«Мамандықты таңдау-болашақты таңдау» атты психологиялық сағат

Туған елім - Қазақстан (бастауышқа арналған шығармалар жинағы)
Іс-шараның тақырыбы: «Мамандықты таңдау-болашақты таңдау».

Мақсаты: оқушылардың әр түрлі мамандықтарға деген ынтасын арттыру және білімдерін кеңейту, кәсіптік бағыт-бағдар беру.

Көрнекілігі: А3, фломастерлер, карточкалар, ойынға арналған белгілі заттар, микрофон, экран мен проектор, стикер.

Түрі: кездесу

І. Ұйымдастыру

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық таңдау-болашақты таңдау» атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер!

«Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» деген мағынаны білдіреді. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр — түрі болмады. Мамандық біреулер үшін –ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа талпыныс. Мамандықты таңдауда әр адам өзінің қабілетіне, қызығушылығына, бейімділігіне сүйену керек.

II.Негізгі кезең

«Дирижер» ойыны

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін, психологиялық ахуалын қалыптастыру. Оқушыларға психолог белгі береді. Егер ол қолын жоғары көтерсе оқушылар қатты шапалақ ұрады, қолын алға созса орташа, егер төмен түсірсе ақырын шапалақ ұрады. Бұл ойын осылайша бірнеше рет қайталана береді. Яғни оркестрдағы дирижер рөлінде болады.

Келесі жаттығудан кейін алдын-ала таратылған стикерлердің түсіне байланысты оқушылар топқа бөлініп отырады.

1 тапсырма

Мамандық таңдауда қателеспеу үшін не істеу керек? (мамандық туралы, өзіңнің қызығушылығыңды, қабілеттерің мен қасиеттеріңді білу маңызды)

Әр топ өзіне берілген келесі тапсырмаларды орындау қажет. Болашақта кім болғың келеді, өзің қабілетің қандай, қазіргі уақытта мемлекетте қандай мамандықтар сұранысқа ие?

Осыған орай 3 топ өз ойларыңды жазып шықсаңдар. Қалаймын ( хочу), істей аламын (могу), Керек (надо) осылардың барлығының қиылысында дұрыс таңдау жасалады.

2 тапсырма

«Өмірлік құндылық бағдарлар»

Мақсаты: өмірлік құндылықтардың кәсіби және өмірлік стереотиптермен арақатынасы

Нұсқау:оқушыларға төмендегі құндылықтар карточкаға жазылып беріледі. Осы құндылықтар қандай мамандықпен әлеуметтік типтерге тән екендігін анықтау.

-денсаулық

-қызықты жұмыс

— жақсы және адал достарының болуы

-даңқ, атақ

— таным, зияткерлік даму

— қоғамдық және саяси белсенділік

— ойын-сауық, жағымды уақыт өткізу

— еркіндік, дербестік

— бақытты отбасылық өмір

— шығармашылық

— сәнді заттарға және беделге ие болу

— басқалардың игілігі туралы риясыз қамқорлық

— өмірге деген қызығушылық, әзіл сезімі

— логикалық ойлай білу

— қиындықтардан бас тарта білу

— басқалардың көзқарастары мен пікірлеріне төзбеушілік

— шыншылдық

-еңбексүйгіштік

Келесі кезекте видеороликке назар аударайық.

Видеоролик «Сұранысқа ие мамандықтар». Көрермендердің ойын тыңдау.

Топтар ойыны

1 топ.

Тренинг «Шынымен бұл мен бе?»

Мақсаты: өз-өзін тануға ынталандыру

Шеңбер бойынша әртүрлі шағын заттар бар пакет беріледі. Әрбір қатысушы өзіне ұнаған кез келген затты таңдайды. Шамамен екі минут оны қарайды. Содан кейін қатысушылар таңдалған заттың атынан өзі туралы әңгімелейді. Мысалға мен телефонмын, мен күні кешке дейін қоңырауларды қабылдап, хабарламаларды иеме жеткізіп отырамын.

2 топ.

«Мамандықты қимылымен көрсету» ойыны

Нұсқау: Оқушыларға белгілі бір мамандықтар жазылған карточкалар таратылады. Олар оған 2 минут дайындалып, мимика арқылы аудиторияға көрсету қажет.

1.Бармен

2.Дворецкий

3. Визажист

4. Полиция

5. Психолог

6. Шахтер

7. Стюардесса

8. Космонавт

9. Хакер

10. Актер

3 топ.

«Жаңа мамандықтар» «Современные профессий»

Мақсаты: оқушыларды жаңа мамандықтармен таныстыру.

Оқушыларға дайын карточкаларда жазылған мамандықтар тізімі беріледі. Олар топпен әр мамандықты жазу қажет. Төмендегідей мамандықтар беріледі:

1. Блогер

2. Веб дезайнер (оформление сайтов,создание идеи и разработка макета сервера)

3. ІТ- специалист (занимается информ-ми технологиями)

4. Флорист

5. Дефектолог

6. Риэлтер (специалист поработе с недвижимостью).

7. Гид (проводник сопровождающий туристов)

8. Дегустатор (специалист по дегустации- оценке пищевого продукта по виду, вкусу и запаху)

9. Логопед

10. Геолог

Қортындылау.

Рефлекция. Оқушылар бүгінгі өткен психологиялық сабақтан қандай әсер алды, жаңа мамандықтар туралы не біле алды, қандай сәттері ерекше ұнағаны туралы өз ойларын жазу.

Мамандық таңдау-жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі күні өз қабілетімізге қарай мамандық пен кәсіптік бағдар жасауда алға қадам жасадық. Біздің болашағымыз-біздің мамандығымызда!

Осымен, сыныптан тыс шарамыз аяқталды. Қатысқан топтарға көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Авторы Аугонбаева Асель Нурланкызы

Басқа да мақалалар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ