«Топжарған» білім сайысы (сценарий)

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, білімділігін, тіл байлықтарын дамыту. Сайыста өздерін еркін ұстауға, ойын ашық айта білуге дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, тәрбиешілер,бүлдіршіндер! №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінде өткелі отырған «Топжарған» білім сайысына қош келдіңіздер! Қатысқалы отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып, ортаға шақырайық.

1.Меңдіхан Айбат

2.Талап Әсима

3.Бейімбет Дана

4.Хаират Гулбақыт

5. Ермекқали Аяна

6.Айболұлы Сәлман

7.Бақтығали Махамбет

Тәрбиеші:

Шеберлікті білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділ — қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

1.

2.

3.

Құрметті әділ — қазылар, сайысқа қатысушылар жеребе тастап сайыскерлеріміздің ретімен танысайық

Әділ қазылар, бүлдіршіндер «Топжарған»білім сайысының бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Дарынды, білімді балаларды іріктеу мақсатындағы білім сайысы бес бөлімнен тұрады.

1. Танысу (слайд арқылы)

2. «Ойнап өсте,ойлап өс!» (Сұрақ-жауап)

3. «Өнер»орталығы.(өз өнерлерін көрсетеді)

4. «Тіл»орталығы (мақал-мәтел айту)

5. «Шебер саусақтар»(пішіндерден түрлі заттар құрастырады)

Өту барысы:

1 — Кезең: Балалар өздерін таныстырады.

2 — Кезең: «Ойнап өсте,ойлап өс!» (Сұрақ-жауап)

1.5 санынан кейінгі қандай сан? Піл үлкен, ал тышқан ?

2.Қандай пішіндерден үй салуға болады? 6 санынан кейінгі қандай сан?

3.3 бұрышы ,3 қабырғасы бар пішінді ата? 7 санынан кейінгі қандай сан?

4.Аю нені жақсы көреді? 4 санынан кейінгі қандай сан?

5.Күзде жаңбыр жауады,ал қыста не жауады? 9 санынан кейінгі қандай сан?

6.Бұта аласа,ал ағаш ………? 3 санынан кейінгі қандай сан?

7.Аспанда қанша күн бар? 5 санынан кейінгі қандай сан?

8. Қоянның құлағы нешеу?8 санынан кейінгі қандай сан?

Би: « Птицы мои»

3 — Кезең «Өнер орталығы»( балалар өнерлерін көрсетеді)

4 – кезең: Сайысымыздың келесі кезегінде «Алтын алма, білім ал» деген халық даналығы, енді тіл сайысына кезек берейік(мақал-мәтел)

Би «Барбарики»

5 – кезең:

Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын демекші келесі кезегінде «шебер саусақтар»

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Қорытынды:

Балалар бүгінгі сайысты қортындылағалы отырмыз. Барлығымыз кім жеңімпаз болғанын білгісі келіп отырған шығар. Ендеше әділқазыларға сөз береміз. Бүгінгі «Топжарған» білім сайысына келіп қатысқандарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіремін. Әрқашанда қадамдарыңызға нұр жаусын!.

Авторы Айым Какимова

Басқа да мақалалар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ