Өсімдіктің өсуіне температураның әсері

0
7524
\r\n

\r\n

Кіріспе

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Өсімдіктің өсуіне қажетті температураны минимум, оптимум және максимум температура деп ажыратады. Мұның ішіндегі өсімдіктерге барынша қолайлысы-оптимум температура. Минимум және максимум температура жағдайында өсу өте баяу жүреді. Оптималды өсу өсімдіктердің әр түрінде белгілі бір температурада өтеді.

\r\n

\r\n

\r\n

Оптимум температура өсу және даму процестерінің негізінде жататын көптеген реакциялары жүзеге асатын температура диагнозына байланысты. өсімдіктердің көпшілігі үшін оптимум температура 25-350С шегінде болады. Алайда, өсімдіктердің аса қиын орта жағдайларында тіршілік ететін топтары да бар, олар әдеттегі жағдайлардан гөрі басқа температуралық режимге бейімделген. Мысалы, Альпі шалғындығының өсімдігіне қажетті оптимум температура 00С аймағында болады. Эфемерлер өздері өсіп тұрған жерлердің өсімдіктеріне қарағанда төмендегі температурада активті өседі. Тундра аймағындағы балдырлардың өсуіне қажетті минимум температура 00С-ден төмен болады. Ал жылы су көздері бар жерлерде өсетін микроорганизмдер мен көкжасыл балдырлардың өсуіне қажетті оптимум температура +800С-ге тең. Солтүстік ендіктерден шыққан арпа, сұлы, қарабидай, қарақұмық және сора сияқты мәдени дақылдардың өсуіне қажетті оптимум температура 20-250С-ге тең. Ал өсімдіктердің оңтүстік ендіктерден шыққан басқа топтары үшін оптимум температура 30-400С-ге тең.

\r\n

\r\n

\r\n

Өсімдіктердің жер бетіндегі және жер астындағы мүшелерінің өсуіне қажетті оптимум температураның айтарлықтай айырмашылығы болады. Зығыр, қарақұмық, бидай, арпа, сұлы, шалғам және пияздың жер бетіндегі мүшелері 20-250С температурада қалыпты өседі, ал осы өсімдіктер тамырының жақсы өсуі үшін бұдан 8-100С төмен температура қажет. Оптималдағы 15-200С шамасындағы құбылмалы температура өсу процесі үшін ерекше қолайлы болады. Түнгі төменгі және күндізгі жоғары температуралардың алмасуы термопериодизм деп аталады. 

\r\n

\r\n

\r\n

Тыныштық кезеңінде өсімдіктердің физиологиялық-биохимиялық процестері баяулап, өсуі анық байқалмайды, бірақ жасуша дифференциациялануының көзге көрінбейтін процестері жүріп жатады. Тыныштық кезеңінде жасуша протопластары суынан айрылып оның бетінде ақуызды-липидті қорғаныш қабаты түзілетінін және оның плазмодесмалары үзіліп, протопластары оқшауланатынын П.А. Генкель анықтаған.

\r\n

Температура өсімдік өсуінің барлық кезеңдерінде әсер етеді. Өсімдіктердің дамуының эр кезеңінде температураға қажеттілі де әртүрлі дәрежеде болады. Мысалы, шыршаның көптеген өскіндері мен жас особьтары төменгі температурада, әсіресе қар қабатымен қорғалмай, ашық қалса үсіп кетеді. Олар температураның тәуліктік және маусымдық өзгеруі аса қатты байқалмайтын басқа өсімдіктердің панасында немесе орманда болса өміршеңдігін жақсы сақтайды. Ал ересек шыршалар қатты аяздарға да төтеп береді. Қоршаған ортаның температурасы және топырақ температурасы өсімдіктердегі физиологиялық гіроцестерге ғана емес, мүшелердің түзілуіне де әсер етеді. Тәжірибе салқын жерде өсірілген өсімдіктердің жапырақ тақталарының жиегінің өзгеретінін көрсетті. Салқын жерде ( + 4°С… + 6°С) өсірілген бақбақтың жапырақтарының жиектері тілімделген, ал жылы жерде өскен (+15°С… +18°С) особьтарында жапырақ жиектері тегіс болатыны байқалды

\r\n

\r\n

Жоғары температураға бейімделуге байланысты организмдерді мынадай топтарға бөледі:

\r\n

1) ыстыкқа төзімсіз түрлер — +30°С… + 40°С температурада

\r\n

зақымданатын организмдер (кейбір балдырлар, суда өсетін гүлді өсімдіктер);

\r\n

2)ыстыққа төзімді эукариоттар — құрғақшылық аймақта

\r\n

өсетін (дала, шөл, саванна) өсімдіктер. Жарты сағат +50°С + 60°С температураға шыдайды;

\r\n

3) ыстыққа төзімді прокариоттар — термофилді бактериялар

\r\n

Мен көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері. Ыстық су Көздерінде +85°С…+90°С температурада тіршілік ете алады.

\r\n

\r\n

\r\n

Өсімдіктердің өсу процесіне жарық тікелей және жанама әсер етеді. Жасушаның бөлінуі және созылу процестері жарықты қажет етпейді. Күшті жарық жағдайында жасушаның созылу кезеңі өздерінің шекті өлшемдеріне жетуден бұрын аяқталады. Басқа жағдайлардың бәрі болғанда, өсімдіктер толық қараңғыда да өсе алады. Алайда қараңғыда өсудің сипаты өзгереді. Мұндай жағдайда ұлпа жасушалары созылыңқы, қабықшасы жұқа және жасушааралық. 

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Өсімдікке жырықтың пайдасы

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

кеңістіктері үлкенболады. Жапырақтарда хлорофилл болмайды. Сондықтан қараңғыда өсімдік жақсы бойлап өсіп, ұзын пішінге ие болса да, олардың жалпы күйі қалыптағыдан өзгеше болып келеді. Көк және күлгін сәулелер жасушалардың эмбриондық бөліну кезеңдеріне қолайлы әсер етеді, бірақ созылу кезеңін тежейді. Қызыл сәулемен әсер еткенде, өсімдік жасушаларының созылмалы кезеңі күшейе түседі, ал эмбриондық бөліну біршама тежеледі. Жарықтың оптималды құрамы мен күші әр түрлі өсімдіктердің өсуіне түрліше мөлшерде қажет, ол әр түрлі орта жағдайларында қалыптасқан өсімдіктердің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты. өсімдіктер жасына, даму кезеңдеріне, сондай-ақ сыртқы ортаның басқа да факторларына қарап жарықтың әсерін түрліше қабылдайды

\r\n

\r\n

\r\n

Өсімдіктердің өсуіне жарықтың жанама әсері фотосинтез және органикалық заттардың түзілуіне байланысты. \r\nӨсімдіктің оттегімен қамтамасыз етілуі, оның өсуіне айтарлықтай әсер етеді. Тамыр өттегінің құрамын өте сезгіш келеді. Томаттың суда өсірілген дақылдары мен жүргізілген тәжірибелер қоректік су ерітіндісінде оттегі неғұрлым көп болса, тамырдың соғұрлым жақсы өсетіні көрсетті. Қоректік ерітінді арқылы үрленетін газ қоспасындағы оттегінің концентрациясы 20% болғанда, томаттың

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Фотосинтез

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

тамыры барынша активті өскен. Оттегі концентрациясының аздығына бейімделушілік күріш өсімдігіне тән қасиет. Күріш өскіні оттегінің ең аз концентрациясында өсуге бейімделген. Өсімдіктің өсуіне оттегінің әсері бұл газдың тыныс алу процесі үшін қажеттігіне байланысты. Ал бұл процестердің бәрі де жасушаның өсуіне қажетті заттарды түзеді. 

\r\n

Тыныс алу процесінің деңгейі көп жағдайда тканьдердің органдарда орналасу ретіне де байланысты. Органдардың сыртқы бетіне жақын орналасқан және оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілген тканьдердің тыныс алу қарқындылығы едәуір жоғары болады. Картоптың тыныс алу қарқындылығын 1 г құрғақ салмағына бөліп, тәулік ішінде өлшесек, ол жұмсақ түйнегінде 3,8 мг, қабығында 11,3 мг, көзшелерінде 13,8 мг СО2-ге тең болады. Лимон жемісінін, тыныс алу қарқындылығында да осындай айырмашылықтар бар. Тұтас жемісінің тыныс алу қарқындылығы 12,4 мг СО2, жұмсақ етінде—10,6, ал қабығында — 69,3 мг СО2 болады. Тканьдер қаншама тереңдікте орналасса, оттегін соншама аз қабылдайды және тыныс алу қарқындылығы соншама төмен болады. 

\r\n

\r\n

Ақгүл (жасмин) – көп жылдық бұта түрінде өсетін өсімдік. Гүлдері түкті, хош иісті болады. Өсімдіктің Отаны – тропиктік елдер. Негізінде, әсемдік үшін, сұрыптарынан хош иісті эфир майларын алу үшін және шайды хош иістендіру үшін өсіреді. Аталмыш гүлдің хош иісі көптеген әтірлердің құрамына енген. Ақгүл күтімінде бөлме температурасының қалыпты болуы маңызды. Қыста +8-ден төмен болмауы керек. Жазда таза ауаға шығарып қоюға болады. Басқа бөлме өсімдіктерімен салыстырғанда ақгүл күн көзіне, тура түскен күн сәулесіне шыдамдылығымен ерекшеленеді. Бірақ қатты ыстықта ұзақ уақыт қалдыруға да болмайды.

\r\n

\r\n

\r\n

Жасаңшөп (толстянка) фэн-шуй ілімі бойынша қаржы ісінде сәттілік әкелетін өсімдік болып есептеледі. Өсімдіктен бөлінетін тозаңдар адам ағзасына пайдалы. Ол ауаны тазалайды. Өсімдік ағзаның психикалық және физикалық шаршағанын басады. Адам ағзасын жұқпалы ауруларға қарсы белсендіреді.

\r\n

Күй талғамайтындықтан қараңғылау бөлмеде де жақсы өседі.

\r\n

Гүлдің жақсы өсуі оны дұрыс отырғызудан басталады. Оның өскінін ешкімге көрсетпей (ұрлап) немесе сатып алады. Отырғызар алдында өскіннің түбін сәл құрғатады. Гүлсауыттың түбіне «ақша шақырсын» деген ниетпен тиын салып, сонан соң гүлді отырғызады. Өсімдік биіктеу өсуі үшін көктем басталған кезде қырқады. Өте қараңғы бөлмеде ұстауға болмайды. Өсімдік жаздың ыстығына төзімді болғанымен, қыста бөлме температурасын +15 С градустан асырмау керек. Ыстыққа төзімді болу үшін өсімдікті көктемнің ыстығынан бастап бейімдеген дұрыс. Оны топырағы құрғаған кезде ғана суарады.

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ