Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ

Күні: 27.11.2018

Сынып: 1 «В»

Мұғалімі: Исабаева А.Ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым, интертақта
Тілдік құзыреттілік Ұ дыбысы мен әрпі.
Алдыңғы оқу: Әріптерді таниды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Табыс тілеп өзгеге

Жаңа білім алуға

Алға қадам тастаймыз!

Оқушылар көңіл-күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

«Кезбе тілші» әдісі fрқылы өткенге шолу жасау

-Қане, кім айтады дыбыс дегеніміз не?
-Дыбысты біз естиміз, айтамыз, ал әріпті біз жазамыз, көреміз.(жауап береді)

Жарайсыңдар балалар!

 

Айтылым

— Балалар, мен сендерге тақпақ оқимын, соның ішінде қай дыбыс жиі естіледі екен?
«Ұлпабастың басына
Ұлу шықты асыға.
Ұстап алмақ боп оны, 
Ұзақ қонды қасына.
Ұмтылғанда ол енді, 
Ұлу қаша жөнелді»

Мына суреттегі қандай жәндік екен? /ұлу/

Дыбыстық талдау жасалады.

— Ұлу дегеніміз жәндік міне мынандай болады. Оның өзінің үйшігі болады. Көбінесе сулы жерлерде тіршілік етеді.
* Балалар қай дыбыс жиі естіледі екен? (Ұ дыбысы)
* Ұ дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
* Ұ — ұ — ұ
* Ұ дыбысы қалай айтылады?
* Иә, әндетіліп, созылып айтылады, екен.
* Ұ дыбысы қандай дыбыс?
* Иә, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

Балалар біз бүгін сабақта мынаны үйренеміз.

  • Ұ дыбысы мен әріп таңбасымен танысу және түсініп тыңдап,сұрақтар арқылы талқылау.
  • Жазу каллиграфиясын үйрену

    АКТ-Ұ дыбысы мен әріпі видео

    Сұрау және айту оқушылар

«Галереяны шарлау» әдісі

Ұ дыбысы бар суреттерді тақтаға ілу

*Ұ дыбысының баспа және жазба түрі болады екен балалар

Дәптермен жұмыс
Ұ әрпінін баспа және жазба түрін көрсету.Ұ әрпінін кіші әрпін жазуды ауада жазып көрсету.Тақтада жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ/запись

 

 

 

 

 

 

 

Сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кір қыстырғыш Ұ әріпі бар сөздер суреттермен

 

Сергіту сәті

2 мин

«Ұшты ұшты» ойыны арқылы сергіту

Ұшты, ұшты ұршық ұшты

Ұшты, ұшты мұғалім ұшты

Ұшты, ұшты ұлар ұшты

Ұшты, ұшты құмырсқа ұшты

Ұшты, ұшты құмыра ұшты

Ұшты, ұшты ұшақ ұшты (егер ұшатын нарсе болса алақан ұрады, ұшпаса ұрмайды)

Сабақтың ортасы

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата,ана,әке,әже бала-бұлардың бәрін бір сөзбен қалай айтуға болады?

-Отбасы

-Отбасы-семья-femili

Отбасы қайда тұрады ?

-Үйде

-Біздің сынып та бір отбасы

— сыныпта

-Олай болса ,бәріміз бір отбасындай тату болып,бір-бірімізді сыйлап, сабаққа жақсы қатысып отырайық, топтық тапсырма

Топтық жұмыс (ТЖ)

1-топ: Суретті сәйкестендіру

2-топ: Әріптерден сөздер құрау және оқу (ұл, ұлу, ұран)

3-топ: Суреттердің ішінен «Ұ» дыбысы бар суреттерді тауып желімдеу

4-топ: Сөздерді оқу, дыбыстық талдау жасау. (Ұста , ұлу, ұшу)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қима қағаздар, плакат, маркер

Қызықты тапсырма

Аяқталуы

3 мин

 

Жеке жұмыс

«Зейінді бол» ойынын ойнаймыз.

Конверттер таратамын, ішінде текшелер бар.
Мен сөздер айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені қоясыңдар
-Жарайсыңдар, балалар!

-Сендердің парталарыңда қағазда ұ әрпі жасырынған тапсырма бар. Сендер барлық ұ әрпін тауып бояуларың керек.

ҚБ

 

Конверттер

 

Сабақтың соңы

 

Кері байланыс

«Бағдаршам әдісі»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

-Ұ дыбысы қандай дыбыс ?

 

-Сөздің қай жерінде кездеседі екен.?

 

Топпен жұмысын бағалаймын

-Дыбыстық талдау жасағанын бағалаймын

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау к минөрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар адасқан буындардан сөз құрайды. Және сызба арқылы сөйлем құрайды.

 

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ