1860-70 жылдардағы азаттық күресінің барысы және жеңілу себептері мен тарихи маңызы (сабақ жоспары)

0
2291
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты: 
– қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

Зерттеу сұрағы:
XIX ғасырдың 60-70-жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?

Оқулық
1860–1870 жж. азаттық күрес. 144–150 беттер.

Тірек сөздер: Хиуа хандығы, Маңғыстау өңірі, Форт-Александровск, Иса
Тіленбаев, Досан Тәжиев

Ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. – Т.1-
2. – Астана, 2013.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. – Алматы, 2016.

Көрнекілік
Көтеріліс болған аудандардың карталары.

Мақсатты айқындау
Маңғыстау өңірінде болған халық көтерілістерінің сипатын және салдарларын анықтау.
Дамытушылық маңызы. Маңғыстау өңіріндегі халық көтерілістерін басқарған тұлғалардың бүгінгі күні жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын оқушыларға ұғындыру.

Тәрбиелік мақсаты. Маңғыстау өңіріндегі көтерілістердің қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан ерлік дәстүрінің жалғасы болып табылатынын оқушыларға түсіндіру арқылы оларда отаншылдық сезімді көтеру.

Сабақтың деректік материалдары
Оқытушы оқушыларды 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісіне басланысты шығарма жаздырады. Осы екі көтерілістің басты ерекшеліктерін тезис түрінде көрсетеді. Оқытушы оқулықтың 149, 150-бетіндегі «Біліміңді тексер» тапсырмаларын оқушылардың орындауын қадағалайды:

1. Орал, Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерiлiстер болған аймақтарды картаға түсіріп, көрсет.

2. Көтерiлiстердің барысына талдау жасайтын хронологиялық кесте жаса:

Оқиғалар мерзімі;

Оқиғалар;

Нәтижелері.

3. Көтеріліске қатысушылардың бірі ретінде естелік-эссе жазып бер.

4. Орал, Торғай облыстарына, Маңғыстау аймағына байланысты Ресей империясының, Хиуа және Бұқара хандықтарының ұстанымдарын анықтай түсетін кесте жаса:

Ресей империясының ұстанымы;

Хиуа хандығының ұстанымы;

Бұқара эмиратының ұстанымы.

5. 1870 жылғы Маңғыстаудағы қозғалыстың өзінен бұрынғы көтерілістермен
салыстырғанда өзiне тән ерекшелiктерi қандай болғанын анықтайтын салыстырмалы кестені жаса:

Сабақтүрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Бағалау мүмкіндіктері. Қосымша тапсырма.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ