Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасыжалғасуда. Олимпиаданың алғашқы аптасында 200 оқушы орын алып, дипломмен марапатталды. Орын алған оқушының жетекшілеріне де алғыс хат берілуде. Олимпиада 18 сәуірге дейін жалғасады.
Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.
Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Олимпиада жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар (смартфон, планшет, флешка) табысталады.
Осыған байланысты олимпиада шарттары туралы ақпаратты білім ордалары басшыларының назарына жеткізуді сұраймыз.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Martebe.kz ақпараттық білім порталы олимпиаданың ақпараттық демеушісі және ұйымдастырушылары болып табылады.
Олимпиадаға қатысты қосымша ақпараттар
Олимпиадаға қатысу бағасы: бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге, үш реттік мүмкіндік –1200 теңге, төрт реттік мүмкіндік – 1500 теңге.
Олимпиаданың марапаттау рәсімі
Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 20 сәуір күні сайтта жарияланады. Ал қатысушылардың нәтижесі күнделікті жарияланып, орын алған қатысушыларға марапат қағаздары олимпиада барысында жіберіледі. Орын алған қатысушылардың жетекшілеріне де алғыс хат тағайындалады.
І орын – 25-24 ұпай
ІІ орын – 23-22 ұпай
ІІІ орын – 21-20 ұпай
Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында электронды түрде почтасына жіберіледі. Орын алған қатысушылардың жетекшілері де алғыс хатпен марапатталады. Ал ең соңғы қорытынды нәтиже, яғни бағалы сыйлықтардың иегерлері сайтта 20 сәуір күні жарияланады.
Ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар (смартфон, планшет, флешка) тағайындалады.
Бір мектептен 50-ден көп оқушы қатысып, 20 жүлделі орын шықса ұжымға «Ең үздік ұжым» номинациясы тағайындалып, диплом беріледі. Сонымен қатар, 15 оқушысысы жүлделі орынға иеленген пән мұғаліміне «Ең үздік тіл маманы» номинациясы беріліп, дипломмен марапатталады. «Үздік ұжым» және «Ең үздік тіл маманы» номинацияларына үміткерлер қатысушылардың сайтқа тіркелген почтасы мен орын алған оқушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.
Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.