Биыл грант саны 10 мыңға артпақ

0
770
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің  ағымдағы жылы бакалавриат, магистратура мен докторантураға қосымша 10 мың грант бөлінетінін айтты. Сонымен қатар, «Еліміздегі демографиялық жағдайға қарағанда, алдағы уақытта білім алатын азаматтардың саны артады деген болжам бар. Осыған байланысты биылғы оқу жылында бакалавриат, магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың саны республикалық бюджеттің есебінен 10 мың орынға артатын болады. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен гранттардың саны одан да көп болады деген сенім бар. Ондай норма Мәжілістің қарауында жатыр», — деді Сағадиев Үкіметтің арнайы отырысында.

Министрліктің дерегі бойынша, 2016 жылы 35 мыңға жуық мемлекеттік білім гранты бөлінген. Қазір Қазақстандағы университеттерде 500 мыңға жуық студент оқып жатыр.  Оған қоса, 500 мыңнан астамы колледжде білім алады. Ал мектепке 2,8 млн.оқушы барып жүр.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ