2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу форматы өзгермейді

0
855

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу форматы өзгермейді. 2015 жылы 100 мыңнан астам мектеп бітірушілері қатысады деп күтілуде.  ҰБТ ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктерінде өткізіледі.

\r\n

ҰБТ қазақ немесе орыс тілдерінде бес пән бойынша:

\r\n\r\n

    \r\n

  1. қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі);
  2. \r\n

  3. математика;
  4. \r\n

  5. Қазақстан тарихы;
  6. \r\n

  7. Қазақ тілі (орыс тілінде оқытылатын мектептерде); Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектептерде);
  8. \r\n

  9. Таңдау бойынша пән (таңдалған мамандыққа бойынша,  шығармашылық мамандықтарға таңдау пәні – ерікті).
  10. \r\n

\r\n

   Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. ҰБТ өткізуге үш жарым астронимиялық сағат (210 минут) беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

\r\n

ҰБТ-ны объективті және ұйымдасқан түрде өткізуді Білім және ғылым министрлігінен арнайы дайындалған өкілдер қамтамасыз етеді.

\r\n

Барлық ҰБТ өткізу пункттерінде жергілікті атқару органдары және Министрліктен тестілеуді табысты әрі жайлы тапсыруға қажетті жағдай жасалады.

\r\n

Анықтама: 2015 жылы 1-15 маусым аралығында республикада Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. ҰБТ —  орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі. 11 жылда 1 миллион 422 мың адам қатысты. Бұл жалпы мектеп бітірушілер санының 80 пайызы.

\r\n

\r\n

\r\n

Қазақстан Республикасы

\r\n

Білім және ғылым министрігі 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ