Жоба туралы

Martebe.kz білім порталы – еліміздегі мұғалімдер мен білім алушы жастардың басын біріктіретін бірегей жоба. Порталда сіз өзіңізге керекті ақпараттар мен қызықты мақалаларды оқумен қатар, өзіңіз де материал жіберіп, жеке блогыңызды жүргізе аласыз.

Martebe.kz білім порталы 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры мен Мемлекетті тілдерді дамыту қоры ұйымдастырған «Ең үздік қазақ тілді сайт» байқауында «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы атанды. 

Портал 2018 жылдың қыркүйек айында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетіне тіркеліп, желілік басылым ретінде №17261-СИ куәлігін алды. Желілік басылымның бас редакторы қызметін Б.Төлеген атқарады. Редакцияның мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 143 үй.

Гүлмира Серікбайқызы

Жоба кеңесшісі: саяси ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы. 

Портал республика мұғалімдерінің мәртебесін көтеруге бағытталған. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары үшін республика деңгейінде конкурстар мен байқаулар ұйымдастырылып отырады.

Сайтымыз негізгі үш бағытта жұмыс жасайды. Мұғалімдер, оқушылар және студенттер үшін. Қазақ тілді аудиторияға арналған мектеп бағдарламалары мен ЖОО-ның студенттеріне арналған контенттерді біріктіретін  арнайы жоба.

Құрметті, сайт қолданушылары! Порталымызда өзіңіздің қызықты оқиғаларыңыз бен мақалаларыңызды жариялап,  шығармашылығыңызды дамыта аласыз! Әрбір ұстаз құрметке лайықты. Ұстаз, оқушы, ата-ананың бірігуі арқылы қоғамдағы мұғалім мәртебесінің көтерілуіне үлес қоса аламыз.

Қазақ тілді аудиторияға арналған білім порталын дамытуға өз үлесімізді қосайық!

Байланыс номеріміз: 8775 998 83 87