Мұратова Қаламқас: Ұстаздық еңбектің жемісі

0
1117

Мұратова Қаламқас Сафарханқызы

\r\n

Шиелі ауданы,  Бәйгеқұм ауылы, №251 М.Әуезов атындағы

\r\n

орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

\r\n

\r\n

\r\n

Мұғаліммін, мұғалімді ұғамын,

\r\n

Шықсам шыңға мұғалім боп шығамын.

\r\n

Жақсылықты жанға қуат етемде,

\r\n

Жамандықты мұғалім боп жығамын

\r\n

Жұмабек Шорманов

\r\n         Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз!\r\n\r\nҰстаз мектептің айнасы, бәйтерегі.\r\n\r\nӨсіп келе жатқан ұрпақ адамзаттың – болашағы жалғасы. Тәрбиелеп отырған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырлық болып жалғаса береді. Білім күші құдіретті.\r\n\r\nХалқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық ұлы – құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғылымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды сондай ардақтауға міндеттіміз деген».\r\n\r\nТәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезде ұлттың, елдің болашағы- жас ұрпақ тәрбиесіне мықты көңіл бөлінуі қажет.\r\n\r\nҰстаздық ету – уақыт ұту емес, өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау – бұл өзінің 44 жылын, яғни бүкіл саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған, 15 жыл мектеп басшысы болған, ұстаздардың ұстазы, менің және менің бауырларымның ұстаздық ұлағатты жолды таңдауымызға бірден – бір әсер еткен марқұм әкеміз Сафархан Мұратұлының өмірлік қағидасы болатын. Әркімнің ұстазы алдында өлшеусіз үлкен борышы бар.\r\n\r\nМарқұм әкем мұғалімнің еңбегі сан жылдардан кейін, өзіңе деген халықтың жылы лебізі, шәкірттеріңнің өзіңе деген ыстық ықыласынан байқалады. Мұғалімнің жұмысы оңай емес. Өйткені кейбір мамандықтың иесі сегіз сағаттық жұмысын бітіріп келген соң алаңсыз дем алады. Ал, мұғалімнің жұмысы сегіз сағатпен бітпейді. Ол бос уақытында да өз шәкірттерінен ойын үзбейді. Өйткені оқудың бүгінгі жүйесі, көп мәселеге жаңаша қарауды, барынша терең білімді болуды талап етеді деп үнемі ақылын айтып отырушы еді.\r\n\r\nҚиын да қызықты осы жолды бастағаныма да 11 жылдың жүзі болды.\r\n\r\nЕлбасының «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім.Ол шетел тілінде сөйлесе  — тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастасаң – ол кешірілмес күнә » деген сөзін жадымыздан еш шығармауымыз керек.\r\n\r\nЕлбасымыздың осы бір сөзіне сүйене отырып, мен «Жаңа технологияларды пайдалану негізінде оқушылардың ағылшын тілі пәнінен білім сапасын арттыру» тақырыбын таңдап алдым.\r\n\r\nБүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып, одан әрі өсіп – өркендеуі мен Елбасымыз атап айтқандай бәсекеге барынша қабілетті болуы ең алдымен осы мемлекеттің іргетасын құрайтын жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналығы мен өмірге бейімділігіне байланысты.\r\n\r\nІзденген ұстаз қайтсе де нәтижеге жетуді көздейді. Оқыту жүйемнің жаңа технологиялары мектеп өмірінде кеңінен орын алып келеді. Өзім таңдаған технология бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеруге бар күшімді саламын.\r\n\r\nБүгінгі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім жүйесіне көп көңіл бөлінуінің арқасында көптеген меткептерде интерактивті тақта, мультимедиялық кабинеттер пайдалануда. Алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына ену үшін еліміздің қамын ойлайтын, үш тілде еркін сөйлейтін ұстаздар қажет. Бүгінгі таңда әрбір сабағымды мультимедиялық кабинетте өтіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттырудамын.\r\n\r\n            Қазіргі уақыт талабы педагогтарымызға өз пәнінің білгірі болуы ғана емес, тәрбие жұмысының сан алуан қырын меңгертуді қажет етеді. Білім мен тәрбиені ұштастырып, 10 «А» сыныбына жетекшілік етіп келемін.\r\n\r\n            Мектептегі тәрбие жұмысының тиімділігі сынып жетекшісінің теориялық және практикалық дайындығы мен жеке басының келбеті мен әлеуметтік белсенділігімен  және ұйымдастырудағы жаңашылдығымен анықталды.\r\n\r\n            «Шәкірт – шәкірт емес, ұстазын сүймесе. Ұстаз – ұстаз емес, шәкірті үшін күймесе» деп Ы. Алтынсарин айтқандай өзімнің білім мен сусындатып, тәлім – тәрбие берген шәкірттерім тәуелсіз мемлекетіміздің әрбір қалаларында жоғары білім алуда. Байжанов А Қорқыт ата атындағы мемлекеттік колледжі «Мұнай ісі кен орындары», Жылкелдиева А Қызылорда облысы М.Мәметова атындағы педагогика колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің студенті, Батыбекққызы С. Қорқыт ата атындағы Мемлекеттік университетінің «Алғашқы әскери дайындық» факультетінің студенті, Оңғаров Н Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттің педагогикалық институтының түлегі т.б.\r\n\r\n            «Бала жүрегі  — кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында  әр кезде сол кілт жүруі керек» осы сөзің дәлелі жетекшілік жасап жүрген сыныбымдағы оқушыларды мақтан тұтуға тұрарлық.  Сыныбымда 21 оқушы бар оның 4 – і үздік, 9 – оқу екпінділері. Атап айтсам, 2009 – 2010 оқу жылында Сафарханұлы Абзал Шиелі аудандық білім бөлімі Асқар Жұмаділдаев атындағы математиктер қауымдастығы қоғамдық бірлестігі аудандық «Қазақстан  51-ші халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» онкүндігі аясында өткізілген «шебер қолдар» атты көрмеде шығармашылық қабілетімен ерекшеленгені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталған. 2010 жылы 16 наурызда «Жас ғалым — 2010» атты аудандық ғылыми тәжірибелік конференциясының тарих секциясында III орынға ие болып мақтау граммотасымен марапатталған. 2010 – 2011 оқу жылында Республикалық олимпиаданың II кезеңінде ( аудандық) биология пәнінен III орын алғаны үшін мақтау грамотасымен марапатталған. 2011 – 2012  оқу жылында  «Табиғат тынысы»экологиялық және қоғамдағы  — әлеуметтік басылымының бәйгесінде «Денсаулық – зор байлық » тақырыбында жазылған шығармасы редакцияның талап үрдісінен шығып «Бас жүлде» дипломы мен 300 доллар бәйге сыйлығын жеңіп алды.\r\n\r\nБұл тек бір оқушының ғана мақтанышы емес, сынып оқушыларынң арасында да жүлдеді орын иелері бар. 2011 – 2012 оқу жылында аудандық олимпиада жеңімпаздары: Әбдірахманов Мархабат география пәнінен жүлделі I орын, Өтеева Гүлбану орыс тілі пәнінен жүлделі III орын, Сафарханұлы Абзал биология пәнінен жүлделі II орын, Иманбай Ғалымжан математика пәнінен жүлделі  III орын. 2012 -2013 оқу жылында өзім сынып жетекшілік ететін сыныбымда 19 оқушы бітіріп, 8 – і мемлекеттік грант иегерлері.\r\n\r\nҚазақстан жастары жан – жақты дамыған, білімді, білікті сөзге шешен және азаматтық, отансүйгіштік қасиеттері жоғары азаматтары боуы тиіс. Елбасымыз айтқандай егемен еліміздің алдында, оның ішінде жастар қауымына үлкен міндет пен мақсат қойылған.\r\n\r\nМектебіміздің «Жалын» жас мамандар мектебінің жетекшісімін.\r\n\r\nАудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген 2010 жылдың 1 сәуірінде кабинеттік байқауда өзім меңгерушілік жасап келе жатқан ағылшын тілі кабинеті заман талабына сай жабдықталғаны үшін «бес» деген бағамен бағаланды. Бұл еңбегімнің жемісі.\r\n\r\nАудандық жастар саясатын жандандыруға байланысты, аудан әкімінің басшылығымен ұйымдастырылған Шиелі ауданының 80 жылдық мерейтойына арналған «Болашағы зор, үміті ұлан ғайыр – ЖАСТАР» жинағына ендім.\r\n\r\n11 жылдық оқушыларға білім мен тәрбие берудегі игі ісім, аудандық білім бөлімі мен аудан әкімгершілігінде және мектеп ішінде марапатталды.\r\n\r\nҚорыта келгенде, қазіргі заманның мұғалімі шебер мұғалім болуы керек деп санаймын. Өзімді жаңа заман ұстазымын деп оқушыларға білім мен тәрбие беруде мына қасиеттерді бойыма жинадым:\r\n

    \r\n

  • Білімділік пен жан – жақтылық;
  • \r\n

  • Барлық оқушыларға тең көзқараста болу;
  • \r\n

  • Әрбір оқушымен жақсы қарым – қатынаста болу;
  • \r\n

  • Салмақты және шыдамды болу.
  • \r\n

\r\nБұл менің білім беру баспалдағындағы  алғашқы жетістіктерім.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ