Дерек көздері – қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары

0
26

Қазақстан Республикасының тарихшылары қаумдастығының алдында тарихи ой-сананы қалыптастыру және тарих ғылымының өзекті мәселелерін тарқатып, шешу бойынша аса маңызды міндеттер тұрғаны анық. Қандай бір уақыттарда болсын біздің тарихшылар қоғамның әлеуметтік идеалдары мен рухани бағдарының қалыптасуына белсенді түрде атсалысып келеді. Заманауи Қазақстанда ұлттық идеяны қалыптастыру, тарихи — мәдени мұраны қорғау және болашақ үшін сақтап қалу, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері басым міндеттердің бірі болып қала береді. Соның бірі және бірегейі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу шеңберін кеңейту, дерек көздерінің санын көбейту.

Еуразия даласындағы отырықшы және көшпелі мәдениеттердің синтезі мен симбиозы аспектілерін зерделеуге мейлінше мол үлес қосқан ғылыми – зерттеу бағыттарына түркітану, ирантану, арабтану бағыттары жатады. Тарихнамалық деректердің үлкен қорына тарихи және географиялық еңбектер кешені, энциклопедиялық, филологиялық және т.б. шығармаларды жатқызуға болады. Бұл дереккөздерінен біз Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттіліктің тарихи тәжірибесін көреміз. Ежелгі түріктердің руникалық (сына жазуы) жазуының гүледену заманы VII-XI ғғ. Алғашқы жартысына тұспа-тұс келді. Руникалық ескерткіштер Енесай бойында, Алтайда және Орталық Азияның солтүстік-шығысында қолданылды. Ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінің ең ескі және белгілі нұсқаларына Солтүстік Моңғолидағы Орхон, Төл және Селенга өзендері жағалауларынан табылған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналған тас тақта ескерткіштерді жатқызуға болады. Көшпелі өмір салты туралы тарихнамалық ақпараттың үлкен бөлігі, дүниетанымдық және космогониялық түсініктер фольклорлық дерек көздерінде көптеп кездеседі. Солардың ішінде батырлық эпостар ерекше орын алады. Ә. Марғулан ауызша тарихилықтың қалыптасуы  кезендерін келесідей көрсетеді: 1)Apхaикaлық кeзeң. Oл — иcлaмшылдыққa дeйiнгi түpкi мифтepi нeгiзiндe жacaлғaн туындылap. Oғaн Күлтeгiн жoқтaуы, Құлaмepгeн, Шoлaмepгeн, Ep Төcтiк, Aқ Көбeк, Oғыз қaғaн туpaлы aңыздap жaтaды; 2) Oғыз-қыпшaқ дәуipi (VI—XII ғғ.). Бұл кeздe жepгiлiктi түpкiлep Қытaй, Иpaн, Визaнтия, Apaб шaпқыншылapынa қapcы күpecтi жыpлaғaн. Мыcaлы, «Қopқыт aтa кiтaбы», «Aлдap көce», «Қoзы Көpпeш — Бaян cұлу», т.б.; 3) Нoғaйлы дәуipi (XIII— XVIғғ.) — «Бөгeн бaтыp», «Eдiгe бaтыp», «Қoбылaнды», «Ep Caйын», «Қaмбap бaтыp», «Мұcaхaн», «Opaқ бaтыp», т.б.; 4) Қaлмaқ шaбуылы дәуipi — XVII—XVIII ғacыpлapдaғы «құбa қaлмaқ» зaмaны. «Oлжaбaй», «Қaбaнбaй», «Бөгeнбaй», т.б.; 5) Кeйiнгi дәуip. Қaзaқ бaтыpлapының хaн, cұлтaндapғa, пaтшa әкiмдepiнe қapcы күpeciн бeйнeлeйтiн жыpлap. Бұл жыpлap бeлгiлi тapихи oқиғaлapдың дәлмe-дәл көшipмeci бoлмaғaнымeн, coл зaмaнның тыныc-тipшiлiгiн, жaлпы тapихи бoлмыcын aңғapтaды.

Сонымен қатар тағы бір дерек – көздерінің үлкен бөлшегі бұл — түрік-моңғол құқығы ескерткіштер Төре, Шыңғысханның Жасағы, Біліктер. Осы сараптаудың дерекнамалық мәселелеріне ғылыми тереңдеп бару жаңа туындаған сұрақтарға бағыт сілтеп, жол ашады. Тарих білімінің заманауи деңгейі тарихи деректерді зерделеу арқылы жинақталатын ұзақ мерзімді таным үдерісінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан, түрік-моңғол заңнамасы мен құқығының дерек көздеріне жүгіну тарих ғылымы алдындағы парыздық орынын толықтырады және бұл құбылыстың мән-мазмұнын ашуға, сондақ-ақ көшпелі қоғамның саяси жүйесінің қызмет атқаруы заңдылықтарын анықтауға көмектеседі. Әлемдік дерек көздерінің ауқымды бөлігіне, XIII – XIV ғacыpлapдa Eуpaзияның түпкipiнe caяхaт жacaп, Aлтын opдa дәуipiнeн көптeгeн қызықты дepeктep жaзып қaлдыpғaн көрнекті еуропалық саяхатшылар францискандық монахтар Плaнo Кapпини, Гильoм Pубpук, венециялық саяхатшы Мapкo Пoлo жазбалары арқылы көшпeлi хaлықтap туpaлы жиғaн мәлiмeттepi жepгiлiктi aңыздapмeн acтacтыpып oтыpғaн.      Өткен кезеңдер туралы тарихи білім, ең алдымен дерек көздері негізінде анықталады. Олардың алуан түрлілігі  қоғам дамуы туралы біздің түсінігімізге өз әсерін тигізеді. Алтын Орданың қалыптасуы мен гүлденуі үдерісін қарастыру Еуразияның шексіз кеңістігін жайлаған осынау аса зор ортағасырлық мемлекеттің рөлін анықтауға көмектеседі. Алтын Орда мемлекетінің тарихы әртекті тарихи деректерде өз көрінісін табады. Деректерді жіктеуді лингвистикалық, хронологиялық, әулеттік негізде немесе олардың туындауы қағидаттары арқылы жүзеге асыруға болады. Олай болса, біздің көз алдымызға моңғол, қытай, парсы, армян, араб, византиялық, орыс, латын, итальян, француз деректерінің кең спектрі жайылып сала береді. Алтын Орда бойынша деректер негізінен мемлекеттің саяси тарихы мен оның басқа мемлекеттермен қарым – қатынастарын қамтиды.

Дерек көздерінің кең-байтақ базасы (лингвистикалық дерек көздері, шежірелік аңыздар, фольклор, ортағасырлық авторларлың еңбектері және т.б.) зерттеудің жаңа әдістерін пайдаланған жағдайда ғана «қазақ мемлекеттілігінің» ғасырлар бойы қалыптасқан саяси, әлеуметтік және саяси механизмдерінің құрылуы мен дамуы мәселесін жан-жақты зерттеу мүмкіндігі туады.

Майданали Зере,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к.

Серік Дінмұхаммед,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ