Абай мұраларын ұлықтайық (сценарий)

0
6588
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлықтау мақсатында өткізілген іс-шара сценариін назарларыңызға ұсынамыз.

Жүргізуші:

Дара Абайды Қазақтың жүрегі деп білемін!

Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін!?

Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,

Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге алшындап, адымдап келеді.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар және Абай өлеңін жан-тәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін сайысқа қатысушылар. Бүгін ерекше күн. Себебі, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың жырлары оқылады, әндері шырқалады. Мектепішілік Абай оқуларына қош келдіңіздер!

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған, жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар,

Сайысқа қатысушы тұлғаларға.

Жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын қара қылды қақ жарып, әділдігін беретін , сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

________________________________________________________________________

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» 7 – сыныптар аралығында өтіліп отырған «Абай мұраларын ұлықтайық» байқауының ережелерін еске сала кетейін. Сайыс  3 бөлімнен тұрады.

  1. Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын) жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3-4 минуттан аспауы тиіс;
  2. Абай қара сөздерін көркем шеберлікпен жатқа орындау (сахналық қойылым) (5-7 минут).
  1. Халық және Абай әндерін орындау (1 ән).  Уақыты  3-5 минуттан аспауы тиіс.

Қатысушыларға уақыт регламентінен аспай, сахналық мәдениетті сақтау керектігі ескертіледі.

Бүгінгі сайысқа қатысушы сыныптар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

І айналым

(мәнерлеп жатқа оқу)

Сайысты алғашқы болып 7 «А» сынып оқушылары бастайды. Қарсы алыңыздар!

Келесі 7 «В» сынып оқушылары жалғастырады.

 ІІ айналым

(қара сөзді көркем шеберлікпен орындау)

Ортаға 7 «А» сынып оқушыларын шақырамыз

ІІІ айналым

(Абай әндерін орындау)

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнде сүйсен менше сүй, — дейді емес пе Абай атамыз!?

Олай болса, әнді қаншалықты сүйіп, өнерді қалай бағалайтындарыңызды бір бақыласақ. Ортаға әсем әуезді әнімен 7 «В» сынып оқушыларын ду қол шапалақпен қарсы алайық.

 Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», — дейді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

Байқауымыз да көзді ашып жұмғанша соңына таяп қалды. Ортаға бар өнерлерін салып,  үздіксіз дайындық пен еңбектің нәтижесін білу үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Алайда, әділқазы алқасы өз шешімін қабылдап, жариялаймын дегенше көрермен қауыммен сұрақ – жауап алмассақ. Жауап беріп, өз пікірін ортаға салған оқушылар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

  1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? ( Көкбай)
  2. Абайдың шын есімі кім және өмір сүрген жылдары?
  3. Абайдың қанша поэмасы бар және аяқталмаған поэмасын атаңыз? (3, Әзімнің әңгімесі)
  4. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (А.Байтұрсынұлы)
  5. Абайдың әжесі мен анасының есімін атаңыз, Әйгерім Абайға кім және шын есімі қалай аталады? (Зере, Ұлжан, екінші әйелі Шүкіман)
  6. «Абай жолы» романын кім жазды? Шәкәрім Құдайбердіұлының Абайға қандай туыстық жақындығы бар? (М.Әуезов. Абайдың ағасының баласы)
  7. Абайдың қандай өлеңін жатқа білесіз?

Керемет, арамызда осындай білімді , ақылды оқушылар өсіп келе жатқанына біз өте қатты қуанамыз. Алдағы уақытта сіздерге тек сәттілік тілейміз.

Әділқазы алқасының шешімі дайын болған секілді, олай болса, сөз кезегін ұсынсақ.

Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың «Абай мұараларын ұлықтайық» атты 7 – сыныптар арасындағы байқауда өз мәресіне жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!

Диана Кенжеғұл

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ