Инновация туралы жалпы түсiнiк

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

ЖОСПАР

КIРIСПЕ

I РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯ

    1. Инновация туралы жалпы түсiнiк
    2. Инновациялық процесс және инновациялық қызмет
    3. Инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттiң ролi

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. /1/

Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз.

Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен.

Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.

Қ.Р-ның инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.

Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.

I РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯ

1.1 Инновация туралы жалпы түсiнiк

Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.

Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану , жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:

  1. инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
  4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде. /15/

Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:

  • экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
  • экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
  • интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.
Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :
  1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;
  2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
  3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
  4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.

Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады. / (4), 29 б. /

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты интенсивтi және экстенсивтi түрлерi болады.

Экстенcивтi түрiне:

  • Технологияда инвестицияның артуы;
  • Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
  • Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

Интенcивтi факторларға:

  • Ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге асуы;
  • Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту;
  • Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
  • Қызметкерлердiң бос уақытының өсуi.

Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенcивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.

Ол үшiн елде 1990 жылдан кейiн құлдырап кетен барлық өндiрiстердi инвестиция тарту арқылы iске қосу, кәсiпкерлiктi дамыту, әсiресе шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау, ғылыми-техникалық еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттiк салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды ынталандыру, елдегi халықтың бiлiм деңгейiн реформалау және жоғары дәрежелi мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарда тиiмдi саясат жүргiзу елiмiздiң басты мiндеттерi болып отыр.
Экономикалық iлiмдер тарихында жаңалық енгiзу түсiнiгiне түрлi көзқарастар бар. Көбiнесе инновация түсiнiгiн экономистер техникалық жаңалық енгiзумен байланыстырады. Инновацияны екi сыныпқа жiктейдi: инновациялық процесс және өнiм инновациясы. Бiрақ бұл екеуiн бөлiп қарау мүмкiн де емес. Шығындарды қысқартатын процестi енгiзу, шығарылатын өнiм құрылымына өзгерiстер енгiзу, ал жаңа өнiмдер өз кезегiнде жаңа жаңа құрылғыны жасап дайындауды қажет етедi.

Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып, өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.

Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.

XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi айқын көрiндi. Оларға:
  • шикiзаттық бағыттағы экономика;
  • дамушы экономика;
  • индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы /4, 3б./.

Кесте-1 Экономикалық қоғамдардың негiзгi сипаттамасы

Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы ғылыми-техникалық потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда. Бұл экономиканы бiлiмге негiзделген экономика деп атауға да болады. Ендi осы экономикалық қоғамдарды толық түсiну үшiн келесi 1-шi кестеге көз жүгiртсек болады. Бұл кестеден көретiнiмiз бiздiң елiмiз әлi де болса индустрияға дейiнгi және индустриялы қоғамды бiрге басынан өткеруде.

1.2 Инновациялық процесс және инновациялық қызмет
Инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi
  1. Алынған ойларды жүйелеу:
  • Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан алынған және маркетингтiк зерттеулер, фирма аппараттарының сауда делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
  • Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және тәуекелдер деңгейiн анықтау;
  • Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
  1. Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнiм идеясын зерттеу:
  • Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске асыруды анықтау;
  • Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру жоспарының сәйкес келуi;
  • Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
  1. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiне анализ жасау және маркетингтiк бағдарлама құру:
  • Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
  • Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және тұтынушылық қасиетiне баға беру;
  • Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне талдау жасау;
  • Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап, өнiмнiң өз құнын өтеу мерзiмiн белгiлеу;
  • Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың көздерiн табу. Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикiзаттар, материалдар, кадрлық персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi жатады;
  • Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
  • Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк бағдарлама жасау;
  1. Жаңа өнiмдi дайындау:
  • Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
  • Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi);
  • Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын жасау;
  1. Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
  • Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
  • Сатылудың оптималды шараларын талдау;
  • Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
  • Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
  1. Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
  • Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату көлемi, өнiмнiң пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi, тұтынушылармен байланыстың тұрақтылығы;
  • Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар ресурстарды тиiмдi пайдалануы және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
  • Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
  • Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы. / 5 /

Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.

Сондай-ақ инновациялық қызмет өз кезегiнде сыртқы ортамен ылғида қарым қатынаста болып отырады. (Сурет 1)

Инновациялық процесс

Ұйымды басқару

Құқықтық және саяси жағдай

Экономикалық, технологиялық.

Әлеуметтiк, психологиялық және мәдени жағынан

* Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республики Казахстан

1-ші суреттен көрiп отырғанымыздай инновациялық процестi дамытуда сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан инновацияны дамыту үшiн осы сыртқы орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсiп саласын дамыту барысында кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология бойынша соңғы өнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып табылады.

Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.

1.3 Инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттiң ролi

Рыноктық қатынаста бәсекенiң дамуымен экономикада мемлекеттiң ролi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол — жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары — ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады.Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін шығады.Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай . /2/

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/ айналысады.Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі.ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді.ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда , кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды.Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз.1991ж. –2587, 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2000 ж. –20796. /3/

Ал Корея Республикасының /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады.Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған. /14/

Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады.Оның міндеті- Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу.Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.

1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады.Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды.Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.

Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет» туралы Заң күшіне енді.

Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай. /14 /

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.

1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетт, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады;

2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу;

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын шарт- зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау

3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.

Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету 2-шi суреттегi жүйе бойынша iске асады. (Сурет 2) / (4), 56 б. /

Мемлекеттiк құқықтық қолдау

Мемлекеттiк қаржылық қолдау

Инновациялық құрылымды құру

Салықтық және несиелiк жеңiлдiктер

Жалпы шаруашылық және саяси-әлеуметтiк жағымды климат

* Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республики Казахстан

2-шi сурет бойынша инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.

Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.

Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады.Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды. /13/

Инновациялар саласындағы мемлекеттің 2 қызметін атауға болады

Мемлекет

Құқықтық- нормативтік жағынан Бюджеттен немесе басқа

қамтамасыз етеді көздерден қаржыландырады

Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%- ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.

Мемлекеттік деңгейде кәсіпорындарына мынандай қолдау көрсетеді:

1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.

2. Қаржылық кепіл беру мен. қаржылық көмек көрсету;

Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешнін қамтиды.

Жапонияда орталық банктер кредиттердің 47% -н, ал жергілікті коммерциялық банктер100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады. /13/

Шет елдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте маңызды екеніне көз жеткіздік, енді еліміздегі инновациялық үрдістерді дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және жалпы инновациялық дамудың ерекшелiктерiне тоқталайық.

ҚОРЫТЫНДЫ

Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Статистика 1991-2001 десят лет независима Казахстана. Алматы. — 2002г.
  3. Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва: Прогресс. 1998. – 454 с.
  4. Купешова Сауле Телеухановна / Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан. – автореферат Алматы, 2002 г.
  5. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
  6. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари, — №6. — 2000 г.
  7. Ю. К. Шокоманов Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период // Вестник КазНУ, Серия экономическая.- №4.- 2001 г.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ