НҰРЫМ ЖАРШАҒҰЛЫ

Әбіш Кекілбаев

НҰРЫМ ЖАРШАҒҰЛЫ

(1825 — 1898)

Дәстүрлі жыраулық сарынды жалғастырушы, бұқара халықтың мұңын, ел бірлігі мен ер тірілігін көксеген, он екі ата байұлының әйгілі ақыны. Ақынның өз сөзімен айтсақ, ол туралы былай депті:
Он екі ата байұлы

Сахараның мен Нұрамы,

Су тағының кұлыны,

Тайпалмас жұйрік, жорғасы,

Бұл сөздерінде ол өзін коркем сөзге алдына салмас өрен жүйрік, сауырынан су төгилмес, төрт аяғы тең жорға, саңлақ бейнесінде танытады. Асылы, ақынның өзіне берген бұл бағасы шындықтан алыс емес.

Нұрым қазіргі Маңғыстауға қарасты Қарақия деген жерде, Жайық жайлап, Тайсойған, Бүйрек қыстаған адай елінде туып-өскен. Әкесі Жаршағул шаруа болған. Нұрым жасында ауыл молдасынан оқып, ислам діні бағытында тәрбие алган.

Қазақ және көрші түрікмен елдерін жас шағында аралап, білім алу жолында біраз ізденген. Халық ақындарының дәстүрлі мектебінен өткен. Хиуада мұсылманша оқыған.

Хиуада пірдің мәскері,

Көриуге діннің қастерін,

Одан да талап ойланып,

Алаштың көрдім жат жерін …

Оқыған соң мен білдім,

Құранның аят- дәрісін…

Парлап жазған бұл сөзим,

Болмаса рас жалған ба ?

 

Оқытушы кезінде, жас шағында, Нұрым да ескі ақындар дәстүрі бойынша озі жаттаған араб әріптерін жыр еткен. Ескі әліппеге тән арбір әріпке койылатын атауларды ұйқастырған.

Әлін – бір алда, тұр карап,

Біз жүрміз жаттап үйреніп

Би менен тидің екеуің

Тілге басшы болсын деп,

Кағазға жазған ұйғарып,

Науқы менен мақпозға

Періштелер жиналып,

Тамам діннің дерегі

Әдетпенен иланып,

Сиындық жапар аллаға.

 

Өлеңде мұсылман жазуын таратушылардан саналатын Науқы мен Мақпоз әулиелердің аттары, олар туралы аңыздарды еске салады. Дұрысында Науқы мен Мақпоздар періштелер қолдаған әулие емес. Христиандардағы Кирил мен Мефоди сияқты алғашқы зиялылар болса керек. Егер олай болса, бұлар басқаша көзқараста, ғылымға еңбегі сіңген адамдар ретінде танылуы абзал.

Нұрымның дүниетанымы өз уақтындағы мұсылмандар түсінігі тұрғысынан аса алмағаны кумәнсіз.

Мұсылманша оқыған ақын болғанымен, Нұрым дін жолына беріліп те кетпей, жастайынан ел аралап, өлең-жыр айтумен ерте шұғылданған. Нұрымның Жаскелең, Әубәкір молда, Қашаған, Балмырза, Беріш қызы, Тананың төрт ақыны тағы басқа кейбір ақындармен айтыстары мәлім.

Нұрымның Әубәкір молдамен айтысында молдалардың қулық-сұмдығы сыналады. Ақын Әубәкірді Қазақтың жебір, арамза молдасы деп айыптайды.

Мен келдім Мырзалының ордасына,

Жолықтым Әубәкірдей молдасына.

Бір жүйрік осы арада бар деген соң,

Көңілім тоқтамады бармасыма.

Жолықпай бұл қазағым журген шығар,

Кесетін қорғасынды алмасына.

Қазақтың молдалары жейді харам,

Болғанда тәңірі мақшар кисап күні

Береді не деп жауап алласына

Ал Жаскелеңмен айтысқанда Нұрым адайдың елі мен жерін, Есеттей ерін дәріптеп, оларды тіліне тиек етеді.

Маңғыстауда берекет,

Әнекей сонда керемет.

Кетсе кемін толтырған,

Адайдан шыкты Ер Есет.

Садуакас сом бидің

Жомарттығы кем емес,

Көлденең қазақ баласы

Көркемдікке тең емес…

Есетім менің ер болды.

Дін үшін емес, күн үшін.

Мыңнан саулық қоздаған,

Жүзден інген боздаған…

Нұрым да басқа айтыс ақындары сияқты елін мақтайды. Халқым шетінен дәулетті, әркімнің алдында «Мың саулық қоздаған» деп, өз жұртын жер-көкке көтереді. Енді Нұрым мен Беріш қызы диалогінен бір мысал келтіре кетелік:

Нұрым :

Айтайын ал дегеннен, ақын апа-ай

Сөзимнен салған жерден сені жанай.

Ерегес екі талай болған жерде,

Салдыртып озып жүрміз біздер талай.

Байрағын бізге берген талай жүйрік

Дуниеден кім көшпейді болса бұйрық,

Кезегін енді сөздің сізге бердік.

Қыз:

Сен, жігіт, мазамды алдың айқай салып,

Беріш кыз атым менің тұрсаң танып.

Қорықпай қыз тұсына келемін деп,

Сан жүйрік кұр сандалған есі танып.

Көрмеген бұрын жүзін кұрбы екенсің,

Айт маған аты жөнің танысалық.

Айтыс осындай танысу создерден басталып, ары қарай жалғаса береді. Бұл айтыстан да Нұрымның сөз тапқыр, ойы жүйрік ақын екені бірден көрінеді.

Нұрымның табан асты сөз тапқыр шешен ақын болғандығына оның Жиенбет елінің төрт бірдей ақынымен тіл қағысып, оларды бірден басқа ұрғандай тоқтатып кеуіде куә бола алады. Ел аралап жүрген Нұрым жол тоспайлап, сөзден бөгемек боп тап берген төрт ақынның ауыздарына былай деп кұм кұйып кетіпті:

Пәлеге тап болдым ғой таналаған,

Көп қарға бір сұңкарды паналаған,

Ортаңа мен бір келген көкжал бөрі

Төрт төбет айналамда аблаған.

Бұл сөздер тана руынан шыққан төрт ақынға оқтай боп тиеді. Олар әр карай айтысыуға жасқанып, Нұрымға сыйсияпат көрсетеді.

Ақынның жеке тақырыптарға жазған өлеңдерінің де әлеуметтік мәні жоғары, ойлы, парасатты. Оның шығармаларында адамгершілік сарын басым. Кейбір өлеңдерінде діни ұғымдар кездессе де, ол өмирден түңілмейді, адамның болашағына сенім білдіріп , оның ынта- жігерін ардақтайды. Адамның қоғамдағы мәні, өмірден алар орны туралы пікірлері де көңіл аударарлық.

Ақын адамды дуниенің сәні, маржаны, өмірдің қожасы, зор алып куш деп ерекше бағалайды.

Жақұт, маржан секілді,

Адамзаттың баласы.

Дуннеге келді сәп болып,

Алыптай кушти нән болып…

Нұрым- халық ерлігін ардақтап ұзак толғаулар шығарып айтқан жырау. Оның «Жауміт шапқанда» атты ел басына екіталай кун туғанда ерлік іс көрсеткен батырларды жырлаған толғауы мәлім. Бұл жырдың ұзын ырғасы 200 жолдан астам. Ақынның бұл толғауы былай басталады.

Ойыл, Киыл, Жем, Қайнар,

Көлденең жатқан ел жайлар,

Бөтегесі бөлден шық.

Жегендерді желдентіп,

Қонушы еді карыштап,

Маңғыстаудың ойынан

Көшип шыққан көп байлар,

Желпіндіріп ат сайлар,

Желбіретіп ту байлар…

Жырда ақын ел тарихын, адайдың көші-қону мекендерін, жау айбынар ерлерін, әділғазы билерін жырлайды.

Ардақтап өскен ел үшін,

Арулап өскен қыз үшін

Еңіреп туған мұңды үшін

-Мен садақа деп еді.

Миллион байтақ ел үшін.

Сонда берди кұдайым

Бұрынғы ердиң үлгісін…

Мыңбай батыр бас болып,

Саманың шеті жарқудық

Тағы келді жиылып.

Ақынның жырлауында көзінде елге басшы боп қол ертіп, сөз ұстаған Төлеп би мен Мыңбай батырлар – нағыз халық ұлдары, «миллион байтақ ел үшін» еңбек еткен адал азаматтар. Олар – жауға қарсы халықты жұмылдыра, біріктіре білген басшылар. «Тентегін тиіп», түзу жолды ұстағандар, ар-намысты жібермей халқына қызмет еткендер.
Көктен нұрлар кұйылып,

Тебеген аяқ, тең жүріс,

Тентектер іштен тиылып

Тататұғын тұз-нәсіп,

әркімге содан бұйырып…

Нұрманның бир өлеңі 1908 жылы баспа бетін көрген. Ол –ақынның ел іші, ру арасы тартыстарын сипаттайтын 84 жолды толғауы. Елдегі жікшілдікті сынап, ақын ел арасындағы рулар наразлығын қоздырушыларға қарсы шығады. Жеке адамлар арасында болатын кейбір қырқылжың келіспестіктің екі елді жауластыруға дейин қозатынын көрсетіп, ондай даурыкпалыққа ақылы бар адамдар бармасқа тиіс, — деп, адамгершіл ақылдар айтады. Ақынның «Атамбекке» арнауы осындай.
Айтса дағы айналма,

Көрінгеннің сөзіне.

Әшкере болған ісің бар,

Жиылған жұрттың көзіне,

деп басталатын бұл толғауда , кезінде ел бастаған адай Атамбек батырдың адамгершілікке жат бір ісіне ақын наразылық білдіреді. Елдегі дауды басудың орнына оны өршіте тускеніне қынжылады.

Айдыннан ұшқан аққудай

Қоныушы едік өңменіп ,

Дарияның жарқын көліне.

Сізден кетсек қонармыз

Елсіз де жердің шөліне,

Жауһәрлі болат секілді,

Қарасам тақсыр өңіңе,

Ғаделет ісін болса да

Қарамай айтам көңіліңе…

Ел бастаймын деген адам өзінің жеке басы мүддесінен халық мұңын жоғары ұстай білуі керек деп, халық ынтымағы туралы ұзақ толғайды. Елдің берекесін кетіретін мансапшылдық ниеттен туған жеке егестердің халық тілегіне жат екенін айтып тоқтатады. Ел – жұрттың тыныштығын кетіретін егестен аулақ болуды тілейді. Береке — бірліктің кұдіретін ардақтайды.

Бұл жерде ақын батырды әдейі көтермелей сөйлеп барып, қатты сынайды. Оның алдында халық талабын ұсынып, бұл тілектері орындалмаса, одан қол үзуге даяр екенін білдіреді.

Яғный , елін тыңдамаса, ер тұл боп, екі ара біржола айрылып кететіні ескертіледі. Халық бақыты, жоқ- жітік камы әрбір ер-азаматтың алдына қояр мақсаты деп біледі.

Дареже қонған басың бар,

Бақытың аз кун артылып.

Жеделдес өскен жақсыны

Кунде тілер деймісіз,

Біз де келіп сарсылып,

Тусінбеске сөз айтсаң,

Есікті көтер сарт ұрып.

Әзледе бақыт тіленіп,

Хауа халқың жөн алған,

Пақырлар келсе төр алған,

Жауабымен сөз алған,

Бұл тілегім бермесең,

Екінші әрі айналып,

Босаганды көре алман.

Атаның ұлы болсаң, берекесіздікке жол бермей, ізгілікке ұмтыл, азғындарды ауыздықта деп ақыл береді жырау Атамбекке.

Нұрым — өмірді болжаған ойлы ақын. Өмір ағамы туралы түйіндері бір кездеги халық түсініктерін танытқандай. Өткінші дүниеден қапы қалмай, маңызды – мәнді істер жасап өтуді ұсынады.

Нешелі шешен өткен жок,

Қу домбыра қолға алып,

Нещелі сұлу жоқ,

Ақ бетін күнге қақтаған.

Нешелер батыр өткен жоқ,

Қу найзасын саптаған,

Елдің шетін сақтаған,

Бір өлімнің айласын,

Шыбын жанның пайдасын,

Ешкім ойлап таппаған

Өмірдің қызығы жастық шақ, қарттық оған қарама қарсы – ажарсыз, реңсіз. Сондықтан жастықтағы қызықта қымбат. Жас шағына адам немкұрайды қарамауы керек. Оның жақсы, пайдалы өтуін қамтамасыз етер болар. Әр нәрсе өзінің ретімен, сәнімен жаралған. Ал адам үшін сәнді де, мәнді де кезең жастық, — дейді ақын.

Арқар дейтін аң болар,

Ол арқардың мекені-

Асқар ала тау болар

Бәйгіден келген бозшұбар,

Бұны көркем көрсеткен

Құйрығы менен жал болар,

Жал- құйрықтан айрылса,

Шұбар шолақ тай болар.

Қартайғанда сұм өмір

Жас шағында ду болар.

Жастық пен адамгершілік ұштасып, бір адамның басынан табылса, лндай жігіт ел тілегін ақтайды. Жастық талап, жігер, қайрат адамгершіл парасат үшін қызмет етсе, одан күтер нәтиже көп. Адам қолы жеткенге масаттанып, тәкәппарсып, менмендікке ұрынса, одан жақсы қасиеттер аулақ қашады. Ондай адам елді бүлдірмесе, елдіұстап отыра алмайды. Басшы адамға керек қасиет –кішіпейілділік, ізгілік, адалдық, адамгершілк. Халқы үшін қызмет етуді бұндай жақсылар бірінші орынға қойса, керек. «Досқа күлкі, душпанға таба» болу-болмау да осы қасиеттердің арақатысына байланысты. «Өтембекке» арнауында осы ізгі пікірлерін былай түйеді :
Хақ, қәлемнің жолында,

Тәубесі қабыл болмайды,

Тәкәппарболған менменнің…

Зар боларсың күні

Халқыңның көңілін қалдырма,

Есікті кетсе сарт ұрып

Нұрым жай үгіт айтып, ақыл сөз термелеп қоймайды. Соған қоса, елге үлгі болар адам образын танытыуға талаптанады. Адамның жақсы қасиеттерін термелей отырып, ақын ерлікті бірінші орынға қояды. Елі үші еңіреп туған ер азаматқа деген ақын ықыласы бөлек. Өзінің «Шенен ер» деген жоқтау үлгісіндегі толғауында ол азамат ердің тұлғасын сұйсіне жырлайды.

Кешегі кеткен Шенен ер

Қатепті қара нар еді.

Төс табаны түрілген

Жүйрік еді саңлақты

Байрақты жерде жүгірген

Қара кылды қақ жарған,

Алысқа кеткен атағы

Қайыспас қара нар еді,

Қозғалмайтын қатебі

Ажарым еді Шенен ер

Жапырақтай жайқалған,

Жау жағыма пана еді,

Душшаның бетін қайтарған

Нұрым өлеңдері нақылдылығына қоса суретті. Ол адам бейнесін, сұлу келбетін айқын теңеу, эпитеттер арқалы шебер суреттеп бере алады. Өзінің бір ұзатылғалы жатқан ел сұлуымен қоштасу ретінде айтқан өлеңінде ол:

Қырымның жұрт жиылған қызығындай,

Бедерің бес жасыңнан тұр бұзылмай.

Қып – қызыл екі бетің алмадайын,

Базарда пұлықымбат қырмызыдай

Бай болсын, мырза болсын бұландаған,

Жүйріктің жері болмас сыналмаған

Сейілдеп серуенге шыға келсең,

Қорынып қасыңда ешкім тұра алмаған

Асылдай ақ күмістен айырулы – ай

Қасиетті бір мінезің абиұрлы-ай

Ақ бетің ақ жауқазын айға меңзес,

Бұқардың пұлы қымбат ақ ұнындай …!

Сұлуға тән қасиетті, оның бетажар көркіне ұштастыра табиғи портрет жасайды. Асылға тән керемет кескін –келбет суреттеледі :

Бір гулсің бақшадағы ашылмаған ,

Науқаның әзір күнге басылмаған

Ажары ақ бетіңнің айға меңзес,

Бұл дәурен бір күн – ақ-ты қайта келмес

Ақын өзінің суырып салма өнеріне шебер, тілге ұсташешен болғандығын мақтан етеді. Өз бойындағы ақындық талантты аруаққа сүйене біткен қас жүйріктің екпініндей тулы-шулы қасиет деп танытады.

Мен қашанғы жүйрігің

Той ішінде толғанған

Шыныменен шырқасам,

Бабам Қыдыр қолдаған

Көре алмаған біреулер

Сөз айтады сыртымнан

Қас жүйріктің белгісі

Айтулы жүйрік мен едім,

Дуды көрсе жулқынған,

Салдырмай қамшы ұмтылған

Асылы, ақын өз бойындағы ақындық талантты болжайда, бағалай да білген. Басқа да ақындар сияқты мен- мен – сіп, кеуделегенмен, орындыжерде сөз тауып айта алатын заманының даңқты ділмәрі болғаны сөзсіз.

Ақын, әзірше, осы талданған санаулы толғау, терме, арнау өлеңдермен мәлім боп отыр. Олардың ішінде әзірге баспаға шығып, кең тарағандары : «Мен қашанғы жүйрігің», «Ұсынсам Қолым жетер ме? », «Әлеумет келдің қаумалап», «Қоштасу», «Той бастар», «Көңіл айту» сияқты салт өлеңдер үлгілері және «Өтембекке», «Шенен ер» арнаулары.

Нұрым өлеңді көп шығарған. Жеке толғау, арнаулардан басқа, сюжетке құрылған жыр, дастандары да болған. Кейбір кәриялар осы кунге дейін айтып жүрген оның «Жәуміт шапқанда», «Балуанияз батыр», «Тоғыз ауыл», т.б. толғау, жырлары осыны растайды. Оның жырларын Гурьев обласы, Маңғыстау аудананың ақыны Мұрын Сеңгірбаев (1860-1954) ұзақ жылдар бойы жырлап келген. Осы Мұрыннан жазылып алынған қолжазбалардың ішінде Нұрым мен Қашаған өлеңдері көп.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ