Жоғары деңгейде эссе жазу үшін сақталатын заңдылықтар

0
3405

Эссем-  философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры.
Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Эссе жазғанда нені ескеру қажет?

1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек.

2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді;  оны жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды сараптайды,  іріктеп алады; әртүрлі байланыстарды қолданады.

3. Эссеге әдеби көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.

4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді. Кез келген туындыда авторлық түйін мен жеке көзқарас болу қажет.

5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.

Есте сақтаңыз! Эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы – өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой. Өмірден мысал.

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:

• Жеке көзқарастың көрінісі;

• Фактілі дәлелдер (аргументтер);

• Теоретикалық негіздеме;

• Терминдерді қолдану;

• Цитаталарды келтіру;

• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

• Сауаттылық (пунктуация., орфография.);

• Юмор, сарказм;

• Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ