8 наурыз мерекесін ойлап тапқан әйел жайлы не білесіз?!

0
1566

Жыл сайын елімізде 8 -наурыз халықаралық әйелдер мерекесі тойланып келеді.Бұл мерекеде тек аналарымызға ғана емес, бүкіл қыздар қауымына құрмет көрсетіліп, арнайы гүл шоқтары беріледі.Гүл-өте нәзік өсімдік.Әйелдер қауымы да сырттай мықты көрінгенімен, көңілдері өте нәзік.Сол себепті, бұл мереке символы-гүл болып саналады. Атаулы мерекені бірнеше жылдан бері тойлап келеміз.Дегенмен оны кім ойлап тапқанын біреулер білсе, кейбіреулер білмейді.

Неміс және халықаралық социалистік және әйелдер қозғалысының әйгілі белсенділерінің бірі Клара Цеткин 20 ғасырдың тарихында тек белсенді коммунист ретінде ғана емес, сонымен бірге әйелдердің реформаторы ретінде танылған.Және де ол әйелдер құқығының белсенді қорғаушысы болған. Кеңес заманында Клара Цеткиннің жасаған басты еңбегі -оның халықаралық әйелдер күнін тойлауға арналған ұсынысы болып саналды.Сондықтанда оның есімі халықаралық әйелдер күнін тойлаумен тікелей байланысты.

Клара Цеткин 1857 жылы Вактераудың саксондық шағын қаласында, ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген. Жас кезінен бастап Клара өзінің құрдастарының арасында өзінің зеректігімен және есте сақтау қабілетімен ерекшеленіп тұрады.Ол 9 жасында Гете мен Шиллердің барлық өлеңдерін жатқа білген. Клара Цеткин беделді оқу орындарының бірі болған Лейпциг педагогикалық гимназиясында оқып жүрген кезінен бастап, социал-демократтардың жасырын жиналыстарына бара бастайды.Және де

1878 жылы Социалистік жұмысшылар партиясының қатарына қосылады. Ол партия атауы кейінірек Германия социал-демократиялық партиясы болып өзгертіледі. Клара сол партия құрамында өзінің болашақ өмірлік серігі, орыс эмигранты революционер Осип Цеткинмен танысады. Және де олар Германиядағы социалистердің қуғын-сүргінінен қашып, Цюрихке кетуге мәжбүр болады.1882 жылы Осип және Клара Цеткиндер Парижге көшіп, партия қызметімен айналыса бастайды. Олар әлеуметтік демократиялық газеттерді аудару және жариялау арқылы аз жалақыға күн көреді.Клараның жары Осип 1889 жылы туберкулезден қайтыс болады.Осип қайтыс болған кезде, Клара екі ұлымен жесір қалады.

  • Әйелдердің құқықтары үшін күрес

    Клара Цеткин 1889 жылы Парижде өткен Екінші Интернационалдың Құрылтай конгресі жұмысына белсенді қатысып, онда революциялық күрестегі әйелдердің рөлі туралы баяндама жасайды.Және де ол Германия социал-демократтарды қудалауды тоқтатқаннан кейін, өз Отанына оралады.

  • Осылайша,1892 жылы Штутгартта әйелдерге арналған «Теңдік» газетін шығара бастайды.1907 жылы Клара Цеткин Люксембургпен бірге әйелдердің тең құқығын қорғаған бөлімнің бастығы болып сайланады. Ал,1910 жылы Копенгагенде өткен Халықаралық әйелдер социалистері конференциясында Цеткин өз ұсынысын айтады.
  • Клара Цеткиннің қолдауымен 1857 жылы 8 наурызда Нью-Йорктегі тоқыма кәсіпорындарындағы жұмысшылардың демонстрациясы мерейтойына орайластырылған халықаралық әйелдер күнін атап өту туралы шешім қабылданады.
  •  Кеңес Одағы 1917 жылы Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарсы шыққаны үшін Германияның социал-демократиялық партиясы басшылығы Цеткинді «Теңдік» газетінің редакциясындағы жұмысынан алып тастайды. Дегенмен ол Тәуелсіз Социал-Демократиялық партияны құруға қатысады.
  • 1920 жылдан 1933 жылға дейін Цеткин үнемі Коммунистік партиядан Рейхстагтың мүшесі болып сайланады, сонымен бірге Коминтерннің Халықаралық әйелдер хатшылығын басқарады.
  •  1920 жылы Клара Цеткин Кеңес Одағына алғаш рет барып, онда Ленинмен және Крупскаямен кездеседі. Кейінгі жылдары Цеткин Коминтерн конгрестеріне қатысу үшін Мәскеуге жиі келеді. Және де ол Ленинмен және Крупскаямен достық қарым-қатынаста болады.
  • 1932 жылы шілдеде, Рейхстагқа кезектен тыс сайлау нәтижесінде, ұлтшыл -социалистер Германия парламентінде көпшілік орынға ие болған кезде, Клара Цеткин Мәскеуде болады. Рейхстагтың ең ежелгі мүшесі ретінде ол жаңа шақырылымның бірінші сессиясына қатысады. Онда ол нацизм қаупі туралы отты сөз сөйледі және оны құруға шақырды.

    Клара Цеткин 1933 жылы 20 маусымда Мәскеу түбіндегі Архангельск қаласында 76 жасында қайтыс болған. Оны жерлеу жерлеу рәсіміне 600 мың адам қатысқан.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ