер ( дефин)

ұсынады.

Альтернативті критериялар ұсынады.

Әрбір оң аргументке қарсы контрагумент келтіреді.

Оны фактілермен бекітеді.

Теріс жүйелі бағытыңызды дайындап айтады.

Аргумент 1

Аргумент 2

Позициясына қайтадан сендіреді.

Түсініктемеге қайтадан сендіреді және альтернативке қарсы сөйлеп жауап береді.

Айтуға тұрарлық критерия жасап, оң сөйлеу мәселесін құрады. Оң құрылым арқылы нақты дәлелмен дәлелдейді.

  • жаңа дәлел береді.
  • бұрынғы берген дәлелдің сыны арқылы берілген кемшілікті айтады.
  • мысалдарды,

ұқсастықтарды, баяндауды қолданады.

* бар дәлелді кеңейтіп айтады. Қарсы дәлелдерге қарсы жауап береді.

«Қазір мен қарсы сұрақ – жауапқа дайынмын».
«Рахмет, мен сұрақ –жауапқа дайынмын». «Рахмет, мен сұрақ –жауапқа дайынмын».
Х сұрақ ДЗ – Ж1. Х сұрақ ЖЗ – Д1 Х сұрақ Д1 –Ж2.
Д – 2 (5 мин) Ж – 3 ( 5 мин) Д -3 (5 мин)
Негізгі өзгерістерді

анықтайды.

Альтернативті түсініктеме даулы болып ары қарай

түсіндіреді. Қалыс мақсат айтып айтысады.

Жақтаушы кейстің пункттеріне анализ жасайды.

* жаңа дәлел береді,

*оң сөйлеудегі кемшіліктерді түсіндіреді,

* мысалдарды, ұқсастықтарды,

баяндауды қолданады.

Пікір таласын маңызды дәлелді мән бергізе ұйымдастырады. Оң сөйлеу критериясы неге үстем екендігін қайта түсіндіреді.

  • төрешіге айтылатын сын аргументінің маңызын көрсетеді,
  • аргументтің жасайтын әсерін түсіндіреді,
  • оң бағытта сөйлейтін әр пікір сайысты, әр аргументті қалай айтып шығатынын түсіндіреді.
Төрешіге арнап маңызды мәселелерге мән бере сөйлейді.

  1. команданың бағыт шарттары туралыы сөйлейді.

Кез келген болып жатқан пікір таластың орын салмағын көрсетеді.

Оң шешім жүйелігіне қарай сөйлейді.

* төрешіге арналған ең маңызды аргументтерді айтады.

Қайтадан теріс дәлел дайындап және бұрынғы дәлелді кеңейтіп айтады. Бұл аргументтерді пікір таласында ұдайы айтады. Олардың маңызын байқап қайта

түсіндіреді.

Кез келген теріс аргументтерді қайта жауап арқылы терістеуге сенімді болады.
«Қазір мен қарсы сұрақ – жауапқа дайынмын». Соңғы қорытынды жасайды. Соңғы қорытынды жасайды.
Х сұрақ: Ж 1 – Д 2

Пікір талас не үшін керек?

1. Шешендік дағдысын жетілдіру.

2. Талқы үстіндегі мәселеге сын көзбен қарау.

3. Талқыланып жатқан мәселені түсіну.

4. Ойландыру, ой- түрткі салу.

5. Фактілерді зерттеу, болжау, баға беру.

6. Жүйелеп сөйлеу.

7. Өз көзқарасын жүйелеп басқаларға дәлелдеу.

9. Өз бағытын дұрыс ұғыну.

10. Мәселенің өзектілігіне мән беру.

11. Пікір таласта екі жақтың ойын, көзқарасын жалғастырып,

ұштастырып отыру.

12. Өз ойыңды анық, әсерлі, нақты түрде дәлелдеу.

13. Көп әдебиеттерді оқу.

14. Әдебиеттерден керектіні алуға қалыптасу.

15. Беделді әдебиеттерді пайдалану.

16. Кітапханаларда жұмыс істеуге дағдылану.

17. Қоғамның саяси дамуын түсіну.

18. Пікір таласында білімді жетілдіру, тереңдету.

19. Сайысқа қатысушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу.

20. Сайыста идея қозғаған адамға құрметпен қарау.

21. Идеяны теріске шығаруға нақты мықты дәлел қою.

22. Төрешіні өз көзқарасының дұрыстығына сендіру.

23. Қарама – қарсы сұрақ қоя білу.

24. Уақытты тиімді пайдалану.

25. Мәселені қорытындылау және шешім жасай білу.

26. Мәселеге шығармашылықпен қарау. Топтармен жұмыс жасау.

27. Дефинициялармен жұмыс жүргізу.

28. Көзқарасты ашық айтуға қалыптасу.

29. Ашық қоғам құруға үлес қосу.

10 сынып географиясы

Сабақтың тақырыбы: Биосфера және ғылыми – техникалық прогресс.
Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Әр топта 3 спикерден болады. Сыныптың қалған оқушылары әділ қазылар алқасы және бір оқушы уақыт өлшеуші- таймкиппер болады.

Жақтау тобының резолюциясы: Ғылыми – техникалық прогресс адамзат өміріне қауіп төндіруде.

Даттау тобының резолюциясы: Ғылыми – техникалық прогресс адамзат өміріне қауіп төндірмейді.

Жақтау тобының кейсі

Бірінші спикердің сөзі:

Резолюция: ғылыми – техникалық прогресс биосфераға жағымды әсер етеді.

Дефинция: ҒТП биосфера, экология ұғымдарына сипаттама беру. ҒПТ биосфераға жағымды әсер еткенін дәлелдеу үшін өз аргументтерін ұсынады.
1 аргумент: Балқашта, Шығыс Қазақстанда, Үлбіде атом электр станциясын АЭС салу биосфера үшін тиімді. Себебі жылу электр станцияларында көмір жанған кезде ауаға 45 түрлі зиянды элементтер тарайды. Көмір күлі жер – көкті толтырып, ластап барады. АЭС энергиясы алынатын энергияға қарағанда 2,5 есе арзан. Мұндайды жаққанда да ауаға көмірдегідей зиянды заттар шығады. Бөлінетін көмірқышқыл газының биосфераның жылу парникті жүйесіне әсері зиянды екенін әркім сезінеді. Өркениетті елдер –Францияда өндірілетін энергияның 70- ы атом энергиясы. Жапонияда 50 атомэнерго блогы бар. Ал Қытай АЭС қуатын 2020 жылы 2-50 меговатқа ұлғайтуды көздеп отыр.
2- аргумент. ЮНЕП жүргізген зерттеулерге қарағанда ғаламшарда 13-14 млн ғана сипатталған. БҰҰ бағдарламасында биологиялық әртүрлілікті сақтау, оны дамыту қажеттігі атап көрсетілген. Ал әртүрлілікті сақтау биотехникасыз мүмкін емес. Мысал ретінде тұңғыш ғарышкер Т. Әубәкіровтың ғарышқа апарып келген зерттеу картобынан жаңа іріктеме пайда болып, Тоқтар іріктемесі деген атпен Қазақстан шаруашылықтарында егілуде.

3-аргумент. Америкада үш ата –анадан пайда болған бала дүниеге келді. Адам да биосфераның бөлшегі екенін ескерсек, баласыз қаншама адамдарға қуаныш сыйланды. Бұл да ҒТП — жетістігі. Сөйлеуші сұраққа жауап беруге әзірлігін білдіріп, сөзін аяқтайды. (Қарсы сұрақ –жауап)

Оппонент топтың кейсі.

Резолюция: ҒТП биосфераға зиянды, биосфера тепе — теңдігін бұзады.

Дефиниция: Биосфераның бұзылуы, биосфера тепе – теңдігі, экология ұғымдарына сипаттама беріледі. ҒТП биосфераға зиянды екенін дәлелдеу үшін аргументтер келтіреді.

  1. аргумент. Арал проблемасы.
  2. аргумент. Семей ядролық полигоны.
  3. аргумент. Байқоңыр ғарыш аймағы.
ҒТП — тің биосфераға зиянды әсерлері сипатталады. Жақтаушы жақтың аргументтеріне қарсылық білдірілді. Экологиялық тұрғыдан алып қарағанда Чернобыль сабағын неге ұмытамыз? Табиғатты тамылжыған Алтайда немесе экологиялық жағдайы онсыз да қиын Балқашта АЭС салу көңілге қонымсыз. АЭС пайдалы болса, өркениетті елдер неге күн, жел энергиясына ден қойды?

Адам биологиялық түр ретінде ата — анасынан жұп гендер алу керек. Үшінші генді қайда сыйғызбақсыз? Одан енді үш жүзді адам шықпасына кім кепіл? Түрлердің жойылуы ең алдымен ҒТП – тің зиянды әсерінен болып отыр. Жер бетінен қаншама түр жойылды?

Жойылған түрлер туралы айтып, сұраққа жауап беруге әзірлігін білдіреді.

Жақтау тобының екінші спикері сөз алып, өз аргументтерін жаңа дәлелдермен толықтырады. Оппоненттерінің дәлелдемелеріне қарсылық білдіреді. «Чернобыль -50 жылдардың перзенті. Ол кезеңдегі технология мен бүгінгі технология – нанотехнологиямен салыстыра алмайсыз. Сондықтан прогресті саланың мүмкіндігінен бас тарта алмаймыз. Адам денсаулығына зияны тимейтіндей ұйымдастырылады. Жапония ғалымдары бақа уылдырығынан жасанды көз алмасын өсіріп жатқанда денсаулық саласы жетістіне сенгеніміз дұрыс.
Түрлердің жойылуы ҒТП әсерінен емес, көбінесе адамның жауапсыздығы, прогреске ілесе алмауынан туындап отыр. Мысалы: Дүние жүзінде Канададан кейін екінші орын алатын Семей орманының қанша пайызы жойылып бара жатқаны туралы сұраққа жауап бере кетсеңіз. Ал, Павлодарда 900 т сынап жиналып, оның Ертіске қарай жылжуы адамның жауапсыздығынан. ЮНЕП әзірлеген «Ғаламдық, биологиялық әртүрлілікті бағалау» деп аталатын баяндамада «Егер биологиялық әртүрлілікті қорғауға байланысты шұғыл шаралар қолданбасақ, оның адамзат үшін қажеттіліктерін толық пайдалану мүмкіндігінен айырыламыз» делінген. Парасат биігінен, құдайшылық пен қарайтын болсақ, дүниедегі жаратылған барлық түрлердің де белгілі дәрежеде де құқығы бар. Адам үшін құрмауы керек. Табиғатты сақтау үшін ҒТП маңызы зор. Сондықтан бізді жақтап дауыс берулеріңізді сұраймыз» деп қорытады.
Жақтау тобының екінші спикері ( оппоненттер) өз бағытын одан әрі қорғайды. «Соңғы жылдары Қазақстан аумағына зымыран тасығыштарының құлап түсуіне ұласқан апат болды. Олар: 1993 жылы — Протон 3Т, 1996 жылы – Союз 3Т, 1997 жылы — Зенит 3Т, 1999 жылы 5- шілдеде — Протон 3Т, 1999 жылы 27 қазанда –Протон 3Т , 2007жылы қарашада- Протон 3Т. Ал жаңа зымыран тасығыш «Протон М» бірінші сатының түйісуінен атмосфераның жоғарғы қабатында қалған отынды үрлеп шығарады. Гептил жер бетін залалдандырады. Егер қардың бетіне түссе, өзіндік жануына мүмкіндік болмай, қар суымен бірге су қоймаларына қосылады. Зымыран отынының әсеріне ұшыраған аймақтарда «драмалық экологиялық түзіктер» пайда болады. Өмір сүрудің ластанған ортасы -өсімдіктер, жануарлар, азық – түлік, адам Гептил жүйке, эндрокинді жүйесіне әсер етеді.
Ең қорқыныштысы генге әсері. 200 жылы Қарағанды облысында жүргізілген зерттеулер гептил қоспасының топырақта мөлшердегіден -2-11 есе көп екені анықтады. Сондықтан жұқпалы емес аурулар 39 есе артып кеткен. Ал біздің оппоненттеріміз Байқоңыр ғарыш аймағына түсетін қаржыны мысалға келтіреді. Арал теңізінен шыққан тұз пингвиндер денесінен табылып жатыр. Апат аймақтары, ғарыш аймағы, әскери- өнеркәсіптік кешендер апат дауылын қоңыраулатуда. Табиғаттың тосын оқиғаларының жиілеуіне себеп — ҒТП. Жұртшылық осы себептерге бойлап тоқтам жасау қажет. Сондықтан бізді жақтап дауыс берулеріңіді сұраймыз».

Қарсы сұрақтар қою кезеңінде барлық оқушылар қатысады. Бұл дебат сабақта оқушылар ғаламдық мәселелер көтеруге ұмтылады.

Сабақтың мұндай формасы оқушыларды бір мәселеге екі жақты көзқарас білдіріп, оның тиімді жағын таңдауға үйретеді. Әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденімпаздығы мен шешендік өнерін дамытады.

http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=174948914-64-72&n=21

Қорытынды

География сабағындағы қызық тақырыптарды тек кітап бойынша емес, туристік жорықтарға шығып, табиғатпен тілдесу арқылы өткізген оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Арқанмен өрмелеп, биік шыңдарға шығу оқушылар үшін кереметтің нағыз өзі. 
Тау баласы тауға қарап өседі, арманы асқақ, мақсаты биік болады. Ал биікке шыныққан шымырлар ғана шыға алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 5-11 сыныптарға арналған география пәні бағдарламасы.
  2. Ю.Н.Гладкий.,С.Б.Лавров.«Ғаламдық география», «Кітап баспасы».

Алматы 2006 жыл.

  1. Қазақстанның физикалық географиясы. Ә.Бейсенова., К.Карпехов. Алматы «Атамұра» 2008 жыл.
  2. Қазіргі дүние географиясы.

Т.Увалиев., Е.Ахметов., Қ.Ахметов. Алматы «Мектеп» 2007 жыл.

5. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Е.Ахметов.

Н.Карменова.Алматы «Мектеп» 2007 жыл.

6. География және табиғат ғылыми – педагогикалық журнал.

7. Жаратылыстану. Есназарова Ұ.Ә. Бекалай Н.К. Алматы 2003 жыл.

8. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009.

9. Әмзеқызы Ұ. «Географияны білмейтін оқушы елін де танып жарытпайды»// Дайынд. Ж.Н.Қапезқызы//Атырау 2008 – 21 маусым 6 бет

10. Қаленова Г. «Бетпе-бет»: телехабар үлгісімен әлеуметтік және экономикалық даму талдау сабағы// География және табиғат 2008 №5

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ