Сүйінбай Аронұлы. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

0
2072
Әбіш Кекілбаев

6-сынып. Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: С.Аронұлы. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

Жалпы мақсаты: Өлеңнің мазмұнын талдау арқылы негізгі идеясын түсінуге,  жақсы мен жаман тақырыбында ой қалыптастыруға, сыни ойлауға, ойын жеткізуге, ізденуе білуге бейімдеу.

Күтілетін нәтиже: 1.Топта пікірталас жасауға әрекеттене алады;

2.Оқушылар оқу материалын меңгеру барысында жаңа сөздермен, ақпараттармен таныса алады;

3.Адам бойындағы қасиеттерді  зерделейді.

    1. Әдеби терминдер арқылы ойлану, іздену, қолдана білу дағдылары дамиды.

 

Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта,  слайдтар,  маркерлер, стикерлер

Әдістер:

Сабаққа қойылған критерий: 

    • Тақырыпты аша білуі,
    •   Тапсырмалармен жұмыс жасау белсенділігі.
    •   Талқылауларға белсене араласуы

 

Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі. «Араласып кеткен шумақтар» әдісі. (7 мин) 

 

Үйге берілген  тапсырма арқылы жұпқа бөлініп орналасуға ықпал етемін.  «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін жатқа айтады, әрі өздерін толғандырып келген сұрақтар аясында өзара пікір алмасады.

Мыс: О, Ақтан жас, Ақтан жас,

Жетімдіктің белінен.

Сенде жетер ме екенсің?

Асып өтер ме екенсің?

Жапанға біткен жапырақ

Сұғынсаң тояр ма екенсің?

Жазғы шыққан бүлдірген,

Жамылсан тонар ма екенсің?

ІІ. Жаңа сабақ. 3 мин.  Интербелсенді тақтадан С. Аронұлы туралы мағлұмат беріледі.

ІІІ. «Топтастыру».  7 мин. Оқушылар топтастыру стратегиясы арқылы  алған ақпараттарын қорытындылап, жұптасып талқылау жұмыстарын жүргізеді. Өз жұмыстарын  бағдаршам арқылы бағалайды.  (ОүБ – 1)

ІҮ. Ой қозғау әдісі  (5  мин)

Жақсы және жаман сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

Жеке ойлануға 1 мин, жұпта ой бөлісеміз, топта талқылаймыз, топтан бір-бір оқушыдан жауап беруіне болады. (1, 2 3, 4 сандары арқылы  төрт топқа бөлемін).

Ү. Оқулықпен жұмыс. «Жақсы мен жаман адам бойындағы қасиеттер»          (13 мин)

Жақсы деген немене, жаман деген немене? Қандай адам жақсы, қандай адам жаман? Осы сұрақтар Сүйінбай ақынды да толғандырған екен. Олай болса, ақын өлеңінен жауап іздеп көрелік. Өлеңді топта жеке-жеке оқып, бірақ бірлесіп кестені толтырады. Өзара топта  пікірлерін талқылайды.

Бұл қасиеттер маған белгілі Мен  үшін жаңаша және тың ақпараттар Мына сөз менің ойыммен сәйкес келмейді, бұрын мен басқаша ойлайтынмын Бұл тақырып бойынша мынадай сұрақ туындайды

 

ҮІ. «Ыстық орындық» әдісі.  15 мин.

Ортадағы оқушыға төмендегіше сұрақтар қойылады. Оқушылар бармақ арқылы бағалап отырады.

—  Жақсы адам туралы өз ойың;

—  Жаман адам туралы өз ойың;

—  Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді бағалайсың?

— Егер жаныңдағы досыңның бойынан жаман қасиетті байқасаң, қалай көмектесер едің?

ҮІІ.  «Insert» әдісі арқылы  оқушылар шығу парағын толтырады.

 

Білем Білдім Білгім келеді
   

 

ҮІІІ. Қорытынды. 

    • Жақсы деген сөзді неге, қандай жағдайға байланысты айтсақ болады екен?
    • Жаман сөзі туралы не айта аламыз?

ІХ. Үйге тапсырма

    • «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
    • «Жақсы мен жаман адамның қасиеттерін» егер сен Сүйінбай ақынның орнында болсаң қалай толғар едің?

 

Әр топтан ең жақсы деген бір-бір эссе оқылады.

Өзін-өзі бағалау парағы

Оқушының аты-жөні С.Аронұлы туралы ізденіп келген ақпараттары, Суреті,интернеттен материал Диалог (сұрақтарға нақты жауап беруі) Топтық жұмыстағы белсенділігі Эссе (өзіндік пікірі болуы) Ұпай саны

 

Ұпай саны 8-10= «5»

6-7=  «4»

5=  «3»

(Әр тапсырмаға плюс 1 ұпай болып саналады. Сабақ аяқталып, бағалайтын кезде әр оқушы жинаған балын дауыстап айтады, мұғалім соған қарап, бағалайды).

Үйге тапсырма: Сүйінбай Аронұлына хат жазу, жақсы мен жаман сөзіне байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.

Модульдер: СТО; диалог, бағалау, АКТ; көшбасшылық, жас ерекшелігіне сай білім беру

Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы

Мұғалім нұсқауы: Оқи отырып, қарындашпен өздерің үшін түсінбейтін жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің немесе өлең қатарының тұсына + белгісін қойып отырыңдар.

Жазып болған соң топта талқылайды (5мин)

Мұғалім тақтадағы кестеге ретімен әр топқа сөз бере отырып толтырып шығады.

Мұғалім нұсқауы: Ал енді тақтадағы сөздерге, сөз тіркестеріне мән беріп қарайық. Бұл сөздердің мағынасы не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

Өлеңді мәнерлеп оқу (әр топтан 1 оқушыға дауыстап, мәнерлеп өлеңнің 10 қатарын бөліп-бөліп оқыту)

Әр топқа үлестірме материал ретінде таратылды.

1-топ Жақсы адам туралы өз ойларыңды жазыңдар

2-топ Жаман адам туралы өз ойларыңды жазыңдар

3-топ  Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді бағалайсыңдар?

4-топ Егер жаныңдағы досыңның бойынан жаман қасиетті байқасаң, қалай көмектесер едің?

 Ашық сабақты өткізген:  Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кәукей ауылы №225 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қабылов Сәкен


ПІКІР ҚАЛДЫРУ