Жаңа оқу жылындағы онлайн олимпиадалар басталды

1
4261

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында республикамыздағы үздік педагогтарды, үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен озат оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында Республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Аталмыш олимпиадалардың тапсырмалары кәсіби мамандармен жоғары деңгейде әзірленген. Оқушылар мен мұғалімдердің білімдерін шыңдап, пайдалы білім алатындығына сенім мол. Пәндік олимпиадалардың жалпы ережесі 1-қосымшада берілген.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада өткізілетін мерзімі: 2022 жылдың 5 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығы.

Олимпиада қорытындысы автоматты түрде шығарылып, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 24-25 ұпай алған қатысушылар: мұғалімдер – «Құрмет грамотасымен», оқушылар – «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

Республикалық қашықтық олимпиадаларының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ереже
    • Qaztest.kz қашықтық олимпиадаларының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);
    • Қашықтық олимпиадалары жайлы барлық ақпараттар Qaztest.kz сайтында жарияланады;
    • Олимпиадалар Qaztest.kz сайтында 2022 жылдың 5 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығындаонлайн өткізіледі;
    • Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады;
    • Тапсырмалар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандары арқылы дайындалып, ұйымдастырушылармен бекітіледі;
    • Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.
    • Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. Qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады.
  1. Республикалық қашықтық олимпиадаларының мақсаты мен міндеттері:
    • Педагогтар мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін кәсіби біліктілігін арттыру;
    • Дарынды оқушыларды зияткерлік олимпиадаға қатыстыруға ынталандыру және оларға қолдау көрсету;
    • Республикамыздағы үздік педагогтар мен үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін және озат оқушыларды марапаттау.
  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:
    • Олимпиада 1 кезеңнен, барлығы 25 сұрақтан тұрады;
    • Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
    • Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
    • Тестілеу уақыты біткеннен кейін автоматты түрде аяқталады;
    • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
    • Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;
    • Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом»бөлімінде сақталады.
  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:
    • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
    • Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;
    • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
    • Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;
    • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
    • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
    • Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;
    • Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);
    • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
    • Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  

Оқушыларға: бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге.

Мұғалімдерге: бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге.

Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 24-25 ұпай алған қатысушылар: мұғалімдер – «Құрмет грамотасымен», оқушылар – «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады. 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор»болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ