Балтабай Ордабеков: Мәңгілік ғұмыр

0
646

Сыр топырағы-сонау заманнан киелі, шырайлы мекен. Дария жағасында, дархан далада қоныс тепкен қазақ жұрты бүгінгі күнге дейін қазақылығын жоғалтпай, қаймағы бұзылмай дәстүрін дәріптеп, татулық туын берік ұстап келе жатқан жайы бар. Бабалар рухын түсірмеген, маздата жанған ошағындағы отын өшірмеген, тарих беттерінде алтын әріппен жазылар, мәңгіге ұрпақ жадында сақталар талантты тұлғалардың ордасы. Ердің абыройы далбаса құр ауызы, бос сөзінде емес, елге тигізген пайдасынан, өжеттілігімен қатар қажыр-қайратынан көрінбей ме?! Тоқсан ауыз сөз өсекке жақын жүргенше, тоғыз істің басын құрауға бейім болған жөн емес пе?\r\nОсыдан бір ғасыр бұрын дүние есігін ашқан, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, қоғам қайраткері, журналист Зейнолла Көштайұлы осындай трлікке биімді де,бейілді жан ретінде ел есінде ғұмыр бойы сақталмақ. Айналасына өз шапағатын төгіп, қолдан келген көмегін беруге даяр қайсар азамат жайлы айтылатын естеліктер де көп болмақ. Бірде өзімен аттас академик жазушы Зейнолла Қабдолов атамыз сыршыл журналис пен сапар шеккен шағынан бірер естеліктер қалдырыпты. Өз сөзінде: «Зейнолланың бар ғұмыры туған жерінде, елін сүйіп, жерін сүйіп, жерлестерінің білегіне, күш жүрегіне жылу таратып өткен ұлан ғайыр бай еңбек жолы кейінге ұрпаққа өнеге ретінде Арал тартылса да, сарқылар емес, Сырдариямен жарыса жосылып жатыр. Құс жолындай…» деген екен. Ал біз Зейнолланы көзбен көріп, жақын араласып, сыр тартпасақ та оның ғибратты мол төл туындыларымен шығармалары арқылы таныспыз. «Талантсыз журналист- тиексіз домбырамен тең» демекші,Зейнолла-қатарынан озық туған жан. Журналистика саласында талай жыл еңбек етіп шығармашылық қазанында пісіп -жетіліп, биік шынар құз басына жете білген. «Тон жағасыз болмайды, ел ағасыз болмайды», Зейнолла атамыз тамаша журналист қана емес, ел ағасы, қамқор басшы да бола білді.\r\n« Шын асылды тот баспайды, шынайы журналист шоқ баспайды» дегендей, нағыз мықтылықты, шыдамдықты талап ететін жазу өнері нар тұлғалы азаматтарды тәрбиелеп шығарды. Кезінде Зейнолла да шындықты батырып, шынайылықты арқау етіп, қоғамның кемшіл тұсын айна қатесіз жазғандай. Сыршылдық пен шыншылдықты еліне деген ел жандылықты, жұмысына құштарлық,кіршіксіз махаббатты бізге мұра ретінде қалдыра білген дүниелерінен аңғара аламыз.\r\nӘттең-ай, десеңші. Заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме, ажырата алмайтын жағдайға жеттік. Баяғының адамдары алыстан ат артып қонақ келсе, құдайындай күткен. Ал қазір заман өзгеше, алыстан ат қонақ келмес бұрын, жаныңдағы көршің келсе де қабағымыз ашылмайд-ау шамасы?. Зейнолла атамыздың достары мен бауырларының айтуы бойынша қай кезде болмасын, Зейнолла атамыздың шаңырағында келген мейманына қазандағы еті асулы, самаурында шайы қоюлы тұрады екен. Бұл дегеніміз-Зейнолла атамыздың зайыбы Балқия апайдың көрегендігі емес пе?. «Жақсы әйел-ырыс, жаман әйел-ұрыс» деген мақал бар емес пе. Балқия апайымыз жақсы әйел ғана емес, сол шаңырықтың ұйытқысы ретінде, ырысы бола білді. Мол өнегелі, қолы жомарт кісілерден жас буын, отау иелері үлгі алу керек сияқты. Сонда ғана оларда бақытты ғұмыр кешпек.\r\nБасқаның алдында бір кітап жатса,\r\nЖурналисттің алдында екі кітап жатады.\r\nБіреуі- жазылған кітап, ал екіншісі-өмір,-деп жазып кеткен халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов. Бұл сөздің астарында журналисттің әр басқан ізі, тыныс алған жазық даласы, өлшеусіз өмірі жазылмаған кітап дегенді білдірмей ме? Зейнолла Көштайұлының өмір сүрген сексен үш жылдық ғұмырында аяқсыз қалған сапарларын, жазылмай қалған жазбалары болса, зерттеп-зерделеп қағаз бетіне түсіретін, келешек жас толқындарға жеткізетін-біздер. « Жақсының аты өлмейді…», өлмес, өшпес тұлғаның жарқын жүзін дәріптеу, мәңгілік ғұмырын көпшілекке насихаттау-біз үшін тағы бір үлкен міндет.\r\nТілшінің тілі жұмсақ,\r\nҚаламы қатты,-дейтұғын сөздер ойымызға оралып, келешек кейінгі буын біздер де, Зейнолла шыққан биік шыңның ұшар басынан көрінсек, «Тілшіні алыстан іздеме, ауылдан табылады» демекші, қара домалақ ауыл баласы үшін асқан бір бақыт емес пе?!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ