Өсімдік аурулары (реферат)

Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі
Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады.
Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.

400px-Brockhaus_and_Efron_Encyclopedic_Dictionary_b7_336-0

Өсімдік аурулары

Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел – өсімдіктердің тат аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т.б. шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады.
Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар – токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады.
Таз қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін.
Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда олардан келетін шығын 30 – 40%-дан асады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет. Кеміргіш бунақденелілерден келетін ауруларды төмендетуде ауыспалы дақылдың және жер қыртысын аудара жыртудың маңызы зор. Сонымен қатар, отырғызылатын көшеттер мен тұқымды инсектицидтер және фунгицидтер ерітіндісінде дәрілеген жөн. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін карантиндік және фитосанитарлық, агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшін селекция және биотехнология әдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор.

Өсімдіктердің аурулары. Өсімдіктердің ауруларын, олардың таралу және шығу себептерін зерттейтін, сонымен бірге олармен күресу шараларын белгілейтін ғылымды — фитопатология деп атайды.

Өсімдіктердегі ауруларды жұқпалы емес және жұқпалы деп екіге бөледі. Оның біріншісінде өсімдіктердің өсуі мен дамуына жалпы жағдайлар әсер етеді, ал екінші жағдайда ауруды паразит саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар қоздырады.
Бұлардың ішінде вирустық аурулар жер шарының барлық тұқ-пірлерінде таралған. Вирустар негізінен өсімдіктер цитоплазмасында тіршілік етеді және сол плазманы бірнеше рет сұйылтқанның өзінде ол активтігін жоймайды. Мәселен, темекі теңбілі 1 : 100 000 есе сұйылтқанда да өзінің вируленттік қасиетін жоғалтпайды. Вирустар ауру өсімдіктерден сау өсімдікке бірнеше жолдармен ауысады. Сорушы насекомдардың сілекейлері арқылы вирус сау клеткаға ауысады. Қейбір насекомдар ауру өсімдіктердің шырынын сорып қоректенеді және ол бүкіл тіршілігі бойына осы виірусты тасымалдаушы болып есептеледі.

Өсімдіктердің қай органына бол-масын келіп түскенде вирус олардың басқа Іоргандарына лезде таралады.
Вируспен ауырғанда аурудың инкубациялық кезеңі түрліше болады. Мәселен, темекі теңбілі үшін ол 9—11 күнге, ал картопта аурудың белгілері тек күзде ғана біліне бастайды. Қейде бір вирус-тың өзі бір туысқа немесе тұқымдасқа жататын бір топ өсімдіктерді зақымдай алады. Вируспен ауырған өсімдіктерде хлоропластар бүлінеді. Соның нәтижесінде жапырақтардың түсі өзгереді, теңбіл денеді. Жапырақ алақаны жиырылып, бүрісіп, шиыршықтала қалады, тостағанша мен күлте де өзгереді.
Соңғы кездерде өсімдіктердің сарғыш тартып ауруы бактериялардан да үсақ микоплазмалардың әсерінен болатыны анықталды. Сары аурумен ауырған өсімдіктердің органдарын тіліп қарап ғалымдар осындай қорытындыға келді. Қазір микоплазмалық денелер 40 шақты өсімдіктердегі ауруды қоздырушылар болып есептеледі.
Вирустарға қарағанда микоплазмаларды жеке күйінде қоректік ортада өсіруге болады. Олардың көпшілігі элиппс тәрізді келеді. Микоплазмалық денелер вирустарға қарағанда антибиотиктерге| оезімтал келеді. Олармен күресуде хлортетрациклин, окситетрациклин және хлорамфенил қосылған тетрациклин жақсы нәтиже береді.
Сұлыдағы қуыршақтану ауруы сары аурудың біріне жатады. Бұның басты белгілері өсімдіктің өсуі, гүлдегі кейбір морфологиялық өзгерістер, мәселен, аталықтар жасыл болғанына қарамастан кіщірейіп кетеді, жапырақтарға теңбілдің түсуі. Оны қоздыратын қоңыр цикадалар — либурниа стриателла. Онда вирус белоктары кристалл және паракристалдар түрінде келеді. Оны өсімдіктер шырынынан кристалл препарат күйінде таза алуға болады.Астық түқымдастардағы бұл ауру көбінесе Сибирьде, Қиыр Шығыста және Солтүстік Қазақстанда таралған. Агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізіліп, қатаң сакталуына байланысты бүл аУРУ СССР-дің Европа ‘бөлігінде таралмаған. Көбінесе жерді зябке жыртқанда бұл аурудың таралуы едәуір тежеледі.
Помидордың қошқылданып ауруы сары аурудың бір түрі. Ол көбінесе еліміздің оңтүстік аудандарында (Қырым, Қырғыз ССР) таралған. Оны қоздырушы — хиалестес абсолетус. Бүнда гүлдің тостағанша жапырақшалары бір-бірімен қабысып өсіп, қоңырау сияқты түрге айналады. Бұнымен ауырған помидорлар майда, іші қатты, тұтынуға жарамайтын болады. Бұл ауруларды қоздырғыштар СССР-дің орталық аймақтарында кездеспейді. Ол оңтүстік облыстарға тән.
Өсімдіктердің вирустық ауруларына қарсы күресуде сұрыптау немеое селекция кеп көмек ікөрсетөді. Мәселен, Терновский (1964) никотина глютиноза мен никотина табакумды шағылыстыру арқы-лы вирз^с ауруына төзімді сорт шығарды. Картоптың Лорх сорты-да вирустық ауруға тьгм төзімді келеді.,
К. С. Сухов пен А. М. Вовк (1949) жылы түкымдық картопты вирустан амаи сақтау үшін оңтүстік обльгстарда оны себудің мерзімін өзгерту керек деген үсыныс жасады. Мәселен, вирусты тасымалдаушы организм хиалестес обсолетус июнь айының аяғы июльдің басында шыға бастайды. Суармалы жерлерде тұқымдық картопты июльдің бірінші онкүндігінде отырғызу оларды аурудан саіқтайды.
Вирустық және микоплазмалық ауруларды құртудың жолына олардың табиғаттағы көзін, таралу жолдарын жою жатады. Мәсе-лен, қуыршақтанудың қоздырғышы табиғи жағдайда өсетін астық түқымдастарда, ал помидордың қошқыл ауруын қоздырушылар —■ дала шырмауығының тамырында қыстап шығады.
Насекомдар арқылы таралатын вирустық аурулармен күресуде иноектицидтер жаксы нәтиже береді. Сонымен қатар ауыспалы егісті дүрыс жүргізу, ауру өсімдіктерді дер кезінде құртуда бұл саладағы пайдалы шаралардың бірінен саналады.

Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты

A.

Бидай.

Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесі салаларында ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған зерттеулерді жүргізетін мекеме.[1]. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағында. Бүкілодақтық астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу инститтының Қазақ бөлімшесі болып 1958 жылыЦелиноград (қазіргі Астана) қаласында құрылған. 2002 жылдан Астық шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығына қарасты мемлекеттік еншілес кәсіпорын. Құрамында: элеватор кәсіпорнының техникасы мен технологиясы, астық кептіру техникасы мен технологиясы, астық өңдеу өнеркәсібінің техникасы мен технологиясы, астық және астық өнімдерінің сапасы, астық және астық өнімдерінің микробиологиясы лабораториялары; өндіріске енгізу, маркетинг және патенттік іздеу секторы; жобалау-тәжірибелік базасы болды (2003).

Институттың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді жетілдіру. Негізгі ғылыми бағыттары: жиналған астықты өңдеу, ұқсату техникасы мен технологиясын және астық сапасын бағалауды жетілдіру, астық өңдеуге қажетті арнаулы жабдықтардың жаңа түрлерін жасау, қолданылып жүрген жабдықтарды жетілдіру; шағын қуатты диірмендер жасау; Қазақстанда өсірілетін астықтың сапасын зерттеу, оның технол. және тағамдық қасиеттерін бағалау; өсімдік шаруашылығының диверсификациясына (өзгеруіне) орай, республика аймақтарының нақты жағдайларына бейімдеп, астық дақылдарын қайта өңдеу технологиясын жасаудың теориялық негіздерін әзірлеу; астық және оның өнімдерін микроорганизмдермен (олардың метаболиттерімен) араласуын (контаминация) анықтау бойынша экспресс тәсілдерді жасау және негізгі дақылдардың дәндері мен оның өнімдерін микробиологиялық ластанудан сақтандыру және микротоксиндерді залалсыздандыру; биотехнология үшін маңызды микроорганизмдер штаммдарының бірегей коллекциясын жиыстырып, оларды сақтау тәсілдерін әзірлеу.

Институт бір технологиялық Оралым барысында кез келген дәрежедегі астық дәнін кептіріп әрі оны өзге қоспалардан тазартып шығаратын «Целинная» дән кептіргішін жасады. Оның 40-тан астам түрлері республиканың кәсіпорындарында өндіріске енгізілді. Астық қоймаларында атқарылатын жұмыстарды кешенді механикаландыру мақсатында аэрогравитациялық және аэродинамик. құрылғылардың сериясы әзірленіп, іске қосылды. Астық дәніндегі белоктық затты (клейковина) ажыратуға арналған МОК-1 және МОК-2 құралдары, астық сапасын бағалауға арналған отандық инфрақызыл сәулелік талдағыш жасалды.

Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – республиканың астық өндіретін аудандарында дәнді дақылдар егу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме.Ол егістіктердегі топырақ қорғау жүйесін жасау ісіне басшылық етеді. Қазақстан Республикасы Астық шаруашылығының министрлігінің қарамағында. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысындағы Шортанды астық шаруашылығы тәжірибе станциясы негізінде 1956 жылы құрылған. 1961–92 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 1992–2002 жылдары Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1998 жылдан институттың құрамына Көкшетау бөлімшесі (бұрынғы Көкшетау астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) беріліп, 2002 жылдан Астық шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамына енді.

Институт құрамына: егіншілік (ауыспалы егіс, танапты дақылдар агротехникасы және өсімдік өсіру диверсификациясы, топырақ өңдеу, дақылдарды өсіру технологиясын модельдеу, өсімдік қорғаудың химиялық және агротехникалық әдістері лабораторияларын біріктіреді), агрохимия; топырақ құнарлылығы және топырақты химиялық талдау (топырақ химиясы, топырақ құнарлылығы лабораториялары), жемшөп өндіру (шалғындық жемшөп және мал азығын егістікте өндіру лабораториялары), механикаландыру (топырақ өңдеу және тұқым себу машиналары, жиналған астықты өңдеу, тұқым өсіру және сұрыптауды механикаландыру лабораториялары) және агроландшафттық технология бөлімдері бар. Институттың селекциялық орталық құрамына жұмсақ бидай, қатты бидай мен жемдік дақылдар селекциялары, тұқым шаруашылығы бөлімдері кіреді.
Институттың құрамында бұдан басқа дербес бөлімдер: дәрілік өсімдіктерді егіп өсіру технологиясы мен интродукциясы, өсімдіктер биохимиясы және астық шаруашылығының экономикасы лабораториялары, тұқымның технол. сапасын бағалау тобы бар. Институттың негізгі ғылыми бағыттары: егіншіліктің аймақтық (Солтүстік және Орталық Қазақстан агроландшафттарының) топырақ қорғау жүйесін жетілдіру; топырақ құнарлылығын арттыру; дәнді және жемшөп дақылдарын өсіру жұмысын механикаландыру; жемшөп дақылдары мен дәрілік өсімдіктердің жаңа түрлерін интродукциялау; орманды-далалық, далалық және құрғақшылық аймақтарға арнап дәнді, бұршақты, жармалық, майлы және жемшөп дақылдарының жаңа, өнімді мол беретін сорттарын шығару.
Институтта егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін жасап, өндіріске енгізгені үшін 1972 жылы академик А.И.Бараев бастаған бір топ ғалымдарға Лениндік сыйлық берілді. 1988 жылы эрозияға қарсы машиналар кешенін жасағаны және өндіріске енгізгені үшін инженерлер мен ғалымдар тобына КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлес қосқан ғалымдар: Бараев, Э.Ф.Госсен, В.П.Кузьмин, М.Қ.Сүлейменов, т.б. Институт ғалымдары Ресейдің бірнеше ғылыми орталықтарымен, Калифорния – Дэвис (АҚШ), Токио және Киото (Жапония) университеттерімен бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1967).

Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты

Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты – ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін бас мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрлігінің қарамағында. 1948 жылы Алматы қаласында құрылған. 1978 жылы қарамағына Аймақтық конструкторлық бюро мен тәжірибелік з-т беріліп, Қазақ ауыл шаруашылығын жарақтандыру ғылыми-өндірістік бірлестігі болып құрылды. 2002 жылдан Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталықтарының құрамындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

Институт құрамында: ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинауды механикаландыру, қой шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру, мал фермаларын жобалау, жемшөп дайындау жұмыстарын механикаландыру, ауыл шаруашылғында электр қуатын пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуді механикаландыру, табиғи қуат көздерін (жел, су, күн сәулесі) пайдалану, ауыл шаруашылығы нормативтерін жасау және машина-трактор станцияларын құруды ғылыми-зерттеулермен негіздеу, ауыл шаруашылғы машиналарын сынақтан өткізу лабораториялары және тәжірибелік машиналарды жобалап жасайтын цех, сынақтан өткен машиналарды шығаратын тәжірибелік з-т, Ақмола облысы Ақкөл қалаларында бөлімшесі бар. 1950 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыты – ауыл шаруашылығын өнімдерін өндіруде жаңа технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды ұсынып, техниканың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, өнім түсімділігін көбейту.

Институтта топырақты жел эрозиясынан қорғау бағытындағы технологиялар жетілдіріліп, машиналар кешені жасалды. Дәнді дақылдарды және жүгері дақылын жинау, шөпті желдеткіш арқылы тез кептіру, шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдардың құнарлылығын арттырудың технологиялары ұсынылды. Жер өңдеу механикасының теориялық негіздері жетілдірілді. Ірі қара мал, қой фермаларында қолдануға арналған мал азықтарын ұсақтайтын, көп құрамды қоспа жем әзірлейтін азық цехтары, қаракөл өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Жаңа техниканы жасап, өндіріске енгізуде қол жеткізген табыстары үшін институт Қазақ КСР-інің «Алтын кітабына» жазылған (1976). Институт мамандары жасаған жаңа машиналар мен қондырғыларға 450-ден астам авторлық куәлік, Қазақстан Республикасының 32 патенті берілді. Институт ғалымдарының 30-ға жуық ғылыми басылымы, 50-ден астам ұсынысы, ауыл шаруашылғын механикаландыру және электрлендіруге арналған 22 ғылыми жинағы жарық көрді. Институтта академиктер М.Р.Алшынбаев, В.А.Голиков, А.П.Грибановский, Л.Сейітбеков, т.б. ғалымдар жұмыс істеді.

Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты – малдәрігерлік және мал-дәрігерлікпрофилактикалық, санитарлық және зоогигиеналық ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіретін басты мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрлігінің қарамағында. 1905 жылы 14 қаңтарда Губерниялық ветеринарлық-бактериологиялық лаборатория негізінде Орынбор қаласында құрылған. 1925 жылы Қазақ аймақтық ветеринарлық-бактериологиялық институты деп аталды (Орынбор қаласы). 1928 жылы Алматы қаласына ауыстырылды. 1934 жылы Алматы ғылыми-зерттеу ветеринария тәжірибелік станция болып қайта құрылды.

1940 жылдан қазіргі атымен аталады. 2002 жылдан институт – Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталықтарының еншілес кәсіпорны. Институт құрамында: сарып, туберкулез аурулары, төл, жылқы және түйе ауруларын зерттеу, вирусология, паразитология ғылыми-техникалық бөлімдері; мал өнімдері мен олардан алынатын шикізатты ветеринарлық-санитарлық сараптау және патоморфология, құс және бал арасы аурулары лабораториялары, сондай-ақ аспирантурасы (1940 жылдан) бар. 1994 жылдан докторантура ашылды. Институттың негізгі ғылыми бағыттары: малдың жұқпалы, жұқпайтын және инвазиялық ауруларын анықтау, олардан сақтану және оларды емдеу әдістерін іздестіру; ветеринарлық-профилактикалық, санитарлық және зоогигиеналық шаралар жүйесін жасау; қоршаған ортаны ластанудан, сондай-ақ мал шаруашылықтары мен фермаларында, құс фабрикаларында тұрақты ветеринарлық тазалықты сақтауға, малдан алынатын өнімдердің ветеринарлық-санитарлық жағынан сапалы болуын қамтамасыз етуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижесін өндіріске енгізу.

Институтта малдың әр түрлі ауруларымен күресуге арналған 15 диагностикум, соның ішінде өндірістік көлемде туберкулез, сарып, лейкоз ауруларын анықтаудың диагностикумы, 14 вакцина (топалаң мен қарасанға, қой энтеротоксемиясына, т.б.), 8 қан сарсуы (көп валентті иммундық сарсу, қойға арналған иммундық глобулин, мал токсоплазмасы, т.б.) және 28 емдік препарат («Этобиц», «Дезоксан», «Экофор», «СКЖ-туберкулин», т.б.), әдістемелік көрсеткіштер мен нұсқаулар дайындалып, өндіріске ұсынылды. Институтта Қазақстан ҒА-ның академиктері С.Н.Вышелесский, С.Н.Боев, корреспондент мүшесі Я.И.Клейнбок, ветеринария ғылыми кандидаты С.К.Кожакин болды. Қазір институтта ветеринария ғылыми докторлар, проффессорлар: А.Сансызбай, А.Сұлтанов, Г.И.Диков, ветеринария ғылыми докторлар А.Жұмаш, А.Бижанов, В.Б.Тен, т.б. қызмет етті.

Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты

Күріш.

Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, В.Р.Вильямс атындағы– егіншілік және өсімдік шаруашылығы бойынша аймақтық мәселелермен айналысатын жетекші үйлестіруші орталығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрлігінің қарамағында. 1934 жылы құрылған. 2002 жылдан Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік ортлығының республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауданында орналасқан. Құрамында 19 бөлім мен лаборатория бар. 1961 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Институттың негізгі ғылыми бағыттары: аймақтық топырақ және су, т.б. ресурс қорларын сақтай отырып, кез келген шаруашылық құрылым жағдайына лайықтап, экология жағынан таза әрі жоғары өнімді агроландшафтық егіншілік жүйесін құру; астық, бұршақ тұқымдастарының техникалық және жармалық дақылдарының, дәрілік өсімдіктердің құрғақшылыққа, өсімдік аурулары мен зиянкестеріне төзімді, мол өнімді жаңа сорттары мен будандарын шығару, сондай-ақ оларды тұқымынан өсіру тиімділігін арттыру; әлемдік ғылыми жетістіктер мен озат тәжірибені өндіріске енгізу.
Институт суғарылмалы, суғарылмайтын және тәлімі жерлер үшін аймақтық егіншілік жүйелерін және негізгі танаптық дақылдарды өндіруде топырақ құнарлылығын сақтауға, шикізаттық және энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін қолайлы әдістерді жасады; минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану, суғару мерзімі және қолдан суғарудың әдістері мен технологиясы, республиканың оңтүстік-шығыс аймағын гидромодульді аудандастыру жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындылары республиканың 9 облысында өндіріске енгізілді.
Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында аумағы 0,4 млн. га жердің биоклиматтық қорларымен егіншілік жүйелерді сәйкестендірудің нәтижесінде астық тұқымдас дақылдарды агроэкологиялық аудандастыру іске асырылды. Институт ауыл шаруашылығының дақылдарының 250-ден астам сорттары мен буданын шығарып, оның 88-ін аудандастырды. Ғылыми жаңалықтары мен өнертабыстары үшін институт ғалымдары 24 патент алған. Институт Киото (Жапония), Гессен (Германия) университеттерімен, «Земун поле» (Югославия), Кембридж (Ұлыбритания), т.б. институттармен, бірнеше шетелдік фирмалармен бірлесіп жұмыс істейді. Ғылыми жұмыстар жинағын, анықтамалықтар, монографиялар, нұсқау кітапшаларын шығарып тұрады. Институтта академиктер А.И.Бараев, Қ.Әбуғалиев, З.Бияшев, Ю.Д.Зыков, т.б. ғалымдар еңбек еткен.

Сиыр сауу орны.

Қазақ ет-сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республиксы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. 1958 жылы Семей қаласында Бүкілодақтық ет өнеркәсібі ғылыми-зерттеуинститутының қазақ бөлімшесі болып құрылған. 1992 жылдан қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қарамағында қазіргі атымен аталады. 1996–2002 жылдары ғылым және білім министрлігінің ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталық құрамында болды. 2002 жылдан Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны. Институт құрамында: ет және ет тағамдары технологиясы (консервілеу бөлімімен бірге); сүт және сүт өнімдері технологиясы; балаларға арналған арнайы тағамдар; сүт және ет өнеркәсібінің технологиялық құрал-жабдықтарын жасайтын конструкторлық-тәжірибелік лаборатория; маркетинг және экономикалық зерттеу; стандарттау және нормативтік-техникалық жетілдіру бөлімі; тәжірибелік-механикалық цех бар.

Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: мал шаруашылығы өнімдерін кешенді түрде өңдеу және оларды сақтау технологиясы мен техникалық құралдарды дамыту; бағалы ет өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологиясын жасау; сүтті қайта өңдеу және сүт өнімдері қосылған тағамдар өндірісінің технологиясы мен оның ғылыми негіздерін дайындау; бағалы биологиялық құнды өнімдерден бала тағамы мен арнайы тағам өндірісінің технологиясын жасау. Шұжық, сүт өнімдері мен макарон жасап шығаратын құрал-жабдықтар дайындалып, олар Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының және кейбір шет елдердің өндіріс орындарына енгізілді. Институт 13-Халықаралық «Сапа белгісі» сыйлығымен марапатталды (1999).

Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

A.

Жүзім.

Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – бақ, жидек, жеміс, жүзім, көшет шаруашылықтарын бір-бірімен үйлестіретін бас мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. 1959 жылы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының Жеміс бөлімі, Бүкілодақтық шарап жасау және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының («Магарач») Қазақ жүзім шаруашылығы ғылыми-зертеу станциясы негізінде Алматы қаласында құрылған. 2002 жылы Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталықтарының құрамына енді. Институт құрамында 14 ғылыми бөлімше, 4 өндірістік-тәжірибелік шаруашылық және 2 тәжірибелік егістік, аспирантура (1961 жылдан) бар.

Ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары: жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің генетикалық қорын құру және сақтау; биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып, бағалы жаңа сорттарды шығару; еңбек шығынын азайтатын және егістіктердің өнімділігін арттыратын жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өсіру технологиясын жасау; техногенді ластанған және сортаң жерлерде топырақ құнарлылығын арттыру жүйесін енгізу арқылы экологиялық таза өнім алу; механикаландыру құралдарын, өсімдіктерді қорғау жүйелері мен суғару және сапасы жоғары өнім алу үшін жеміс-жидек пен жүзімді өңдеу технологияларын жасау; био- және өсімдік препараттарын қолдана отырып, жемістердің ұзақ сақталу технологиясын жетілдіру. Институтта шекілдеуікті, сүйекті, жидекті дақылдар мен жүзімнің әлемдегі ірі коллекцияларының бірі (4 мыңға жуық сорт үлгілері) жиналған. Гибрид қоры 40 мыңға жуық. Ал жиналған гендік қоры негізінде осы дақылдардың 100-ден астам сорттары шығарылды.

Дүние жүзінде алғаш рет сүректенген қалемшелерден телінушілерді өсірудің; жеміс-жидек дақылдарының вирус дарымайтын таза сорттарын («іn vіtro» биотехнологиялық әдісін пайдаланып) өндірудің; бағалы сорттар мен дақылдардың өнгіштік коэффициентін бірнеше есе көбейтудің және екпе ағаш өнімдерін 1,6–2,5 есеге арттырудың тиімді технологиясы жасалды. Жеміс пен жүзім өңдеудің технологиясы жетілдіріліп, шараптың кейбір айрықша түрлерін («Меруерт», «Ер-Су», «Керемет», т.б.) жасаудың ғылыми-техникалық құжаттамасы даярланды. Инфрақызыл сәулені қолданудың негізінде, жемістерді кептірудің өнім сапасын едәуір жақсартатын (витаминдерін сақтау) технологиясы жасалып, өндіріске енгізілді. ТМД елдерінің арасында алғаш рет ішіндегі ауаның газ құрамы реттеліп отыратын, жеміс сақтайтын қойма іске қосылды. Институттың құрылуына және оның дамуына ғалымдар А.Жанғалиев, Ш.А.Хабибулин, т.б. үлкен үлес қосты.

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

220px-Fried_potatoes

Картоп.

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – картоп, көкөніс-бақша шаруашылығы бойынша бас ғылыми орталық Қазақстан Республикасы Аыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. Республикалық тәжірибе станция негізінде 1946 жылы құрылған. Алматы облысы Қарасай аудны Қайнар ауданында орналасқан. Құрамында картоп сұрыптау; көкөніс-бақша дақылдарын сұрыптау және тұқымын өндіру; картоп тұқымын өндіру және сақтау; картоп және көкөніс дақылдарын өсіру және механикаландыру бөлімдері; гендік қор; клеткалық сұрыптау және гендік инженерия; картоп тұқымын өндіру және биотехнологиясы; агрохимия, картоп және көкөністерді сақтау лабораториялары бар.

1969 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Институттың негізгі ғылыми бағыты: картоп, көкөніс-бақша дақылдарының селекциясы; олардың қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына, құрғақшылыққа, өсімдік аурулары мен зиянкестеріне төзімді, мол өнімді сорттары мен будандарын сұрыптап шығару; республика жағдайына лайықтап картоп пен көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы мен агротехникасын жетілдіру. Институт картоп және көкөніс-бақша дақылдарының 100-ден аса сортын шығарып, олардың 50-ден астам сорты аудандастырылды. Көкөніс шаруашылықтарына көп және шағын танапты ауыспалы егістіктер, экономикалық тиімді, экологиялық жағынан қауіпсіз технологиялар ұсынылды. Топырақ құнарлылығын сақтаудың, дақылдардан сапалы әрі мол өнім алудың агротехникалық және агрохимиялық шаралары белгіленді әрі арамшөптер мен аурулардан қорғау әдістері табылды. Халықаралық ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып, бірнеше рет жүлдегер атанды. Мысалы, пияздың «Октябрь» сорты – алтын медаль; картоптың «Шортанды», қауынның «Іле» сорты – қола медаль (Мәскеу қаласы, Ресей); ал пияздың «Дүнген-56» сорты күміс медаль (Эрфурт қаласы, Германия) алды.

Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

A.

Көл жағасындағы құс.

Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – құсты жемдеу, өсіру және күтіп-бағудың технологиялық жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен солтүстік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құс ш.аруашылығы бөлімдері, сондай-ақ қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының «Қаскелең» тәжірибе шаруашылығына қарасты құс фермасы негізінде 1966 жылы құрылған. Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қазақ КСР-інің 50 жылдығы ауданында орналасқан.

1992–2002 жылдары қазіргі атымен аталды, ал 2002 жылдан мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының құс шаруашлығы мәселелері бойынша бөлімшесі. Құрамында жемдеу және оның технологиясы, селекция және генетика секторлары, жемшөпті сараптау өндірістік лабораториясы бар. Негізгі ғылыми бағыттары: ауыл шаруашылығы құстарының қолда бар линияларын жетілдіру және жаңа кросс шығару; құс өнімдерін өндірудің энергияны үнемдейтін технологиясын әзірлеу; құс тағамының құрамына енгізілетін заттардың ғылыми негізделген нормаларын жасау және оның биологиялық тиімділігін зерттеу; құс шаруашылығы үшін селекциялық-технологиялық бағдарлама даярлау.

Институтта құс жемдеу, оның тұқымдарын жақсарту және өсіру технологиясын жасау жөнінде ұсыныстар енгізіліп, құсқа берілетін құрама жем мен витаминдіминералдық қоспалардың экономикалық тиімді рецептурасын және жемдеу мөлшерін даярлау жұмыстары жүргізілді; лазер сәулесі мен үйектелген (поляризацияланған) қызыл жарықты пайдаланудың нәтижесінде құстардың жұмыртқалағыштығы мен балапандардың өміршеңдігі артатындығы анықталды. Институтта жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін тауықтың «Алатау», үйректің «Медеу», «Арман» кросстары шығарылып, Орталық Азия республикаларының көптеген шаруашылықтарына таратылды.Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты – республика халқына онкологиялық және радиологиялық қызмет көрсететін ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік орталығы Қазақстан Республиксы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. 1960 жылы Алматы қаласында құрылған.

Құрамында 9 хирургиялық, 3 радиологиялық, 7 диагностикалық және 3 тәжірибелік (аңдарды зерттейтін арнайы лабораторияны қосқанда) ғылыми бөлімшелері бар. 1960 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты – қатерлі ісіктің алдын алу және емдеудің жаңа әдістерін жетілдіру. Онкологиялық реконструктивті-пластикалық операция арқылы шағын ісіктерді сылып тастау, кеңейтілген лимфодиссекция, иммунды-гормонтерапия және дәрімен емдеудің жаңа жүйелерін жүзеге асырды. Институтта дайындалған озық диагностика және емдеу әдістері ТМД елдерінің, Үндістанның, Швецияның, Перудің, Ұлыбританияның жетекші онкология орталықтарында және республиканың облыстық онкология диспансерлерінде қолданылады. Институтта Қазақстан ҰҒА-ның академигі С.Б.Балмұқанов, корреспондент мүшесі Ж.Н.Әбдірахманов, медицина ғылымының докторы, профессорлар А.Ә.Бейсебаев, Н.Ә.Әжіғалиев, Ж.Ә.Арзықұлов, Ғ.С.Қанапиянов, С.А.Бәйішева, А.Қосаев, А.И.Шибанова, т.б. ғалымдар жұмыс істеді. 2002 жылдан «Қазақстан онкологиясы мен радиологиясы» журналы шығарылады. 140-тан аса авторлық куәлік пен патент қорғалған.
Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты – орман шаруашылығын басқару және орман алқаптарын өсірудің ғылыми жүйелерін жасайтын мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. Қазақ орман тәжірибе станциясы мен Қазақстан ҒА Ботаника институтының орман секторы негізінде 1957 жылы Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысындағы Щучинск қаласында құрылды. 2002 жылы орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды. Құрамында: орман шаруашылығы және орманды пайдалану; орманда дәрілік өсімдіктерді өсіру; агроорман-суландыру; гендік қорды қорғау; селекция; тәжірибелік орман шаруашылығы бөлімдері, орман қорғау және оны сақтау лабораториясы, сондай-ақ Алматы, Алтайтәжірибелік орман станциялары, Батыс Қазақстан бөлімшесі және Кондратов тәжірибелік-үлгілік орман питомнигі бар.
Негізгі ғылыми бағыттары: ормантану, орман өсіру; шаруашылықта ағаш қорларын көп мақсатты және үзіліссіз пайдалануды ұйымдастыру; жергілікті ағаш және бұталы өсімдік түрлерінің селекциясы; тұқым алу; жаңа сорттарын шығару; орман шаруашылығында интродуценттерді қолдану; орман алқаптарын өсіру және көгалдандыру; сондай-ақ экологиялық апатты аймақта жасанды орман алқаптарын өсіру және қалпына келтіру; орманды зиянкестерден, аурулардан және өрттен қорғау; орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру; тағамдық және дәрілік жабайы өсімдіктер флорасының жеке түрлерін Солтүстік Қазақстан аумағында плантацияда өсіру технологиясын зерттеу.
Институтта бірыңғай әдістемелік негізде Қазақстан ормандарының типологиялық жіктелімі, сондай-ақ орманды-экономикалық және орманды-так-сондық аудандастыру жұмыстары орындалады; жасанды орман алқаптары қалпына келтіріледі; өртке қарсы шаралар жүйесі жасалады; көгалдандыру және орман шаруашылығына клон мен гибрид сорттары таңдап алынып, селекциялық нысандар жүйесі құрылады; орман зиянкестерінің биологиясы зерттеліп, оларды жою әдістері ізделінеді Арал теңізінің құрғап, жалаңаштанған қазақстандық бөлігін қайтадан көгалдандыру үшін суғармалы екпе ағаштар түрлері мен оның технологиясы туралы ұсыныстар берілді. Сондай-ақ институтта өртке қарсы қолданылатын минерализатор, суғармалы жерлерде орман отырғызуға арналған машиналар жасалды. Институт ғалымдары 11 авторлық куәлік пен патенттің иегерлері.

Қазақ өсімдік қорғау өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты

A.

Өсімдік.

Қазақ өсімдік қорғау өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. Республикалық өсімдік қорғау станция негізінде 1958 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Рахат ауданында құрылған. 2002 жылдан институт егіншілік және өсімдік шарушылығы ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болды. Институт құрамында: энтомология, фитопатология, экотоксикология, арамшөптермен күресу бөлімдері; биотехнология және шегірткелер экологиясы лабораториялары; сондай-ақ «Қостанай» (Қостанай облысы) бөлімшесі бар. 1958 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыттары: өсімдіктерді, ауыл шаруашылығы дақылдарын түрлі зиянкестер мен аурулардан, арамшөптерден қорғаудың тиімді әдістерін тауып, өндіріске енгізу; ауыл шаруашылығы өнімдерін және жайылымдарды аймақтық ерекшеліктерге лайықты интегралдық жүйеде қорғауға бейімдеу.

Институт дәнді, техникалық дақылдарды, қант қызылшасын, жүгеріні, жоңышқа мен эспарцетті, т.б. өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың агротехникалық, биологиялық, химиялық әдістерін өндіріске енгізді, биоагенттер мен микроорганизмдер, микробиологиялық препараттарды пайдаланудың жаңа тиімді тәсілдерін ұсынды. Зиянкестерден (әсіресе, шегіртке) арылудың жаңа әдістері іздестірілуде. Институтта өсімдік зиянкестерін жою мерзімін болжау мақсатында матем. модельдеу, электрондық есептеу машиналары, авиациялық барлау әдістері кеңінен қолданылады. Институт ғылыми жұмыстар жинағын, өсімдік қорғау мәселесіне арналған монографиялар, әдістемелік нұсқау кітапшаларын шығарады.

Картоп аурулары

Картоп аурулары– картоп дақылында саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар және микоплазмалар қоздыратын өсімдік аурулары. Олардың ішінде республикада аса кең таралып, көп зиян келтіретіндеріне фитофтороз, альтернариоз, макроспориоз, түйнектердің актиномикозды және қара таз қотырлары, сақиналы және фузариозды шіріктері, әр түрлі вирустар мен вироидтар және микоплазмалар қоздыратын аурулар жатады. Картоп фитофторозын төм. сатыдағы оомицеттер (Oomycetes) класына жататын Phytophthora іnfestans саңырауқұлағы қоздырады

Ауру белгілері

Алғаш жапырақ ұштарында қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Кеселдің дамуына жағдай қолайлы болса, жапырақ тақталары мен сабақтарында бір-бірімен ұласып жататын, қоңырқай немесе қара қоңыр үлкен дақтар пайда болып, олар тез арада солып, қурап кетеді. Ауа өте ылғалды, жаңбыр мол жылдары дақтардың үстінде ақшыл сирек ұлпа түзіледі.

Ауру қатты өршіген жағдайда

Картоп егісі бар-жоғы бір-екі аптаның ішінде қарайып, толық қурап, ал жаңбыр мол болса шіріп кетуі мүмкін. Фитофтороз картоптың түйнектерін де залалдайды. Онда ішке қарай тереңдей беретін қоңырқай дақтар пайда болады да, түйнектер сақтау кезінде толығымен немесе жартылай шіриді. Бұл ауру республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда және солт. өңірде жиірек кездеседі. Ол жаз айлары жаңбырлы және салқын (15 – 17°С), ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары (70 – 80%) болса қатты белең алады. Альтернариоз және макроспориоз (ауру қоздырғыштары Alternarіa solanі Neerg., Macrosporіum solanі Ell. et Mart.) фотосинтез процесінің екпінділігі төмендейді, осының салдарынан картоптың түсімділігі кемиді. Актиномикозды қотыр және қара таз қотыр түйнектің беткі қабатын, ал сақиналы шірік оның ішін залалдайды.
Алғашқылары республикамыздың орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында кең таралған. Кей жылдары олар картоп түсімділігін едәуір төмендетеді. Соңғысы республикада сирек кездеседі. Саңырауқұлақтар қоздыратын картоптың аса зиянды ауруына түйнектердің фузариозды солуы мен шірігі де жатады. Соңғысы картопты қоймаларда сақтау кезінде дамып, жиналған өнімді біраз ысырапқа ұшыратады. Ауруға, көбінесе жиын-терін кезінде жарақаттанған түйнектер бейім келеді. Сақтау кезінде қойманың темп-расы жоғары, ауа дымқыл болса ауру қатты өршиді. Картоп вироздарын А, Х, S, М, L вирустары қоздырады, көбінесе дақыл 2 – 3 вируспен бір мезгілде залалданады.

Аурудың негізгі белгілері

Жапырақтың қатты дақтануы, қатпарланып бұйралануы, түтікше тәріздес оралуы, ширатылуы және өлуі. Жапырақтардың жолақ мозаикасы ауруын У-вирусы қоздырады. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің сабақ буынаралықтары қысқарып, оның өсуі баяулайды, жапырақтары ширатылып қурай бастайды. Вегетация кезінде кесел бір өсімдіктен екіншілеріне өсімдік биттері арқылы таралады. Жапырақтардың түтікше ширатылуын картоптың L вирусы қоздырады. Залалданған дақылдың түйнектері өте ұсақ және олардың өскіндері көп әрі нәзік келеді. Вирус түйнекте сақталады, вегетация кезінде ауруды шабдал биті таратады. Жапырақ мозаикасын М-вирусы қоздырады, жапырақтар хлорозданып, олардың жүйке аралықтары жолақтанады әрі әжімделеді. Вирус түйнекте сақталады. Вегетация кезінде картоп жапырақтары бір-бірімен түйіскен кезде кесел шырын арқылы жұғады және өсімдік биттерімен таралады. Теңбіл мозаиканы Х-вирусы қоздырады. Жапырақ жүйкелерінің аралығында сарғылт теңбіл дақтар ретінде байқалады. Инфекция түйнектерде, кейде латентті (көзге байқалмайтын) жағдайда сақталады.

Күресу шаралары Фитофтороз және басқа да саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға қарсы күресу үшін түйнектерді отырғызар алдында беномил, фундазол немесе фенорам препараттарының бірімен бүріккен дұрыс (2 т-ға 1,5 – 2 л препарат жұмсалады). Вегетация кезінде фитофтороз, макроспориоз, т.б. аурулардың дамуын тежеу үшін егістікті 1 – 2 дүркін ридомол, ридомол голд, даконил фунгицидтерінің бірімен (га-ға 2 – 2,5 л) бүрку қажет. [1]

Өсімдік қорғау және экология

Ауылшаруашылық дақылдарын зиянды ағзалардан тиімді қорғаудың еліміздің азық-түлікке деген қажеттілігін, астық және басқа өнімдер бойынша экспорттық мүмкіндіктерін арттыруда атқаратын рөлі орасан зор. Халқымыздың денсаулығына келсек, ол күнделікті ішіп-жейтін азық-түлік өнімінің сапасы мен қоршаған ортаның тазалығына тікелей байланысты.

v73
Ғалымдардың болжауы бойынша, жер жүзіндегі халық саны 2050 жылы 9 миллиардқа жетпек. Осыған байланысты 2010 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Бидай өндірудің жағдайы және дақыл селекциясының негізгі түйткілдері» тақырыбында өткен VІІІ дүниежүзілік конференцияда, қазіргі таңда негізгі азықтық дақыл – бидай 650 млн. тонна өндірілсе, келешекте бұл көрсеткішті 900 млн. тоннаға дейін жеткізу қажеттілігі көрсетілген.
Дүниежүзілік тәжірибе үздіксіз өсіп келе жатқан жер шары халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету өсімдіктерді зиянкестерден қорғау шараларына тікелей байланысты екендігін көрсетіп отыр. Олардан келетін шығын орасан зор, көпшілік жағдайда өндірілетін өнімнің 3/1 бөлігіне дейін жетеді. Астық дақылдарының аса қатерлі саналатын тат және септориоз ауруларына келсек, олар еліміздің егістерінде эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жылдары негізгі азықтық дақыл – бидайдың түсімділігін 20-30 пайызға дейін кемітеді. Сондықтан да соңғы жарты ғасырда өсімдік қорғаудың аса тиімді жүйесінің бірі – химиялық құралдар немесе пестицидтер қолдануға көп көңіл бөлінуде.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 2008 жылы 10,8 млн. га егіс гербицидпен бапталған екен, бұл көрсеткіш 1997 жылмен салыстырғанда 2,7 есе жоғары. Өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы 5409,2 мың гектарға пестицидтер шашылған, оның 4585, 9 мыңына бюджеттен арнайы қаражат бөлінген. Шегіртке қаптаған 2000 жылы 8,1 млн. гектар егістікке, шабындықтар мен жайылымдарға және басқа жерлерге инсектицидтер шашылып, АҚШ долларына шаққанда 20,1 млн. көлемінде қаражат жұмсалыпты.
Бірақ ауыл шаруашылығы үшін аса қатерлі деп саналатын зиянды ағзалардың таралуы мен олардан келетін шығын төмендемей отыр. Мәселен, 2008-2009 жылдары карантинді нысан укекірені жоюға республика бюджетінен 1739 млн. теңге бөлініп, 179,9 мың гектар жерге гербицид шашылыпты.
Жарияланған деректерге сай соңғы 5-6 жылда бұл арамшөп таралған жер 920 мың гектарға өскен көрінеді. АШМ-нің мәліметіне қарағанда шегірткелер 2008 жылы 1694 мың га аумақты жайлапты, оның ішінде өзен мен көл және көлшіктердің айналасында өсетін қамыс пен құрақта тіршілік ететін азиялық шегіртке 483 мың га, қуаң далаларда мекендейтін италиялық шегіртке 1086 мың гектар жерде кездескен. Өткен ғасырдың 60-70-жылдары тексерілген 1,5-2 млн. га егіс алқаптары мен жайылымдық жерлер мен шабындықтардың – 20-30 мың, асып кеткенде 50-60 мың гектарына инсектицид шашылса, 2011 жылы тек Қостанай облысы бойынша 450 мың гектар жұмыс көлемі жоспарланған. Жыл сайын астық дақылдарының аса қатерлі деп саналатын тат және септориоз ауруларына қарсы 1,0-1,5 млн. га бидай егісіне фунгицид шашылады, оның жартысына мемлекет бюджетінен алынатын қаражат жұмсалады.
Енді пестицидтерді кеңінен қолданудың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталсақ. Біріншіден, агроценоз немесе фитоценозда зиянды ағзалармен қатар пайдалы жәндіктер, аң мен құстар, өсімдік мүшелерінде және топырақта неше түрлі микроағзалар, дөңгелек құрттар және т.б. тіршілік етеді. Өңделген шабындықтар мен жайылымдарда мал бағылады, ара бал жинайды, жиналған өсімдік өнімі малдың жем-шөбіне, адамның азық-түлігіне пайдаланылады. Пестицидтердің табиғатта таралуы өсімдіктерден басталып, қоршаған ортаның ауасымен қатар, топырақ пен суға шайылып, жан-жануарлар мен адамға кеп тіреледі.
Өсімдік қорғау құралдары көбіне зиянды ағзаларға белсенді органикалық қосылыстардан тұратындықтан, олардың қоршаған ортаға бейтарап болуы мүмкін емес. Ең алдымен олар пестицидтермен тікелей жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан жұмыс кезінде барлық санитарлық және гигиеналық шаралар толық сақталуы қажет. Өсімдіктерге бүркілген пестицидтердің біразы топыраққа түседі, жаңбыр суымен шайылып, оның терең қабатына сіңіп, кейде жер астындағы су қорларына дейін жетуі мүмкін. Ұшақтар арқылы бүркілгенде температура жоғары болса олар буланып, ауаны ластауы мүмкін. Пестицидтер аэрозолды бүріккіштер арқылы қолданылғанда желдің бағыты күрт өзгерген жағдайда олар ауа толқынымен көзделген нысаннан бірнеше шақырымға дейін ауытқып, қоршаған ортаға, тіптен елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін.
Елімізге өсімдік қорғау құралдары, дәрі-дәрмек көбінесе шетелдерден әкелінеді.
Соңғы ширек ғасырда алдыңғы қатарлы фирмалар зиянды нысандарға тиімділігі жоғары, пайдалы ағзаларға, жан-жануарлар мен қоршаған ортаға залалы төмен пестицидтер шығаруға көп көңіл бөлуде. Қазір өндірісте кеңінен қолданылатын химикаттардың зәрлілігі хлорорганикалық пестицидтермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Енді азық-түлік өнімдерін өндіруде пестицидтерді қолдану көлемі мен мөлшерін қалай төмендетуге болады, сол жайлы әңгіме қозғасақ. Ең бастысы, ауылшаруашылық дақылдарын зиянды ағзалардан қорғау үшін ғылыми негізделген, жан-жақты сынақтан өткен кешенді жүйе өндіріске кеңінен ендірілуі қажет. Ол негізінен карантиндік, агротехникалық және биологиялық шаралар топтамасынан тұрады.
Химиялық шаралар немесе пестицидтер зиянды ағзалар дақылдың түсімділігіне айтарлықтай нұқсан келтіріп, өнімнің сапасын төмендететін, тауар өндірушіні шығынға батыратын жағдайда ғана қолданылуы қажет.
Ең алдымен карантинді шаралар тиімді жүргізілуі қажет. Еліміз егемендік алғаннан кейін көптеген алыс-жақын шет елдермен байланыс нығайып, тауар айналымы, соның ішінде мәдени дақылдардың тұқымы мен түйнектері, неше түрлі сәндік өсімдіктер мен жасыл желектердің көшеттері елімізге көптеп келуде. Сонымен қатар, құрамажем үшін жүгері дәні, көкөніс, картоп және т.б. өсімдік өнімдері де тасымалдануда. Олармен бұрын республикада кездеспейтін қатерлі зиянкестер мен ауру қоздырғыштар және арамшөп тұқымдары кездейсоқ тасымалданып, фитосанитарлық ақуалды ушықтыруы мүмкін.
Қазақстан үшін карантинді нысан болып саналатын 50-ден аса өсімдіктердің вирус, бактериоз, микоз ауруларын қоздыратын микроағзалар мен бунақаяқтылар және арамшөп түрлері белгілі. Ресей мен Беларусь мемлекеттерімен еліміз Кеден одағын және Біртұтас экономикалық кеңістік құруы олардың қатерлілігін арттыра түспесе төмендетпейді. Демек, негізгі міндет – республика аумағында кездеспейтін карантинді нысандарға жататын ағзалардың мәдени дақылдардың тұқымы мен көшеттік және отырғызатын материалдар мен өңделмеген азық-түлік өнімдерімен кездейсоқ әкелініп, таралып кетпеуіне жол бермеу.
Өсімдік қорғаудың кешенді жүйесінің екінші бір саласына агротехникалық шаралар жатады. Фитосанитарлық тұрғыдан тиімді дақылдарды, органикалық және минералды тыңайтқыштарды көбірек пайдалану, тұқым мен көшеттерді оңтайлы мерзімде себу немесе отырғызу, картоп, көкөніс, жеміс және басқа дақылдарды мезгілінде отау мен суару, ауру жайлаған және зиянкестер шоғырланған өсімдік қалдықтарын жинау арқылы да олардың таралуы мен зияндылығын біраз төмендетуге болады.
Өсімдік қорғаудың экономикалық және экологиялық тұрғыдан ең тиімді тәсіліне зиянды ағзаларға берік немесе төзімді сорттар шығару жатады. Демек өндірісте мұндай сорттар көп болса, аурулар мен зиянкестерге қарсы химиялық құралдарды қолданудың қажеттілігі азая түседі. Барлық аурулар мен зиянкестерге берік өсімдік сортын шығару өте қиын. Мәселен, соңғы 10-15 жылда халықаралық СИММИТ орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан мен Ресей селекционерлері шығарған жаздық бидайдың жүздеген сорттарының негізгі үш ауруға, атап айтқанда, қоңыр немесе жапырақ татына, септориоз бен гельминтоспориоз және қатты қара күйеге беріктігін сынадық. Нәтижесінде оларға бірдей беріктік көрсететін сорт табылмады. Тексерілген селекциялық материалдың 5-10% ғана қоңыр татқа берік екені анықталды. Қазақстанда пайдалануға тіркелген жаздық бидай сорттарының тек 1-2-ғана жапырақ татына берік, олардың егіс көлемі 5%-дан аспайды.
Жеміс-жидектер және көкөніс дақылдарына келсек, мұнда да жағдай шамамен осылай. Алманың атақты апорт сорты аса кең таралған және өте зиянды аурулар – таз қотыр мен монилиозға, жеміс жегіріне өте бейім. Тауарлық сапасы жоғары өнім алу үшін, жоқ дегенде 4-5 рет жеміс ағаштарын пестицидтермен бүрку қажет.
Бау-бақша, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарының зиянкестерін шектеуде биологиялық тәсілді немесе оларда тіршілік ететін тоғышарларды арнайы көбейтіп, тиімді пайдаланудың, бактериялық және саңырауқұлақтардан алынатын биопрепараттардың атқаратын рөлі зор. Өткен ғасырдың 70-80-жылдары республикада көптеген биологиялық зертханалар ашылып, олардың жұмысы жолға қойылған еді. Өкінішке орай, еліміз егемендік алып, нарықтық экономикаға көшу жылдары бұл тәсілдің қолданылуы күрт төмендеп кетті. Осыдан 5-6 жылдай бұрын америкалық ақ көбелектен бациллус туренгензис деп аталатын бактерияның жергілікті штаммы бөлініп алынып, Ресей ғалымдарының көмегімен жан-жақты зерттеліп, одан алынған препарат «ақкөбелек» деген атпен өсімдік қорғау құралы ретінде тіркелген еді.
Ол көк желек, жеміс ағаштары мен көкөніс дақылдарының біраз зиянкестеріне жоғары тиімділік көрсеткенімен, отандық өндіріс көлемінде қолданыла қойған жоқ.
Бүгінгі таңда мәдени дақылдардың аса қатерлі аурулары мен зиякестеріне берік сорттарды биотехнология, әсіресе гендік инженерия әдістерін кеңінен қолдана отырып, шығаруға болады. Мәселен, АҚШ, Германия, Жапония және т.б. дамыған елдерде осы әдіспен картоптың вирус аурулары мен фитофторозына және альтернариозына, жүгерінің гельминтоспориозына, рапстың фомозына берік сорттар шығарылған. Гендік инженерияның көмегімен хитиназа ферменті рапс пен қызанақ дақылдарына тасымалданып олардың фомоз ауруына берік сорттары шығарылған.
Бүгінгі таңда гендік инженерия тәсілі майлы немесе қытай бұршағы, жүгері және рапс дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын шығарып, тұқымын өндіруде кеңінен қолданылуда. Осыдан 10 жылдай бұрын дүние жүзі бойынша тегі өзгертілген дақылдар 58,7 млн. гектарға егіліп немесе бүкіл егіс көлемінің 15%-ға жуығын қамтыса, жақын жылдары бұл көрсеткіш екі еселенуі мүмкін.
Биотехнология әдістерін кеңінен қолдана отырып, мәдени дақылдар генін түбегейлі өзгерту арқылы оларрумен қатар, аурулар мен зиянкестерге беріктігін арттыру тиімді шара екеніне ешқандай күмән жоқ. Бірақ бұл тәсілдің қоршаған орта мен адам және жан-жануарлар ағзасына тигізетін әсері жете зерттелмей отыр. Ең бастысы, тегі өзгертілген мәдени дақыл будандары байырғы сорттарды біртіндеп ығыстырып, көп жылдар бойы қалыптасқан генетикалық қорды азғындатуы мүмкін.
Сонымен қатар, тегі өзгерген мәдени дақылдар өзі туыстас жабайы өсімдіктермен будандасып, олардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Зиянкестерге және гербицидтерге берік тегі өзгертілген будандар осы дақылда тіршілік ететін пайдалы ағзаларға да теріс әсер етуі мүмкін. Мәдени дақылдардың трансгенді сорттары мен будандарын кеңінен пайдалану, білім мен ғылымның дамуы үшін қаражатын аямайтын, оларды шығаратын трансұлттық ірі компаниялар алдында тәуелділікке соқтырарын да ескеру қажет. Бүгінгі таңда тарансгенді дақылдардан жиналған өнімді малға жем, адамға азық- түлік ретінде пайдалану олардың ағзаларын қандай өзгерістерге әкеп соғатынын ешкім дөп басып айта алмайды.
Демек, жақын жылдары республикада өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғаудың химиялық тәсілі немесе пестицидтер қолдану үстемдікте болатынына күмән жоқ. Олардың қоршаған ортаға, әсіресе пайдалы жәндіктер мен жылы қандыларға тигізетін теріс әсерін қалай шектеуге болады. Бұл үшін ғылым мен техника және технологияның соңғы жетістіктері өндіріске кеңінен ендірілуі қажет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ