Ғылым және білім жүйесіндегі жастар

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Мазмұны

Кіріспе——————————————————————————————3

I Тарау Жастардың әлеуметтік сипаты.

1.1 Жастарды әлеуметтанушылық зерттеудің бағыттары: психоаналитикалық,

құрылымдық-функционалдық, мәдени————————————————5

1.2 Жастардың әлеуметтенуі——————————————————————7

II Тарау Ғылым және білім жүйесіндегі жастар

2.1 Еңбек нарығындағы жастар————————————————————-9

Қорытынды————————————————————————————18

Пайдаланылған әдебиеттер——————————————————————21

Кіріспе

Жеке тұлғаның мәдени даму кезеңінде қоғамдық ғылымдардың қатып-сіңген (догматикалық) ілімінен бөлініп шыққан, дамушы, жастарды ғылыми зерттейтін бұл ғылым саласы қатаң – марксистік идеология үлгісінен бөлініп, түрлі әлеуметтік өзгерістер мен жеке меншікті бөлісу пролетарлар революциясы проблемалары қоғамдағы жастар өмірінің ерекшеліктерін терең зерттеуді қажет етті.

Жастар арнайы зерттеу қажеттілігін негіздеу үшін қоғамдағы әртүрлі жас категорияларына байланысты идеологиялық көзқарастарды талдап шын мәнісіндегі проблемаларды анықтап алған дұрыс.

Жастар проблемасын әлеуметтік тұрғыда объективті түрде зерттеу бірнеше ресейлік авторлардың көптеген еңбектерін ерекше бөліп алуымызға болады, әсіресе, ростовтық авторлар Б.Рубин мен Ю.Колесниковтың “Социолог көзқарасындағы студент” еңбегінде алғаш рет жоғарғы білім жүйесіне сыни талдау жасалынды. Бұл сындар министрлік ортада кері көзқарастар пікірін туғызды. Қоғам әлі шындықтың көркемделген бейнесін көруге дайын емес еді. Жастар арасында жүргізілген алғашқы социологиялық сауалнамалардың нәтижесі асыра оптимистік жауаптарға толы болды, себебі сұралғандар өздерін “оқытқандарына қарай” – қатып сынген тәрбиеде жауап берген еді.

Алайда, уақыт өте жастар проблемасын жасыру мүмкін болмай қалды. Алпысыншы жылдар Кеңес Одағында да, Батыс елдерінде де – жастар субмәдениетінің бөлініп шыққан кезеңі болып табылады. Бұл кезең жастардың әлеуметтік белсенділігі шарықтап, өздерін үлкендерден ерекшелендіріп қарама–қайшы қойған кезең болып табылады. Мұндай ахуалдың итермелеуші күші (эпицентірі) Батыс елдерінде дамыған атақты Хиппилер қозғалысы, өзіндік құндылықтарымен жария болған пацифизм мен индивидуалды еркіндік, саяси солшыл радикалды топтар бірлестіктері 1968 жылдары – “студенттер ревалюциясы” деп аталатын жастардың ірі ауқымдағы толқынына ұласты. Осындай өзгерістер қаншалықты шектеулі болса да Кеңес Одағы жастарына әсер етпей қоймады, бұрынғы өмір бейнесіндегі қатып – сенген қағидалар бойынша өмір сүргісі келмейтін тілектер көбейе түсті.

Кеңес Одағындағы жастар субмәдениетінің қалыптасуы жастар арасында батыс эстрада музыкаларына деген қызығушылықтар көбейіп, шектелген немесе жартылай шектелген музыка топтары, әдеби және көркем андеграундтары, кеңестік эстраданың ресми және идеологияландырылған эстрадасына қарама – қайшы, түрлі әндер дүниеге келе бастады. Осы секілді ресми идеология негізінде құралған үгіт – насихаттан тұратын әдеби музыкаларды дамытуға тырысып жатқан кезеңде жастар арасында бұрын айтуға болмайтын шын мәнісіндегі әлеуметтік проблемалар өсе түсті: нашақорлық, жезөкшелік, құндылықтық вакуум, білім және мәдениет дағдарысы, біртіндеп тереңдей берген, үнсіз әлеуметтік және мүліктік қабатқа бөлінушілік жастардың кәсіби өсуіндегі қиындықтар тағы басқа геронтократиялық бейімделген қоғам үшін бұл проблемалар өткірлене, тереңдей түсті, әрі шұғыл шешімдер қабылдауды қажет етті.

Жетпісінші жылдары шет елдердегі жастар социологиясының дамуына орай қоғамтанудың жаңа, ерекше ресми санкцияланған саласын қарастыруға ұмтылды. Осылайша кеңестік мамандар жастар проблемасына қатысты 1970 жылдан бастап 1982 жыл аралығындағы Болгариядағы халықаралық симпозиумға үнемі қатысып отырды. Бүгінгі күні жастар социологиясы социологияның маңызды дамушы саласының бірі болып табылады. Оның мәні өте ауқымды, жастар категориясына қатысты бірнеше әлеуметтік проблемаларды қамтиды.

I Тарау Жастардың әлеуметтік сипаты.

1.1 Жастарды әлеуметтанушылық зерттеудің бағыттары: психоаналитикалық,

құрылымдық-функционалдық, мәдени.

Психоаналитикалық бағыт З. Фрейд пен оның оқушылары және ізін жалғастырушылары идеяларына негізделеді (Р. Бенедикт, Л. Фойер, Л. Шелефф, Э. Эриксон). Олардың еңбектерінің арқасында “эдип комплексі” теориясы дүниеге келді, онда ұрпақтар арасындағы жанжал табиғатын түсіндіруге көмектесетін гендерлік іс — әрекет үлгісі, жастардың өмір сүріп жатқан әлеуметтік тәртіпке қызуқанды қарсы шығу себептерін анықтауға көмектеседі.

Л. Фойердің тұжырымдауынша, “ұрпақтар жанжалы адамзат тарихының тамаша тақырыбы. Ол адамзат табиғатының ең бастапқы мінездемелеріне сүйенеді, мүмкін, таптық күреске қарағанда маңызды тарихи итермелеуші күш болуы да ықтимал… Барлық өмір сүруші қоғамның тарихы ұрпақтар арасындағы күрестер тарихы болып табылады.”

Осы тақырыпта ғалымдардың Л. Архангельский, С. Иконникова, И. Кон, В. Лисовский, В. Ольманский, Д. Фельдштейн, В. Щердаков тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде бар.

70 ж.ж. жинақталған тәжірибе мен білім жастардың әлеуметтенуін толық зерттеу жасауына үлес қосты, онда әсіресе, әртүрлі әлеуметтік қабаттардың ерекшеліктерін көрсетіп берді. Дәл осы психоаналитикалық бағыт арқылы жастар сана сезімінің терең тамырын анықтауға, жас жеке тұлға ерекшелігін түсінуге, әлеуметтік бөлінуді жеңу мен өз — өзін дамытуға көмек беруді айқындады.

Құрылымдық–функционалдық бағыт ұрпақтар арасындағы өзара әрекет “жыныстық ревалюция” теориясын құруда маңызды рөл атқарады (В. Райх, Г. Маркузе), “ұрпақтар жанжалы” (Д. Белл, Э. Фромм, Р. Мертон) және тағы басқа. Ш. Эйзенштадт өзінің атақты “Ұрпақтан ұрпаққа” атты кітабында жастар тобын бірнеше әлеуметтік статусы және соған сәйкес әлеуметтік рөлдері бар, индивидтерге толы құрылымдық көзқарастар жүйесі ретінде қарастырды. Әрбір рөл құрылымдық өзара іс — әрекетте жас жеке тұлға іс — әрекеттерін реттеуші белгілі бір анықталған аспекті ретінде негізгі бірлікті құрайды.

Бұл бағытқа елеулі үлес қосқан еңбектер жастар социологиясын сын зерттеуші В. Боровик, В. Васильев, А. Капто, А. Колесников, В. Шубкин, В. Мансуров, Л. Рубина, В. Староверов, С. Фролов және тағы басқа ғалымдар. Олар жас ұрпақтардың жұмысшы табына толуы, колхоз шаруашылығы, интеллигенция, оның әлеуметтік жағдайы, еңбекші және қоғамдық белсенділік, сондай – ақ кәсіби статустардың сәйкес келмеу проблемалары мен білім деңгейі және материалдық қамтамасыз етілуге кәсіби дайындығының тендециясын зерттеді.

Алайда, қоғамның теңдік – интеграциялық үлгісіне негізделген құрылымдық – функционалдық бағыт жастар ортасындағы жанжалды анықтап, оның дамуы мен болжам жасау тенденциясының өзгерісін талдауда жеткіліксіз.

Мәдени бағыт адамзат мәдениеті феноменологиясы аспектісінде оның ішінде жастар арасындағы әлеуметтік процестер мен құбылыстарды зерттейді. Бұл бағыттың классикалық үлгісі неміс социологы К. Маннгейм еңбектері болып табылады. Ұрпақтар бірлігі феноменін зерттей отырып ол әлеуметтік мұрагерлік механизмін анықтады: материалдық және рухани тәжірибені меңгеру мен таратуға деген аса қажеттілік үнемі адамзат мәдениеті феноменінде жаңа адамдық толқындарға келіп тіреледі; бұл жас ұрпақтардың өркениеттілігіне жетуге деген үздіксіз ұмтылысы қоғам үшін маңызды, сондықтан да жаңа бағытқа қозғалысы мен мәдени мұрагерлікті бағалауға жол ашады.

Ұрпақтар ауысымы – адамзат өміріндегі биологиялық қарқынға негізделген тамаша процесс, оның нәтижесі: мәдени процесте оның жаңа мүшелері пайда болды, онда ескі мүшелері біртіндеп жоғалады, ұрпақтардың кез – келген мүшесі тарихи процестің хронологиялық шектеулі бөлігінде ғана қатыса алады, сондықтан да мәдени жинақты үнемі мұрагерлік ретінде беріп отыру керек, ұрпақтан ұрпаққа ауысу жалғасатын процесс.

1.2 Жастардың әлеуметтенуі.

Ұрпақтардың өзара қарым-қатынасындағы аса маңызды аспектілердің бірі — балалар мен жастардың әлеуметтенуі. “Әлеуметтену“ термині индивидтің белгілі бір білім, нормалар, құндылықтар, жүйесін меңгере отырып қоғамның толық құқы бар азаматы ретінде қызмет етуіне әсер ететін барлық әлеуметтік процесстер жиынтығын білдіреді.

 Қоғамның өмірлік қызметіндегі жеке тұлғаның қоғамдық өмірге араласып өндірістенуін қамтамасыз етуінде маңызды роль атқаратын процесс- әлеуметтену. Әлеуметтену саналы, бақыланатын, мақсатты іс-әрекеттерден құралады, сондай-ақ, жеке тұлғаның дамуында шатасқан, соқтығысуға толы әсері бар процестерден де тұрады.

Э.Дюркгейм, М.Вебер және Т.Парсонс әлеуметтенуді индивидтердің ілеуметтік нормалар, құндылықтар, стереотиптер мен іс- әрекет ережелерін меңгеру процесі деп тұжырымдайды. Қоғам өзінің әлеуметтік құрылымын сақтау мен әлеуметтік жүйені өндірістендіру мақсатында әлеуметтік стереотиптер мен стандарттарды қалыптастырып рольдік іс- әрекет бейнесін құруға ұмтылады (топтық, таптық, этникалық, кәсіби т.б). Қоғамға қарсы қатынаста болмас үшін жеке тұлға әлеуметтік тәжірибені әлеуметтік ортаға ену арқылы, әлеуметтік ұмір сүруші жүйеге байланысқа түсу арқылы меңгереді. Жеке тұлғаның әлеуметтік ерекшеленуі әлеуметтенуді адамның қоғамдағы адаптация мен интеграция процесі ретінде қарастыруына мүмкіндік береді.

1. Әлеуметтену түсінігі. Американдық социологиядағы құрылымдық – функционализм бағыты (Т.Парсонс, Р.Мертон) әлеуметтену түсінігін әлеуметтік жүйедегі жеке тұлғаның толық интеграциясы, бейімделу процесі ретінде қарастырды. Бұл мектеп дәстүрі әлеуметтенуді “бейімделу “ ұғымында (адаптация) зерттейді.

Бейімделу ұғымы биологияда басты орында алатын түсінік, ол тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі негізінде қарастырылады. Социологияға тән бейімделу, адамның қоршаған әлеуметтік орта, жағдайға бейімделу болып табылады. Әлеуметтену концепциясының талдауына ерекше үлес қосушы көрнекті американ социологы Р.Мертон. Ол жеке тұлғаның қоғамдағы құндылықтар мен нормаларға әлеуметтік бейімделу типологиясын ұсынды. Типология негізінде – индивидтің әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды мойындап жетуге ұмтылу сәйкестігін жатқызады. Ұсынған тұжырымдамада ол жеке тұлғаның оптимальдысы (маңыздысы) әлеуметтік құндылықтар мен идеалдар, нормалар, оларға жетуді мойындайтындар.

Мұндай жеке тұлғаны Р.Мертон конформистис деп анықтады. Әлеуметтік маңызды құндылықтарға қол жеткізу нормасы саласындағы экспериментальды, екінші жеке тұлға типі – инновациялық болып табылады. Керісінше, әлеуметтік мақсаттарға экспериментальды салаға қарсы. Алайда дәстүрлі әлеуметтік нормаларды сақтай отырып, берілгендікті білдіретін жеке тұлға типі — ритуалданған (үрдістенген). Екі қалған типтер әлеуметтік белсенділігіне қарай изоляциондық тип (эскапизм) — әлеуметтік мақсаттар мен қол жеткізу шараларын қабылдамайтын, сондай-ақ адам өз әлеміне кетіп қалатын, қоғаммен ешқандай байлнысқа түскісі келмейтін жеке тұлға. Бесінші тип, “мятежник” дау-жанжалға жақын типтер, наразы тұлғалар — әлеуметтік құндылықтар мен идеалдарға қарсы шығып жаңа идеаалдар мен іс-әрекет нормаларын ұсынушы адамдар. Осы типологияны қарастыра отырып, әлеуметтену нәтижесі жеке тұлғаның қоғамдағы интеграциялық деңгейі мен тұрақтылық дәрежесін анықтайтын әлеуметтену қорытындысын көрсетеді.

Әлеуметтенудің идеалды варианты жеке тұлғаның алғашқы қоғамның мәдениетіне бейімделетін типі. Осылайша американ социологиясы әлеуметтенуді мәдени, психологиялық және әлеуметтік қоршаған ортаға бейімделу түсінігі ретінде қарастырады. Алайда, әлеуметтенуді әлеуметтік ортаның жеке тұлғаға әсері ретінде деп бір жақтылы қарау дұрыс емес. Тарихи даму жеке тұлғаның автономдылығын (егемендігін) бейнелейді. Бұл процесс ортаға тек бейімделу емес, өз-өзін дамыту мен өзгерту, өндірістену болып табылады.

II Тарау Ғылым және білім жүйесіндегі жастар.

2.1 Еңбек нарығындағы жастар.

Ғылыми-техникалық революция қоғамның бүкіл құрамын, мінездемесін, адамның орны мен қызметін, өмір бейнесі мен тұрмысын, әлемге көзқарасын қарқынды түрде өзгертеді. ғылыми-әлеуметтік потенциал мемлекеттің беделінің символына айналды, себебі оның болашақтағы ұлылық пен ірілігін анықтайды.

Ғылым — әлем туралы объективті білімдерді жүйелеп негіздеуге бағытталған адамзат қызметінің саласы ғылым арқылы тарихи дамушы білімдер мен әлеуметтік институттар жиынтығын түсінеміз. Егер ғылымды білімнің бір саласы ретінде қарастырсақ, онда ол объектіге бағытталуы тиіс, әрі өзіне сәйкес арнаулы болуы тиіс. Арнаулы ғылыми — білімге қол жеткізу бұл әрбір субъект өзі үшін қайта ойлап таппайды, өзінің кәсіби дайындығы барысында меңгеретін нормалардың реттелген қабылдау процесі болып табылады. Ғылымның бір саласы бойынша қажетті кәсіптік меңгергендігі бойынша біріккен тұлғалар мен жаңа білімдерді талдау процесіне қатысушыларды ғылыми қауымдастық деп атайды. Қауымдастықтың басты сұрақтарының бірі — ғылыми қызметті жандандыру мен жаңа зерттеуші ұрпақтарды дайындау болып табылады. Білім әлеуметтік институттарды қамтамасыз ететін жеткілікті дәрежедегі ұзақ мерзімді әрі негізделген кәсіби дайындық ғылымда қарқынды өзара байланыс пен өзара айырбасты қалыптастырып, ғылымның әлеуметтік қызметтерін қалыптастырады.

Білім мен ғылым – әлеуметтік-мәдени практика, әлеуметтік институт, арнайы ұйымдастырылған процесс саласын анықтайтын көпмағаналы ұғым қызметтің нәтижесін айқындайды.

Кез-келген білімнің мақсаты адамның мәдени құндылықтарға , өнерге, рухани адамгершілік құқыққа, шаруашылыққа, табиғи адамның мәдениеттілікке айналуына, тығыз қарым-қатынас жасауына пайдалы әсерін тигізеді. Білім адамдардың жоғарғы және арнайы оқу мекемелері көмегімен жүйеленген білімдер, әдіс тәсілдер, ақыл-нақылдар құндылықтарды үйрену меңгеру мен таралуы процесін анықтайды. Білім әлеуметтік институт ретінде әлеуметтік мәдени ортаға бейімделу, дайындау, әлеуметтену, қоғамның әртүрлі салаларына жастардың араласуы қызметтерін атқарады.

Ұрпақтар ауысымы нәтижесінде қарапайым білімнің өркендеуі ғана емес, сонымен қатар білім және ғылым институттары мен бүкіл қоғамдық жүйелердің жаңару процесі жүреді. Әлеуметтік-мәдени тәжірибенің жаңартылған түрлерінің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуі процесінде жастар шешуші фактор болып табылады.

2. Білім өз алдына әлеуметтік жүйелерді құрып, өзіндік құрылымнан тұрады. Оның негізгі элементтері оқу-тәрбиелік мекемелер әлеуметтік ұйымдар ретінде, әлеуметтік лауазымдар, оқу процесі әлеуметтік қызметтің бір түрі болады.

Білім жүйесі бір қағидаларға орай құрылымданған, өзіндік қатарлардан тұрады:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесі;
  • жалпы білім беру мектебі;
  • кәсіби-техникалық білім беру,
  • орта кәсіби білім беру;
  • жоғарғы білім беру;
  • жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру,
  • мамандарды қайта даярлау жүйесі.

29 жас

28 докторантура

27

26

25 аспирантура

24

23 магистратура

22 мамандар

21

20 бакалавриат

19

18 толық емес орта білім бастауыш кәсіби білім БПУ

17 толық білім беру

16 гимназия лицей мектеп ПУ

15

14

13

12 НЕГІЗГІ БІЛІМ БЕРУ

11

10

9 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ

8

7

6

5 балалар бақшасы мектепке дейінгі тәрбие

4 мен білім беру

3
2 балалар бақшасы

1

Қазіргі заманда білім берудің формальды жүйесін атқарып отырған қызмет ін кез-келген әлеуметтік институт атқара алмайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлдем қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан, білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден-бір сала болып табылады.

Білім беру мекемелдерінде әр жас студент немесе шәкірт қалыпты, жүйеленген ережелерге сәйкес әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалармен ережелерді сақтауды алға тартады.

Әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі кәсіби, мамандандырылған білім берудің ең басты құралы ретінде жүретінін ұмытпауымыз керек. Егер дәстүрлі қоғамдарда білім беру жекелей әсер ету арқылы оқытушыдан шәкіртке, үлкеннен кішіге өтіп отырса, ал дәл қазіргі қоғамда стандартты формада формальды түрде іске асырылып жатыр. Бұл әрине, білім беру жүйесін қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтендіру факторына және құралына айналдырады.

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру ісіне аса назар аударылып отыр. Оның сесебі қазіргі жастарымызға сапалы да салиқалы білім беру болып табылады. Білім беру жүйесіндегі көптеген реформалар Қазақстандағы жастарға білім беруге бағытталған. Жастар қоғамның күші, еліміздің болашағы дейтін болсақ, біздің еліміз жастарға білім беру жолында еш аянып қалмауы тиіс.

Әрине, бұл күндері білім аламын деген талапты жастарға мейлінше жағдай жасалынған десек те болады. Мектеп бітіруші түлектерімізге тегін білім алуға мүмкіндік беретін грант саны да жыл сайын өсу үстінде. Онымен қоса шетелде білім аламын деушілерге де жол ашық. Яғни жыл сайын елімізде шет елде білім аламын деп талпынған студенттерге «Болашақ» бағдарламасы бойынша үш мың тегін орын бөлініп отыр. Дегенмен дәл осы жүйенің кейбір шикі тұстары да бар. Бұл мәселелер әлі де қаралу үстінде.

Білім берудің бүгінгі жағымды пайдалы жүйесі болашақ қоғамның кемелденуінің жарқын бейнесі. Яғни білім берудің дамыған жүйесі әлеуметтендірудің негізгі қызметін атқарады.

Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі кездерде білім беру саласында көптеген реформалардың енгізіліп жатқаны рас. Мысалы еліміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша бір жастың өзіне көптеген қаржы жұмсап, шет елде оқуына жағдай жасап отыр. Ал, сол бағдарлама бойынша шет елде даярланған маман алған білімін өз елінің пайдасына ұқсатып жатыр ма? Жоқ әлде сол елде қалып қоюда ма? Әрине осы сұрақтар бойынша кейінгі кездері көптеген әңгімелер қозғалып жатыр. Сонша қаржы жұмсалып шет елде маман даярлаған соң сол маман өз білімін еліміздің экономикасында пайдаға жаратқаны дұрыс емес пе.

Соңғы кездері жастар қоғамның барлық саласында өздерінің белсенділігін таныту үстінде. Саясатта, өнерде, білімде, спортта, және тағы да басқа салаларда. Бұрынғыдай емес қазіргі кезде жастардың білімге деген ұмтылысы да басқаша. Дәл қазіргі заман талабына сәйкес, білімді, оқыған азамат өмірде өз орнын таба біледі. Өйткені қазір ақпараттың, жаңа технологияның заманы. Сондықтанда білім алуға келгенде жастарымыз өз мүмкіншіліктерін жіберіп алмағаны дұрыс.

Мамандық таңдау барысында да жастарымыз дұрыс қадам жасай білсе екен. Өйткені біздің қоғам дәл қазіргі кезде қаптаған экономисттерді немесе заңгерлер мен қаржыгерлерді емес, кәсіби біліктілігі жоғарғы құрылыс саласындағы мамандарды, техника және технология саласындағы мамандарды қажет етуде.

Әрбір еңбекке қабілетті адамның өмірінің бөлінбес бөлігі жұмыс болып табылады. Жұмыс істеушіге қойылатын талаптар деңгейі, оның мазмұны, қиындығы мен жауапкершілігі, біліктілігіне қарамастан жұмыс оның бүкіл өмірлік орнын анықтап, индивиттің субъективті құндылықтар жүйесі, жақын және алыс жетістіктерін айқындайды. Жұмыс «сондай – ақ адам өміріне әлеуметтік роль (түр – келбет) береді. Түрлі кәсіби қызметтер қоғамның даму деңгейін анықтап, олардың алдында тұрған мақсаттың мінездемесі, қоғамдық сананың кәсіптік бағалауы. Оның «беделдігін» айқындап береді. Бұл адамдардың мамандық таңдауы, оқу мекемесі мен ұсынылған жұмыс орнын таңдауында еңбекке қанағаттануын қалыптастырады.

Өндірістер мен кәсіпорындар арасындағы экономикалық байланыстардың құлдырауының жиілеуі жоғары дипломы бар манадар арасында бұрынғы материалдық деңгейін төмендетіп алуға соқтырады. Қосымша жұмыс іздеуші адамдар қатары көбеюде.

Жас адамдар әлі кәсіби болмаса да, өмірлік жолын мамандық алу өмір сүру жол таңдау тиіс. Олардың өміріндегі маңызда мәселе (оқу, тұрмыс, тұтыну, қарым-қатынас) мазмұнды әрі өндірістік еңбек етуге мәлімет бере отырып, индивиттің қоғамдағы әлеуметтік орнын анықтап қамтамасыз етілуін (материалдық ахуалы, білім деңгейі, беделі).

70 жылдар аяғында оқушылар үшін идеал ой еңбегінің жоғары кәсіби мамандығы болып табылады. Ол жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің жалғыз жолы болып қабылданды.

Қазіргі кездегі оқушылар үшін беделді мамандықтар түрлі кәсіпкерлік қызметтер, өндіріс сервисі, демалыс орындары мен көңіл көтеру орындары т.б. мамандықтар тез баюға мүмкіндік беріп жеке ұйымдастырушылық коммуникативті қасиеттерін дамытуға ең бастысы алдын-ала ұзақ кәсіби оқуды жиі талап етпейтіні ыңғайлы болды.

Кәсіп таңдау және жұмыс орнын іздеу қиындығы қазіргі жастардың сапалық білім түрі мен еңбек мазмұнына сәйкес келуі болып отыр. Академиялық білім күделікті өмірде практикалық қолданылу орнын таба бермейді. Сондықтан жас адамдардың қызметтік карьерасын білім деңгейі мен біліктілік дәрежесімен байланыстыра бермейтіндері аз емес.

Кәсіби білім алу барысында көптеген оқитындар мен студентер арасында алып жатқан мамандығына көңілі толмаушылық болады. Кейбір жеке пәндердің ұнамауы кәсіптік таңдау дұрыстығына күдік туғызып оқуға деген қызығушылықта төмендейді. Осы кезде кәсіптік таңдау дағдарысы орын алады.. Ол ереже бойынша кәсіби білім алудың бастапқы және соңғы жылдарында аса қатты байқалады. Бұл дағдарыс оқу мотивациясының әлеуметтік – кәсібилікке ауысуында жойылады.

Кәсіби білім алу аяқталғаннан кейін кәсіби бейімделі кезеңі басталады. Жас мандар өзіндік қызметін бастайды.

Мамандық таңдауда жас адам өзінің болашақ жұмысы жайында ойлайды. Кәсіби оқу мекемесінде бұл кеңейтілді.

Мамандық таңдау – бұл көбінесе адамның қоршаған ортаға бағынуы бейімделу стратегиясы арасындағы таңдау, бір жағынан жеке тұлғаның дамуындағы ішкі ресурстардан арылу старатегиясы, құндылықты – руқани проблемаларды шешуге қабілетті және қоршаған ортаға қарсы тұру қажеттілігі.

Мамандық таңдаудың индивдуалдың жағдайы (кәсіби жолды проектілеу мен жылжу) әр адамда жалпы құрылымды құрайды. Оның маңызды болашақта жастардың кәсіп таңдауын сегіз жағдайға бөлеміз.
  1. Отбасының үлкен мүшелерінің көзқарасы (немесе олардың орындағылары).
  2. Құрдастар көзқарасы (жолдас, құрбы) отбасында тыс қарым-қатынастағы маңызды адамдар.
  3. Мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері, мектеп тпсихологы (оқушы тарпынан) егер бар болса олардың көзқарастары..
  4. оқушының сол кездегі жеке кәсіби жоспарлары (оптанттық толық анықсыздығы белгіссіздік болса да).

Жеке кәсіби жоспардың (теоретикалық идеалды) жалпы құрылымы (болашақта) толық былай көрсетіледі.

  • басты мақсат (жас адам болашақта не істейді, қоғамдық – халықтық іске қандай еңбекті үлесі бар, кім болғысы келеді, неге қол жеткізгісі келеді, қандай өмірлік идеалы мен қызмет түрі бар).
  • Жақын арадағы және кейінгі мақсаттары – «өмірлік жетістік» (қызметтің алғашқы саласы ойлауға болатындай жалғыз мамандық жұмыс өз күшінің мүмкін алдын – ала врианттары мүмкін кәсіби оқу мекемелері кәсіби оқу мекемесінің, еңбектік орны — өзінің жұмыс күнін көру мүмкіндігі, кәсіби іскерлікті көтеру, оқу, карьера құру).

Жастар мәдениетінің ерекшеліктері.

Қазіргі жағдайда коғамдағы ең жылжымалы барлық әлеуметтік процестердің ішінде жастар мәдениеті жас адамның мәдени қызметінде мәдени дамудың мазмұндық жағының бағытталу денгейіне тең. В.Я.Суртаев жастар мәдениетін келесі факторлармен белгілейді:

1. КСРО құлағаннан кейінгі қоғамның әлеуметтік құрылымындағы қайта құрудың басталуы мен байланыстың шиеленісін нарықтық экономикаға өтудегі жүйелік дағдарыс занды түрде әлеуметтік бейімделудің дәстүрлі құндылықтардың ауысуына алып келді. Кеңестік ұлттық және «батыстық» құндылықтарға деген бұқаралық сана — сезім бәсекелестігі тұрғындардың әлеуметтік анемиясы мен өзгерісіне алып келмеуі мүмкін емес, жастардың құндылықтар әлеміне әсер етіп қарама-қайшы. аласапыран әрекеттер кейде болады. Әлеуметтік — экономикалық жағдайдың жаңа жолдарын қарастыру мен жылдамдатылған статустық қозгалыс, бейімделудің жаңа түрлері жастар мәдениетіне өз ықпалын тигізді.

2. Қазіргі мәдениеттің институционалдық, субъективті қызметтік деңгейі коғам секілді дағдарыс жағдайында. Бір жағынан тұрғындардың мәдени даму маңыздылығы дағдарыстан шығу жолдарының әлеуметтік проектілері сәтті жүзеге асуы үшін басқару органдарымен мойындалады, екіншіден -мәдени процестің мәденилігі жоғарғы мәдениеттен орта ашулы мәдениетке ауысты. Оның ең көрнекті түрі бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.

3. Мемлекеттік көлемде гуманитарлы әлеуметтендіру бағдарламасы тұтас орындалуын қамтамасыз етуге тырысу сәтсіз аяқталды. Бүгінгі ортақ гуманитарлы тәрбие мүлдем жоқ ал бұл саладағы жеке мемлекеттік жоғарғы оқу орындарындағы жастар тобының ұмтылыстары тек кейбіреулерін ғана қамтиды, Көптеген мектептерде гуманитарлы әлеуметтену гуманитарлы пәндерді стандартты түрде шектеп «оқудан тыс» деп аталатын мәдени құндылықтармен жас адамдарды біріктіретін топтар кейде бұзады. Гуманитарлы әлеуметтену коммерциялық мінездеме екені көбінесе жасырын емес, мәселен «элиталық білім». Гуманитарлық әлеуметтену оқушының немесе жас адамның ата-анасының кіріс деңгейіне мөлшерленген.

4. Жасөспірімдік жас (15-18 жас) белгілі бір деңгейлі ашушаңдық тілектер тұрақсыздығы, шыдамсыздық, бірбеткейлік мінездерімен ерекшеленіп әлеуметтік статустық көңіл-күйіне әсер етуі шиелінісе түсетін кезең болып табылады (ол бала да емес, есейген де жоқ). Дәл осы кезең құрдастар арасында іс-әрекет стилі. мода (сән) өзара қарым-қатынас, байлығы қанағаттандырылмайды. Құрдастар тобы әлеуметтік шеттету көңіл — күйін басынан кешіреді. Әрине, бұл топтарда өзіндік мәдени нормалар мен дәстүрлер ең алдымен эмоционалдық-сезімдік қабылдауы арқылы ерекше қалыптасады.

Қорытынды

Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттеді. Білім беру әлеуметтану білім жүйесі әлеуметтік институты ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласынан бөлініп шығуы бөлімінің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербесшілігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алуы қабілеттілігіне негізделген.

Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғам қызметі мен басқа институттармен байланысы) әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері мектеп, жоғары оқу орын т.б. Сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы сондай – ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулермен зерттеледі. Мысалы, қоғамның өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері.

Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны) оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынастар ұжым мен топ арасындағы қатынас, мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ мұндай мәселелер білім беру әлеуметтануының саласы ретінде педагогика әлеуметтануын қалыптастырады.

жастар әлеуметтік өмір мен әлеуметтік қарым-қатынастар субъектісінің феномені ретінде қарастырды. Жастар социологиясын зерттеуші атақты отандық социолог И.С.Кон зерттеу объектісіне толық анықтама берді: “Жастар – жас ерекшілігі мінездемелері негізінде біріккен, әлеуметтік жағдайы мен басқа да әлеуметтік – психологиялық қасиеттеріне қарай жинақталған әлеуметтік – демографиялық ерекшеленетін топ. Жастық шақ белгілі бір фаза (кезең) ретінде, биологиялық тамаша өмірлік циклі бар, алайда оның нақты жас ерекшелігі ара қашықтығы, әлеуметтік статусы мен әлеуметтік – психологиялық ерекшелігі әлеуметтік – тарихи табиғаты бар, қоғамдық құрылысқа тәуелді, қоғамның мәдени әлеуметтену заңдылықтарына тән кезең болып табылады.”

ҚР студентер контингентін қалыптастыру 1999 жылдан бастап кадрлар даярлауға мемлекетгік тапсырыс беру арқылы (мемлекеттік білім беру кепілдері және мемлекеттік білім беру кредиттері), сондай-ақ студенттердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Қазақстанның жоғары оқу орындарына мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқуға қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады:

1. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық тестілеу орталығы кешенді тестілеу нысанында емтихан жүргізеді. Тесттен өткен талапкерлерге мемлекеттік сертификат беріледі.

2. Тестілеу жөніндегі республикалық комиссия мемлекеттік білім беру гранттарын (МБГ) тағайындауға конкурс өткізеді немесе мемлекеттік білім беру несиесін (МБК) алу құқығын береді.

3. Комиссияның мемлекеттік білім беру грантын немесе мемлекеттік білім беру несиесін алу құқығын беру туралы шешіміне сәйкес қалауы бойынша кез келген жоғары оқу орнын таңдауына және 10 тамыздан бастап 25 тамызға дейін осы жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсыруына болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. И.Шәмшәтұлы, МДәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнкожаев «Әлеуметтану» Алматы, 1999ж

2. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов, «Әлеуметтану», Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы; 2003. – 376 б.

3. Тощенко Ж.П. «Социология» Москва, 1994

4. Рахметов Қ.Ж, Болатова А.Н, Исмағамбетова З.Н, «Социология» Алматы 2005 «Өлке» — 256 б

5. Қ. Р. «Білім туралы» заңы Алматы, 1999

6. Тұрғынбаев Ә.Х «Социология» Алматы, 2001

7. Хамидов А.А «Отчуждение в сфере образования / Человек в мире отчуждения» Алматы, 1996

8. Нысанбаев. Ә. «Социология» Алматы, 2002

9.Шереги Ф.Э., Харчев В.Г., Серико В.В., «Социология образования: прикладной аспект» Москва, 1997

10. Қ. Р. «Ғылым туралы» заңы Алматы, 2000

11. Маркович Д. «Общая соцтология» Москва, 1994

12. Тажин М., Аяғанов Б., «Социология негіздері» Алматы, 1993

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ