Психологтың кеңесі: күйзеліс пен мазасыздықты жеңу жолдары

1
4732
Businesswoman with a lot of work to do meditating in office

Күйзеліс пен мазасыздық адам ағзасына зиян тигізіп, өмірге қажет күш-қуатты жояды, жағымсыз сезімдерді туғызады.

 Мазасыздық пен күйзелістен айырылу үшін келесі ережелерді қолданыңыз

  • Күшіңіз жетіп, өзгерте алатын заттарды өзгертіңіз, өзгертуге болмайтын жағдайларды тағдыр ретінде қабылдаңыз;
  • Айналаңызда болып жатқан жағдайларға оң көзбен қарап, жақсылығын табуға тырысыңыз. Ең жаман жағдайлардың да пайдалы жағын көруге тырысыңыз;
  • Нақты осы күнде өмір сүруге үйреніңіз және әр күннен рахат алуға тырысыңыз;
  • Тағдырыңызға өкпелемей, бұдан да жаман жағдай болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз;
  • Жағымсыз адамдардан алшақ болыңыз. Ондай адамдармен жұмыс істеуге мәжбүр болсаңыз, өзіңіздің оларға ұқсамайтыныңызға қуаныңыз;
  • Өзіңізді бағалаңыз, басқалардың сіз туралы не дейтінін ойламаңыз;
  •  Қызықты адамдармен көбірек араласыңыз. Адамдармен байланыс машықтарын жақсартыңыз;
  • Керек болса өз қабілеттеріңізді асыра көрсетіңіз;
  • Тұрмысыңызды уақытты зая кетірмейтіндей етіп ұйымдастырыңыз;
  • Медитация жасап, өз тәніңіз бен жаныңызды түсінуге терең үңіліңіз;
  • Өз өміріңізді жоспарлаңыз.

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ