Ақпараттық мәдениет түсінігі

0
12134
Әбіш Кекілбаев

Адамның  өмір  бойы  ақпараттық  мәдениетін   қалыптастыруы,  ол  болашақ  маман  үшін  олардың  кәсіби  білімалу  аралығында  қаланады.  Мамандар  даярлаудағы  алғашқы  сатысына  олардың  өздігінен  білімалуына  бағытталған  шараларды  ұйымдастыру  ісі  пайда  болады.  Қазіргі  ақпараттық  технологияларды  жоғары  білім  беру  жүйесіне  енгізгенде,  оқыту  материалдарының    педагогикалық  мазмұндылығы  мен  әркімнің  өздігінен   оқып  үйренуіне  жағдай  жасаудың  маңызы  зор.

Ақпараттық  орта  —  жаңа  ақпараттық  өнімді  өндірумен  байланысты    адамзат  әрекетінің  үнемі  кеңейіп  отыратын  аумағы,  технология  мен  қызметі,  себебі,  қазіргі  ақпараттық  ортаға  ғылыми – ақпараттық  орталық  байланысты  емес,  ақпараттық  желі,  кітапхана  мен  архивтер,  кеңселік  жүйелер,  бұқаралық  ақпараттық  құралдар,  яғни  түгелдей  индустрия  құру,  сақтау,  өңдеу  және  адамзат  әрекетінің  барлық  аумағында  ақпаратты  тарату.  Бұл  «ақпараттық  қоғам»  тенденциясын  көрсетеді – бұл  ақпараттық  технология  негізінде  байланыс  каналдары  мен  өзара  әрекет  ететін  мүшелер  арқылы  іске  асырылады.

Қазіргі  кездегі  қоғам  индустриялдық   кезеңнен  кейінгі  дамудың  ақпараттық  кезеңіне  аяқ  басты.  Ақпараттандыру  жағдайында    оқушылар  мен  студеттер  меңгеруге  тиісті  білім,  білік,  дағдының  көлемі  күннен – күнге  артып,  мазмұны  өзгеріп  отыр.  Оның  басты  сипаттарына  —  ақпараттық  технологияларды  кеңінен  пайдалану  адамдардың  көптеген  қызмет  түрлерін  компьютерлендіру,  коммуникациялардың  бірыңғай  халықаралық  жүйелерін  жасау  істері  жатады.  Қазіргі  кездегі  адамдар  үшін  «компьютерлік  сауаттылық»  дегеніміз  кешегі  жай  сауаттылық   (оқып  жаза  білу)  тәрізді  міндетті  түрде  іске  асырылатын  шара  болып  саналуы  тиіс.

Ақпараттық  қоғам  қалыптасуының  басты  механизмі – қоғамның  барлық  саласында  ақпараттық  технологияны    тиімді  қолдану  негізінде  ақпараттық  ресурстарды өндіру  индустриясын  құрайды  және  өңдеуді  қажет  ететін  ақпараттандыру  болып  табылады  [1].

Ақпараттылық  сауаттылық  түсінігі  1990 ж  ақпараттық  мәдениетті   үйретуге  екі  жақты  амалдың  нәтижесінде  қалыптасты:  бір  жағынан  — кітапхананы  жүргізу  және  ғылыми – ақпараттық  әрекет  позициясымен,  ал  екінші  жағынан  компьютерлік  технологияны   меңгеру  позициясымен.

Ақпараттық   мәдениет  дегеніміз  тек  компьютермен   дұрыс  жұмыс  істей  білу  ғана   емес,  кез  келген  ақпарат  көзін  —  анықтамаларды,  сөздіктерді,  энциклопедияларды,  теледидар  бағдарламаларын  т.б.  дұрыс  пайдалана  білу,   алынған  мәліметтерді  ой  елегінен  өткізіп,  талдай  білу  деген  сөз.  Қазіргі  Интернет  желісінде  жұмыс  істеу  білімгерлерімізге   әлемдік  білім,  ғылым  жетістігінен  хабардар  болып ,  оны  игеруге  шексіз  мүмкіндіктер  ашатыны  сөзсіз.

Ақпараттық  мәдениет  түсінігін  анықтауда  ғалымдар  мәдениеттің  коммуникативті  және  әлемтану    аспектілерін  енгізумен  бастайды.

Коммуникативті  «диалогтық»  аспектіні  түсіну,  яғни  кең  мағынада  « адам-адам»  диалогы  сияқты  қарастырылады  және  «адам-компьютер»  диалогы,  яғни  мынаны  игеруге:  басқаның  көзқарасын  тыңдау,  ойына  араласу,  ақпаратты  кез-келген  түрде  көру,  өзінің  ойын  жеткізу  және  өзінің  ақиқатын  дәлелдеу,  жалпы  шешім  табу  мен  жалпы  мақсатқа  жету  үшін  бірігіп  бағдарлама  құру  әрекеті .   Коммуникацияны   әртүрлі  авторлар    компьютер  және  адам  диалогы  деп  қарастырған  (В.А.Каймин,  Н.Угринович,  Н.М.Розенберг,  А.В. Соловев т.б)  адам-компьютер-адам  немесе  компьютерлік  коммуникация  деп  атайды.

Компьютерлік  коммуникация  желілік  бағдарламалық – ақпараттық  құралдармен  қорланады,  сөйлеудің  ауызша  және  жазбаша  жаңа  үлгісі  қалыптасады,  бұл  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялармен  жүзеге  асырылады.

Біздің  көзқарасымызда,  студенттердің  тұлғалық  ақпараттық  мәдениетінде  интеллектуалдық  сапасы,  таным  үрдісін  өзіндік  ұйымдастыру  қабілеті,  критикалық  ойлау  қабілетін  енгізуге  болады.  Студенттердің  ғылыми-ақпараттық  іздеу  контекстінде  өзіндік  интеллектуалдық  әрекеті  тәжірибесі  пайда  болады,  өзгереді,  оларда  ғылыми  ойлау  дамиды.

Ақпараттық  қоғам  жағдайында  студенттердің  ақпараттық —  коммуникациялық  мәдениетін  қалыптастыру  көрсеткіштері  төмендегідей:

    • білім беру  жүйесінің  әлемдік  ақпараттық  кеңістікке  саналы  түрде  енуін  қамтамасыз  ету;
    • ақпараттардың шексіз  көлемі  мен  осы  ақпараттарды  аналитикалық  түрде  өңдеуді  қамтамасыз  етуге  даярлау;
    • ақпараттық ортада  жеке  тұлғаның  шығармашылық  сапасын  дамыту  мен  қалыптастыру  және  өзіндік  ақпараттық  ортаны  құру  дағдыларын  қалыптастыру;
    • Ақпараттық ортада  коммуникативті  мәдениетті  қалыптастыру;
    • Ақпараттық ортада  өзара  байланыс  қызметтерін  қалыптастыру;
    • Ақпараттық ортада  ақпаратты  алу,  таңдау,  сақтау,  қабылдау,  түрлендіру,  жіберу  және  бір-бірімен  сабақтастыру  мәдениеттерін  қалыптастыру;
    • Интерактивтік телекоммуникациялық  технологияларды  (Интернет,  қашықтықтан  оқыту  және т.б.)  қолдануға  даярлау
    • Ақпараттық-білімдік ортаны  модельдеу  мен  жобалау  қабілетін   қалыптастыру  және  осы  дағдыны  өзіндік  кәсіби  қызметтеріне  қолдануға  даярлау.

Сонымен,  болашақ  мамандарды  даярлауда   ақпараттық-коммуникациялық  мәдениетін  қалыптастыру  тәсілдеріне    мыналар  жатады:\r\n

    • Ақпараттарды өңдеудің  компьютерлік  технологияларын  теориялық  және  практикалық  тұрғыда  оқып  үйрену;
    • Әр түрлі  қолданыстағы  бағдарламалық  қамтамасыздандыруды  оқып – үйрену  және  оны  оқыту  үрдісінде  қолдану  мүмкіндіктеріне  талдау  жасау;

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  жеке  пәндерді  оқытуда   қолданудың  тиімділігін  негіздеу  жіне  дәлелдей  білу.

Студенттердің  ақпараттық  мәдениеті  компоненттері  келесідей    көрсеткіштермен  ерекшеленеді:

Осыларды  жеке-жеке  талдасақ:

    1. Әлемді түсіну:  әлемнің  қазіргі  ғылыми  бейнесін  түсінумен  білімін  сипаттайды,ақпараттың  ролі  туралы,  информатика  мен  ақпараттық   технология,   қазіргі  дамыған  қоғамда  ауқымды  ақпараттық  кеңістікті,  олардың  өзара  әрекеті,  қазіргі  ауқымды  үрдістерді    түсіну,   қоғамның  ақпараттық  инфрақұрылым  туралы  құқықтық,  этикалық,  қоғам  мен  жеке  тұлғаның  ақпараттық  қауіпсіздігі,  ақпараттық  қоғамда  құбылыстар  мен  үрдістерді   болжау  қажеттілігі  туралы  ауқымды  ақпараттық  кеңістікті  ұғыну;
    1. Рефлекс. Өзін  сезіну,  өзіндік  дамуға  ынталандыру,  өзін-өзі  басқару  мен  оқу  арқылы өзін-өзі  игеру  рефлексі,  сондай-ақ  өзінің  оқу  танымдық  қабілеттілігіне  талдау  жасау  арқылы  субъектінің  өзінің  әрекетін  түзетуші  ретінде  өзін-өзі  тәрбиелеу.
    1. Компьютерлік сауаттылық.  Сандық  мәліметтерді  өңдеу  принципі  компьютер  құрылғылары  және  қазіргі  сыртқы  құрылғылар,  Windows ОЖ –сін  білу  және  олармен  жұмыс  істеуді  меңгерту,  бумалармен  жұмыс  істеу  дағдысы,  стандартты  бағдарламалар,  мәтіндік  және  кестелік  редакторлармен  жұмыс  жасай  білу,  компьютерлік  желі  ұғымы,  Интернет  желісі  мен  жергілікті  желіде  жұмыс  істей  білу,  қарапайым  ақпараттық —  іздеуді  білу,   мәліметтер  қоры  туралы  түсінік,  оларды  ақпараттық  сақтау  тәсілдері  мен  ақпарат  алу  мүмкіндігін  білу,  сұраны  құра  білу,  жаңа  бағдарламалар  құралдарын  еркін  игеру.
    • Ақпараттылық сауаттылық.  Ақпарат  түрлері  мен  үлгілерін,  ақпараттық  жүйе  мен  ресурстар  түсінігі,  ақпараттар  легі,  ақпараттық  іздеу  тілімен  танысу  жіне  ДК-де  ақпарат  іздеудің  қарапайым  түрін  білу,  Интернет  желісінде  ақпарат – іздеу  сұранысын  құру,  ақпаратты  жинау,  сақтау,жеткізу,  ақпаратты  талдау  мен  синтездеу.
    • Коммуникативтік.  Адам – компьютер  диалогын  іске  асыруды  білу,  электрондық  поштамен  жұмыс  істеу,  интернет  сайттарымен,  гипермәтінмен  жұмыс,  адрестер  мен  сайттардан  ақпарат  сақтау  тәсілдерін  игеру,  желіде  қызмет  көрсету  бағдарламалары  туралы  ұғымды  білу,  қарым-қатынас  ережелері    мен  нормалары,  таныс  емес  жағдайда  адам-компьютер  диалогын  жүргізу.
    • Ақылмен әрекет  ету.  Объектілермен,  жағдайлармен,  түсінік,  белгі,  түсіну,  түсіндіру  қабілетін  сипаттайды.  Түсінікті  анықтауда  талдау  мен  синтездеудің  қабілеттілігінің  болуы,  мәселеге  қатысты  сұрақтар  қою,  баға  беру т.б.
    • Интелелектуалды шешімді  іске  асыруды  игеру.    Шешімді  тексеру  мен  түзету,   эвристикалық  әдістердің  логикалық  шешімі  мен  оны  іске  асыру,  мәселені  талдау,  жаңа  объектімен  өзіндік  жұмыс  жасау.
    • Ақпаратты қайта  өңдеуді  игеру.  Мәтіннің  мағыналы  элементін  ерекшелеу,  негізгі  идеяны  бейнелеу,  негізгі  жағдайды,  байланыстыалу,  мәтінді  өзгертуді  орындау  (жоспар,  конспект).  Мәтін  құрылымын  сызба  түрінде   құру,  мәтін  бойынша  сұрақтар  мен  жауаптар  құрастыру,  реферат,  резюме  құруды  меңгеру.

Қорытындылай  келе,  болашақ  мамандардың  ақпараттық  мәдениетін  дамыту  келесідей  талаптарға  сай  анықталады:\r\n

    • Қазіргі білім  беру  жүйесіндегі  ақпараттық  кеңістік  туралы  біртұтас  түсінікті  қалыптастыру;
    • Ақпараттық (дербес  жағдайда,  компьютерлік)  сауаттылық:  ақпараттық  технологияларды  қолдану  әдістерін  меңгеру,   қолданбалы  бағдарламалық  құралдарды  меңгеру.
    • Өз қызметтеріне  жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдалану:  жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктері   туралы  білім;    коммуникациялық  қызметтерді  пайдалану  дағдысы;  білім  беру  үрдісінің  ерекшеліктерін   ескере  отырып  оларды  өз  қызметтеріне  сәйкес  бейімдеп  пайдалану.

 

Қолданылған  әдебиеттер:

    1. К.М. Беркімбаев  Болашақ  экология  мамандарын  кәсіби  даярлаудағы  информатикалық  пәндерді  оқыту  үдерісінің  педагогикалық  жүйесі.  Пед.ғыл.докт.дисс…..13.00.08. – алматы,  2006,89- б.
    1. К.М . Беркімбаев, Н.И.  Байтерекова.   Ағылшын  тілін  оқытуда  компьютерлік    телекоммуникация  технологияларын  пайдалану. //зерттеуші-Исследователь, №11-12(31-32),33-35 б. 2008 ж

 

Автор:   Ж.Бимырза.

Қызылорда  облысы, Қазалы ауданы, 

Жанқожа ауылы №94 орта мектептің 

информатика пәнінің мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ