БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА — ҚАЗІРГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

0
2268
Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді.
Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес,компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейнемонитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.«21 ғасыр-компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп

отыр. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу–сызуды білмесе де,
компьютердің неекенін жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология
тілін жатық біле бермейтін әке–шешелері «қазіргі балалар іштен біле туады» деп те
айтып жатады. Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе,бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге болады. Сондықтан болар компьютерлік
ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды.
Енді мамандар зерттеулеріне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ
пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Б
іріншіден, шамадантыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді «досы» етіп таңдаған жан айналасындағы адамдарменеркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: «Өзгеніңадами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне
бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді»,–дейді. Адамдармен, тіпті өзініңжақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала,абайламаса,шынайы мынау өмірді виртуалды, жансыз «өмірге» айырбастап
жіберетіндей дәрежеге жетеді екен. «Компьютерге байлану» ауруы негізінен кімдерде
пайда болады?» деген сауалға мамандардың жауабы: «негізінен, шынайы өмірде өз
-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыстакездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын
адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім». Олар:«компьютерден тыс жерде тірлік ету уақытты босқа жоғалтқанмен бірдей»,
–депесептейді екен.Қазіргі жаңа технологиялардың ішіндегі ең көп қолданылатының бірі ол-компьютер. Бүгінгі өмірді компьютерсіз елестету мүмкін емес.Компьютер адамзаттың

өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай
салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін
елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып
ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған деген тәуелділігі күннен-күнге артып
отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы құмар ойындарын психиканың
бұзылуына әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді.
Психологтардың зерттеуіне қарағанда, компьютерлік ойын үстінде адамның
ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті мен рефлекстері жұмыс істейтінін
анықтаған. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде көптеген
қателіктерге бой алдырады екен. Себебі, компьютердегі бейнелер шынайы өмірге
мүлдем ұқсамайды. Сондықтан, балаларды компьютермен емес, адамдармен қарым
-қатынас жасауға үйрету керек. Компьютерден басқа, қазіргі жастар ұялы телефонға да тәуелді болды.Қазақстандағы 2,5 миллионнан аса оқушының қазіргі кезде ұялы телефон
ұстамайтындары кемде-кем шығар.Баланың «соткасы» күні кешке дейін қалтасында
жүретіндіктен, ата-аналар ұл-қызының қалайша әлеуметтік желінің шырмауына түсіп
қалғанын байқамай қалып жатыр. Ақпараттық технологиялар қаншалықты қарыштап
дамыған сайын, олардың кері әсері соншалықты үдеп барады.
Ұялы телефон хат алысып,хабарласатын байланыс құралы ретінде өмірімізге етене жақын. Соңғы уақыттарда
қарапайым байланыс құралынан функционалдық әлеуеті жоғары көп қолданбалы
құрылғыға айналуы оған деген сұранысты да арттыра түсті. Әсіресе, смартфон мен 3G
-4G технологияларының кәдеге жарауы бізді өзіне одан сайын тәуелді етті. Ұялы телефон байланыс құралы ғана емес, әлеуметтік желіге тікелей шығатын құралға айналды. Оны сөйлесуге емес, әлеуметтік желіге кіру үшін қолдана бастады. Осы әлеуметтік желілер ішіндегі ең атақты да, көп қолданатын бірі ол «maіl.ru»
желісі болып табылады.
Бүгінде «maіl.ru» қызметіне жүгінбейтін адам аз. Әсіресе жастар арасында «агентшілердің» қатары күн санап көбейіп келеді. «Maіl.ru» компаниясының деректеріне жүгінсек, «м-агент» қызметін айына 9 миллион адам пайдаланады, ал оған бір уақытта 2 миллионнанаса адам қосылады екен. Компьютерді былай қойып, енді қалта телефонына еніп алған бұл байланыс желісінің тиімділігі айтпаса да түсінікті. Әлеуметтік желілер бала
психикасын уландыратыны сөзсіз. Тәулігіне 24 сағат болса, бала оның 12-13 сағатын
осы қалтателефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде
пайдаланады. Әуен тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге еліктеп ұйқылы-ояу
маужырап сабақта отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне агент арқылы
«хат» жазып, сабаққа тіпті көңіл бөлмейді. Бұлтірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да
қайталана береді.Көптеген балалар, жастар түнде ұйықтар алдында ұялы телефонмен
ойын ойнауға, әлеуметтік желілерде жазба оқуға құмар. Бұл бір жағы, телефонға шектен тыс тәуелділіктен туындаса, екінші жағы, ұйқысыздыққа ұшыраған тұрғындарының телефонды ермек ете тұру пиғылынан туған теріс әдет. Сондай
-ақ мұндай тұтынушылардың басым бөлігі көзі жұмыла бастаған бетте телефонды жастықтың жанына қоя салып, ұйқыға кетеді. Телефон радиациясынан өзге ағзаларға қарағанда адамның басы анағұрлым көп зақым алады екен. Мұндай бұрыс дағды адамдарды бас ауру, бас айналу, көз қарауыту, зеңу, ұйқысыздық дерттеріне шалдықтырып, уақыт озған сайын ауру белгілері созылмалы, қайталанатын сипат алады. Ал, бұл әрине психикаға өзәсерін тигізеді. Ұялы телефонға тәуелділік бұл қазіргі заманның ең өзекті мәселелері деп
айтуға болады, себебі балалар шың өмірде емес виртуалды әлемде, әлеуметтік әлемде
өмір сүреді.Қорыта келгенде, жаңа технологиялардың жақсы жақтары ғана емес, сонымен қатар зиянды жағы бар екеніне көз жеткіздік. Компьютерсіз, ұялы телефонсыз,
интернетсіз біздің өмірімізді қазіргі таңда елестету мүмкін емес. Бірақ, осы
технологияларды керек кезде және дұрыс пайдалана білу керек. Өз еліміздің
ұрпақтарымызды осы тәуелділіктен құтқару керекпіз, виртуалды әлемнен шығарып
қоғамда өмір сүруге шақыру керекпіз.
Тіпті,мемлекет басшысы қазақстанды оқушыларды әлеуметтік желілерде көп отырмауға
шақырады.
«Твиттерде» немесе басқада әлеуметтік желілерде отырып, уақыттарыңды босқа ысырап етпеңдер. Ең дұрысы өз араларыңда көп әңгіме-дүкен құрыңдар. Өйткені, нағыз дос ғаламторда емес, жаныңда жүргенін ұмытпа. Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен компьютерде отырып, уақыт өткізетіндер деп екі топқа бөлуге болады. Компьютерде отыратындар өмір бойы кітап оқитындарға қызмет етіп өтеді»,-деді Н.Ә Назарбаев.
Осы виртуалды әлемнің тәуелділігінен баланы құтқару үшін ата-аналарға
келесідей ұсыныстарды ұсынамыз:
— Күнде баламен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз;
-Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз;
-Бала компьютер тұрған бөлмеде жатпауы керек және оның түнде компьютер
алдында отырмауын қадағалау;
-Баланы компьютер, ұялы телефонды т.б пайдаланудан шектеу;
-Тиімді демалысын қамтамасыз ету;
-Қызығушылығын басқа іс-әрекетке ауыстыру;
-Баланың спортпен айналысуын қадағалау;
-Балаға көп көңіл бөліңіз;
-Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді
пайдалануды ұйымдастыру;
-Баланы бақылау, тексеру, бағалау;
-Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа,сергектікке,естілікке, т. б. баулу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Антон Платов. Дети, Сеть и родители. Мир компьютеров.-No 3.–2004.
2.Гордеева А. В. Увлеченность компьютерными играми: психологический аспект.–К.–2004.
3.Разумова Т. Компьютерный яд. // Наука и жизнь.–No 6.–2002.
4.Хоперская О. Осторожно, компьютер! // Природа и человек. Свет.-No 8.–2000.
5.Шлимович Б. Компьютеры и дети. // Наука и жизнь.-No 11.–1998.
6.Сымбат Абешова. Жеткіншектің компьютер тұтынушысы ретіндегі мотивациясы мен қарым-қатынасы. // Қызықты психология. Алматы.-No 2.-2011.
7.Әркімбай. Н. «Компьютер баланың қасы ма, досы ма?» // «Ана тілі».-No 8-2011.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ