Мәриям Хакімжанова поэзиясындағы аналар тақырыбы

0
2288
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Мәриям Хакімжанова поэзиясындағы аналар тақырыбы

Аңдатпа: қазақ халқының қастерлі ұғымдарының арасында «ана» сөзі ерекше құрметке ие. Кез келген адамның ішкі әлемінде сол бір жанға деген сарқылмас сағыныш пен үнемі балалығын аңсайтын кезі болатыны анық. Ештеңеден хабарсыз, күйбең тіршіліктің түйткілдері көңілді жабырқатпайтын сол бір шаққа ананың махаббаты қосылып, қайталанбас күннің келбетін жасай түсетіндей. Соның әсерінен болар, қарапайым жанның жүрек түкпірінде бұл образбен байланысты тәтті естелікті үнсіздікпен сақтаса, қолына қалам алып, шеберлікке ие жандардың дуалы ауызында даналы кейіп ретінде жырланары хақ.

Сол сияқты Мариям Хакімжанованың шығармашылығы да осы аталмыш бейненің сырын шертуге талпынғаны сезіледі. Бұл ақынның ерекшелігі тек қана ойына оралғанда бір жыр жазу емес, түгелдей шығармашылығында «ана» тақырыбына басымдық беруінде. Бірақ, тоғысқан аналардың әлемі тек қана өз анасымен шектелмейді, барша қазақ еліне еңбегі сіңген, келер ұрпақтың тағзым етер құрметіне айналар жандарды жырлауды мақсат еткендей.

Түйін сөздер: Мариям Хакімжанова, Ана, жыр, әйел болмысы, ұлттық құндылық.

Аннотация: среди почитаемых понятий казахского народа слово «ана » пользуется особым уважением. Очевидно, что у любого человека во внутреннем мире есть неиссякаемая тоска по одной и той же душе и постоянная тоска по детству. В этот момент, когда не было ни малейшего намека на то, что проблемы жизни не могут не радовать, добавилась материнская любовь, которая могла создать неповторимый облик дня. В то же время, если в сердцах простолюдинов в тишине сохранилось сладкое воспоминание, связанное с этим образом, то, взяв в руки перо, в качестве мудрого образа в устах людей, обладающих мастерством, жырланары даққа. Так же чувствуется, что творчество Мариям Хакимжановой стремится запечатлеть этот образ. Эта особенность поэта заключается не только в том, что, возвращаясь к размышлениям, он отдает приоритет теме «ана» в своем творчестве. Но мир сопредельных матерей не ограничивается своей матерью, он направлен на то, чтобы воспеть всех людей, заслуженных казахов и почитаемых в честь следующего поколения.

Ключевые слова: Мариям Хакимжанова, мать, поэма, женское существо, национальные ценности.

Abstract: among the revered concepts of the Kazakh people, the word «ana» enjoys special respect. It is obvious that every person in the inner world has an inexhaustible longing for the same soul and a constant longing for childhood. At this moment, when there was not the slightest hint that the problems of life could not but please, maternal love was added, which could create a unique look of the day. At the same time, if a sweet memory associated with this image has been preserved in the hearts of commoners in silence, then, taking up a pen, as a wise image in the mouths of people with skill, zhyrlanary daka.

It is also felt that the work of Mariam Khakimzhanova seeks to capture this image. This peculiarity of the poet is not only that, returning to reflection, he gives priority to the theme of «ana» in his work. But the world of neighboring mothers is not limited to their mother, it is aimed at praising all people, honored Kazakhs and revered in honor of.

Keywords: Mariam Khakimzhanova, mother, poem, female being, national values.

Ақын болған жанның жүрегінен шығар тебіреністі жырына, жазушының қаламында тербетілер сырына айналатын, ең қадірлі де қасиетті тақырып, ол — Ана.

Әр қоғамның, сол заманда өмір сүрген адамның өзіндік үні, айтар оқиғасы бөлек. Саясат, тұлғалардың тайталасы турасында, тарихтың азабы мен ажары хақында әр ақынның өзіндік қолтаңбасы, бөлекше жеткізер ойы болды. Олар бір бірімен тақырып жағынан үндескенімен, идеясы мен стилі, түйіні мен түйткілі өзгеше сарында жалғасқаны белгілі. Дегенмен, шығарма тудыра алатын шеберлікке ие жандардың бәрінің жырына айналған, сонымен қатар тек қана жақсылығын ашуға ұмтылатын, ең асыл сөздерін арнайтын бір ғана образы бар болатын.

Оны туындыға қосқан әр автордың жүрегінде сағыныш, көзінде жас, ойында өткеннің естелігі, қаламында шындық болатыны анық. Жүректің түбіне терең бойлап, жанды толқытып, шабытты шарықтатын, ақынның ғана емес, адам болып жаратылған кез келген пенденің мәңгілік сағынышына айналатын кейіп, ол – Ана образы.

Өзінің нәзік жүрегімен сол бейненің күйін ұғып, үйінің ғана емес, қазақтың жалпы аналарына жыр арнай білген, тарих пен тағылымды бірлестірген Мәриям Хакімжанова өлеңдері — өмірлік өнегедей.

Соны ішінде «Ана сыры» атты шығармасы — қазақтың тілін домбыра үнімен жеткізуші Дина Нұрпейісоваға арналған:
Дүние ұзақ сапар, бір кең сарай,
Адамзат алуан-алуан келген талай[11], — деп басталатын шумағынан –ақ, өмірдің өзіне тән ауыртпалығын арқалаған өкілінің ғұмырын қозғай түскені сезіледі. Бірақ, сырды шертуде, өзгеше әдісті таңдады. Бұл өлеңде әйел затының қазақи болмысы, еліміздің ұлттық қастерлі дүниесі, домбыра, балаларына өсиет ретінде жеткізіліп жатқан өнер, сонымен қатар, сол күйдің ішіне жасырылған қазақ қызының кешкен тағдыры да баяндалған.
Шегінен домбыраның сорғалаған,
Отырды үйдің іші күйге балқып[11].
Жалпы, ақын, жазушылар, мәдениетті жеткізуші тұлғалар тобы. Сол себепті де, әр шумағында оқыған оқырманның жетесіне белгілі бір тақырыпты ғана емес, сонымен қатар тіліміз бен дінімізге сай, ұлттық құндылығымызды тоғыстыра алуы — сол автордың сипаты.
Казақ қызының азабы бір кездегі,
Күй сазынан елестеп көрінеді[11], — дей келе бір ғана жанның өмір тарихына емес, бүкіл қазақ қызының жан тебіренісін қоса жырлап өткендей.
Кимешектің етегін серпіп тастап,
Қомданғаңдай канатын қыран бүркіт.
Сұлу күй сорғалаған сылаң кағып[12].

Ұлттық құндылықтың ішінде ұлттық болмысты айшықтайтын киіміміздің де болуы, біздің өзгеден айырмамызды көрсете алатын ұлттық кодымыз. Бұл өлеңде «Ананың» жан тебіренісін жеткізіп қана қоймай, оның сыртқы кейпін де сөз ете өтуі, жалпы келешек оқыған ұрпақтың ойына өткен аналар бойындағы ерекшелікті сезіндіре түскендей. Бір ғана қазақ қызына арнаған «Ана сыры» өлеңінде, жалпы ұлттық ерекше таным мен табиғат бірлесе жырланып отыр.
Аталмыш образды одан әрі жалғай түсетін туындысы: «Апама».

Әлпештеген, аялаған,- деп бастау арқылы, апасына деген махаббатымен қоса, балалық көңілмен сезе алған тұсына басымдық беруді қалағандай.
Көкірегіңді жастанып ап,
Талдырушы ем қолыңды мен[24], — деу арқылы мұздай бесік таянып, одан өссе беліне байлап, ешқашан баласынан шаршай алмайтын бір ғана жанның сипатын аша алды. Сонымен қатар, кішіліктен кісілікке аяқ басса да, анасының
«қалқам, шырақ» , «көңіл хошым, көз нұрым» деп еркелете үн қатқанын аңсайтын жанның қатары көп екені де айдан анық.

Тәттің болса таңдайыма
Тосушы едін, өзің татпай.
Қиындықтың қандайына
Төзуші едің, кірпік қақпай[24]
Аналар болмысына тән кейіптің бірі де осы болар. Өзі аш болсада арманы баласын тойдыру, өзі азаптанса да баласына бақыт сыйлаудың жолын іздеу. Тоғыз ай он күн көтерген жүрек тұсындағы шаранасы, кейінде өмірлік сол жұмыр етінің уайымына айналатыны да ақиқат. Бұл сезімнің барлығы тек сол жандардың ғана сезіне алатын қасиеті.
Бақыт берген ұлы адамды,
Барлық әлем қадір тұтад[1,24], — деп тәмамдалу арқылы «Ананың» абыройы тек бала алдында ғана емес, бүкіл әлем үшін айбынды болуын тілей түскендей.

Мәриям Хакімжанованың «Аналар» туралы өлеңдері бұлармен ғана шектелмейді. Ана мейірімі, Ана махаббаты, Ана жүрегі, Ана көктемі атты шығармалары да бар. Және осы атпен өлеңдер жинағы да шыққаны белгілі.

Өзгені ұлықтау өзіңді сүюден басталатын болса, құрмет ұғымын сезіну анадан басталатын сыңайлы. Ананың қадіріне жете алған адам ғана, басқаға мейіріммен қарай алады. Сонымен қатар аяулы жандардың өткен ғұмырындағы қиындық пен машақатты сезіндіре алуы арқылы, болашақ оқырманның жүрегіне кешегі аналар кейпіне деген құрмет пен тағзымды сезіндіре түсетіндей.

Барша жаратылыстың ішіндегі ең қасиетті адам – ананың бейнесін өз шығармашылығында басымдық бере отырып, сол арқылы поэзиясына ерекшелік енгізе алған, тектіліктің тұғыры мен даналықтың ұғымын байланыстыра отырып, сол бір аталмыш кейіптің қастерлі тұсын ашуда шеберлігі шарықтаған ақынның шығармашылығы ғасырдың мәнін кіргізе түскендей.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мәриям Хакімжанова шығармаларының  үш томдығы. —  Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2006 ж.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ