«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жарияланды

0

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес конкурс өткізіледі.\r\n\r\nКонкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын және байқауға құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.\r\n\r\n«Жоғары оқу орындарының ректорлары үстіміздегі жылғы қазанда конкурстың жоғары оқу орныішілік кезеңін өткізуді ұйымдастырады,  байқауды өткізу тәртібі дербес анықталады. Бұл ретте, соңғы бес жылдағы сапалық және сандық көрсеткіштер негізге алынады»,-делінген ҚР БҒМ мәліметінде.\r\n\r\nРеспубликалық  кезеңге конкурсқа қатысушылардан құжаттарды қабылдау мерзімі 2014 жылғы 1 қарашадан 21 қарашаға дейін өткізіледі.\r\n\r\nДерек көзі: ҚазАқпарат

Қытайдағы үздік қазақстандық студенттер

0

Қытайдағы ҚР Елшісі Нұрлан Ермекбаев Бейжіңде оқып жатқан қазақстандықтармен кездесуінде оқу мен қоғамдық жұмыстарда үздік көрініп жүрген студенттердің есімдерін атады.\r\n\r\n«Елшілік біздің студенттердің оқу деңгейін үнемі назарда ұстайды. Қытайлық оқытушылардың мінездемелеріне орай оқуда үздік атанғандарды атап өтуге болады. Олар: Қытай Ғылым академиясының Инновациялық технология институтының магистранты  Нұрсұлтан Қалықұлов, Бейжің дәстүрлі медицина институтының  5-інші курс студенті Айгүл Сұлтанбек, Бейжің политехникалық институтының ақпараттық технология факультетінің 4-інші курс студенті  Арман Сыдықов, Медицина университетінің 5-інші курс студенті Ғалымжан Исабеков, «Цинхуа» университетінің қытай тілі факультетінің 3-інші курс студенті Яна Ким. Бұдан басқа да оқуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргендер аз емес»,-деді Нұрлан Ермекбаев.\r\n\r\nЕлші сонымен қатар Бейжіңдегі (Ален Нұрбаев), Шанхайдағы (Тілектес Адамбеков) және Ухандағы (Жандос Жағыпаров) қазақстандық студенттер қауымдастығының жұмысын атап өтті.\r\n\r\nДереккөзі: ҚазАқпарат\r\n\r\n 

Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынстар. Неке шарты

0

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.\r\n\r\nНеке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.\r\n\r\nЕгер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.\r\n\r\nАдамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік — өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).\r\n\r\nОтбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.\r\n\r\nТуыстық және туысқандардың түрлері.\r\n\r\nОтбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).\r\n\r\nЖанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы — әкесі, ал енді бір жағдайда – атасы болып табылатын көкесі мен жиені.\r\n\r\nМысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай – ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі – зайыптылар мен ата – аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай – ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар – бір ортақ ата – анадан тарайтын аға – іні, апа – қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні – қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.\r\n\r\nТолық емес туыс аға – қарындастарды ерлі – зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға – қарындастарымен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары – екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке – шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.\r\n\r\n \r\n\r\nОтбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы.\r\n\r\n \r\n\r\nОтбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.\r\n\r\nТолық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.\r\n\r\n \r\n\r\nНеке мен отбасын қорғау.\r\n\r\n \r\n\r\nНеке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.\r\n\r\nЕкінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс — әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей – ақ өздері іске асырады. Мұндай іс — әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата – анасы тәртіп бұзушы баланың ата – анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т.б.\r\n\r\nСот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.\r\n\r\n \r\n\r\nНЕКЕГЕ ТҰРУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.\r\n\r\nНекенің құқықтық табиғаты.\r\n\r\n \r\n\r\nЗаңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.\r\n\r\nҚазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады.\r\n\r\nҚазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.\r\n\r\n \r\n\r\nНекеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.\r\n\r\n \r\n\r\nНекеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады.\r\n\r\nЕгер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз.\r\n\r\nОтбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас.\r\n\r\nАХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін.\r\n\r\nНекеге тұратын адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.\r\n\r\nБолашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді.\r\n\r\nНекеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады.\r\n\r\nҚамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.\r\n\r\nЗаңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс — әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.\r\n\r\n \r\n\r\nНекелік шарт.\r\n\r\n \r\n\r\nНекелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым.\r\n\r\nНекелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.\r\n\r\nНекелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек.\r\n\r\nНекелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды.\r\n\r\nНекеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз.\r\n\r\nНекелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nНЕКЕНІ БҰЗУ.\r\n\r\nНекені тоқтату және оның негізі.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.\r\n\r\nНекені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:\r\n

    \r\n

  • ерінің қайтыс болуы;
  • \r\n

  • соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
  • \r\n

  • некенің бұзылуы (ажырасу).
  • \r\n

\r\nНекенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.\r\n\r\nЕрі қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.\r\n\r\nСоттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.\r\n\r\nСот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады.\r\n\r\nАжырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.\r\n\r\nНекені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.\r\n\r\nНекені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:\r\n

    \r\n

  • АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  • \r\n

  • кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
  • \r\n

  • бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
  • \r\n

\r\nНекені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.\r\n\r\nАХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені сот тәртібімен бұзу.\r\n\r\n \r\n\r\nОл мынадай жағдайларда іске асырылады:\r\n

    \r\n

  • ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
  • \r\n

  • ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
  • \r\n

  • егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;
  • \r\n

  • ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
  • \r\n

\r\nНекелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.\r\n\r\nЕгер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.\r\n\r\nЕгер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.\r\n\r\nЕгер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».\r\n\r\nАйырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.\r\n\r\nСот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені тоқтатудың құқықтық салдары.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен — өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.\r\n\r\nНекенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.\r\n\r\nАжырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды.\r\n\r\nСонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.\r\n\r\nОтбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады:\r\n

    \r\n

  • адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі;
  • \r\n

  • өзара имандылық және материалдық қолдау;
  • \r\n

  • бала туу және оларды тәрбиелеу;
  • \r\n

  • өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар.
  • \r\n

\r\nБір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен мінднттерінің теңдік қағидаларына негізделеді.\r\n\r\nАзаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.\r\n\r\nМемлекет аналар мен балалары қолдайды, отбасын қорғауға алады.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуы некенің тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан не ерлі – зайыптылардың бірінің немесе екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.\r\n\r\nАжырасу жолымен некенің тоқтатылуы заңда белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында немесе сотта іске асырылады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n  Пайдаланыған әдебиет:\r\n

Құқықтану

\r\n

Авторлары: А.Ибраева, Г.Әлібаев,

\r\n

Қ.Айтхожин

Наурызбай батыр

0

Наурызбай батыр\r\n\r\n(1706-1781)\r\n\r\nҚұттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.\r\n\r\nЕл басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.\r\n\r\nНаурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады. Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғарларды жеңетінін, жау қолында қалған жерді азат етуге болатынын анық көрсетіп береді. Абылай Арқаға барғаннан кейін тұс тұсқа жаушы жіберіп, жаңа күш топтайды. Осыған Ұлы жүзден Өтеген, Райымбек, Наурызбай секілді батырларды шақырады. Райымбек бара алмай қалады, Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзімді уақытында жетеді. Бірақ кейін Өтеген батыр Абылайдың Қытаймен жасаған қарым қатынасының саяси мәніне түсінбей, оған қарсы болып, еліне қайтып кетеді. Ал Наурызбай Абылайдың қасында болып, оның сенім артар атақты батырлардың біріне айналды. Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-1752 жылдары Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары батырлармен бірге тізе қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті жолын жалғастырып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды. Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғысына Наурызбайдың өзімен бірге Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген бауырлары да қатысады. Бірақ олардың бәрі де жау қолынан қаза табады.\r\n\r\nНаурызбай батыр 1822 жылы (жылқы) Бурабай баурайында дүниеге келген. Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы, денесі тіп-тік, белі жіңішке. Сол сұлулықтың үстіне Абылай атасына тартқызып, өнерді де шексіз жомарттықпен үйіп-төгіп мол беруі тіпті қайран қалдырарлық. Өзі ақын, өзі әнші, өзі композитор-күйші. «Төрелер күйі» деп аталатын көп күйлер бар, осы төрелер күйлерінің бір өкілі – Наурызбай еді. Тума талант өнер шеберлігімен қоса, тапқыр сері мінезді болған. Соның бәрінен де Наурызбайдың батырлығы басым еді.\r\n\r\n \r\n\r\nКенесары жауына шабуыл саларда әрдайым Наурызбайдың ақыл-кеңесіне ден қойып отырған, қысылтаяң, қиын жерлерге көбіне соны ғана жұмсаған. Өйткені туған інісі, әрі үзеңгілесі болған.\r\n\r\n \r\n\r\nНаурызбай орыстарға, Қоқан әскерлеріне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің бел ортасында жүрді. Қазақ мемлекетінің мүддесін қорғауда асқан батылдық танытты және Кенесары ханның адал да абыройлы қолбасшыларының бірі еді. Наурызбайдың теңдесі жоқ батырлығын жаулары да мойындаған. Оның «оң қолында төрт жігіттің күші бар» деген сөз бекер айтылмаса керек. Ішіне қорғасын құйылған найзасы бар ол жансерігі Ақауызға мініп, «Абылай!» деп ұрандап шапқанда, дұшпандары оны алыстан таниды екен. Наурызбай жасағы қазақ әскерінің алдыңғы сапында, аса жауапты тапсырмаларды орындап отырған. Жасқану дегенді білмеген нағыз жаужүрек болған, оны кейде кереметтің күші сақтап қалатындай екен. Кенесары ханмен бірге Ақмола қамалында және полковник Бизоновтың жақсы қаруланған жасағымен шайқастарда көрсеткен батыл әрекеті оның баһадүрлігінің көрнекті үлгісі іспетті.\r\n\r\n \r\n\r\nБір күні Наурызбай қасына жолдастарын ертіп, көп жасаған дана қарт Абызға өзін сынатпаққа келеді. Сонда Абыз: «Е, Наурызбай, менің жасым 120 ға келіп отыр, осы жастың ішінде сенен артық ер көрмедім. Үш нәрсенің сырттаны бар еді: иттің, қасқырдың, жігіттің. Сен жігіттің сырттаны екенсің. Бірақ адам баласына мейірімің жоқ екен, бағың маңдайыңда ғана екен, ғұмырың қысқа 20-25 тен аспассың, дүниеден арманда қалма!» деген екен.\r\n\r\nКенесары қолы аз ғана күшпен қоршауда қалғанда, Наурызбай жанған оттай лапылдап: «Кене аға, маған Ағыбай мен Құрманды бас қылып жүз жігіт беріңіз. Мен қырғыз шебін жарып өтіп, жол ашамын. Сол жерден сіздер де шығасыздар. Бұл бірден-бір дұрыс жол болатын. Бірақ Кенесары:\r\n\r\n- Жау шебін жарып өтіп, аты жүйріктеріміз қашып құтылармыз, ал қалғандар қайтеді? Бәрі түгел қырылмай ма? Маған сеніп соңыма ерген елімді жауға тастап, өз басымды сақтасам, сонда менің кім болғаным? Жоқ, өлсек бәріміз бірге өлеміз, құтылсақ бірге құтыламыз!» — дейді.\r\n\r\nКөптің аты көп, топырақ шаша алмайсың. Орыс, қазақ, қырғыз манаптарының қолы үшеулеп қоршаған соң қол қырылды. Иман (Аманкелдінің әкесі), Бұғыбай, Бұқарбай, Құрман сияқты батырлар опат болды. Кенесары хан тұтқында қалады. Наурызбай, Ағыбай, Жекебатыр үшеуі тізе қосып, соңына ерген азғана топпен жау шебін бұзып өтіп кетеді. Алайда сыңарынан айрылған аққудай алысқа ұзай алмай, маңайда төңіректеп жүреді.\r\n\r\nҚырғыз манаптары болса, Кенесарыны қайтерлерін білмей қалды. Өлтірейін десе – қорқады. Наурызбай тірі жүргенде тыныштық бермеуі хақ, қан құстырып кек алмай қоймайды. Бәрі ойласа келе ақыры Кенесарыны босатып жіберуден басқа жол таппады. Ол жайды Наурызбай қайдан білсін, кеудедегі жаны ғана бөлек жүретін аяулы ағасының жау қолында қалып, қор болған күйігі шыдатпай қайғыланып, ақыры Ағыбай батырға «- Ей, Ағеке, бұрынғының сөзі бар ғой – екі қатынның баласы екі рулы ел деген, мен Кене ағамды не жаудан арашалап алайын, не бірге өлейін, ағамнан жаным артық емес» — деп басын өлімге берік байлайды да, есіл ерлермен қоштасып, Кенесары хан тұтқынға түскен жерге бет алып, жау жатағына жалғыз барып кіреді. Асыл ер Кекілік тауындағы ұрыста қырғыздар қолынан Кенесары хан ағасы екеуі қаза болды.\r\n\r\n \r\n\r\nНаурызбай батыр – халқының тәуелсіздігі, бостандығы мен болашағы үшін, ұрпақтардың бақыты үшін құрбан болған батырлардың бірі еді.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрлігі Наурызбайдың ерек еді,\r\n\r\nХан Кене ақылы асқақ зерек еді.\r\n\r\nБіреуі оба болған ағаштай терек еді,\r\n\r\nБіреуі намыс десе өлер еді,\r\n\r\nЕкеуі қапылыста қаза тапты,\r\n\r\nҚазақтың баласына керек еді…\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиеттер:\r\n\r\nҚұттымбетұлы Наурызбай (1706-1781) // Елтұтқа: Ел тарихының әйгілі тұлғалары.- Астана,2001.- Б.161-162\r\n\r\nНаурызбай батыр // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б.110\r\n\r\nНаурызбай Құтпанбетұлы, Шапырашты Наурызбай // Түркістан: Халықаралық энциклопедия.- Алматы, 2000.- Б.503\r\n\r\nБайғазыұлы Ш.Ә. Шапырашты Наурызбай // Алдаспан.- 2000.- №9-10.- Б.5-7\r\n\r\nБайжан К. Ала ат мінген Наурызбай // Жетісу.- 2003.- 15 қараша.- Б.20\r\n\r\nБекмаханов Е. Кенесары-Наурызбай немесе Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан оның туысқандары жайлы кейбір деректер // Қазақстан әйелдері.- 1998.- №4.- Б.4-6\r\n\r\nБірімқұлов Т. Шапырашты Наурызбай // Қазақ батырлары.- 2003.- наурыз (№3).- Б.5\r\n\r\nДәдебаев Ж. Халқымыздың хас батыры // Егемен Қазақстан.- 2003.- 14 қараша.- Б.3\r\n\r\nҚойгелді М. «Асылы еді асылдың…» // Жас алаш.- 2003.- 15 қараша.- Б.4\r\n\r\nМәуленов С. Наурызбай атты сұр перен // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 5 маусым (№23).- Б.7\r\n\r\nМәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Наурызбай мен Ағыбай // Халық кеңесі.- 1992.- 11 маусым.- Б.3\r\n\r\nМұқанов С. Кенесары – Наурызбай туралы // Жұлдыз.- 1991.- №6.- Б.146-163\r\n\r\nМырзахметов Е. Хан кененің оң қолы // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 5 маусым (№23).- Б.7\r\n\r\nНысанбай, Кенесары, Наурызбай: Жыр шежіре // Қазақ әдебиеті.- 1991.- 18 қаңтар.- Б.8-9\r\n\r\nСәрсенбайұлы М. Кенесары-Наурызбайдың қысқаша тарихы // Қазақ әдебиеті.- 1999.- 3 желтоқ. (№49).- Б.2-3\r\n\r\nТұрлыбайұлы Ж. Наурызбай батыр // Ұлан.- 1993.- 24 ақпан (№8).- Б.6

Нұрғиса Тілендиев

0

Нұрғиса Тілендіұлы (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері — Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.\r\n\r\n \r\n\r\nТілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасын мен экран өнерінің классикасына айналған.\r\n\r\n \r\n\r\nТілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың, туған жерінің ғасырлардан келе жатқан музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда, көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді. Бұл рете, Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі музыкалық тіліндегі дарашыл қасиетті (монодийность) тәу етіп өтті.\r\n\r\n \r\n\r\nНұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер, салсерілер өнері адамның жан жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста төк болып, шалқып шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән профессионализмді қалыптастыра алды. Тілендиев Нұрғиса (1925-1998)\r\n\r\n \r\n\r\nТілендиев Нұрғиса Атабайұлы – атақты композитор, дирижер, домбырашы 1925 жылы сәуір айының 1-жұлдызында Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық қаһарманы 1998 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында жерленді. 1949-50 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында, ал 1950-52 жылдары Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетінде (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952-61 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды. 1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болып, 1981-98 жылдары өзі ұйымдастырған «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін – композитор шығармаларына тән қасиет.\r\n\r\n \r\n\r\nТілендиев — «Ортеке» балет-поэмасының және «Менің Қазақстаным» кантатасының, «Достық жолымен» балетінің, «Алтын таулар» операсының, оркестрге арналған «Поэма», «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты увертюралардың, 400-ден астам ән-романстардың авторы. Ол 50-ден астам драмалық спектакльге, 19 көркем фильмге («Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа» т.б.) 17 мультфильмге («Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» т.б.) 14 деректі хроникалық фильмге музыка жазды.\r\n\r\n \r\n\r\nАлматы қаласында композитор есімімен көше (бұрынғы Софья Ковалевская атындағы), «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблі Тілендиев атымен аталады және ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды\r\n\r\n Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1.4.1925, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы – 15.10.1998, Алматы, Алматы облысы Жамбыл ауданында жерленген) – композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның (1975) және КСРО (1984) халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (1998). Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-50 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), 1950-52 жылдары Мәскеу консерваториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952-61 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды. 1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы, 1981-98 жылдары өзі ұйымдастырған «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін – композитор шығармаларына тән қасиет. Н.Тілендиев – «Ортеке» балет-поэмасының (1957) және «Менің Қазақстаным» (1959) кантаталарының, «Достық жолымен» балетінің (1958, Л.Б.Степанов және Е.Манаевпен бірге), «Алтын таулар» операсының (1961, С.Қожамияровпен бірге), оркестрге арналған «Поэма» (1962), «Ата толғауы» (1975), «Алтын дән», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс салтанаты» (1975) атты увертюралардың, 400-ден астам ән мен романстардың авторы. Ол 50-ден астам драмалық спектакльдерге, 19 көркем фильмге («Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым – Қожа», т.б.), 17 мультипликациялық фильмге («Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан», т.б.), 14 деректі-хроникалық фильмге («Академик Сәтбаев», «Ыбырай Алтынсарин», т.б.) музыка жазды. Алматы консерваториясының құрметті профессоры (1995) болған. Қазақстан Мемелекеттік сыйлығының (1978) иегері. 1999 жылы Алматы қаласында композитор есімімен көше (бұрынғы Софья Ковалевская атындағы), «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблі (2000) аталады және ол тұрған үйге (Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 96-үй) мемориалдық тақта орнатылды. Отан ордені, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.\r\n\r\n «Отырар сазы» – Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары оркестрі. 1980 жылы Қазақ филармониясы жанынан Н.Тілендиев ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді; 1982 жылдан оркестр. Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз, (сазген), аса шертер, адырна, даңғыра, т.б. музыкалық аспаптармен толықтырылды. Репертуарында халық күйлері («Кеңес», «Салкүрең», «Сарыөзен»), халық композиторларының (Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ»; Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға»; Ықыластың «Ерден күйі», «Қамбар батыр»), осы заманғы қазақ композиторларының (М.Төлебаевтың «Еске алу»; Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»; К.Күмісбековтің «Фараби сазы», «Қорқыт күйі») шығармалары бар. Оркестр 1984 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық фестивальға қатысты. 1985 жылы Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы Үлкен концерт залында өткен шығармашылық концертте жоғары кәсіби орындаушылық шеберлігін танытты. Оркестр Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты (1985).

Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы. Шығарма

0

Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген «Әнші» өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы «Күйші» мен «Құлагер» сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.\r\n\r\nІлиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі — өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін:\r\n\r\n \r\n\r\n  Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы\r\n\r\nМатайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы\r\n\r\nҚазақта қобызшының қалғаны сол,\r\n\r\nЖорға еді маймаңдаған бақайшағы, —\r\n\r\n \r\n\r\n  деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған   шабыттың екпіні сезіледі. Осы «жарықшақ үні тозған  қаңсыған», «еңкейіп екіндідей күні кеткен» шалыңыз кім десеңіз:                                                            \r\n\r\nҚобызшы ол «Ақ көбікті» аңыратқан\r\n\r\nБоздатып «бозінгенді» күңіренткен.\r\n\r\n \r\n\r\n   Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған «Бозінген» күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып  қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз.\r\n\r\n    Міне, осылайша Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің әйгілі «Күйші» поэмасын жазды. Поэма оқырманды салған жерден тау өзенінің арынды ағысындай үйіріп әкетеді: оқиға Арқадан ауып Жетісуға келген хан Кененің ордасынан басталады. Абылайдың арыстан жүректі немересін ардақ тұтып, сыйлаған халық, Жетісудың  ығайы мен сығайы оның құрметіне ту бие сойып, той жасап, ерулік беріп, тарту-таралғы ұсынып, жік-жапар болуда. Поэманың қаһарманы Сарыүйсін руынан шыкқан салт атты, сабау қамшылы бір жігіт сондай той-думанның біріне тап болады. Бар жақыны — жар дегенде жалғыз шешесі ғана. Ел оны күйші деп қана атайды. Ешкім есімін ауызға алмайды, сірә білмейтін болса керек. Бірақ сол аты жоқ Сарыүйсініңіз осында жиналған хан мен қараны тамсандыруда:\r\n\r\n \r\n\r\nАңқытып ақ орданың бір жағында\r\n\r\nКүйші отыр домбыраны дүрілдетіп,\r\n\r\nҚұмар қып тартқан күйдің ырғағына.\r\n\r\n \r\n\r\nОның күйін тыңдаған жұрт:\r\n\r\n \r\n\r\nЖып-жым-жырт тыңдағандар тіл кескендей,\r\n\r\n Құрыштап құлақтарын үн кескендей.\r\n\r\n Сылдырап кейде қамыс, кейде бұлақ,\r\n\r\n Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей.\r\n\r\n \r\n\r\n    Оның тартқан алуан түрлі: зарлы, ащы, тәтті күйлері тас бұлақтың суындай лақылдатып, біресе жүректі шымырлатып, біресе көңіл шымшиды.» Асан Қайғы», «Теріс қақпай», «Сарыөзен», «Бозінген», «Қаражорға», «Қорамсақ» күйлері Алатау, Алтай, Арқа, Қыр, Сырды шарлатып, Ұлы Дала аумағында өткен ел тарихын елестетеді. Осыларды автор:\r\n\r\n \r\n\r\n  Анқылдап алтын күрек домбырадан\r\n\r\nҚұйып тұр жазғы жылы жаңбырдай боп, —\r\n\r\n \r\n\r\nдеп суретті сөзге көшіреді.\r\n\r\n \r\n\r\n  Табиғат тып-тыныш бола қалды.\r\n\r\n Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп,\r\n\r\nҚамыстан жолбарыс та ыңыранды.\r\n\r\nКүн тыңдап кірмей тұрды ұясына,\r\n\r\nБұлт тыңдап, мінбей тұрды тау басына.\r\n\r\n Мақұлық жерде, көкте маужырады.\r\n\r\n Қараған бір жан болмай шаруасына.\r\n\r\nСу ақпай, жатты толқып арнасында,\r\n\r\nҚарғалар қалқып қалды жар басында.\r\n\r\nСүйсініп домбыраны тыңдады жұрт,\r\n\r\n Тырп етпей тілеулес боп зарласынға.\r\n\r\n \r\n\r\n  Осылайша, адам түгіл, жан-жануар, өлі, тірі табиғатты манауратқан Күйшіні ханның қарындасы — » Ақылы дария, алтын басты, әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы» Қарашаш — ағасынан басы бүтін сұрап алады. Бишара күйші не күйге ұшырағанын аңғара алмай, ханшаның соңынан сүмірейіп кете барады. Құлағында хан Кененің:\r\n\r\nҮйсіннің ерулігі болар бізге,\r\n\r\nБергенім басы бүтін байлап басын, —\r\n\r\n \r\n\r\nдеген мұздай сөзі.\r\n\r\nПоэмаға өзек болған негізгі идея — қазақ халқының тоқсан тарау,   яғни мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету. Бұл Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психологиялық тартыс, адам сезімдерінің алапат шарпысуы арқылы беріледі.\r\n\r\nӘ дегенде Қарашашқа тұтқын, құл болдым деп есеңгіреп қалған Күйші біртіндеп есін жиып, үй ішінің көріністеріне көзін салады. Небір асыл дүние-жиһазбен сәндеген ханша отауының гүл-гүл жайнаған ішкі жасауы Күйші сезімін арбап, көңілін сергітеді. Алғашында айдаһардай әсер еткен ханша енді:\r\n\r\n \r\n\r\nҚара қас, қылан қабақ, кер кұба қыз\r\n\r\nҚарашаш, алмас  сағақ, құралай көз.\r\n\r\nСырықтай ордадағы сымдай бойы,\r\n\r\nТалшыбық қыпша белдің өзі нағыз.\r\n\r\nТүлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,\r\n\r\nАқ қоян, бозша, байтал, ақша нар қыз.\r\n\r\n Қымыздай балға ашытқан тәтті қыз,-\r\n\r\n \r\n\r\n  болып көрінеді. Оңаша тыныш сәнді отауда осылай елестеген сұлу Қарашаш   Күйшінің жүрегінде ғашықтық отын  жандырып, құштарлық сезімін лаулатады. Осыдан кейін үйреншікті күй тілі кенет жаңа, сұрапыл, ыстық  тасқын боп бұрқайды. Оқырман жалынды жаңа саздың туу сәтінің  куәгеріне айналады, өнер психологиясын аңдайды.\r\n\r\nКүйшінің жан дүниесін баурап алған құштар сезімді бейнелейтін жаңа шығарма тудырған шабыт құшағындағы кезі былай суреттеледі:\r\n\r\n \r\n\r\nСаусақтар ойнап, орғып, қаздаң қағып,\r\n\r\n Суырып ішек тілін, мұңын шағып.\r\n\r\n Жүйріктің шын күйі келгенінде\r\n\r\n Шығаннан шыға шаппай тұрсың нағып.\r\n\r\n Асқақтап, кейде күйді көкке өрлетіп,\r\n\r\nАлыстап, шырқап, сілтер, әрі кетіп,\r\n\r\n Қайырып, қалықтатып, қайта оралтып,\r\n\r\nБірден-бір ақырын-ақырын төмендетіп.\r\n\r\n Ызғытып, өлке өрлетіп, баяулатып,\r\n\r\nСоқтырып кейде боран дауылдатып,\r\n\r\nКөңілдің асқарынан тұманды айдап,\r\n\r\nАртынан нөсерлетіп, жауындатып…\r\n\r\n \r\n\r\nКүй ырғағын, әуен-сазын айнытпай бейнелеп, нөсерлеткен, тасқындай үдей жөңкілген сөз түйдектері кім-кімді де тырп еткізбей, баурап алады.\r\n\r\n \r\n\r\n  Домбыра бебеулетті, безілдетті,\r\n\r\n Кернетіп кең даланы кезіп кетті.\r\n\r\nБіресе қашағанды қырда қуып,\r\n\r\nӘн шырқап қоңыр түнде, қой күзетті,\r\n\r\n \r\n\r\n  дейді тағы да.\r\n\r\n   Қазақ күйінің табиғатын қазақ болмысының көрінісі, қимыл-әрекеттерімен мұншама дәл бейнелеу үшін солардын бәрін керемет сезімтал жанмен білу және асқан талант қажет екені көрінеді.\r\n\r\n  Сұлу қызға көңілі кеткен күйші неше алуан сезім толқындарын, күшті психологиялық толқуларды басынан кешіреді. Сондай сәттерде күйші жігіт біресе түлкі алатын құмай тазы, аққуға түскен тұйғын құс тұрпатты періге де айналып, ханшаны Алатаудың үстінен алып ұшып, жеті дариядан аман өтіп, алтын тауға апарып, кұшып та жатады.\r\n\r\n   Ал қиял қанаты талып, өзінің шын болмыстағы отырған жеріне оралғанда: ханша — Қарашашты, қарашы Сарыүйсін — өзін көреді. Арадағы тұңғиық — әлеуметтік теңсіздікті көреді.\r\n\r\n  Күй құдіреті Қарашашты да балқытып, құштарлық жалынына шарпытып, бір сәт басқа дүниенің бәрін ұмыттырып жібереді.\r\n\r\n \r\n\r\n  Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен?\r\n\r\nКүйшім боп өміріне жүрсін бе екен?\r\n\r\n Сүйкімді жігіттің бұл бұлбұлы ғой?\r\n\r\nҚарашаш осыған-ақ тисін бе екен?\r\n\r\n  Бұл сорлы күйді неге үйренді екен?\r\n\r\nКүй ата бұған дарып жүрген бе екен.\r\n\r\n Қарашаш мұны қалап алдым десе,\r\n\r\nХан Кене намыстанбай, ти дер ме екен?\r\n\r\n \r\n\r\n  дейді бұл сәтте. Бірақ ол да өзі отырған үйдегі шын өмірге оралады.\r\n\r\n \r\n\r\n Жоқ, болмас, ауырдым ба, жындандым ба,\r\n\r\n Қараға хан затымды былғармын ба.\r\n\r\n Бұл менің басыбайлы бір малайым\r\n\r\n Тиюге енді маған құл қалды ма?!\r\n\r\n \r\n\r\n    Екеуі де ғашықтық құштар сезімнің құшағында өздерін- өздері арпалысқа түсірген психологиялық тартыс желісін Сапақ оқиғасы үзіп жібереді. Күйші мұның қайсысы — өң, қайсысы — түс екенін ажыратудан қалған. Қарашаштың төсегіне барған мен шығармын, біткен жерім осы болар деп, өлі мен тірінің арасында тұрғанда, Қарашаштың домбырашыға тап берген қызметшісіне: «Қолыңды қоқаңдатпа’ күйшіме!» — деген әмірін құлағы шалып, жан шақырады.\r\n\r\n    Қарадан шыққан жігіт Сапақ бізді басынды деп, болған-болмағаны белгісіз болымсыз бірдеңе үшін күллі елді қынадай қырып тастағалы отырған ханшаға Кене «қой»  демейді, бөлтірікке бөрі ырық береді, арыстан тісі ақсиып , сырттан барлап отырады. Ақыры амалы құрыған, қалың жұртты босқа қырғызғанша, жалғыз құрбандықпен құтылмақ болған үйсін пәлекеттен дулат Сапақты Қарашаштың алдын алып келеді. Қарашаш ақырғы сәтте демін ішіне алып, күйзеліп тұрған ел мен өлі-тірінің аралық халіндегі Сапақтың әкесі Әлімкұлга қарап: «Қайтейін қылышымды қандап соған. Көбіңе қидым», — деп Сапақты жөніне жібереді.                                                                   \r\n\r\n   Осы оқиғаның бәрін бастан аяқ көзімен көріп, Қарашаштың каһарына   мініп, қан төкпек болғандағы айдаһар сықылды ұсқыны күйшінің жан дүниесінде орасан өзгеріс жасайды: кұмарлық сезімін де, одан от алған жүрек тербетер » жалын күйін де сөндіріп тастайды.                                     \r\n\r\n  Поэмада әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет — өнер деген идеяны ақын тамаша суреттер, поэтикалық көркем образдар арқылы терең толғап жеткізген, сонымен қатар онда ондаған күйлердің әлеуметтік мәні, тарихи негіздері, эстетикалық нысанасы ашылып, олардағы образдар, суреттер айқындалған. Соның бәрін ақынның қалай біле бергені таңдандырады. Және әрбір күйдің өзіндік сипаттарын ашық, бейнелеген кездегі басқа ешкім айтпаған, тек Ілияс қана қолданған, тапқан теңеу, образдар қаншама. «Қоғадай салбырасып, хан, қарасы, намазға ұйығандай отыр тыңдап», «домбыра айналаға, дүбір салды, адақтап жалғыз шапқан жүйрік аттай», «батыр да, хан да, қыз да, қазаншы да – бәрі бір домбыраға мінгескендей», «жыланнан сырға салған жолбарыс қыз», «қалтырап, қырау тұрып жүрегіне», «ыңыранып белі кеткен жолбарыстай», «толғантып тоқсан түрлі қыз көңілің, жүректің жазы шығып, жаңбыр төкті», «Таратып тоқсан күйді жібердің деп» бір жақтан керең бір ой күңкіл қақты», т.б. Ылғи осылай. Бұл теңдесі жоқ ғажайып поэмада: күй — өлеңге, өлең — күйге айналады. Ілиястың өзі ақын — сазгер мен сазгер-ақын болып кетеді. Күй мен өлең бір тілде сөйлейді. «Күйші» поэмасы — романтикалық сарында шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған, қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ үздік туынды.

Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін оқытудағы ерекшеліктер немесе «қазақ поэзиясындағы ұлы жаңалық»

0

Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін оқытудағы ерекшеліктер немесе «қазақ поэзиясындағы ұлы жаңалық»\r\n\r\n \r\n\r\nБ.О.Есімбекова, Алматы қаласы\r\n\r\n \r\n\r\n Ілияс Жансүгіров Жетісу губерниясының  Қапал уезі,  Ақсу болысы 4-ауылында 1894 жылы 14 мамырда дүниеге келген.  Анасынан 4 жасында қалады. Сауатын әкесі ашады.\r\n\r\nІлияс лириканың бар саласында қалам жебеген дарын.  Оның қазақ поэзиясын өркендетуге ерен үлес қосқан саласы — пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған өлеңдерінде сөзбен сурет салуға барынша шебер екенін көреміз. «Жазға салым», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Жаз», «Қыс», «Мезгіл суреттері», «Жел», «Жетісу суреттері», т.б. өлеңдері осының айғағы. 1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық әкелген «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін М.Әуезовтің — «мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым» деуі тегін емес.\r\n\r\n Ешкідей үркіп шыққан Шөладыр тұр,\r\n\r\nҚасқырдан бір тықырды көретіндей.\r\n\r\nТелміртіп Текес аса ай туады,\r\n\r\nТайыншаның тарғыл ала зересіндей.\r\n\r\nЖайлаудың Ортасында Тұзкөл жатыр\r\n\r\nЖарқырап төбел таздың төбесіндей,\r\n\r\n деп суреттейді. Осылардың бәрінен сөзбен салынған суретпен қатар жанды кейіп те аңғарылып қалады. (Ілияс Жансүгіров, шығармалар жинағы. 1-том). Ақынның пейзаждық лирикасына жататын аса көркем шығармасы «қазақ поэзиясындағы ұлы жаңалық» болған «Жетісу суреттері» өлеңін оқытудың өзіндік ерекшелігіне тоқталғанды жөн көрдік. (Өлеңді толық меңгерту үшін 2-3 сағат бөлген жөн).\r\n\r\n Сабақтың  тақырыбы: І. Жансүгіров «Жетісу»суреттері.\r\n\r\n Сабақтың мақсаты:  Өлеңді  оқу, мазмұнын түсіну.\r\n\r\n Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатқа деген дұрыс көзқарас қалыптастыру. Экологиялық түсінік беру.\r\n\r\n Сабақтың көрнекілігі. Ақынның портреті мен шығармалар жинағы 1-4 томдар. Қазақстанның географиялық картасы, өлеңде кездесетін өсімдіктердің, аңдардың, құстардың суреттері. Гербарийлер, «Оқушының қысқаша анықтамалығы» кітабы, «Гүлстан» журналы.\r\n\r\n Сабақтың түрі: Интеграциялық сабақ. (Әдебиет, география пәндерін интеграциялау). (Интеграция. Латын. Integratio- қалыптастыру, толықтыру. Белгілі бір мөлшерде бөлшектерді біріктіру деген мағынаны білдіреді.) Интеграциялық сабақ екі немесе үш пәннің белгілі бір бөлімдерінің біріктіріліп өткізілуінен құрылады. Яғни, Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін өткенде география пәні бойынша өлеңде кездесетін өсімдік  атауларына тоқталу, анықтама беру, шөптердің суреттері немесе гербарийлер көрсету. (Гербарийлер көрсеткен тиімді болады.)\r\n\r\n География пәні мұғалімі өсімдік  атауларын әдебиет пәні мұғалімінен терең білетіндігі даусыз. Сондықтан география немесе биология пәні мүғалімдерімен бірігіп өткізсе, сабақ толыққанды, мазмұны терең болар еді.\r\n\r\n І. Ұйымдастыру кезеңі.\r\n\r\n ІІ. Мақсатын қою. Сабақтың білімдік мақсаты оқушыларға айтылады. Ал тәрбиелік  мақсаты оқушыларға айтылмайды. Тәрбиеге қатысты жүргізілетін жұмыстар сабақ барысында  бала санасына  жарияланбай жеткізіледі.\r\n\r\n ІІІ. Сабақтың барысы. \r\n\r\n3.1. Сабақты әдебиет пәні мұғалімі бастайды. Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қиын тағдыры, шығармашылығы туралы қысқаша тоқталады. Ілияс туралы айтылған мына сөздер тақтада көрнекіліктер арқылы көрсетіледі.\r\n\r\n  «Мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым»\r\n\r\n М.Әуезов\r\n\r\n  «Ілияс Жансүгіров — қазақ әдебиетінің көгіндегі  аз ғана жарық жұлдыздардың бірі».                                   \r\n\r\n Ә.Тәжібаев\r\n\r\n «Ілияс Жансүгіровті қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп, күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр жасаған қайраткерлігін әрқашан бірінші орынға қойған абзал. Ілияс Жансүгіров ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері».\r\n\r\n (Т.Кәкішев)\r\n\r\n Міне, балалар, қазақ поэзиясының  зерттеушілері Ілияс Жансүгіровке осылай деп баға берген екен.  «Жетісу суреттері» өлеңі осыған дәлел. Өлеңнен берілген үзіндіні оқу, мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу. Өлең жер жаннаты –Жетісудың табиғаты туралы. Өлең «Жалпы сын», «Тау суреті»,  «Жетісудағы су суреті»,  «Жетісу жәндігі», «Жер түгі» деген  5 бөлімнен тұрады. (Өлеңнің толық нұсқасы  көп томдық шығармалар жинағында берілген. 1-том. 200-210 беттер). Ақын «жер таппан жерде жетер Жетісуым» деп шебер жырға қосады.\r\n\r\n  Бүгін өлеңнің «Жер түгі» деген  бөлімін  география пәні мұғалімімен бірге талдап көрейік.\r\n\r\n 3.2. Жетісу жерін  картадан көрсету, Жетісудың  картадағы орны. (Картамен жұмыс). «Жетісу (Жоңғар) Алатауы жотасы Тянь-Шань тауының  алдыңғы тізбектерінен Іле ойысы арқылы бөлінген. Шығыс және оңтүстік-батыстан Жетісу Алатауының оңтүстік  тізбегіне ҚХР-ның  аумағында орналасқан Борохоро жотасы сілемдері кіреді. Жетісу Алатауы баурайына Жетісу ойысын Жетісу қақпасымен қосатын Алакөл ойысы орналасқан. Жетісу қақпасы солтүстікте Алакөл қазаншұқырымен, ал оңтүстік – шығыста Ебінұр (Қытай аумағында) көлімен шектеседі». (Оқушының қысқаша анықтамалығы. 5-11. Алматыкітап. 2006ж. 408 бет).\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  • «Жер түгі» деген бөлімнің толық нұсқасында шөптер мен ағаш  түрлерінің 81 түрі айтылады. Ағаштар мен бұталар: қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар, шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, шырғай, тораңғы, сары ағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, бауырқұрт, қараған, бозқараған, шеңгел, шілік. Барлығы: 31.  Шөп түрлері: еңлік, түйеқұйрық, сарыкүйік, тауқонақ,  шайшөп, маңқа, құлынембес, сүттіген, мейіз, киізкиік, ақшалғын, көкмарал, бетеге, раң, жапырақтеңге, бұйра, балдырған, у қорғасын, бәрпі, атқұлақ, жүлкеуір, шырыш, шытыр, мыңтамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ, сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ, шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, қанжыға, қоға, сасық, аққой, таусарымсақ, қымыздық, қалақай, атқұлақ, айылқияқ, саржағал, құстаңдай. Барлығы: 50
  • \r\n

\r\n Осы аталған ағаштар мен шөптердің бірқатарын атап өтейік. \r\n\r\n Долана (боярышник) — Қазақстанның таулы аудандарында жи кездеседі. Әртүрлі гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта долананың 1500-дей түрі бар. Жемісі қанқызыл түсті долана  көп тараған. Оның биіктігі 4 метрге жетеді. Мамыр айының соңында гүлдейді. Гүл түстері ақ, күлгін, қызыл болып келеді. Гүлдері жиынтықталып, үлкен гүл шоғын жасайды. Жидегі дөңгелекше, ашық қызыл, кейде қара немесе сары түсті болып кездеседі. Долананың өсуі өте жай, бірақ төзімді. Жидегін 7 жылда салады.  Жидегін пайдаланады.\r\n\r\n У қорғасын-улы өсімдік. Қазақстан далаларында оның 14 түрі кездеседі. Оны бәрпі (мәрпі) деп те атайды. У қорғасын Тарбағатайда, Жетісу Алатауында, Іле Алатауында, Күнгей Алатауында өседі. Биіктігі 80-100 см. дейін жетеді. Гүлі көк түсті. Ерте заманда адамдар оны аң аулағанда садақтың жебесіне жаққан. Өсімдік уы тамырында болады.\r\n\r\n Жалбыз (мята) биіктігі 1 м-ге дейін жететін көп жылдық өсімдік. Ол ылғалды жерлерде, таудың сай салаларында өседі. Сабақтары түзу, төрт қырлы, көп бұтақты. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, шеттері ара тісті. Гүлдері ақшыл көк немесе қызғылт, Шілде –тамыз айларында гүлдейді. Өсімдіктің  жағымды хош иісі болады. («Гүлстан» журналынан).\r\n\r\n Үйеңкі.  Биіктігі 6 метрден аспайды. Баяу өседі. Жапырақтары ақшыл-жасыл, күзге қарай қызыл түске боялатын әдемі ағаш. Түсінің әдемілігі мен жапырақтарының алуан түсті болуы назар аудартпай қоймайды.\r\n\r\n (Мұғалім суреттер мен гербарийлер көрсету арқылы өсімдік және ағаш түрлерімен таныстырады. Олардың табиғаттағы және адам өмірінде алатын орны туралы айтады).\r\n\r\n Балалар, біз өлеңде кездесетін бірқатар өсімдіктердің түрлеріне, олардың маңыздылығына тоқталып өттік. Олар табиғат сәні. Табиғат байлығы – біздің байлығымыз. Табиғаттың өзіне тән тұнықтығын, тұңғиық сырларға толы тынықтығын, ішіне сырын бүгіп тұрар тылсымдығын ұлы ақын осылай жырлап, оның  сұлулығын,  сақтауға ой салған екен.\r\n\r\n 3.3. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді оқушылар оқып шығады. (Әдебиет пәні мұғалімі). Ақын өсімдік атауларын жалаң айтып шықпайды. Өсімдік атауларымен әдемі тіркестер құрып, образдар жасайды.  Табиғат аясында  өзіндік ерекшеліктерімен, әдемілігімен, «еркелігімен» дала суретін құрайды. Осы суреттерді көз алдыңа елестетсең тұтас дала пейзажы шығады… Дәлелдейік. Өлеңде кездесетін мына тіркестерге тоқталайық. «Асқардың  аспан сүйген сілекейін», «бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз», «кеудең асқар, аяғың көл», «қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл», «елік сонысында соны қиып». Тіркестердің мағынасын ашу.\r\n\r\n Әдебиет теориясы бойынша жүргізілетін жұмыс.\r\n\r\n Кейіптеулерді табу. Әзілді әйел, ажын-абысындай, кербез, саржағал сәлемдеседі, сүйеді сүйкенгенді, шымшып бұрайды. Кейіптеулер не үшін керек?\r\n\r\n Теңеулерді тап. Оқушылар өлеңнен теңеулерді табады. Ал мына теңеулермен міндетті түрде жұмыс жасаған дұрыс. Қамшысындай, мұсылманның абызындай, көкпар тартқан шабысындай, «кіндігі қырғыз өрме қамшысындай». Теңеулер не үшін қажет?\r\n\r\n 3.4. Поэзиялық ой толғау.\r\n\r\n «Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез,\r\n\r\n Шалма орап мұсылманның абызындай»,  деген  өлең жолдарындағы кербез жуаларға,\r\n\r\n «сепсе қурай сырға қадап» деген тіркестегі қурайдың «сәнденіп» тұруына поэзиялық ойтолғау  жазып көрейік.\r\n\r\n  4. Түсінігін тексеру.\r\n\r\n Сұрақ — жауап жұмысы (қысқаша).\r\n\r\n «Тауға біткен жалбызым,\r\n\r\n Маңдайға біткен жалғызым» — деген мақалды қалай түсінесіңдер? Жалбыз өсімдігінің қасиеті неде?\r\n\r\n 5.Қорыту.\r\n\r\n 6.Үйге тапсырма беру.\r\n\r\n 1.Өлеңнің толық нұсқасын оқу, мазмұнын, идеясын түсіну.\r\n\r\n 2.Ақын «Шымырлап Іле қайнап құмды безген» «Асқарда шың мекендеп, жайлаған аң», «Па, шіркін! Болады екен, тау да сұлу,мұз көйлек, көк мұнармен белін буу» деп су суреті мен тау суретін де жырына қосады. Осы бөлімдер бойынша  су, тау жәндіктері туралы ізденіс жұмыстарыын жүргіземіз.\r\n\r\n «Жетісу жәндігі» бөлімінде айтылатын аңдар мен жәндіктер: арқар, тышқан, сілеусін, ібіліс, аю, бұғы, бұлан, қасқыр, шие бөрі, қарсақ, сусар, бұлғын, жанат, таутеке, құлжа, ителгі, қырғи, құр, тұрымтай, бидайық, бүркіт, үкі, шымшық, шамшақай, маубас бұқа, шөже, тоқылдақ, көбелек. Барлығы: 28.\r\n\r\n 3.«Жетісу табиғатының бүгінгі жай-күйі» тақырыбына жобалау әдісі бойынша жұмыс жасау.\r\n\r\n Жоба жасау. «Табиғат байлығын қайтсек  сақтай аламыз?».\r\n\r\n  «Жер түгінен» «Қызыл кітапқа» енген аң-құстар мен шөптер.\r\n\r\n Мақал — мәтелдер жинау.\r\n\r\n Ақын монологы\r\n\r\n Ақынның бүгінгі ұрпағына айтар сыны.\r\n\r\n Ұрпағының ақынға айтар сыры.

Ілияс Жансүгіров жайлы үзік сыр. Шығарма

0

 \r\n\r\n… Шаттық жыр ағыл-тегіл, жаз қаламым,\r\n\r\nШат өмір шалқуыңа аз ба, жаным.\r\n\r\n… Ырысты еркін, азат елім қандай,\r\n\r\nКең байтақ, кен дәулетті жерім\r\n\r\nқандай…\r\n\r\n \r\n\r\nҚандай шаттыққа, сенімге толы жыр еді! Осындай риясыз қуанышпен жыр-тұлпарының тізгінін тыймай, еркін ұстаған ақын құдырет-күш тәңірісіндей сымбатты, еңселі адам болып елестейді. Оның жүзі жарқын, жаны жазирадай кең, жанары жарқылға толы болса керек-ті.\r\n\r\nІлияс Жансүгіров Талдықорған (қазіргі Алматы) облысының Ақсу ауданында туған. Алғаш Қарағаш ауылындағы мектепте жадитше оқып, өз бетімен оқи, жаза алатын дәрежеге жетті. 1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түсті де, оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болды. Онан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеді. 1922 жылы Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітірді. Мәскеуден оралғанда «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке алынды. 1933-1936 жылдары ҚАССР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Қазақстан Жазушылар Одағының председателі қызметін атқарып жүрген есіл ақынға орынсыз жала жабылып, репрессияның жазықсыз құрбаны болды.\r\n\r\nІлиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады.\r\n\r\nАқын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы – оның поэмалары. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер»сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады.\r\n\r\nІлияс Жансүгіровтің прозалық шығармасының ішіндегі көлемдісі «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, азаттықты көксеген арман-аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді.\r\n\r\nІлиястың драма саласындағы «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» сияқты туындылары да қаламгер дарынына айғақ шығармалар. Ол әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Ю.Лермонтовтың, А.М.Горькийдің, Н.А.Некрасов-тың, В.В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.\r\n\r\nІлияс Жансүгіров қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқау шыңына бастай беретін мәңгілік үлгі-өнеге.\r\n\r\nБүгінде Жансүгіровтің еліміздегі аса көрнекті жазушыларының қатарына қосылатынына, қазақ көркем сөз өнерінің асқан шеберлерінің бірі екеніне ешкім де шүбә келтіре алмайды. Ақын жырларын халық қастерлеп, жастайынан жаттап өсуде.\r\n\r\nІлияс Жансүгірұлының ұлтымыз өміріндегі орны орасан, қазақ әдебиетіндегі әлемі айрықша. Ол – қазақ жырының тұлпар Құлагері. Ол – туған әдебиетіміздің бір асқар Алатауы, немесе жыр Жетісуы. Иә, ол қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, қала берді әлем әдебиетіндегі сирек, сара құбылыс. Оған бұл орайда жетіспейтін жалғыз-ақ нәрсе – бес құрылық халықтары тіліне аударылмай жатқандығы. Бұл жерде баса айтатын бір ерекшелік — өнердің заңы өмірдің заңынан да өргелек. Бейнебір бақи дүниенің қағидасы пәни дүниенің қағидасынан басым түсіп жататындай… Мәселен, әйгілі әлемдік тартылыс заңын кезінде ұлы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон зерттеп, зерделеп таппаса да кейіннен басқа біреу міндетті түрде табар еді. Ал, «Евгений Онегинді» тек А.С.Пушкиннен басқа ешкім қалайша жаза алмаса, «Жетісу суреттерін», «Күйші», «Рүстем қырғынын», «Исатай-Махамбетті», «Құлагерді» нақ солайша Ілияс Жансүгірұлынан басқа ешкім жаза алмайды. Осы ретте біз оқырманымызға қатысты Луи Арагонның мына бір сөздерін алға тартсақ түк артық емес: «Біздің ғасырымыздың маңдайына бірнеше ақындардың нұрлы есімдері мөр болып басылған. Англияда ол – Киплинг, Францияда – Апполинер мен Элюар, Германияда – Рильке, Испанияда – Гариса Лорка. Осынау нұрлы күндердің қайсысы сөнсе де, нақ сол күні әлемді қара түнек басқандай болатын. Бірақ олардың қай-қайсысының да соңына қалдырған мұрасы көлеңке емес, жалын, ақ жалын еді».\r\n\r\n«Қазақстанда олар – Мағжан Жұмабайұлы мен Ілияс Жансүгірұлы» дегенді қосқымыз келер еді. Ақын бүгінгі егемен Еліне, ерікті де еркін қандастарына қарап тіл қатады:\r\n\r\nАстана Алатаудан саңқылдасам,\r\n\r\nЖетпей ме жер жүзіне жаңғырығым!\r\n\r\nАқын Ілияс Жансүгірұлының үні жер жүзіне таралып жатыр…

Ілияс Жансүгіров

0

 \r\n\r\nІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ\r\n\r\n(1894-1938)\r\n\r\n Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.\r\n\r\nІлияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.\r\n\r\nХалқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.\r\n\r\nӨз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген  Ілияс біраз уақыт Карағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып катеді.\r\n\r\nЖастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды.\r\n\r\n1920 ж. Ілияс Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курсте бес-алты ай оқығаннаң кейін, денсаулығының нашарлауына байланысты аулына қайтады.\r\n\r\nДауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші»газеті редакциясында қызмет істеу, экспедицияға шығып фольклор үгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып шыңдайды. Жас азаматтың кызметтен өзге уакыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанак» деген тұңғыш кітабы шығады.\r\n\r\n1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына аса бай әдеби мүра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет» пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы ғажап.\r\n\r\n1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспассөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайратқері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, ССРО Жазушыларының I съезінде сөз сөйледі, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазашының М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.\r\n\r\nКөзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.\r\n\r\nІлияс Жансүгіров — қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі  туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.\r\n\r\nІлияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу — 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға — қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.\r\n\r\nӨмірбаяны. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.\r\n\r\nБолашақ ақын жерінің бетін жеті өзені өрнектеп, заңғар таулары көкке сұғынған көркем өлкенің әсем бір өңірі -бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте жетім қалған Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі-жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең-дастандарды, арғы-бергінің неше алуан қызық әңгімелерін көп білетін кісі болыпты. Оның үстіне домбырашы, ісмер, ұста екен. Баласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына — әке, шеше орнына — шеше болып, аялап, әлпештеп өсірген.\r\n\r\nІлияс алғашында әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл молдасының алдын көріп, медресе үлгісіндегі мектепте де оқиды. Бұдан кейін біраз жыл ауылда тұрып, үй шаруасымен айналысады. Қара танысымен, кітапқа құмартқан Ілиясқа үлкен кісілер қиссалар оқытып, баталарын береді екен. Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық,  далалық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Тұтқыр зерделі, тумысынан өнерге бейім, зерек жас өспірім домбыра тартып, ән үйреніп, алдымен жаттап, соңынан жанынан шығарып, өлең айтатын болады. Келе-келе, бір өңірдің «жарып той бастап, таңдап әріптес алып» айтысатын, «түнгі тойды таңға таратпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан» өлеңшісіне айналады. Сол шамада өлең де жаза бастайды. Бұл кезді талапкер ақынның елдің тарихын, өткен-кеткеннің қызықты хикаяларын, көне әдебиеті мен салт-дәстүрін біліп, халық тілінің байлығын меңгерген, яғни «ауыл академиясында оқыған жылдары десе де болады. Қазақтың байырғы әдебиетімен, қисса, аңыз түрінде қазақшаланып жеткен Шығыс әдебиетімен ғана таныс Ілияс 22 жасында Абай өлеңдерін оқып, қайран қалады. «Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай, қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзімде бір түрлі сергектік, сілкініс болды, жүрегім де жаңалық сезгендей» деп жазады Ілияс «Қысқаша өмірбаянында». Ол енді данышпан ақын жинағын қолынан тастамай оқиды, жаттап та алады. Мұның бәрі ақындық талпынысына игі әсерін тигізеді, оның өзіне тән суретті тілі, арындата, нөсерлете жазатын стилі айқындала бастайды.\r\n\r\nТалабына оқуының аздығы қол байлау болатынын сезінген Ілияс 26 жасында Алматыға келіп, қысқа мерзімді мұғалімдер курсын бітіреді. Одан кейін Ташкентке барып, онда Қазақ ағарту институты жанындағы курста жарты жылдай оқиды. Осы екі қалада шығып тұратын мерзімді басылымдарда өлеңдері жарияланады. Бірақ денсаулығына байланысты көп ұзамай еліне оралып, алдымен мұғалім, одан кейін облыстық, губерниялық мекемелерде, «Тілші» газетінде істейді. Қолы бос кезде бас алмай кітап оқып, өзін тебіренткен жайттарды өлең етіп жазады. Алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады.\r\n\r\nІ.Жансүгіров 1926-1928 жылдары Мәскеудегі журналистика институтында оқып, қоғамдық ғылымдар саласынан терең білім алады. Ақыл-ойы толысқан, өмір тәжірибесі мол, талантты жігіт, әйгілі ғалымдардың дәрісіне өздігінен оқуы қосылып, тез кемелденеді. Әсіресе, орыс және Еуропа әдебиетінің классикалық туындыларын құмарта әрі талдап оқиды. Институттың соңғы курсында оқып жүргенде — 1928 жылы «Сағанақ» атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Елге оралған соң, ол республикадағы аға газет -«Еңбекші Қазақта», 1934-1935 жылдары Казақстан көркем әдебиет баспасында жауапты қызметтер атқарады. 1934 жылы КСРО Жазушыларының  I съезіне делегат болып қатысып, сөз сөйлейді. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып істейді. Ақынның М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолына игілікті әсер етеді.\r\n\r\n Тұнғыш кітабы шыққаннан жазықсыз жазаға ұшырағанға дейінгі 10 жылға жетер-жетпес аралықта Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетін «Жолдастар» атты пьесаларымен байытады, әсіресе, поэзияда көптеген әсерлі өлеңдері мен «Жетісу суреттері», «Гималай» атты керемет көркем жыр-толғауларына қоса, артынан «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық поэмалар беріп, ақындық шыңына көтерілді.\r\n\r\nКөзі тірісінде ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырады.\r\n\r\n 

Ілияс Есенберлиннің тарихи романдары. Тарихи сана

0

  Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы «Айқас» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы» (1978), «Аманат» (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.\r\n\r\n \r\n\r\nТарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары.\r\n\r\n \r\n\r\nТарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.\r\n\r\n \r\n\r\nЖазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХҮ-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.\r\n\r\n \r\n\r\n«Алмас қылыш» романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық.\r\n\r\n \r\n\r\n«Алмас қылыш» романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.\r\n\r\n \r\n\r\nРоманның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.\r\n\r\n \r\n\r\nШығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардьщ, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету арқылы жасайды. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ.\r\n\r\n \r\n\r\nМұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады. \r\n\r\nТрилогияның «Қаһар» атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30—40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді. \r\n\r\n«Қаһарда» қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі. Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген. Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, «Ташкентті шабу керек» деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі. Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі. Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.\r\n\r\nІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН РОМАНДАРЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ САНА\r\n\r\n Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы», т.б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді.\r\n\r\nОл — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды. Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу — көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады. Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл казақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған«Көшпенділер» трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді.\r\n\r\n Автордың аса зор зерттеушілік жұмыс жүргізуінің нәтижесінде беймәлім, тың материалды оқырман игілігіне айналдырудың жарқын көрінісі болған «Көшпенділер» трилогиясының кезінде танымдық жағынан да ерекше жүк арқалағаны көпшілікке белгілі. Рас, ғалымның міндетінен гөрі міндеті ауқымды, кеңірек болып келетін жазушы үшін ақпараттық қана қызмет атқаратын материал суреткер жұмысының алғашқы бастамасы ғана. Тың, жаңа дерек, көпшілікке беймәлім материал негізінде қаламгердің ой сүзгісінен өтіп қорытылған оқиғаларға құрылған трилогияда жан-жақты камтылған адамгершілік мәселелері көрініс тауып, өткен дәуір шындығы бүгінгі заман сипатымен сабақтастырыла суреттеледі. Сақтандыру мен ескерту идеясы бой көрсетіледі. Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар — ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.\r\n\r\n «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.\r\n\r\n Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.\r\n\r\n Әдебиетіміздің арғы-бергі тарихында ұлы сахараның бірде құландай тулап, бірде ұлардай шулап қалған алмағайып тағдырын Ілияс Есенберлиндей азаматтық қажырмен, суреткерлік қуатпен толғаған жазушы болған жоқ. Егер шындыққа жүгінсек жазушы ерлігіне берілген бағадан гөрі берілмек баға әлдеқайда салмақтырақ болуға тиісті. Халық тарихындағы хронологиялық заңдылық дегеніміз жыл санауға ғана тәуелді емес, ол — Сананың ел рухымен үн қатысы, адами армандармен матасуына, сөйтіп кешеден келген бүгіннің «генетикалық» арқауына шындық пен әділдіктің, ерлік пен батырлықтың, ар мен ұяттың, бірлік пен бірегейліктің нұрлы шуағын себер сәттеріне байланысты.\r\n\r\n Ендеше І. Есенберлиннің тарихи романдарындағы халық тарихы — болмысын болжай алған арлы жылдардың, арқалы ғасырлардың ары мен Санасына ауған Азаматтық зерденің жүйелі жүлделерінен туған тарих. Тарихи тақырыпқа барудың өткел бермес өрлерінің бірі — тұстас дәуірдің ары мен ұжданына, азаматтық позициясы мен рухани өресіне тікелей тәуелді. Кешегі мен Бүгінгінің ара қатынасы. Яғни, Тарих пен Дәуір ұғымдарының шындықпен үндесуінің ара салмағына байланысты.\r\n\r\n Ұлттық тарихтың дәстүрлік сипаттарына ортақ үлесі бар түйткілдердің ара-жігін ажыратып айтудың алмағайып арпалысын бастан кешірген жазушы қиялы тарихи романдарға тән фантасмагориялық шым-шытырықтардан гөрі асқынудың шым-шымдап басылар жолын іздеуге, тарихи тағлымдар қалған дәстүрлердің озығы мен тозығын саралап айтуға ден қояды.\r\n\r\n Яғни, «Көшпенділер» ұлттық психологияның сөз өнері арқылы көркемдік әлеміне көшірілген толассыз айқастарындағы мәмілелерге әділ шешім, әділ үкім айтар сананы іздеудің қазақ әдебиетіндегі озық үлгілерінің бірі. Осы ретте, бүгінгі күннің айтқыштары жерден шығып, көктен түскендей аяқ астынан жамырап, жар салып жүрген жалаулы ұранды қатерлі өткел, қауіпті сапар үстінде жүріп-ақ жеріне жеткізіп айта алған жазушы ерлігіне риза боласыз. Көркем шығармаға қойылар канонды талаптарды «таба алмай» сабылған тұстарымызға кез келген шығармаға арқау боларлық тарихи жағдайға жүгінуді де мұрат ете алмағанымыз қалай дейтін ойға қаламыз.\r\n\r\n Ұлттық сананы ояту мен ұлттық зердені жаңғыртудың әлемдік сана-сезім үндесуінің алапат ағымына тап болған дәл қазіргі жағадайдағы орны да, қажеттілігі де орасан зор. Әлемдік даму деп аталатын сөз тіркесіне сыйып тұрған аса қомақты ұғымның барлық үндестігі де, қайшылығы да, табиғат тылсымдарын тарамдап айтпағанның өзінде, барлық адамзат атаулының мінез-құлқына, наным-сеніміне, ой-өрісі мен парасат өресіне, салт-санасы мен әдет-ғұрпына тәуелді екенін ескерсек, ұлы көшке ерудің ұлы мұраты — сана мен зердені саралау, тарихқа тәуелділіктен арылу — ұмтылыс, рухани бұлқыныс, өткен өмір, кешкен ғұмырға сын көзбен қарай білу екені даусыз.\r\n\r\n Жәнібек пен Керей сұлтанның қазақ мемлекеттігін құрған алыс жылдардың ара қашықтығын алып жатқан аласапыран ғасырлардың аяғынан шалып, тобығынан қағып келген тосын жаудан да жаман болғанын білмейтін қазақ баласы жоқ десек, сол қазақ топырағында туған ұлы кітаптың санатындағы «Көшпенділердің» тереңнен тартқан тарихи болжамдарында да, келер ұрпаққа ескертер дара дабылдарында да бірлік ұраны алтын арқау болып тұрғанын байқау онша қиын емес.\r\n\r\n Бірақ, тәлімдік сипаттардың ақ-қарасын ажырату үшін, оны сана сүзгісінен өткізіп, уақыт мінезімен елеп-екшеп, «заманына адамы сай» мүдделіктер арылып, тіршілік заңдылықтарының пенделік пиғылға қосқанын бағамдап, қосарын болжап отырар орта керек кез келген халыққа. Қарапайым пенденің табиғи парызынан оқ бойы алда жүрер асыл қасиеттерді көлденең көк аттының бәрінің бойынан іздеу әумесерліктің ар жақ, бер жағы болар еді.\r\n\r\n Ілияс Есенберлин туындысындағы басты желілердің бірі де, бірегейі де, міне, дәл осы мақсат аясында көрінеді. Ел басқарған билікті төрелердің ақыл-айласы, таным-түйсігі, биліктегі парыз мүдделері, елдің ертеңін ойлауы, өткен тарихын бағамдап, болашақ ізгі мақсаттарға көз тігуі — түптеп келгенде халық тағдыры, халық тарихы дейтін ұғымдардың түп қазықтарының бірі екендігі шындық.\r\n\r\n Автор хандық дәуірге лайық тақ таластарын әр қырынан ала отырып, шығармасын жалаң, жасанды тап тартысына құрудан бой тартады. Керісінше қазақ халқы өміріне тән рулық тартыстың астарларын ашуға тырысады. Есенберлин трилогиясында Асан қайғы, Бұқар, Нысанбай сияқты атақты жыраулардың, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды тарихи тұлғалар, аттары бүкіл қазаққа мәлім билердің, ондаған өнер адамдарының жарқын бейнелері қатар түзейді.\r\n\r\n Әлемді тітіреткен Дешті Қыпшақтың Әбілқайыр ханның(ХVғ) кезінде ішкі — сыртқы күштердің әсерінен әлсіреп, ыдырай бастаған кезі, оның іштей ыдырап жеке хандықтарға бөліне бастаған алмағайып шағы «Алмас қылышта» қым-қуыт оқиғалар тізбегі арқылы суреттелген. Алғаш Керей, Жәнібек хандары бас болып шаңырақ көтерген қазақ хандығы да оңай бой түзеп кете алған жоқ.\r\n\r\n Өздеріне ерген елдің іргесі бекіп, өрісі кеңеюі үшін Керей мен Жәнібек сұлтандарға талай азулы ел билеушілермен ырғасып, жаға жыртысуға тура келді. Орта Азияның ұланғайыр жерін тоқымдай тілгілеп жеке-жеке иемденген шағын хандықтармен алысу, көшпелі алтындай біресе ол жағына, біресе бұл жағына ауысқан көне қалалар мен шұрайлы жерлер елді талай сынға салып, тезден өткізді.\r\n\r\nСондықтан да «Алмас қылыштағы» оқиғалар желісі тым қою, сюжеттік желісі шытырманды, бұралаңы көп. Алма-кезек ауысқан хан-сұлтандар, олардың арасындағы қым-қуыт соғыстар қаншама. Тарихи зерттеу, архивтік мәлімет, жазба құжат шежірелік деректермен салыстыра қарағанда, автордың көптеген оқиғаларды іріктеп, Әбілқайыр, Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым сұлтандар айналасына топтастыра жинақтауға тырысқанын байқаймыз.\r\n\r\nАлайда, автордың деректік мағлұматтарды тым кірістіру мақсатынан туындаған оқылықтарды жоққа шығаруға болмайды. Халықтың жеке ел болуындағы ең үлкен және соңғы қуатты тегеуріні қазақ халқының жоңғардың жойқын шабуылына төтеп беріп, елдігі мен жерін сақтап қалу болды. Бұл нағыз Ұлы Отан соғысы, сол Отан үшін шайқастағы тұтас халықтың ерлігі еді. Бұл сипат, Отан іргесін сақтап қалу үшін болған шайқас романда бар болмысымен жан-жақты көрінеді. Тарих оқулықтарында «өз еркімен қосылды» деп түсіндіріліп келген Россия империясының қазақ даласының бағындырылу процесінің қиын да күрделі сипаты «Жанталас» романында Әбілқайыр, Барақ, Абылай сияқты әртүрлі көзқарастағы ел билеушілердің іс-әрекет, айла-шарғылары арқылы көрініс табады.\r\n\r\nҚай заманда болсын қатыгез жүйе, қате саясаттан зардап шегетін — халық. Қандай тығырықтан да халық өзін-өзі ғана шығарады. Трилогияның алтын желісі, негізгі өзегі — қазақ халқын саясат бұғауы, шовинизм құрсауымен беймәлім болып келген тарихын өзіне таныту. «Адамзаттың нағыз шын тарихын тарихшы емес, суреткер жазады» — дейді М. Горький. І. Есенберлин осы принципті ту етіп ұстап, ғылымда да сол уақытқа дейін терең сараланып бітпеген тарихтың қос қыртыс қатпарларына қазақ қаламгерлерінің ішінде тұңғыш рет қаламгер көзімен саяхат жасап, оқырман назарын көне тарихтың әлі ашыла қоймаған тың беттеріне аударады.