Контаминациялық құбылыс – грамматикалық категория

Әбіш Кекілбаев

Кіріспе

І тарау. Контаминациялық құбылыс – грамматикалық категория

  1. 1. Контаминациялық құбылыстың зерттелу жайы.
  2. 2. Сөз тіркестерінің контаминацияға қатысы.
  3. 3. Фразалық тіркестердің контаминацияға қатысы.

ІІІ. Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

1.1 Қазіргі қазақ тіліндегі контаминациялық тіркестер

Негізінен, контаминация арқылы сөз тіркесінің” жасалуы ХХ ғасырдың” 20-жылдарында-ақ қалыптаса бастаған. Бірақ ондай жаңа сөз тіркестерінің” бәрі бірдей сәтті болмаса керек. Дегенмен, осы тақырып төңірегінде қазақ тіл біліміне біршама өз үлесін қосқан белгілі ғалым С.Исаев қана бірер мақала жазғаны болмаса, күні бүгінге дейін ғалымдар назарынан тыс қалып келеді. Енді осы мақаламызда олардың стильдік, көркемдік ерекшеліктері өз алдына жеке мәселе болғандықтан, тек контаминация арқылы туған жаңа тіркестер сөз болып, олардың грамматикалық ерекшеліктері қарастырылады.

Жалпы, контаминация сөзіне түсінік бере кететін болсақ, ол латын тілінің contamіnatіo – екі элементтен үшінші жаңа элемент жасау деген мағынадағы сөзінен шыққан.

Әдетте сөз тіркесі сөйлем құрамында жұмсалады, яғни “словосочетание – это смысловое и грамматически оформленное соединение двух или нескольких знаменательных слов или форм слов, служащее для обозначения сложного понятия”. Сөздердің тіркесуі тіркеске енетін сөздердің мағыналары мен олардың қалыптасуы, қолдану дәстүріне байланысты. Кез келген сөздің тіркесу қабілеті қаншалықты кең болғанымен, олар қалай болса солай тіркесе бермейтіні анық. Бұл әсіресе, тұрақты тіркестерде айқын сезіледі. Себебі олар “өзара бөліп-жаруға келмейтін грамматикалық басқаша өзгеріске көнбейтін, ежелден қалыптасып, орныққан, дайын сөз тізбектері” .

Солай бола тұрғанмен тілдің даму барысында жаңа ұғымды, ойды білдіру үшін не болмаса басқа экспрессивті-эмоциональді реңк үстеу үшін кейде тіркесудің қалыптасып қалған белгілі жүйесі сақталмай, бір сөз бұрын тіркеспеген екінші тың сөзбен тіркесіп, жаңа сөз байқалады. Осындай жаңа тіркестердің оқшауырақ бір түрі — контаминация арқылы түзілген тіркестер.

Контаминациялық тіркестерд жасалуы туралы А.Н. Гвоздев өзінің Очерки по стилистике русского языка” еңбегінде былай дейді: “Типичным выражением формирования предложений “на ходу” является контаминация, состоящая в том, что структура начала предложения расходится со структурой его конца, так как говорящий благодаря недостаточной сосредоточенности соскальзывает с одной синтаксической конструкций на другую…” . Демек, контаминация сөйлеу тілінде жасалады. Яғни жаңа сөз тіркестерінің жоғарыда аталғандай жасалу тәсілдері жаңа сөз, басқа тіркес жасаудың мүлдем жаңа амалдары ретінде өте ертеде пайда болған болуы керек деген жорамал қоса туады.
Бұдан контаминациялық құбылыстар тек ауызекі сөйлеу тілінде ғана қолданылады деген ұғым тумаса керек. Жазба әдебиетте кездесетін, көркем шығармаларда да қолданылатын құбылыс. Оған С. Исаевты” “Контаминация ойды” бір жерге тоқырамай, бір арнаға тұспей, шашылып айтылуының ғана жемісі емес, сонымен бірге ол күн алдында ойланып, толғанып, ескі-жаңа туындыларды салмақтап, ой елегінен өткізіп саптаудың, талмай ізденудің нәтижесі деуге әбден сылды”, — деген ойы айқын дәлел.

Тіпті қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, сөз шеберлерінің жасап кеткен небір “ойға орамды, көңілге қонымды”, “тілге жеңіл, жұрекке жылы” тиетін дәл де өткір, көркем де бейнелі сөздерінің біразы осы құбылыс арқылы пайда болған.

Көптеген контаминация арқылы жасалған туындыларды тап басып табу кей кезде қиынға соғады. өйткені олар әбден сіңісті болып, жаңа тіркестер құлаққа оғаш естілмей, жымдасып кетеді. Тек оларды өзімен мағыналас, синонимдес тіркестермен қатар қойып, салыстыра қарағанда ғана контаминация арқылы жасалғандығын аңғаруға болады.

Енді осы бұрыннан қалыптасқан екі тіркестің құрамындағы сөздерден жаңа ұшінші тіркес құралатындығына мысалдар арқылы көз жеткізіп көрейік. Әдетте, ол сөздердің бастапқы тіркес құрамындағы грамматикалық формалары жаңа тіркесте сол күйінде, өзгермей қалыптасады.

Мәселен, “абырой алды” жаңа тіркесін қарастырайық. Сөйлеу тілінде “атақ алды”, “абырой тапты” фразалық тіркестері жиі қолданылады. Енді екі тіркестен үшінші “абырой алдыңты” тіркес жасалып отыр. Осы екі фразеологиялық тіркестің және олардың құрамындағы сөздердің семантикасынан, синтаксистік байланысу қабілеттілігінен біз “атақ алды”, “абырой тапты” тіркестері “абырой алды” тіркесінен бұрын жасалғандығын байқаймыз.

Сондай-ақ “атақ алды” деген тіркеске қарағанда “абырой тапты” тіркесінің арқауы босаңдау, әрі “тапты” сөзі жеке тұрып та, басқа да біраз сөздермен тіркесе алады: “ажал тапты”, “бақыт тапты”, “қырсық тапты”, “байлық тапты” т.б.

Кешегі хабар естілген соң, жәрмеңке басы адыра қалғандай болып еді. (М.Әуезов).

Мысалда берілген “адыра қалу” фразеологиялық тіркесі “қарам қалды” және “адыра болды” тіркестерінен жасалған. Әдеттегі қолданылып келген “қарам қалды”, “адыра болды”, тіркестерін өзгертіп, контаминация арқылы жасалған, жаңа тіркестің өзі ертеде қалыптасқандықтан құлаққа сіңісті болып кеткен, күнделікті өмірде жиі қолданылатын тіркес. Солай бола тұрса да, сөйлемнің экспрессивтік-модальдық мәнін арттыруға қызмет етіп тұр.

Енді мына бір контекске үңілейік: “Ал, тыңға шабуыл тап оншалық болмаса да жапан дала қашаннан бері алдырмай келген қамалды” бірі екені рас”. (Х.Ерғалиев).

Тілімізде “жапан тұз” тіркесі “ай дала” күрделі сөздері барын білеміз. Осы тіркестерден үшінші бір “жапан дала” тіркесінің жасалуы да тілміздің алуан түрлі синонимдес тіркестерге байығанын және осындай амалдармен де толыға түсетінін көріп отырмыз.

“Сәрсенбай қараңғы түнде Зәкураның үйіне кіріп кетіп, талай зәресін ұшырған”. (“Ана тілі” газеті).

Бұл сөйлемдегі “зәресін Ұшыру” да қалыптасқан тұрақты тіркес. Біздің топшылауымызша, аталған құрылым да контаминация арқылы “зәресін алу” және “үрейі ұшу” тіркестерінен жасалған. “Зәресін алу” тіркесі “үрейі ұшу” тіркесінен бұрын қалыптасқан, өйткені тіркес құрамындағы екі сөзді” екеуі де қазіргі кезде дербестігінен, мағыналарынан айырылған. Ал “үрейі ұшу” тіркесіндегі үрей сөзін “үрейленді”, “жұзінде үрей бар” деп жеке дара қолдана береміз. Сонда олардың қайсысының бұрын пайда болғанын фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздердің семантикасынан, синтаксистік байланысу қабілетінен де байқауға болады.

Ағалары өте қатаңдық қылған білем, содан бері Шұға өз жасын үнсіз ағыл-тегіл төгуде (Б.Майлин).

Бақтиярды аға тұтып, жазып жүрген көр-жер дүниелерін жеп, көрсетіп жүретін (“Қазақ әдебиеті” газеті).

Айналасы бір-екі айдың ішінде Гүлбанудың балауса шақтың табы білініп тұратын балғын өңі қуарып, екі жағы солып, ажары қашып кетіпті (“Жұлдыз” журналы).

Жоғарыда келтірілген сөйлемдердегі “ағыл-тегіл төгу”, “аға тұту”, “ажары қашу”, тіркестерінің жасалу жолдарын қарастырсақ, “ағыл-тегіл төкті” тіркесі “ағыл-тегіл жылады” және “шерін төкті” тіркестерінен жасалған. Олар әрине бұрынырақта түзілген, халық арасында кеңінен қолданылатын тіркестер болса, ал “ағыл-тегіл төкті” тіркесі қалыптасқанмен ауызекі және жазба тілде үнемі пайдаланысқа түспей, сіңісті болмай қалған. өйткені кез-келген тіркес сәтті болып жасала бермесі де хақ, әрі қолдану аясы да тар. Сол сияқты “жақын тұтты”, “аға санады” тіркестерінен “аға тұтты” тіркесі жасалған. Бұл жерде “аға санады” деген тіркестен гөрі “аға тұтты” тіркесінің экспрессивті мәні, бояуы қалыңырақ. Яғни “аға тұтты” деген өзімсінуі адам мен адам арасындағы қатынасты жақындату мәнін білдіреді. Сондай-ақ “түсі қашты”, “ажары кету” тіркестерінен жасалған “ажары қашты” жаңа конструкцияның көркемділігі де, образдылығы да кем емес.

Синонимдес тіркестер әрдайым сөз тіркесінің бір-ақ түрінде айтыла бермейді. Бірде бірі қабыса байланысса, екіншісі меңгеріле байланысады. Кейде бір тіркестегі басыңқы сөз бір септікті меңгерсе, екіншісі синонимдес тіркестің басыңқы сөзі екінші сптікті меңгеруі де кездеседі. Осындай алуан түрлі грамматикалық формаларда айтылатын, тіпті синонимдес емес тіркестер де контаминациялық құбылысқа түсіп, жаңа сөз тіркестерін жасауға қатыса алады.

Әншінің шарықтата салған әуезді әні жағалай отырған үлкенді-кішілі қонақтардың төрткөз түгелінің сүйегін балқытып, жүрек қылдарын тербеп, елжіретіп жіберді (“Қазақ әдебиеті” газ.).

“Сүйегін балқыту” тіркесі “сүйегіне сіңу” және “бойын балқыту” тіркестерінен құралған. Жаңа тіркесте “сүйегі”, “балқыту” етістігінің ыңғайына қарай барыс септік жалғауын түсіріп, табыс септігінің (тәуелдік жалғауының 3-жағынан кейін) “н” жалғауын жалғап алған. Сөйтіп келесі сөзге меңгеріле байланысқан.

Сол жолы Мәкенді ажал айдады ма, кім білсін, өзі болмай сұранып сонау алыстан Қаратауға аттанған (“Жас қазақ” газеті).

“өлім айдады” және “ажал жетті” тіркестерінен құралған. “ажал айдады” тіркесінің құрамындағы сөздер өзара қабыса байланысып, іргелесе орналасқан.

Сонымен тіліміздегі кейбір синонимдес фразалық тіркестер, басқа да формалы тұлғалардан үшінші бір жаңа құрылым, жаңа тіркес пайда болады. Осындай жолдармен де тілдік қорымыз баии түседі. Алайда бұл жерде үнемі кез-келген екі тіркестен үшінші бір тіркес жасала береді деген ой тумаса керек. Ол тіркестердің қолдану ерекшелігіне байланысты болып, көркемдік, образдылық сөздер тіркестердің контекстік мәнімен айқындалады. Сонымен бірге жаңа түзілген үшінші жаңа тіркестердің барлығы бірдей сапалы, жатық болып шыға бермесі де анық. Сондықтан оларды талғап, талдап, дұрыс саралай білген жөн.

1.2 Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің зерттелу жайы

Әрбір ғылым саласының басталу, жетілу, даму кезеңдері болады. Қазақ тіл білімінің бұғанасы бекіп, қалыптасқан қай саласын алсақ та, олардың әрқайсысының қалыптасу дәуірі болған. Ғылым салаларының даму барысында оның әдепкі біртұтастық түйдегінің жеке мәселелері бөлшектеніп танылып сол саланың дербес бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін.

Қазақ тілінің синтаксис мәселелері о баста жалпы сөйлем құрылысы орайында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көрсетіп, оның жеке мәселелері көптеген ғылыми зерттеудің объектілері бола бастады. Қазір солардың жүйелі тармақтары айқындалып, жасалу, жұмсалу заңдылықтары ашылды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисінен бөлініп, өз алдына бөлек синтаксис ғылымының бір саласына айналды.

Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу тарихымен ұштастыра ұғыныспайынша көп мәселенің байыбына бара алмай қаламыз. Егер орыс тіл білімінде бұл синтаксис ғылымының бірнеше тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз тіркесінің зерттелу тарихы 50-60 әрі жылдан аспайды.

Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы да даму барысында өзгеріске түсіп отырады. Синтаксистік құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен тығыз байланысты болып келетіні тіл білімінде әр кез айтылып жүрген жайт.

Ал, синтаксистік құрылымның үлкен бір саласы – сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы Н.Ю.Шведова: “Изменения в системе словосочитаний происходят значительно быстрее, чем в системе предложения” деп атап айтады.

Қай ғылымның даму тарихына көз жіберсек те, әдетте олар жоқтан бар болып, тұтас қалпында дүниеге келеді де, соның ілгері даму барысында оның тармақталған салалары пайда болады. Сол сияқты тіл білімін, оның бір бөлігі – грамматиканы да, ертеде филологтар дәл бүгінгідей саралап жік-жікке бөліп қарастырмайтын. Фонетика да, морфология, синтаксис қатарында грамматиканың бір бөлігі деп есептелетін.

1894-1897 жылдары орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казак-киргизского языка” деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан Қазембектің және миссионерлер жазған “Алтай тілінің грамматикаларына” негізделгенмен, онда да фонетика грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны “Этимология” деп атап, оған синтаксис мәселелері де енгізіліп, синтаксиске арналған кітабында морфологияға қатысты мәселелері араластырылады. Бұл еңбек сол кездегі түркітанушылардың тіл мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыруының дәрежесін бүгінмен салыстырғанда, өте төмен екенін көрсетсе, екінші жағынан – өз заманының тіл біліміне қосқан үлкен үлесі.

Жалпы түркітанушылық әдебиеттерде сөз тіркесі дегенді бөліп қарамай-ақ, “анықтауыштық есімдер тобы” (“именные определительные группы”) дегенге ерекше көңіл бөлінді. Оның себебі: ертедегі түркітанушылар түркі тілдерінің синтаксистік құрылыстарында кездесетін өзгеше құбылыстарды айқындауды басты міндет етті.

Расында, зат есім мен зат есімнің, сын есім мен сан есімдердің зат есімдермен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысқа еніп, анықтауыштық қатынаста жұмсалуы түркі тілдерінің елеулі өзгешелігі болып саналады. Солар түркітанушыларды қызықтырмай қоймайды. Бірақ олар ондай есімдер тобын сөз тіркесі деген тұрғыдан емес, сөйлем мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан қарастырады.

Кейбір авторлар есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанмен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді. Мысалы, Франция түркітанушысы Ж.Денидің ізімен профессор А.П.Поцелуевский былай дейді: “Два или несколько слов, представляющих собою одно целое с точки зрения логической и формальной, называются словосочитанием”. Осылай сөз тіркесін жеке сөзге балап бір бүтін (одноцелое) дейтін себебі – тіркескен сөздердің соңғылары септеледі де, бағыныңқылары орыс тіліндегідей септелмейді. Бұл анықтама бойынша лексикалық тіркестерді ғана сөз тіркесі деп тануға болатын тәрізді. Бірақ автордың келтірген мысалдарында, сөз тіркестерінің топтастыруында ол байқалмайды. А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін былай бөледі: 1) детерминативті; 2) салалас; 3) сабақтас; 4) сөйлем. Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын. Дегенмен автордың сөз тіркесі аясында әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады.

Сондықтан Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керек екеніне ерекше көңіл бөледі: “Технический и словосочитание и предложения представляют собой группу или комплекс нескольких слов. Тем не менее, принципы по которым соединяются оба комплекса, совершенно различны. Всякое синтаксическое сочетание, части которого не осознаются нами как внутрение связанные подлежащее и сказуемое, будет не предложением а словосочитанием”. Мұндағы бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер тобының бәрін сөз тіркесі деген пікір дәлелдей түсуді тілейтін болар, бірақ ғалымның сөз тіркесін сөйлемнен айыру керек екенін айтқанының үлкен мәні бар. Сол талап Н.К.Дмитриевтің сөз тіркесі жайында жазған мақаласында да принципті мәселенің бірі ретінде қарастырылады да, сөйлем мен сөз тіркесін олардың білдіретін мағыналарына қарап айыру керек екенін уағыздайды. Сөйлем байымдауды (суждение) білдіреді, сөз тіркесі оны білдірмейді дейді.

Осындай “суждение” дегенді сөз тіркесі мен сөйлем арасын айырып тұратын межелі жік деп тану Н.А. Баскаковтың жазған мақалаларында да бар.

Бұл пікірді құптауға болмас. өйткені “Суждение” (байымдау) біріншіден, грамматикалық категорияларға тән ұғым емес, логика ғылымына тән. Оны елемегенде сөз тіркесі болып есептелетін синтаксистік топтар сөйлем сияқты кісінің ойын білдірудің, қарым-қатынас жасаудың да формасы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Соны жоққа шығару үшін Н.А.Баскаков, А.И.Инкижекова – Грекулмен бірігіп құрастырған хакас-орыс тілінің сөздігі соңындағы грамматикалық очеркте етістікті сөз тіркесінің басыңқы сөзі есімше, көсемше тұлғалы болуын талап етеді. Автордың ойынша онда болды десек – сөйлем, онда болған, онда болып десек – сөз тіркесі. Сондай-ақ атқа мінді – сөйлем, атқа мініп, атқа мінген – сөз тіркесі. Сөз тіркесін қарастыруға ешқандай қатысы жоқ (жіктік, есімше, көсемше) тұлғаларға сүйеніп сөз етпей, тек атқа мін, онда бол десек, қайтер еді? деген сұрақ туады.

Сөз тіркестері мен сөйлемнің бір емес екенін мағыналарына қарап та, әлгідей тұлғалық дәйекші қою арқылы да айыру мүмкін емес. Сөздер тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп те тануға болатын орайы бары рас. Сонда да сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне қарап танып, сөз тіркесін де өзіндік қасиеттеріне қарап, мысалы, жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі ретінде қарастыру керек. Осындай мысалдарды тек сөз тіркесі, не тек сөйлем ретінде тану үшін Н.К.Дмитриев те, Н.А.Баскаков та “атрибуттық” топтарды ғана сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков “атрибуттық” сөз тіркесі дегенді кең түрде түсінеді. Сонда анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе – сөйлем, сөз тіркесі емес деп таниды.

Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зерттеудің объектісі еткен кісінің бірі – Е.И.Убрятова. Ол “Исследования по синтаксису якутского языка” деген кітабында сөз тркестерінің түрлерін, негізінде, синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады: Сөйте отырып сөз тіркесін “бір бүтін мағыналық единица” (“целостная смысловая единица”, деп танып, екінші жағынан, сөз тіркестерін “предикативті”, “предикативті емес” деген тұрғыдан да қарастырады.

Е.И. Убрятова да сөз тіркестерін сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп жан-жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған дұрыс қорытындылармен қатар лексикаға және сөйлем синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар. Жалпы алғанда, бұл аталған кітап – құнды еңбектердің бірі.

Орыс тіл білімінде В.В. Виноградов еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі бір жеке объектісі ретінде қарала бастады. Сол кезден осы күнге дейінгі орыс тілі жайлы еңбектердің барлығында синтаксистің басты объектісі ретінде сөз тіркесі және сөйлем деп берілу негізгі бағыт болып отыр.

А.Н. Гвоздев, Д.В. Фоменко сияқты ғалымдар, әсіресе, соңғы ғалым “Словосочетание является ли единицей языка” деген арнайы мақала жазып, онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға тиіс емес деген қорытындыға келді.

Негізінде сөз тіркесі синтаксисі, синтаксистің негізгі бір саласы. Ол дау тудырмаса керек. өйткені, біріншіден, осы уақытқа дейінгі бүкіл грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлемнің де іштей өз жасалу жігі, өзіндік тобы болатыны еске алынуы керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы ғана көріне алады. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлем де емес. Бірақ сол сөздер бір-бірімен тіркесу арқасында сөйлемнің аясын кеңейту, соны дамыту үшін жұмсалады. Соған материал болады. Сол материалдық топты өз алдына жеке объекті ретінде қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік тілдік единица екенін дәлелдесе керек.

Сөз тіркесінің сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы да бірнеше көзқарастарды байқауға болады. Жалпы сөз тіркесі мен сөйлемнің әрқайсысының қызметі бар. Сол қызметі сөз тіркесінде номинативті сөйлем, коммуникативті екені туралы пікір алғаш рет В.В.Виноградовтың еңбектерінде кездессе, соңғы еңбектерде олардың ерекшеліктері түрлі бағытта айтылып жүр.

В.В. Виноградов, А.С. Смирницкий, В.В. Бабайцева, А.Н. Баскаков сөз тіркесінің номинативті мәнін айтса, В.Г. Адмони сөз тіркесінде номинативті мәнімен бірге коммуникативті мәні туралы да айтады. Ю.В. Фоменко сөз тіркесінің номинативті екенін жоққа шығарса А. Моисеев, М.Балақаев сөз тіркесінің грамматикалық жағына назар аударады. Жалпы номинативті мән сөзге тән, сондықтан да сөз заттың, қимылдың, санның атауы болатыны дау тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен номинативті мән іздеудің ойға онша қона қоймайтынын мынадай жайттардан байқауға болады.
Сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті атаулардан құралған синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативті (атауышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. Олай болса, жақсы студент, екі бала, баланың кітабы деген сөз тіркестеріндегі әрбір бағыныңқы сөздердің әрқайсысының өзіндік номинативтік мәні бар екені мәлім. Енді сол номинативті мәні бар сөздердің тіркесі (сөздердің тіркесі) арқылы тағы бір номинативті мән пайда болды деуге келе бермейді. Демек номинативтік мән тек жеке сөздерге тән, кейде ондай мән сөз тіркестеріне формалдық жағынан ұқсас келетін күрделі сөзді терминдер мен күрделі атау, газет, журнал, мақала, кітап аттары ғана болады.

Қорытынды.

Контаминация құбылысының қазақ тіл білімінде тың тақырып екені – оның аз зертелгенінен, осы күнге дейін өзіне ұқсас бірліктерден ара жігі ашылмағанынан көрінді. Бұл құбылыс ХХ ғасырдың 20-жылдарында орыс тіл білімінде жаңадан қалыптасып, басқа тіл білімдерінде, соның ішінде қазақ тіл білімінде қарала бастады. Бұл салада алғаш мақала жазып, зерттеу жасаған белгілі ғалым С. Исаев болды. Бірақ бір ғалымның зерттеу жұмысы контаминация сияқты жеке бір сала бола алатын құбылыстың толық мәнін ашуға, әрине, аздық етеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей контаминация құбылысының жасалу жолдары өзіне ұқсас бірліктердің, соның ішінде сөз тіркесінің, қысқарған және біріккен сөздердің жасалу жолдарына ұқсас келіп, кейде ара жігін тап басу қиынға соғады.

Ал, енді контаминацияны сөз тіркесіне қатысты қарайтын болсақ, әдетте сөз тіркесі сөйлем құрамында жұмсалады, яғни “словосочитание- это смысловое и грамматически оформленное соединение двух или нескольких знаминательных слов и форм слов, служащее для обозначения сложного понятия”. Кез келген сөздің тіркесу қабілеті қаншалықты кең болғанымен, олар қалай болса солай тіркесе бермейтіні анық..

Солай бола тұрғанымен тілдің даму барысында жаңа ұғымды, ойды білдіру үшін не болмаса басқа экспрессивті-эмоциональді реңк істеу үшін кейде тіркесудің қалыптасып қалған белгілі жүйесі сақталмай, бір сөз бұрын тіркеспеген екінші тың сөзбен тіркесіп, жаңа сөз туатыны байқалады. Осындай жаңа тіркестердің оқшауырақ бір түрі-контаминация арқылы түзілген тіркестер.

Контаминация сөзінің өзі латын тілінен аударғанда екі элементтен үшінші жаңа бір элементті жасау дегенді білдіреді.

Мысалы, мектеп тәжірибесінен ұлғайған ой-пікірлер профессор С. Аманжоловты да “қазқ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын” жазуға итермеледі. Контекст бойынша берілген сөз тіркесінің орнына жиналған ой-пікірлер болуы керек еді. Бірақ автор жиналған ой-пікірдің үлесін биіктетіп ұлғайған сөзімен алмастырып отыр. Ал ұлғайған сөзі жас сөзімен тіркеседі. Сонда бұл тіркес ұлғайған жас және жиналған ой-пікірлер сөз тіркестерінен жасалған үшінші жаңа сөз тіркесі, яғни контаминация құбылысының жемісі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Г.В. Ким., Г.Ф. Булгакова, Ш.А. Тунгачина. Синтаксис простого предложения. 1982. Алматы. Ана тілі. 191 бет.

2. Қазіргі қазақ тілі. 1954. Алматы, 80-бет.

3. А.Н. Гвоздев. “Очерки по стилистике русского языка, М., 1955. 277 бет.

4. С. Исаев. Қазақ тілінде кездесетін кейбір контаминациялық құбылыс жайында //Қазақ тілі және әдістеме мәселелері/ Алматы, 1969.

5. Н.Ю. Шведова Активные процессы в современном русском синтаксисе. М,1966.стр.5

6. А.П.Поцелуевский. Основы синтаксиса туркменского литературного языка, Ашхабат, 1943, 51-бет.

7. Н.К.Дмитриев. Грамматика башкирского языка. М-П., 1945.202-203 бет-р.

8. Н.К.Дмитриев.”Детали простого предложения”,- Сборник. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, Ш (синтаксис) М., 1961, 43-бет.

9. Н.А.Баскаков. “Словосочитения в каракалпакском языке” –Сборник. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, Ш (синтаксис) М., 1961, 50-бет.

10. Убрятова. “Исследования по синтаксису якутского языка” М.П, 1950. 82-бет.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ