Домбыра аспабында ойнаудың әдіс-тәсілдері. Ашық сабақ

0
11194
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Өткізілетін күні:

Уақыты:

Сабақ халық аспаптар бөлімінің 3-сынып оқушысы Саги Сұлтанмен өткізіледі.

Сабақтың тақырыбы: Домбыра аспабында ойнаудың әдіс-тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: — Күйлер үйрету арқылы оқушының

музыкалық қабілетін дамыту.

— Домбыра аспабында ойнаудың тәсілдерін

дұрыс меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

-Күй жайында шағын мағлұмат беру;

-Күйдегі ерекшелік қағыстарын, ырғағын нығайту;

-Оқушының музыкалық қабілетін одан әрі дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік мәні: Баланың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, әдемілікке, патриоттыққа және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ беру әдістемесі:

-арнайы жаттығулар қолдану;

-шығармадан үзінділер орындап көрсету;

-Мұғалімнің нұсқауы бойынша күйді орындау;

Көрнекі құралдар:

-Домбыра аспабы;

-Компазитор туралы мәліметтер;

-Күйдің нотасы.

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Аспаптың құлақ күйін келтіру.

2 Жаттығулар. Шағын жаттығулар арқылы қатарды дұрыс жүргізіп алу.

3 Үй тапсырмасын тексеру.

-А.Затаевы «Қазақ маршы».

Жаңа сабақ: Өзім күйді орындай беремін

-Бұрын күйді естідің бе?

-Көз алдыңа не елестейді?

-Екпіні қандай?

Күй.

-Танальдігі, өлшемі, музыкалық формасы.

Шығарма бөлімнен тұрады.

Жаңа күйді үйрету.

Бұл сабақта күйдің бір бөлімі ғана үйретіледі. Нотаға қарап оқушы күіді тандайды. Күйді ойнап көрсету. Мұғалім көрсетеді. Оқушы қайталайды.

Қорытынды. Үйге тапсырма беру.

Күйдің бір бөлімін қатесіз санап, тоқтамай ойнап келу.Өткен шығармалардан қайталау. Музыкалық терминдерді жаттау.

Бағалау.

  1. Бармақпен ойнау (пиц цикато). Бұл тәсіл тек төменгі бағытта ғана жалғыс қос ішекте ойналады. Ноталарда мынадай белгілермен белгіленеді: Б.Б.
  2. Қос ішекте қағып ойнау тәсілі. Қос ішекте оң қол сұқ саусағымен (бірінші) төмен, ал бармақпен жоғары қағып ойнайды. Бұл негізгі тәсілдердің бірі. Ол көбінесе төкпе күйлерде, орта және тез екпінде фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын шығармаларда қолданады. Нотада мынадай белгілермен белгіленеді: П-төмен қағыс, V-жоғары қағыс.
  3. Шертіп ойнау тәсілі. Оң қолдың. Оң қолдың бірінші сұқ саусағымен жалғыз немесе қос ішекте ойналатын бұл тәсіл де негізгі тәсілдердің бірі саналады. Ол күйлерде (тек шертпе күйлерде ғана), нысаларда, көбінесе, варнациялық өрнегі бар орта немесе тез екпінде.

Фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын шығармаларда қолданылады. Шерпе күйлердің әр тактілерінің екпінді үлесіне оң қолдың 4-саусағынан (шынашақтан) бастап, бірінші (сұқ) саусаққа дейін бірінен соң бірін тізбектеп, қос ішекте тек төмен ғана шерту керек.

Осындай ойнау Тәттімбеттің, Сүгірдің т.б. халық компазиторларының күйлерінде қолданылады.

  1. Тремола тәсілі. Тремола деп оң қолдың тез, біркелкі төмен – жоғары қағыстарымен қайталана беретін (өшіп қалмайтын) дыбысты айтады. Тек тремоло тәсілімен ғана домбырада екпіні жай, сазды (контиленді) музыкалық шығармаларды орындауға болады.

Бұл тәсілмен жалғыз ішекте, сондай –ақ , қос ішекте ойнауға болады.

Нота жазуында бұл ойнау тәсілі екі көлденең сызық сызу арқылы белгіленеді.

Мағауия Хамзин (өмірбаян).

Қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына Мағауия Хамзиннің күйлерінің шапағаты зор.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. «Педагогикалық репертуар» 1-5 сынып. Н.Мерембаев.
  2. «Домбыра үйрену мектебі» Б.Ысқаков. Б.Бүркітов. А.Жайымов.
  3. «Домбыра үйрену мектебі» Л.Хамиди. Б.Ғизатов.
  4. «Педагогикалық репертуар» хрестоматия 3 – сынып Өтеген Спанов.

Мағауия Хамзин

Қазақтың күй жанрында «Қосбасар» атты күйлердің топтама тізбегін жиі кездестіруге болады. Оларды тіпті, тоғыз толғаулы қосбасар депте атайды. Бұл күйлердің һрнек-нақыштары жан-жақты, шертілу тәсілдері әр қилы болып келеді. Күйдің «Қосбасар» циклі ұлы күйші-компазитор Тәттімбеттен бастау алған. Ал атақты Тоқа, Әбді, Қыздарбек,Баубек, Аққыз сынды күйшілер, осы Тәттімбеттің мектебінде өсіп, қалыптасқан.Ал Мағауия Хамзин осы аталған күйшілердің жалғасы болып келеді.

Мағауия Хамзин 1927 жылы Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Шертпе күйді үздік орындаушы Қаз. СС-інің халық артисі. Алматыдағы П.И. Чайковский атындағы музыка училищесін бітірген. Домбыраны әкесі Хамзадан, ал атақты күйші Аққыздан Тәттімбет күйлерін үйренеді. 1944 жылы Қарағанды филармониясында, 1949-52ж. және

1955-61 ж. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестерінде қызмет атқарады. 1961 жылда Қазақконцерт бірлестігінде жеке (соло) домбырашы болып жұмыс істеді. М.хамзинның репертуарында Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Әбді, Аққыз т.б. күйлер бар. Ол сонымен қатар өз жанына «Қосбасар» (2 нұсқасы), «Жайлау», «Жарыс» т.б. күйлер шығарған.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ