Орманды бақылау

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.
Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Орман ресурстарын пайдаланудың нормативтері
  2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандардан

    молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік

    басқару және бақылау.

  3. Орман иелену және орман пайдалану құқығы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдибиеттер тізімі

Кіріспе

Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады. Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі.

Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы.

Орман ресурстарын пайдаланудың нормативтері.

Орман ресурстарын пайдалану Р. орман кодексімен және Р. үкіметінің бірқатар үкімдерімен регламенттеледі. Орман ресурстарын, оларды алуды анықтайтын, пайдаланудың нормативтері, шаруашылық және де Р. субъектісі үшін орман топтары бойынша пайдаланатын ғылыми негізделген ағаш кесу нормасы – ағаш кесетін жердің есебі болып табылады. Ағаш кесетін жер фонды және ағаш кесетін жер есебі түсініктерін айырады.

Орман тұтынушыларына 1 жылға бөлінген ағаш қабығын дайындау лимиттері ағаш кесетін жер фондымен белгіленеді, ал ағаш кесетін жер есебі – норматив, оның ұстануы кезінде ресурстарын ұмытуды, сарқылмайтын және үздіксіз пайдалану, орманды қайта қалпына келтіру және оның функцияларын сақтау қамтамасыз етілуі керек.

Басты пайдаланудағы ағаш кесу шектеулері бірінші топтағы ормандар үшін тағайындалады. Бұл ағаш кесулерді ұлттық саябақ ормандарында, ғылыми және тарихи мәнісі бар ормандарында, табиғат ескерткіштерінде, саябақ ормандарында, қала ормандарында, жасыл аймақтарда, жаңғақ егу аймақтары ормандарында, орман өнімдері егіндіктерде, сумен жабдықтау көздерін қорғау санитарлы аймақтардың бірінші және екінші белдеу ормандарында, тундра маңындағы, эрозияға қарсы ормандарда, мемлекеттік қорғаудағы ормандарда, санитарлық қорғау курорттарының аумақтарында, бірінші және екінші аумақтары ормандарында жүргізуге болмайды.

Аса бағалы орман массивтерінде және бағалы кәсіпшілік балықтардың уылдырықтарын қорғайтын тыйым салынған орман жолақтарында, тек қана санитарлық ағаш кесулерге, жаңғырту ағаш кесулеріне және орман алқаптарын құрылыстар мен ғимараттар, құбыр желісін төсеу, жол, ормандағы жол, өртке қарсы үзілулер үшін тазарту кезіндегі ағаш кесулерге рұқсат берілген.

Қорық ормандарында, қорықты орман алқаптарда және бірінші топты ормандарда көп ағаш кесуге жол берілмейді.

Бірінші топты ормандарда негізгі тау жыныстарының жаңаруын және ағаштардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін, таңдаулы және біртіндеп ағаш кесулерді жүргізуге рұқсат етілген.

Екінші топты ормандарда негізгі пайдалану ағаш кесулерінің барлық түрлері жүргізіледі: тұтас ұзақ мерзімді – біртіндеп және жолақ арқылы біртіндепті қосқандағы таңдаулы және біртіндеп. Ағаш кесудің мақсаты: ағашты дайындама жасау мақсатында орманды ұтымды пайдалану, бағалы ағаш жыныстарымен орманды жаңарту, олардың орта түзулй функциялары жаңарту және сақтау.

Үшінші топтағы ормандарда да тұтас, біртіндеп және таңдаулы ағаш кесулер, ағашты дайындап жасау жүргізіледі. Орманның түр жаңаруы мақсатында, тұтас ағаш кесулер екінші белдеудегі жас өскеннің тіршілікке икемділігі, сонымен қатар ағаш кесуден кейін 2-3 жыл ішінде орман мәдениетін егу сақталуы керек.

Қ.Р. Орман кодексі 2003 жылғы 8-шілдедегі № 477-11 жаңа «Орман кодексі», «Егемен Қазақстан» газетінің 2003 жылғы 19 шілдедегі № 180-181 жарияланды. Орман кодексі 9-бөлімнен 20-тараудан 118-баптан тұрады.

Қ.Р. Орман заңдары:

1. Қ.Р. орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесін, су объектілерін, жер қойнауын, жерді, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледі.

3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Осы Кодекспен реттелетін тақынастар:

1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ орман қорын күзетудің, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуметін көтерудің, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негіздерін белгілейді.

2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламды экологиялық, әлеуметтік және экологиялық мәні бар аса маңызды компонеттерінің бірі болып табылатын негізге алына отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңдарының принциптері:

Қазақстан Республикасының заңдары:

1. Ормандардың климатты реттейтін, орта түзетін, егіс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық гигиеналық функцияларды орындайтын жалпы мемлекеттік мәнін мойындау

2.Ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);

3. Ормандарды көп мақсатқа пайдалану;

4. Орман ресурстарын ұтымды, үздіксіз, сырқылмайтындай етіп пайдалану;

5. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

6. Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтірілген залалдың орнын толтыру;

7. Орман ресурстарын ақылы пайдалану;

8. Орман қорының жай күйі туралы ақпараттың қол жетімділігі;

9. Халықтың және қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптеріне негізделеді;

Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттері:

1. Орман ресурстары сурек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынын, жабайы өсетін жемістерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндірілетін өзге де өсімдік пен мал өнімдері қорынан тұрады.

2. Орманның өсіп тұрған кезінде өзіне тән экологиялық және әлеуметтік мәні бар функциялары (оттегі бөліп шығару, көмір қышқыл газын бойына сіңіру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды ішкі қабатына тарту, бальнеологиялық және климат реттеушілік қасиеттері) оның пайдалы қасиеттеріне жатады.

Орман құқығы қатынастарының субъектілері:

Ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды, орман өсіру мен орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар орман құқығы қатынастарының субъектілері болып табылады.

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.

Орман қорын күзету қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі.

Осы саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкіметті орган және оның аумақтық органдары, сондай-ақ осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған құзіреті шегінде жергілікті атқарулы органдар кіреді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы құзіреті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

— мемлекеттік орман саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.

— мемлекеттік орман қорын иелену, пайдалану және оған билік ету жүзеге асырады.

— орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды бағдарламаларды бекітеду.

— орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман мониторингін жүргізу, орман орналастыру тәртібін айқындайды.

— Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының президентінің актілерімен белгіленген өзгеде функцияларды орындайды

Уәкіметтік орган:

— Қ.Р. Үкіметі белгіленген құзіреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асыруды;

  • Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру мәселелері жөнінде бағдарламалар әзірлеп, олардың орындалуын қымтамасыз етеді;
  • Орман қорының жай күйіне, күзетілуіне, қорғауына, пайдалануына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруге мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
  • Омарн қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастарын, мемлекеттік орман мониторнигін жүргізеді, орман орналастыруды ұйымдастырады;
  • Уәкіметті органның және оның аумақтық органдарының Қ.Р. заңдарында белгіленген тәртіппен өз құзыреттері шегінде қабылданған шешімдерін барлық жеке және заңды тұлғалар орындалуға міндетті;

Облыстық өкілді органдар:

  • Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды бекітеді;
  • Облыстық бюджеттер құрамында ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіруге жұмсалатын шығыстарды бекітеді;
  • Қ.Р. заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Облыстық атқарушы органдар:

  • уәкіметті органмен келісе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, оларды іске асырады;
  • ормандарды күзетуді, қорғуды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастыру және қаматмасыз етеді, өздеренің функционалдық қорғауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
  • облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
  • орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай күйіне жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

Аудандық өкілді органдар:

  • орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі бағдарламаларды жасау мен оларды іске асыруға қатысады;
  • аудандық атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, орман молықтырылуы, орман өсіру және орман пайдалану жөніндегі есептерін қарайды;
  • Қ.Р. заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Аудандық атқарушы орган:

  • орман саласы жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу мен оларды іске асыруға қатысады;
  • мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу мен оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
  • аяқталған объектілер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шыруашылығы іс-шараларын жүргізуі нәтижесінде өндірілген дайын өнімді қабылдайды;

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі ( бұдан әрі – орман мекемесі)

  • орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру бағдарламаларын әзірлеуге және оларды орындауға қатысады;
  • орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемін айқындайды;
  • орман ресурстарының ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді;
  • орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерін береді;
  • Қ.Р. заңдарына сәйкес өзгеде функциаларды жүзеге асырады.

Орман қоырн күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау.

Орман қорының жай-күйіне, қорғалуына, пайдалануына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруге мемлекеттік бақылау;

1. Орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдалануына, орманның молықтыру мен орман өсіруге мемлекеттік бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қ.Р. заңдарында белгіленген тәртібін, орман шаруашылығын жүргізу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, мен молықтыру,олардың есебін жүргізу ерекшеліктерін, сондай-ақ Қ.Р. орман заңдарында Қ.Р. жануарлар дүниесін қорғау, молайту мен пайдалану және еркше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.

2. Орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдалануына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруге аумақтық органдары, өзге де мемлекеттік органдар Қ.Р. заң актілермен белгіленген құзіреті шегінде жүзеге асырылады.

Орман саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдарың лауазымды адамары;

1. Уәкілетті органның басшысы лауазыы бойынша бір мезгілде Қ.Р. мемлекеттік бас орман инспекторы болып табылады.

2. Уәкілетті орган басшысының ормандары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерімен айналысатын орынбасарлары Қ.Р. мемлекеттікбасорман инспекторының орынбасарлары болып табылады.

3. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерініңормандардың мәселелерімен айналысатын басшылары Қ.Р. Мемлекеттік аға орман инспекторы болып табылады.

4. Уәкілетті органның ормандарды қорғау мәселелерімен айналысатын мамандары Қ.Р. Мемлекеттік орман инспекторы болып табылады.

5. Аумақтық органның басшылары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың мемлекеттік бас орман инспекторлары болып табылады.

Орман саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдарың лауазымы адамдарының құқықтары мен міндеттері:

  • мемлекеттік орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, орманның молықтырылуы мен орман өсіруге тексерулер жүргізу үшін белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктерін көрсете отырып, ұйымдарға кедергісіз кіру;
  • Қ.Р. заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
  • Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шарттардың сақталуын және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін;
  • Орман қоры жерлерінің олардың нысаналары қызметіне сәйкес пайдалануын және осы жерлердің сақталуын қарастырады.

Орман саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға Қ.Р. заңдарында белгіленген тәртіппен қызметтік қорғауды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат беріледі және Қ.Р. заңдарында белгіленген тәртіппен нысанды киім-кешекпен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.

Орман иелену және орман пайдалану құқығы.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман иелену құқығы:

  • мемлекеттік орман қоры учаскелеріне орман иелену тұрақты жер пайлану құқығымен туындайды.
  • Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген мемлекеттік заңды тұлғалар мемлекеттік орман иеленушілер болып табылады.
  • Орман иелену құқығы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін тұрақты жер пайдалану құқығы актісімен куәландырылады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы:

  • мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды.
  • Мемлекет орман қоры учаскелеріне қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды.
  • Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетіне, орман илетіне өзгерістер енгізу арқылы рәсмделеді.

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру.

Ормандардың молықтыру мақсаты мемлекеттік орман қорының ағашы кесілген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтілу, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнімділігін арттыру, мемлекеттік ормн қоры жерлерінің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Орман өсіру мақсаты бұрын ағаш өспеген аумақтарда екпелер отырғызу болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсіру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қ.Р. бекіткен халықаралық шарттармен белгіленген пирнциптерге сәйкес жүзеге асырылады.

Орманзаңын бұзғанкінәлі тұлғалар Қ.Р. заңдарынд көзделгенжауаптылықта болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының орман кодексі

Алматы: ЮРИСТ, 2004 – 66 Б.

2. АКқбосова А.Ж.,Сайнова Г.Ә.

экология – Алматы, 2003 жыл

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ