Пән: Сауат ашу Мектеп:№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебіҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым Күні:24.11.2017ж. Мұғалімнің аты-жөні:Рахметова А.К. Сынып:1ә Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы
|
Тақырыбы: Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. \3 сағ\ |
Оқу мақсаты: |
1.1.9.2. дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну. 1.1.8.1. берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту. |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады; Оқушылардың көбі: Сөздерден сөйлем құрастырады. Кейбір оқушылар:Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады. |
Тілдік мақсаттар: |
Пәнге тән лексика мен терминология: Қарама-қарсы сөздер: Астында- үстінде, күн- түн, ыстық- суық. Отбасы мүшелері: ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, сіңлі, қарындас, іні т.б. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқыланатын мәселелер: -Мәтін не туралы? -Үйде тамақ дайындайтын кім екен? -Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? Ққ дыбыс мен әрпін біледі. Оқушылар буындап оқиды, отбасы мүшелерін айтып береді, сөздерінің мағынасын ұғады. |
Құндылықтарды дарыту: |
Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, жауапкершілік, өмір бойы білім алу. Отбасының, достарының алдындағы жауапкершіліке тәрбиелеу. Ұжымда бірлесе жұмыс жасауға баулу. Адалдық қағидаларын қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыстар | Математика, дүниетану, музыка |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта |
Бастапқы білім | Отбасымен таныс, отбасы мүшелерін біледі.Қарама-қарсы сөздерді табады. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы
|
Ширату: Кел, балалар, оқылық! Ы.Алтынсарин
Топқа бөліну: «Буын», «Сөз», «Сөйлем» үш топқа бөлінеді. Ой қозғау -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыстар қалай айтылады? -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? -Балалар дыбыстардан не құраймыз? -Буын. -Буыннан не құраймыз? -Сөз. -Сөзден не құраймыз? -Сөйлем. Ал,балалар! Біз өткен сабақта қай дыбыстың таңбасын жазып үйрендік? -Қ дыбысы -Қ дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз.
1топ: Буын айтады 2 топ: Буынға сөз айтады 3 топ: Сөзге сөйлем құрайды.
ҚБ — Мұғалімнің ауызша кері байланысы арқылы: Жарайсың! Бәрекелді! Өте жақсы! |
Суреттер: Ы.Алтынса рин
|
|||||||||
Сабақтың ортасы
|
1 Оқулықпен жұмыс. Тапсырма Оқылым (Т) Топтық жұмыс: Бағалау критерийі: Білім алушы
Қа-ла қа-ра қа-ла тақ-та қо-ла қо-ра қо-нақ тақ-та а-сық қар-мақ тал-қан Қа-нат
—Дескриптор: Білім алушы
ҚБ — «Бармақ» арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
2 (Ұ) Ұжымдық жұмыс: Бағалау критерийі: Білім алушы
Тапсырма Жаңылтпашты жатқа айту Қойбағар тойға бармай, қойға барды, Тойбағар қойға бармай, тойға барды.
ҚБ – Мұғалімнің ауызша кері байланысы
3 Оқулықпен жұмыс. Тапсырма Оқылым (Ұ) Ұжымдық жұмыс: Бағалау критерийі: Білім алушы
Анам ас әзірледі. Ол, қасық, шанышқы алды. Мен атамды тамаққа шақырдым. Қуырдақ жедік. Артынан ыстық шай әкелінді.
—Дескриптор: Білім алушы
ҚБ – Мұғалімнің ауызша кері байланысы «Смайлик» арқылы бағалайды.
4 Жазылым. Дәптермен жұмыс: 35 бет (Ө) Өзіндік жұмыс Тапсырма: —Дәптер бетіндегі Ққ әрпін жазады -Қария, қасық, аққу сөздеріне тиісті әріпті табады, жазады ҚҚҚҚҚҚҚқққққққққ
ҚБ — «Оң қолым, сол қолым» жұп бір-бірін дәптерге смайлик жапсыру арқылы бағалайды.
5 (Т) Топтық жұмыс: «Кэрролл» диаграммасына салу (Әр топ берілген суреттерін жапсырады.)
ҚБ — Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
6 Жазылым. Дәптермен жұмыс (Ж) Жеке жұмыс Сөздік диктант Тапсырма: —Айтылған сөздер мен сөйлемдерді жазады Мата, қала, мысық, Қанат, маса.
Қуат қармақ алды. Қанат алма ал. Қасым алтыда.
ҚБ — Мұғалімнің ауызша кері байланысы. |
Сауат ашу оқулығы
|
|||||||||
Сабақтың соңы
|
(Т) Топтық жұмыс Бағалау критерийі: Білім алушы
Суретте көрсетілген заттарды ата. Сөйлемдер құра. Дескриптор: Білім алушы
ҚБ – Бармақ арқылы бағалайды. Суретпен жұмыс 3 топ сюжетті суреттер беріледі. Сөйлем құрайды. Тапсырма: Әр оқушы өз отбасы туралы айтып береді. Менің отбасым Менің отбасымда бес адам бар. Анам, әкем және екі сіңілім. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз. Кері байланыс «Еркін микрофон» әдісі -Бүгінгі сабақта не ұнады? -Қай тапсырма қызықты болды? -Қ дыбысы бар сөздер ойла. |
|
|||||||||
Саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында төмендегідей тапсырмалар ұсынылды:
А-Суреттен Қ дыбысы бар сөздер табады. С-Сюжетті суретке сөйлем құрайды. |
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін анықтау мақсатында қолданылған ҚБ әдістері:
Мұғалімнің ауызша кері байланысы «Бағдаршам» «Аялдама» «Оң қолым, сол қолым» «Түрлі фишкалар» |
Денсаулық және қауіпсіздік Техникасы ның сақталуы
Интербелсен ді тақтаны шамадан тыс пайдаланбау, партада отыру ережесін еске салу. Саусақ моторикасын дамыту. |