Өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту

Көшпелілердің киімдері, ат əбзелдері, көшпелілердің сауыт-саймандары мен қару-жарақтары.

«Адамның жақсы өмір сүруіне

                                                                   үш сапа негіз бола алады,

                                                                            олар барлығынан басым

                                                                            болатын – адал еңбек,

                                                                            мінсіз ақыл, таза жүрек»

Ш. Құдайбердіұлы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты — жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.

Ал, бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағына білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзінің -өзіне сенімін нығайтып, өзінің-өзіне жол ашуына түрткі жасау-міне, бүгінгі білім беру ісінің басты міндеті.

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруда, дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда.

Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Бүгінгі таңда педагогика ғылымдарының әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерінің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту болып табылады. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту баланың мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап жүзеге асырылса, онда қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына игі ықпал етеді.

Ендеше, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігінің қалыптасуы адамгершілік түсініктің, адамгершілік мінез-құлықтың эмоциялық пен интеллектуалдық жақтарының бірлігігнен тұрады.

Сонымен, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерінің негізгі өлшемі – адамның жақсылыққа талпынысы деген қорытынды жасауға болады. Өйткені басқаларға жанаршылық білдіру, өзге адамға жақсылық тілеу,адамдарға көмек көрсету,айналадағы өмірді жақсартуға ұмтылып, оны жүзеге асыру, өзін-өзі тануға ұмтылу, сол арқылы бүкіл дүниені жетілдіру сияқты құндылықтар рухани дамудың негізгі көрсеткіші болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

-жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыта оқыту;

-жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту барысында оқушының білімін, дағдысын қалыптастыруға бағытталған мәтіндер, тапсырмалар жүйесін жасау;

-тиімді әдіс-тәсілдерді белгілеу.

Жалпы адамзаттың, әрбір жеке халықтың өмірлік тәжірибесі арқылы айқындалған қымбат құндылықтар, биік адамгершілік, азаматтық, кісілік.

Мәселен, ұлы Абай «біреуге көмектесу-ішкі зор қуат пен терең ақыл және ыстық сезімнің ісі» деп біледі.

Міне, осындай қасиеттер түгелдей бір адам бойында болғанда ғана, ол салиқалылықпен біреуге жанашыр бола алады дейді.

Мысалы, Абайдың алыптығын сезінген, мұңын ұққан, Шәкәрімнің кісілігіне, адамгершілігіне, Мағжанның сұлу жырына сұқтанған, Мұхтардың дарын қуатына таңданған, Махамбеттің қасіретіне жүрегі сызданған, Мұқағалиды жаны елжіреп жақсы көрген бала бөтенге еліктемейтін, өз асылының қадір-қасиетін ұғып, бағалай білетін, өзін-өзі сыйлай білетін азамат болып өсері анық.

Сол себепті бала бойына терең даналықты дарытуды мақсат етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы біздің мектебімізде де 2009-2010 оқу жылынан бастап жаппай барлық сыныптарға өткізілу үстінде. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, өзін-өзі танып білуге негізделген. Қоршаған ортамен қоғамдық құбылыстардың заңдылықтарын ұғыну үшін әр адам алдымен өзін-өзі танудың үлкен рөл атқаратындығын білуі тиіс. Бұл пәнді меңгеруде әр оқушы өзін сынай, бағалай білу арқылы айналасындағыларға мейір-шапағат шашып, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытудың жөні бөлек екеніне көз жеткізіп отырмыз. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасына: философия, педагогика, психология ғалымдарының әдістемелік ұстанымдарыенгізілген. Оқушы бойында өзін тани білуі арқылы өзіндік сана қалыптасады.. «Өзін-өзі тану» пәнінде білім беру барысында балаға құндылық тұрғысынан қарау, оның қажеттіліктерімен, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін барынша есепке алу. Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі жетілдіруне жағдай тудыру, оқушылардың ішкі сезімдеріне көңіл бөлу, мектеп, отбасы бірлесіп тығыз байланыста, ізгілік, сүйіспеншілік, әділдік және өзара түсіністік қалыптастырады.

Егемен жас мемлекетіміздің ертеңі, өз елінің тірегі болар саналы, білімі азамат етіп тәрбиелеу, қоршаған ортаны, табиғатты, қоғамды, Отанды сүюге тәрбиелеу, балаға рухани азық беру болып табылады.

Адамгершіліктердің негізгі құндылықтарын бойына сіңіру арқылы-қайырымдылық, мейірімділік, адалдық,сыйластық, бауырмалдық махаббатты сезіне білуге тәрбиеленеді. Білім беру-оқушыға адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз процесі.

Адамға ең қымбат отбасы-жақын адамдар, олардың мейірімділігін, сүйіспеншілігін сезіне білуге, сыйлауға, құрметтеуді үйрету басты мақсатымыз.

«Адам құндылығы» арқылы әр тұлға өздерінің өмірдегі орынын айқын ұғынады.

— Адамға ең қымбат – өмір;

— балалар өмір жалғасы;

— тәртіптілікпен байланысқан еркіндік;

— отансүйгіштік, ар-ұят, намыс, борыш;

— сүйіспеншілік, мейірмандық, кішіпейілділік және т.б.

Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.

Адамгершілік құндылықтар, адамгершілік құндылықтардың мәнін аша түсіну арқылы адамгершілікті бағалау қабілеттері дамиды, адамгершілік мінез-құлықтарын шыңдайды. Адамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіре отырып, адам үшін маңызды қажеттілік екенін ұғынады. Оқуға еңбекке, танып-білуге, қарым-қатынасқа, сұлулық пен меірмандыққа, шығармашылыққа деген қажеттілігін байқайды. Өмірге деген көзқарасы, бақыт, өмірдің мәні жоғары құндылық ретінде, дүниетанымдық деңгейі өсе түседі.

Рухани-адамгершілік құндылықтардың мәнін терең меңгеріп, өзін-өзі тануға талпынып, адамдар мен қарым-қатынасы арқылы, қоршаған ортағаізгілікті қарым-қатынас жасау мәселесі толғандырады.

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. «Өйткені жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара – пар» — деді Л.Н.Толстой. Өткеннен нәр алмай, рухани азық алмай болашаққа қадам басу және ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, оларды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Рухани-адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды оқушының бойына дарыту үшін, ең алдымен, олардың саналылығын көтеру, екіншіден, адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын қалыптастыру, үшіншіден, оқушының бойына жағымды мінез-құлықтың дағдылары мен қылықтарын үнемі сіңіріп отыру қажеттілігі талап етіледі.

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» — ұлы ақын Абай атамыз жырлағандай, адамды сүю – адамды танудан басталады.

Адам тану – адамзат арасындағы қарым-қатынас мейірімнен басталады. Кішіге ізет, үлкенге құрмет, туыстық қарым-қатынастар қалыптастыруға, отбасының рөлі зор. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол үйдің отбасын құрайды. Отбасында ата мен әженің, әке мен ананың, аға мен іні, қарындастың орны ерекше.

Бала бойына адамгершілік сезімдерін дамытуға жас кездегі тәрбие ең қолайлы кезең болып табылады.

Мақсатым: Асыл қасиеттерді негізге алып, тиімді әдіс-тәсілдерді
қолдана отырып, жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік өмір құндылықтарының мәнін түсінетін,айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алатын, ұжымда, топта еңбектене білетін, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру және оның болашақта қоғамнан өз орнын таба білуге ықпал жасау.

Міндетім: -оқушының өзіндік белсенділігін, танымдық шығармашылық қабілетін арттыру;

-оқушының құндылық бағдарын қалыптастыру;

-оқушының рухани-адамгершілік іс-әрекетін белсендіру;

-дені сау, рухани-адамгершілігі мол, мәдени эрудициясы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру де педагогтардың кәсіптік деңгейін арттыру.

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері мен атқаратын қызметі

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін қалыптастыруда оқушының рухани жетілуіне, өзіндік көзқарасының қалыптасуына айрықша көңіл бөлу керек.

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігінің дамуы өзін –өзі тану, өзін-өзі анықтау өзін таныту өзгелермен бірге даму өзін-өзі бағалауға деген қажеттіліктен туындайды. Оны мынадай сызбадан көруге болады.

Рухани-адамгершілік ұғымының мәні мен мағынасы кең ұғым. Адамгершілік құндылықтарды дамыту – ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы болып табылады. Мен 2016 жылдың қараша айының 16 шы жұлдызында 4-сынып оқуыларымен «Шаңырақ жарастығы» атты тақырыпта ашық сабағымды өткіздім.Бұл сабақты өткізудегі мақсатым:балалардың отбасындағы сыйластық,мейірімділік,ізгілік қасиеттерін түсіндіре отырып,балалардың бойында сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу болды.Сабағым күнделікті тыныштық сәтімен ашылып, «Мен қазақ баласымын» атты үй тапсырмасына талдау жүргізілді.Сұрақ қою арқылы,сұраққа жауап алу арқылы оқушылылардың ойы ортаға салынып дәйексөз арқылы «Шаңырақ сәні сыйластық» халық мақалының мағынасын ұғындырдым.Әрмен қарай балалардың оқуға деген зейінін арттыру үшін өз тарапымнан «Сүйіспеншілік» сыйымды ұсындым.

Шығармашылық жұмыс жасау үшін бір сыныптың оқушылыларын үш топқа үш түрлі түсті (көк,жасыл,сары) пайдаланып бөлдім.(Топтық жұмыстан үзінді)

Барлық жұмыс өз мақсатында өтіп топпен «Әке- Ана» атты ән шырқалды.

(Ұстазымен оқушылардың ән шырқау сәтінен үзінді.)

Қорыта келе, «Бірлік»әңгімесін оқып,мазмұнын өз тілімен айту,үйге тапсырма ретінде берілді.Сабақ тыныштық сәті мен жабылып аяқталды.

2016 жылдың оқу жылында желтоқсан айының 15ші жұлдызында 4- сынып оқушыларымен «Қуаныш жан шуағы» атты тақырыптта ашық сабағым өтті. Бұл сабақты өткізудегі мақсатым оқушыларға бақыт,қуаныш,сыйластық,мейірімділік арқылы риясыз сүйіспеншіліктің мәнін ашу болып табылды.Ашық сабағым тыныштық сәтімен басталып,үй тапсырмасын дағы «Қуаныш» өлеңін сұраумен жалғасты.

Сабақта В.А.Сухомлинскийдің «Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес» деген дәйексөзі талдана отырып,мұғалімнің «Отбасы ошағы» аңыз әңгімесі сыйға тартылды.

Шығармашылық жұмыс жасау үшін бір сыныптың оқушылыларын үш топқа бөлінді.

Барлық жұмыс орындалды,топпен «Ақкөгершін» әнін шырқалды.

Қорыта келе, «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқып, мазмұнын өз тілімен айту,үйге тапсырма ретінде берілді.Сабақ тыныштық сәті мен жабылып сабақ аяқталды.

Нәтижесінде: Оқушылар жинақталды, өз-өзіне сенімдері артып, қызығушылықтары оянады және рухани-адамгершілік құндылықтары қалыптасты. Сонымен бірге өздеріне тапсырылған жұмыстарды неғұрлым жақсы қорғау үшін жауапкершілікті де сезінді.

Сара Алпысқызының «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкен мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік-шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы-адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, ұл-қызымызға көзбе көз айтқан сөзіміз берген тәрбиеміз, жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет» деген болатын.

Осындай ойды шәкірттерім көбейіп болашақта жоғарыда айтылған ойды ұстанады деп үлкен сенім артамын.

Ашық сабақ авторы: Атырау обл, Жылыой ауданы Құлсары қаласы №16 Д. Жазықбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің жоғарғы санатты өзін-өзі тану пән мұғалімі Киреева Гүлбаршын Қадырқызы.

Басқа да мақалалар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ