Мектеп мұғалімдері мен мектеп психологтарына арналған ойын жаттығулар

Туған елім - Қазақстан (бастауышқа арналған шығармалар жинағы)
«Мектеп мұғалімдері мен мектеп психологтарына арнлағна ойын жаттығулар»
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынас нығайту, жағымды көңіл-күй тудыру, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Жоспары:

1. Сәлемдесу

2. «Кір жуатын машина» ойыны

3. «Орын алмасу» ойыны

4. «Мен кіммін және мен қандаймын»

5. Қорытынды

Ұйымдастыру: 1. Амандасу

Психолог: Сәлеметсіздерме құрметті семинарға қатысушылар! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингтерге ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Ал енді басында таратылған стикерлерді тренинг аяғына дейін сақтап отыру сұралады. Жүрекше таңдаған мұғалімдер ортаға шығуларыңызды сұраймын.

2. «Кір жуатын машина» ойыны

Психолог: қазір жасайтын жаттығу топты 2-ге бөлуді талап етеді. Сондықтан 2-топқа бөліп алайын. Алма, алмұрт әдісімен. Бір-бірлеріңізге қарама-қарсы тұрсаңыздар. Қазір біздің ойын «Кір жуатын машина деп аталады». Ортаға 1 адам шығады. Сіз кір боласыз. Орталарынан өткен кезде олар сізді жуады, яғни сипау арқылы жуады. Топтың аяқ жағындағы 1 адам сіз сыққыш боласыз. Жуылған кірді сығасыз. Сығушының рөлі жуылып келген кірді қатты құшақтап қысады, яғни сығады. Сөйтіп барлық қатысушы жуылып, сығылып шыққанша ойын жалғасады.

3. «Орын алмастыру» ойыны

Енді алма пішінді фигура алғандар ортаға шығуларыңызды сұраймын. Қазір біздің ойын «Орын алмастыру» деп аталады. Бұл қимыл-қозғалыс ойыны, әрбір адам туралы мәлімет алуға бағытталған. Бұл ойынды ойнау үшін шеңберге тұруларыңыз қажет. Мен сіздерге қазір нұсқау беру арқылы сөз тіркестерін айтамын. Мысалы, кім алманы жақсы көреді сол адамдар орындарын ауыстырсын деген кезде сол адамдар ғана орындарынан алмасады. Ал алманы ұнатпаған адамдар орындарында қалады. Яғни шеңбер орын ауыстыру кезінде толықтай қалу керек, бос орын қалмау керек. Ал енді мен сіздерге сөз тіркестерін айтуды бастаймын.

— Бір мекемеде өмір бойы жұмыс істейді сол адамдар орындарынан алмассын

— Өз жұмысын жақсы көреді

— Мұғалім қызметінде 10 жылдан аса жұмыс істегендер

— Мұғалім болуды бала кезден армандаған адамдар

— Кімнің балалары бар

— Біздің мектепке бірінші рет келушілер.

4. «Мен кіммін және мен қандаймын».

Психолог: Сіздерге таратқан стикерлерді 2-ге бүктеңіздер. Бірінші жағына «Мен қандаймын» яғни өздеріңіздің бойларыңыздағы 3 қасиеттеріңізді жассаңыздар, ал екінші жағына «Мен кіммін» деген сұраққа 3 зат есім жазыңыздар. Енді беттеріңіздегі сөздердің екеуін қосып оқыңыздар. Мысалы, мен байсалды психологпын.

5. Қорытынды.

Сонымен бүгінгі тренингіміз аяталды. Сау болыңыздар.

Автор Аугонбаева Асель Нурланкызы

Басқа да мақалалар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ