АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

0
4881
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.
АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Қоғамның қалыптасу кезеңдері

Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.

Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың  техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.

Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .

         Тарихи кезеңдер Археологиялық кезеңдер Палеоантропологиялық  кезеңдер
Алғашқы қауым кезеңі

Төменгі (100) және ортаңғы палеолит

(45-40)

Архонтроптар мен

палеонтроптар

кезеңі

Алғашқы қауымдық

Туыстық

қауым

кезеңі

Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі

Жоғары палеолит

(12-10) және

мезолит (8)

Неонтроптар

кезеңі

Кейінгі алғашқы қауым

Неолит (5) Энеолит немесе ертедегі металдық ғасыр

(4,5 –5)

Таптар түзілу кезеңі

Қола (3)

Темір

Атом ғасыры (ХХ ғасыры)

 

Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне  “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды.

Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы  адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді.

Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері — өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.

Алғашқы қауымдық кезең — қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.

Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық — көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры — қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі — қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы – 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін өткен жоқ.

Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты.

Кестеде берілген шкала адамдар жасаған және қолданған құралдар негізінде жасалған. Тас дәуірі – тастан жасалған құралдарды пайдалану кезеңі болды да, ол палеолит (ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит (австралопитектер мен “тік жүретін адам” ), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар), жоғары палеолит (38 мың жыл) — “саналы адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне бөлінді. Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық құрылымның аң аулау, жинау түрі басым болды.

Неолитте (жаңа тас дәуірі) 9-5 мың жыл бұрын аса маңызды оқиға орын алғандығы белгілі, ол неолит революциясы деген атқа ие болды. Нақты айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйретті, өсімдіктер өсіру, бір орында тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру шаруашылықтарына айналды. й жануарлары мен мәдени өсімдіктердің жасанды сұрыптау мен гибридтеу нәтижесінде алынған тұқымдары мен сорттары, мата тоқу, металлургия т.б. пайда болды.

Мәдени дамудың келесі кезеңдері “үштік ғасыр” деп аталатын – мыс, қола, темір ғасырларынан тұрады. Олардың әрқайсысы кейіннен белгілі болғандай, белгілі бір кезеңдерді басынан өткізіп, жекелеген мәдениеттің даму кезеңдері болып, олардың уақыты әр мәдениеттің даму уақытына сәйкес болды. Осы “ғасырлардың” ауысу реті әр жерде және жалпы бұл жүйені қазіргі кезде көпшілік мойындамай отыр, бірақ оның орнына жетілдірілген басқа жүйе әлі жасалған жоқ.

5.2 Жыныс ерекшелігіне байланысты қатынастар және отбасы эволюциясы

Қарапайым еңбек түрлеріне ауысу тек ұжымда және мінез-құлықтың қоғамдық нысандары жағдайларында мүмкін болады.

Мінез-құлықтың қоғамдық нысандары ұжымдардың сақталуына жағдай жасаған табиғи сұрыптау әсерінен күшейе түсті. Әлеуметтік байланыстар мен өзара көмек қарым-қатынастар жақсы дамыған ұжымдарда олардың жаулары мен стихиялық апаттарға қарсы тұру мүмкіндіктері жоғары болды.

Бұл жағдайлар антропогенездің ең ертедегі кезеңдері мен алғашқы қауымдық қоғам тарихында адамдардың қорек табу, бөлу, жыныстық қатынастар, т. б. реттелуінде  үлкен маңызы болды. Ертедегі қауымның биологиялық және әлеуметтік бастамаларының өзара күресу бағыттарының негізгісі бала табу немесе жыныстар арасындағы қарым-қатынастар болу керек еді. Бұл жерде жануарлардағы инстинктер күшті дамуы қажет.

Осыған жақын ұқсастықты приматтардың қарым-қатынасынан көруге болады. Қазіргі заманғы маймылдардың кейбір түрлері, шимпанзе мен гориллалар жұптасып, отбасы болып тіршілік етсе, басқалары гаремдер құрып, 10 шақтысы бір үлкен көсемнің басқаруымен бірге тіршілік еткен. Гаремде көсемнен басқа да жас аталықтар болғанымен, олар көбею процесіне қатыса алмайтын болған.

Әдетте ашық жерлерде тіршілік ететін маймылдардың дене бітімі күшті болып жетіледі. Осы маймылдардың барлық қауымдарының ішінде ең тұрақтысы саваннада тіршілік ететін павиандар қауымдастығы. Қауым болып тіршілік ететін жануарлар бірлесіп жауларынан қорғанып, саванналарда жақсы көбейіп өскен. Бұл қауымдар алғашқы адамдар бірлестігінің бір ғана түрі болып, ол барлық индивидтерді қамтыды.

Басымдылық. Әрбір жануарлар түрі өз инстинктісін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға тырысады. Бұл сол түрге жататын басқа жануарлармен қарама-қайшылықтардың пайда болуына себеп болады. Жануарлар арасындағы қатынастардың басымдылығы кезінде олардың біреуі екіншісінің қажеттіліктерін ескермей, кейде тіпті солардың арқасында өз инстинктілерін қанағаттандыруға мүмкіндік алады. Бұл кезде екінші жануарлардың өз инстинктілерін қанағаттандыруы тежеліп, біріншісі — үстемдік құрып (доминантты болып), екіншісі – бағынышты күйге ие болады. Үстем рөлге ие болатыны – неғұрлым күшті, ал бағынышты болатыны — әлсіз жануарлар. Осы екі түрлі күйді анықтайтын негізгі әдіс – төбелесу болды. Дегенмен, көп жағдайда, басымдық етуші қарым-қатынастар күш жұмсаусыз, не күрессіз-ақ қалыптасады, кей жағдайда жануарлардың бірі екіншісін күш жұмсамай-ақ бағындырып алады.

Басымдылық қарым-қатынастар барлық жануарлар арасында қалыптасып,  барлық ересек жануарлар белгілі бір орынды иеленетін күрделі иерархиялық жүйе түзеді.

Басымдылық — қауымда тіршілік ететін организмдердің арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастарды және сондағы оның ішінде тәртіп пен салыстырмалы түрде тыныштық жағдайды қалыптастырады. Алайда бұл тәртіп пен тыныштық салыстырмалы ғана. Басымдылық ұрыс-керісті болдырмаудың негізгі әдісі бола отырып, сонымен бірге оларды туғызу құралы болып табылады.

Басымдылық жүйесі жоғары статустағы жануарларда осы статусты сақтап қалуға, ал төменгі статустағы жануарларда оны көтеруге ұмтылушылық туғызды, дегенмен басымдылық жүйесі олардың алдын алуға көбірек себеп болады.

Алғашқы адамдардың қауымы барынша берік, тұрақты құрылым болды, бұл оларда қатаң иерархиялық жүйенің болғандығын байқатады.

Жыныстар арасындағы қатынастар. Маймылдар туралы мәліметтер алғашқы адамдар қауымындағы жыныстар арасындағы қатынастардың құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді.

Маймылдардың көбею физиологиясы адамдардың көбею физиологиясынан басқаша. Негізгі ерекшелігі, маймылдардың ұрғашылары– эструс деп аталатын — әрбір циклде бірнеше күнге созылатын жыныстық күйді басынан өткізеді. Бұл күй олардың жыныстық жүйесінде осы кезде болатын өзгерістерге байланысты. Маймылдардың әр түрлерінде эструс   түрліше, мысалы, тау гориллаларында 3-4 күннен, павиандарда 19 күнге дейін созылады. Басқа кездерде табиғи жағдайда маймылдарда шағылысу үрдісі жүрмейді. Басымдылық қарым-қатынастар нашар дамыған қауымдарда жыныстар арасындағы қарым-қатынастар тек жыныстық қатынас түрінде іске асады.

Ғалымдардың пікірінше, палеолит пен мезолит дәуірінде әйелдер ерлерге қарағанда қысқа өмір сүрген, оның себебі бала туу кезіндегі әртүрлі жағдайлар әсерінен деп түсіндіріледі. Осыған байланысты, алғашқы адамдардың қауымдарында ересек аталық организдер аналықтарға қарағанда көбірек болған.

Конфликтілер. Табиғи жағдайларда тіршілік ететін маймылдарда ұрғашылары үшін таласу кездеспейді. Павиандардың қауымдарында ересек аталықтары мен аналықтары сандарының қатынасы 1:2 немесе 1:3 болған. Бұндай қауымдарда павиандар бұл үшін таласпаған. Тек бір ғана қауымды үш аталық басқарған және онда үстемдік етуші көсем болмаған, олардың алтауына 7 аналықтан келіп, әдетте белгілі бір кезеңде бос аналықтардың біреуі ғана экструс күйін басынан өткізіп, аталықтарының арасында осы аналық үшін талас туатын. Осындай таластар кезінде олар бір-біріне біраз зақым келтіретін болған.

Бұл қауымдағы күрестер мен конфликттердің негізгі себебі, ондағы павиандардың жыныстық арақатынастарының ерекшелігінен болды.

Сонымен, алғашқы адамдардың қауымдарында аналықтарға қарағанда аталықтары көп болды, олай болса олардың арасында аналықтар үшін күрес те жиі болған болуы керек.

Оңтүстік африкалық австралопитектердің Р.Дарт сипаттаған материалдарында Стеркфонтейн мен Макапансгаттан табылған 16 бас сүйектердің барлығында да жарақаттар болған. Бұл алғашқы адамдардың сол кезде – ақ түрлі қарулар қолданғандарын көрсетеді.

Эволюцияның ең ертедегі кезеңдерінде нағыз қарапайым отбасының пайда болуы туралы концепциялар екі түрлі бағытта қалыптасты.

Бірінші бағытқа сәйкес, қарапайым отбасылар алғашқы адамдар қауымының жалғыз ғана түрі болды деп саналады. Питекантроптарда да осындай жағдай қалыптасты. Екінші көзқарас бойынша, алғашқы адамдардағы қарапайым отбасы анағұрлым үлкен құрылымдардың құрамына кірген.

Алғашқы адамдар және қалыптасып келе жатқан нағыз адамдар қарапайым отбасылар құрып тіршілік еткенімен, ол өз алдына жеке құрылым болған жоқ және ол тұрақты бола алмаған болар еді. Қауымдағы ересектердің бірі қайтыс болса, қалғандары ары қарай өз беттерінше тіршілік етуге қабілетсіз болды. Бір ғана ересек көсемі бар топтағылар жауларынан қорғана алмаған, себебі, ол аң аулауға кеткен кезде топта тек кішкене балаларымен аналық қорғанышсыз қалады.

Бұндай топтарда кәмелетке жеткен индивидтер қауымды тастап, біраз уақыт өз беттерінше жеке тіршілік етулері қажет. Ал бұндай жағдайда ересек индивидтер жеке өздері жыртқыш аңдарға  қарсы тұра алмайды. Осы себептерден ертедегі алғашқы адамдарда жеке құрылым ретіндегі қарапайым отбасы болуы мүмкін емес. Ал олардан кейінірек пайда болған табиғи заттарды пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге құралдар жасай білген алғашқы адамдарда бұндай қарапайым отбасылар тіпті де болмаған.

Өндірістік әрекеттердің жетілуі ұрпақтан ұрпаққа өз тәжірибелерін беру арқылы жүзеге асырылатын үлкен, тұрақты бірлестіктерде ғана мүмкін болды. Кейінгі пайда болған алғашқы адамдардың бірлестіктер тіршілік еткенін археологиялық мәліметтер дәлелдейді. Бұл бірлестіктердің құрамында бірнеше ересек индивидтер болған. Алайда архантроптарда басымдылық жүйесінің сақталуы туралы айтудың да қажеті жоқ. Азықтың бөлінуі саласында қоғамның қалыптасуына байланысты үстемдік құру да жойылды. Нәтижесінде үстемдік ету жүйесі тіршіліктің басқа салаларында да жойыла бастады.

Егер азықтың бөлінуі саласында ескі, биологиялық қатынастардың орнына жаңа, әлеуметтік мінез-құлықтың белгілі ережелеріне тән түрлері пайда болса, алғашқы қоғамға өтуге байланысты жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалар болған жоқ. Сондықтан үстемдік құру жүйесінің жойылуына жыныстар арасындағы қарым-қатынастарға байланысты бәсекелестік әлсіреген жоқ. Тіпті алғашқы қауымдастыққа өту осы бәсекелестіктің өршуіне себеп болған болуы керек. Өйткені үстемдік құру жүйесі жануарлар қауымдастықтарында ішкі тәртіпті сақтаушы ролін атқарды. Бұл жүйенің жойылуы нәтижесінде қауымдастықтардағы жыныстар арасындағы қарым-қатынастар саласында белгілі бір тәртіпті қамтамасыз етудің ескі әдісі жойылды, ал жаңа әдіс пайда болған жоқ.

Статустардың біртіндеп жоғалуына байланысты конфликттер де жиілеп, қатая түсуі мүмкін. Осылайша алғашқы қауымдастық эволюциясының ерте кезеңдерінде жұптар пайда болып олардың арасында азықты бөлу не пайдалану жөнінде ешқандай қатынастар қалыптасқан жоқ. Сондықтан да бұл жұптар жеке ұйымдар немесе құрылымдар түзе алған жоқ. Жұптардың түзілуі не тіршілік етуілерінің негізі тек қана жыныстық инстинктерін қанағаттандыру болды.

Осы адамдардағы жыныстық қатынастардың алғашқы түрі ретсіз – промумискуитетті болды деп сипаттауға болады.

Алғашқы қауымдар эволюциясының ертедегі кезеңдерінде жұптар болғанымен, олардағы жыныстық қатынастардың қалыптасуын немесе ыдырауын реттейтін ешқандай әлеуметтік нормалар (ережелер) болған жоқ. Оның үстіне, олардағы ерлердің саны  әйелдерге қарағанда көп болды. Бұндай жағдайда жұптардың болуы еркектер арасында бәсекелестік туғызды. Ер адамдардың бас сүйектеріндегі жарақаттарды зерттей отырып, архантроптардың ертедегі қауымында әйелдер үшін қанды қақтығысулар болып тұрғанын аңғару қиын емес. Әрине, бұндай конфликтілердің барлығының себебі біреу ғана болды деу дұрыс бола қоймас. Дегенмен, көпшілік конфликтілер жыныстық инстинктер негізінде болған деуге толық негіз бар.

Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, қоғамдық құрылымның бастапқы формасы түрінде ертеқауым зоологиялық отбасылардан шыққан. Бұл гипотезаны жақтаушылар кейбір этнографиялық мәліметтерге сүйеніп, жыныстар арасындағы бастапқы еркіндіктің қалдықтарын көрсетеді.

Бұдан басқа екінші теорияны жақтаушылардың пікірінше, ертеқауым өздеріне дейінгі жануарлар қауымдарынан гаремдік отбасыны алып қалған болуы керек. Егер бұл пікір дұрыс болса, онда ертеқауымдар оларға қарағанда тұрақсыз бірнеше гаремдік құрылымдардан құралған болуы мүмкін.

Ертеқауымдардың дамуы жыныстық саладағы жыныстық жіктелушіліктің жетілгенін көрсетеді.  Ал осы үрдістің қалай жүргені адамзат тарихының құпияларының бірі болды.

Жоғары палеолитте өндіргіш күштердің дамуы қоғамдық құрылымның өзгеруіне себеп болды. Адамның табиғатпен күресіндегі оның техникалық жағынан жетілуі нәтижесінде салыстырмалы түрде тұрақты шаруашылық ұжымдар қалыптасты. Күрделенген еңбек құралдары мен біліктіліктерін жетілдіру, оларды тиімді пайдалану ертеқауымдар үшін қиын болды. Сондықтан да ертеқауымның орнын оларға қарағанда әлдеқайда тұрақты, мықты қоғамдық құрылым алуы тиіс еді.

Жаңа қоғамдық құрылымның сипаты бірнеше негізгі жағдаймен сипатталды. Біріншіден, сол қоғамның өте төмен дәрежедегі даму деңгейінде әлеуметтік байланыстарды бекітудің бір ғана негізі туыстық түріндегі көзқарастардың жалпылығын сезініп, түсіну. Екіншіден, ол кездегі коллективтердің анағұрлым тұрақты бөлігі әйелдер болды. Олар ұрпақтар үшін қамқорлық жасауда және үй шаруашылығын жүргізуде үлкен рөл атқарды.

Үшіншіден, жыныстар арасындағы қарым-қатынастардағы белгісіздіктер әсерінен туыстық қатынастар матримониалдық тармақ негізінде қалыптасты. Сондықтан ертеқауымды алмастырған қоғамдық құрылымның реттелген формасы аналық тармақ бойынша туыс болып табылатын индивидтерден құралған ұжым болды.

Туыстық қауымның  ертеқауымдардан айырмашылығы –қалыптасқан адамзат қоғамы еді.  Бұл қоғамда алғашқы қауымдағы ұжымшылдық бастамалары мен адамдар арасындағы тығыз қатынастар жоғары дәрежеде дамыды, оның үстіне этнографиялық аналогиялар негізінде байқалғандай, туыстық қатынастар экономикалық қатынастар ретінде, ал экономикалық қатынастар – туыстық қатынастар ретінде қалыптасты.

Жоғары палеолитке өту кезеңінде туыстық құрылымның пайда болғанына кейбір археологиялық мәліметтер қосымша дәлел бола алады. Мысалы, жоғары палеолитік Венералар деп аталатын әйелдердің мүсіндері.

П.П.Ефименкодан кейін көптеген археологтар оларды алғашқы аналық культтің дәлелі деп қарастырды. С.А.Токарев бұл мүсіндер туыстық топтардағы тіршілікті білдіретін от басының қорғаушысы, иесі деп қарастырды. Екінші бір көзқарасты жақтаушылар, көптеген этнографиялық мәліметтерге сүйенді. Осы пікірлердің барлығы да бұл мүсіндер тіршіліктегі және қоғамдық көзқарастағы әйелдің ролін білдіріп, аналық-туыстық культтің пайда болғанын көрсетеді.

Туыстардың тағы бір маңызды белгісі – зкзогамия, туыстастардың бір-біріне үйленуіне тиым салу болды. Ю.И.Семенов экзогамияның шығуы алғашқы қауымдық ұжымдар ішіндегі шаруашылық тіршіліктің реттелуі үшін қажет болды деп түсіндіреді. Олардың пікірі бойынша, жыныс аралық қатынастар кезінде үздіксіз қақтығыстар болып, олар ертеқауымның қоғамдық және шаруашылық роліне нұқсан келтірді. Осыған байланысты қоғамда біртіндеп жыныстық шектеулер енгізіліп, соңында топ ішіндегілер арасындағы жыныстық қатынастарға тиым салынды.

Жыныстық шектеудің бір түрі – инициация деп аталатын жасөспірімдерді кәмелетке толуына байланысты ересектер қатарына қабылдау болды.

Инициацияның негізгі мақсаты – жастарды отбасылық өмірге дайындау болды. Инициация кезінде оларға түрлі әдет — ғұрыптар туралы айтып қана қоймай, сүндетке отырғызу, т.б. рәсімдер жасалатын болған. Әсіресе ер балаларды сүндетке отырғызу кең тарап, ол иудаизм мен ислам дінінде осы кезге дейін сақталып қалды. Бұл әдет-ғұрыптың шығу себебі ғылымда түсініксіз. Кейбір жорамалдар бойынша, осы арқылы жасөспірімдердің жыныстық өмірге мерзімінен бұрын  ерте араласуына тиым салынған болуы мүмкін. Бұдан басқа әдет-ғұрыптар, мысалы, Австралияның аборигендерінде жасөспірім қыз балалардың кеудесін маймен сылау арқылы оның өсуін жақсартуға болады деп санаған.

Кейбір ертедегі алғашқы қауымдарда ересектер — әйелдер бір бөлек, ерлер бөлек топтанып өмір сүрген. Жекелеген ерлер үйлері болып, оларда түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер (инициациямен қоса) жүзеге асырылатын болған. Бұған Сібірдегі Мальта қалашығынан табылған археологиялық қазбалар дәлел бола алады.

Неке және отбасы. Туыстық құрылымның және оған тән экзогамияның пайда болуына байланысты алғашқы қауымдық қоғамда неке, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін ерекше институт пайда болды. Онымен бірге және кейбір басқа да түсініктер бойынша, кейінірек, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды реттейтін отбасылық институт пайда болды.

Некенің алғашқы түрі жөніндегі мәселе әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Этнографиялық мәліметтер бойынша, тарихи реконструкциялар екі түрлі. Біріншісі, некенің алғашқы түрі – топтық неке болып, ол кейінннен жеке неке мен  отбасының түрлі нысандарына  алмасты. Екіншісі —  қоғам дамуының ең алғашқы кезеңінен — ақ жеке отбасы болған деген пікір.

Бірінші пікірді ең алғаш ұсынған Л.Г.Морган. Ол біртіндеп алмасып отырған отбасының 5 түрін атады. Олар: қандас туыс, пуналуалды (индусша: пуналуа -құрдастар), жұптық, аралық патриархалдық және моногамды. Алғашқы екі түрі топтық некеге, ал қалғандары жеке некеге негізделеді.

Ғалымдардың екінші бір тобының пікірі бойынша, дамуы жөнінен артта қалған ертедегі аңшылар, балықшыларда және т. б. жұптық неке мен отбасы болған. Осы кезеңде жұптық неке мен отбасының болғанын бірқатар археологиялық мәліметтер дәлелдейді.

Алғашқы қауымда сақталып қалған еңбектің табиғи бөлінуі жыныстары мен жастарына байланысты ерекшеленген топтардың тіршілік етіп, олардың құқықтары мен міндеттері, әдет-ғұрыптары қалыптасты. Дамудың дәл осы кезеңінде жалпы мәдени деңгейдің жоғарылауына байланысты осындай топтардың институттары құрылды (жеке бастылар, жігіттер, қыздар, әйелдер үйлері, т.б.). Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – ерлер топтары, әсіресе, еркектер үйлері болды. Оларда еркектердің жиналыстары өтіп, түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты жұмыстар жүргізілді, қонақ күтілді және т.б. Әйелдер мен иниципияланған жасөспірімдерге еркектер үйіне кіруге рұқсат берілмеді. Көп туысты қауымдарда әрбір туыстың жеке еркектер үйі болды.

Жынысқа байланысты бөліну тек кеңістіктік қана болған жоқ, көбіне еркектер мен әйелдер бөлек жұмыс істеп, бөлек тамақтанды да, олардың жеке меншіктері де өз алдына бөлек болды. Көптеген папуас тайпаларында еркектер өздері отырғызған ағаштарға, малдарға, еңбек құралдарына иелік етсе, әйелдер өздері еккен бақша дақылдарына, ас үй жабдықтарына иелік етті. Тек қана балалар мен әйелдердің тұратын үйлері ортақ болып саналды.

Жыныстары мен жастарына байланысты бөлінген топтардың орны олардың еңбекті бөлудегі рөлінен және туыстық жеке меншікке қатынасына байланысты анықталды. Егін және мал шаруашылығында тек қана еркектер емес, әйелдер де жұмыс істеді. Осы кезеңде адамдар өмірінің ұзақтығының жоғарылауына және әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты ересек еркектердің басқаруы анығырақ байқалды.

Алғашқы қауымның соңғы кезеңдерінде де жұптық неке үстем болды. Бұл неке екі жақтың кез келгенінің ұйғарымы бойынша оңай бұзылатын еді. Кейбір тайпаларда көп әйел алушылық жиі кездесті. Ал екінші бір тайпаларда полиандрия (бірнеше күйеу болу), әсіресе левиратты – ағайындыларға күйеуге шығу көп кездесті. Алғашқы кезде шаруашылықтың екі түрі де болғандықтан кейде полигиния мен полиандрия қатар жүрді.

Мысалы, ХVІІғасырдағы егін шаруашылығымен айналысатын гурондар мен ирокездерде ерлерінің  қосымша әйелдері, ал әйелдерінің қосымша күйеулері болды, ал гурондарда бұлардан басқа аңға шыққанда әйелдері ретінде алып жүретін аңшы қыздар болған. И.Е.Вениаминовтың айтуы бойынша алеуттер мен тлинкиттерде әйелдердің екі күйеуі, біреуі негізгі, екіншісі көмекшісі болған. Бұл кездері біраз уақыттарға дейін некелер кросскузенді болып, қауымдық туыстық ұжымдар арасындағы байланыстардың ұлғаюына байланысты кросскузендік некелер бірте-бірте жойылып кетті. йленудің түрлі дәстүрлері, некені заңды түрде тіркеу, екі жақтың ата-аналарының арасында бір-біріне сыйлық ұсыну, т.б. пайда болды.

5.3 Билік эволюциясы

Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды, және ерекше беделге ересек, тәжірибелі адамдар ие болды. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты.

Ертедегі алғашқы қауымдарда билік — шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды. Кейбір қоғамдарда (мысалы, Австралия аборигендерінде) ерекше емшілер мен сыйқыршылар болды. Әдетте, көсемдер өндіріске ғана араласып қоймай, онда ерекше жеңілдіктерге ие болды. Алайда осы ересек көсемдердің кейбір белгілі артықшылықтары да болды. Мысалы, көп әйел алу тұрақты қалыптасқан қауымдарда көсемдердің онға дейін әйелі болды.

Қауым мен туыстарды олардағы ересек мүшелері, көсемдер мен басшылардың кеңесі басқарды. Әлеуметтік нормалар, яғни мінез-құлықтың міндетті, қоғаммен қорғалатын ережелері болып, бұл нормалар — еңбекті бөлу, бірлесіп қызмет ету, өзара қорғаныш, экзогамия, т.б. ұжымның аса маңызды мүдделерін көздеп, әдетте қатаң сақталды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып отырып, олар бірте-бірте әдет-ғұрып, дәстүрге айналды. Ең соңында, бұл нормалар идеологиялық жағынан діни тұжырымдар не мифтер болып бекітілді. Дегенмен кейбір жағдайларда осы қабылданған жалпы нормаларды бұзушылар да табылды. Сондықтан бұндай жағдайда қоғамдық шаралар қолдану қажет болды. Қоғамдық шаралардың бірнеше түрлері, тіпті күш жұмсауға дейін қолданылды. Тәртіпті өте ауыр бұзушылырға қатал жазалар — ұрып-соғу, өлтіруге дейін немесе ұжымнан қуып жіберу қолданылды.

Мысалы, Австралия аборигендеріндегі веддтер мен сенойларда экзогамияның ережесін бұзған адам ұжымнан кетуі керек немесе өлім жазасын алатын еді. Инициацияның құпияларын таратқан жігітке де қатаң жаза қолданылды. Бұл жағдайларда жазалау түрін ұжымдағы көсемдер белгілеп, олардың өздері немесе жазаланушының жақындары жүзеге асыратын болды. Ал керісінше, аса маңызы жоқ тәртіп бұзушылықтар кезінде оның себептерін екі жақ өзара бірлесіп қарастыратын болған.

5.4 Өркениет пен алғашқы қауымдық қоғамның коэволюциясы

Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда,  Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары.

Алғашқы қауымдық периферия мен оның өркениетпен байланыстарының түрлері.

Феодалдық мемлекеттердің көпшілігі қалыптасқан біздің эрамыздың 1 мыңыншы жылдарының екінші жартысына дейін алғашқы қауымдық периферия өзінің көлемі жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан әлдеқайда үлкен болды. Содан кейін де ол бірталай жерді алып тұрды. Көне әлемде оған адам аяғы баспаған биік таулы және шөл далалы аймақтарды қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика және Евразияның тропиктік орманды аймағы жатты. Жаңа әлемдегі Мезоамерика мен Анд тауларының кейбір ерте қоспағанда осы көне әлемге қарады.

Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп жатқанымен, тек европалықтардан кейін ғана ол қоғам толығымен орнады.

Алғашқы қоғамдық қауымдық құрылымның бір бөлігінің адамзат қоғамында осыншама ұзақ уақыт, екінші бөлігінің өркениет сатысына өткеннен кейін сақталуы бүкіл әлемдік тарихи үрдістің әртектілігіне байланысты болды.

Өркениет және оның алғашқы қауымдық перифериясы оның әртүрлі түрлері мен түрлі байланыстардың түзілуіне әкеп соғатын, сол сияқты әлем тарихының бірін-бірі ауыстыратын баспалдақтары арқылы бөлінеді өркениет орталықтарны қарағанда орналасуына байланысты.

Алғашқы қауымдық периферия жақын және алыс болып бөлінді. Жақын периферия жылдамырақ, алыс периферия жай дамыды, нәтижесінде дамыған және артта қалған перифериялар пайда болды. Таптық қоғамға қатынасты орнына сәйкес алғашқы қауымдық периферия сыртқы (өркениет ареалынан тыс орналасқан) және ішкі (осы ареал шектеріндегі) болып бөлінді. Бірақ жақын периферия әскери күш арқылы көрші таптық қоғамды өзіне бағындырды. Бұндай жағдайда екінші реттік алғашқы қауымдық периферия қалыптасып, олар жаулап алушылар таптық қоғамға өткенге дейін сақталды. Бұндай жағдай тарихта варварлық жаулап алудың салдары ретінде жиі кездесті.

Өркениет пен қазіргі заманғы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы байланыстар түрліше: бір не екі жақты, тікелей не қосымша, бейбіт және әскери сипатта болды.

Жақын перифериямен арада ал қосымша байланысты жақын периферия арқылы алыс перифериямен қатынас барысында пайда болды. Бейбіт байланыстардың ішінде негізгі түрлері—алмасу саудасы, миграция және инфильтрация арқылы, сол сияқты көпшілік және элитарлық, әскери байланыстардан — әскери тонаушылық және жаулап алу, т.б. түрлері болды. Ең кең таралғаны – шаруашылық байланыстар. Олар арқылы еңбекті қоғамдық бөлу және кейбір жағдайда жаңа шаруашылық — мәдениет типтері мен тип тармақтары түзілді. Мысалы, Оңтүстік — батыс Азияда б.э.д. 1 мыңыншы жылда керуен саудаларының қажеттері көшпелі түйекештер тап түзілу үрдісінің алдында тұрған шаруашылық — мәдени тип тармағының бедуин тайпаларының арасында таралуына жағдай жасады. Шаруашылық байланыстар арқылы барлық аса маңызды техникалық және технологиялық жетістіктер: керамика өндірісі және металлургия, желкенді, т.б. көлік түрлері, т.б. таратылды.

Өркениеттік шаруашылық байланыстар алғашқы қауымдық қоғамдар экономикасының дамуына мүмкіндік жасады. Мысалы, Эгей теңізі бассейніндегі тайпалар басында Таяу Шығыстағы қола құю өндірісіне шикізат жеткізушілер ретінде енген болса, кейіннен өздері Орталық Европа тайпаларын шикізат жеткізушілерге айналдырған археологиялық зерттеулер арқылы анықталған.

Қоғамдық құрылымның салыстырмалы автономиялылығына байланысты рухани-идеологиялық байланыстар саласында біршама мүмкіндіктер ашылды. Бұны мифология мен діни мысалдардан көруге болады. Египеттік Күн ладьясының бейнесі Күннің айналымы туралы мифтің көрінісі екендігі баршаға  болды және ол Закавказье, Оңтүстік Швеция, Карелия мен көптеген сібір өзендері сағаларынан табылған. Бұл мифологиялық мәліметтің кең таралуы Евразияның үлкен территорияға таралғандығын дәлелдейді. Орта ғасырда бұндай бүкіл әлемдік дін түрлері,- христиан, ислам, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттің жақын және алыс алғашқы қауымдық перифериясына таралды, және олар қоғамдық және отбасылық тұрмысқа әсерін тигізді.

Ертедегі таптық қоғамдар бір — бірімен үнемі өзара қақтығыста болды. Алғашқы қауымдық қоғамдар өздерінің билік орындарын қорғау мақсатында ертедегі өркениеттерді жаулап алып отырды. Мысалы, б.э.д. 2 мыңыншы жылдары  энеолитикалық тайпалар Үндістанның харапп өркениетінің Гуджерат тармағын, ал 1 мыңыншы жылдың ортасында чичимектердің аң аулаумен айналысатын тайпалар Мезоамериканың Толтек өркениетін  жаулап алған.

Ертедегі Жерорта теңізіндегі өркениеттер арасындағы  алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы қарым — қатынастың маңызы екі жақ үшін  бұрынғыдан да арта түсті. Греция мен Рим үшін алғашқы қауымдық периферия құлдардың шығу көзі болды. Грек пен Римнің колониялық экспансиялары алғашқы қауымдар жерінде өндірістің ертедегі әдістерін дамытты. Нәтижесінде, алғашқы қауымдық периферияны пайдалану ертедегі өркениеттің сақталып қалуына жағдай жасайтын негізгі факторлардың бірі болды. Жақын периферияның тайпалары бір жағынан жыртқыштардың экспансиясына ұшыраса, екінші жағынан оның көрінуіне стимул болды және осының нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдар құлаған Рим империясының орнында қалған феодализмнің әсер етуші факторы болды.

Орта ғасырға қарай өркениет ареалы кеңейіп, шығысқа қарағанда батыста ұлғая түсті. Батыс Европада алғашқы қауымдық перифериялар ХІ ғасырға дейін солтүстікте тек нормандар, ал оңтүстікте кейбір горлық қоғамдар болды. Ал бұл кезде Шығыс Европа, Азия мен Африкада, сол сияқты Америкада таптық қоғамдар өздерінің ішкі және сыртқы алғашқы қауымдық перифериясын түгелдей қамтып, түрік, монғол, араб, т.б. тарапынан варварлық жаулап алушылықтарға ұшырады.

Орта ғасырда ашылған Ұлы географиялық жаңалықтар және олардан соңғы батыс европа елдерінің колониялық экспансиясы алғашқы қауымдық периферияда көбінесе жоюшылық сипат алды. Оның себебі, батыс европа елдерінің колониялары олардан мұхит, теңіздер арқылы бөлініп, орталық пен перифериядағы халықтың  бір-бірімен байланысын шектеді.

Таптық және алғашқы қауымдық қоғамның қатынастарының ассиметриялық сипаты капитализм кезінде ең жоғарғы шегіне жетті. Басқа кезеңдердің барлығына қарағанда капитализмнің қуаты өте күшті болды.

Колониялық әлемнің біршама бөлігін құрайтын алғашқы қауымдық периферия бастапқы кездегі капиталдың жинақталуында және өнеркәсіптің капиталистік жолмен дамуында маңызды рөл атқарды. Дегенмен, алғашқы қауымдық периферия үшін европалықтардың колонияландыру саясатының зардаптары да аз болмады. Осының  нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамның орасан зор бөлігі Жер бетінен түгелімен жойылып кетті деуге болады. Мысалы, тасманиялықтар түгелдей, Австралияның теңіз жағалауларында орналасқан тайпалары, бушмендер, Вест-Индия мен Орталық Аргентина тайпалары, Оңтүстік Шығыс Бразилияның 30 шақты тайпалары түгнлге, ал АҚШ индей халқының 2/3 бөлігі жойылып кетті.

ХV ғасырдан бастап, Маркстің сөзімен айтқанда, америкалық колониялар үшін қажетті құлдардың қорығына айналған Африкада тек қана құлдар саудасының әсерінен кейбір ғалымдардың есептеуі бойынша 100 млн адам қырылып кеткен.

Алғашқы қауымдық құрылымда тіршілік еткен халықтың екінші бөлігі құл иеленушілік және капиталистік эксплуатацияға ұшырады. Бұл үрдістердің өту жағдайлары түрліше болды. Жергілікті халықты  жерлерінен қуып тастап, резерват, резервация (АҚШ), хоумдендтерге (ЮАР мен Намибия), т.б. бөліп тастады. Бірақ бұның нәтижесінде олардың барлығы таптық қоғамдардың құрылымына кіріп, онда шаруалар мен ауыл пролетариатының топтарын құрды.

Дегенмен, алғашқы қауымдық қоғамға капиталистік колонияландырудың тек зиянды әсері болды деу қате болар еді. Капитализмнің әсер ету аймағындағы алғашқы қауымдық қоғамдар шаруашылық, әлеуметтік-саяси және мәдени жағынан қарқынды дами бастады. Европалық колонияларда өнеркәсіп пайда болып, жұмысшы таптары мен интеллигенция өкілдері, саяси партиялар құрылып, техникалық өркениеттің жетістіктері кең тарала бастады.

Колониялық жағдайда бұндай даму өте жай жүрді. Колонизаторлар көп жағдайда тайпалық құрылым мен көсемдік билік сияқты трайболизмнің салт-дәстүрлерін өздерінің әкімшілік қызметінде пайдалану үшін барынша сақтап қалуға тырысты. Басқарудың бұндай тікелей емес, қосымша жүйесі көптеген британ және нидерланд колонияларында кең таралды.

Қазіргі замандағы алғашқы қауымдық қоғамдар. Жаңа кезең басындағы алғашқы қауымдық қоғамдардың жағдайы туралы мәселе екінші дүние жүзілік соғыстан соң империализмнің колониялық жүйесі құлағаннан кейін, артта қалған  көптеген елдер жеке өз алдарына бөлініп шыққаннан бастап аса маңызды болды. Олардың кейбірінде ішкі алғашқы қауымдық периферия әлі күнге дейін сақталуда, дегенмен дәл қазіргі таңда олардың саны өте аз.

Алғашқы қауымдық тайпалардың тіршілік ету ареалдарының ең ірісі – қазіргі заманғы техниканың да күші жетпейтін Оңтүстік Америка ормандары, негізінен, Бразилия сельвасы. Шамамен есептегенде, бразилиялық үнділіктердің 1/5 бөлігі үнділік емес халықтармен тұрақты қатынаспай, өздерінің қарапайым шаруашылықтарын жүргізіп, алғашқы қауымдық мәдениеттерін сақтап қалды, тіпті кейбіреулері соңғы кезге дейін тастан жасалған құралдарын пайдаланады.

Алғашқы қауымдық қоғамның басқа ареалдары біршама аз болса да, бірқатар елдерде сақталуда. 1960 жылдары Филиппин аралы Минданаоның таулы ормандарының бірінде сол кезге дейін белгісіз болған тасадай тайпасы табылды. Тайпаны зерттеуші этнографтар олардың тастан және бамбуктен жасалған құралдарды пайдаланғанын анықтады. Сол кездері Папуа – Жаңа Гвинеядағы Сепик және Мэй өзендері бассейндерінде таскөмір дәуірінде өмір сүрген бірнеше папуасс тайпалары табылды. Осы кезде Намибия территориясының оңтүстік африкалық Калахари шөлінде тіршілік еткен бушмендерді зерттеу басталды: олар көршілес тайпалардан алған темірден жасалған пышақ, т.б. құралдарды пайдаланған, ал жалпы алғанда, олардың мәдениеті мезолиттегі аңшылық сипатта болған.

5.5 Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық құрылыстың қалдықтары

Алғашқы қауымның қалдықтары алғашқы қауымдық  құрылымның жойылуына байланысты таптық пайда болған қоғамдарда, яғни ертедегі шығыс және феодалдық қоғамдарда көбірек сақталып қалғаны түсінікті. Антикалық қоғамдарда алғашқы қауым қалдықтары оларға қарағанда төмендеу дәрежеде сақтана, капиталистік қоғамда ешқандай белгісі қалған жоқ. Осыған сәйкес, алғашқы қауымның қалдықтары дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарға тән болды. Алғашқы қауымның қалдықтары таптар түзілу кезеңдерінің құрылымы, нормалары мен түсініктері болып саналады. Осылардың көбі одан әрі трансформацияланды.

Қалдық құрылымдар мен жалпылықтар. Ең ірі қалдық құрылымдар мен жалпылықтар тайпалар мен олардың бірлестіктерінің реликтілері. Мұндай тайпалар мен тайпа аралық жалпылықтар таптық қоғамдарда олардың қалдық не реликтілік сипатына байланысты “екінші реттік” деп аталады.  Олар көптеген өте ертедегі, орта ғасырлық және қазіргі заманғы  елдер құрамында, яғни ертедегі антикалық элиндер мен  италияндықтардан бастап бүгінгі күнгі қазақ не түркмендерге дейінгі халықтардың құрамында болды.

Кейбір жағдайларда бұндай құрылымдар мен жалпылықтар тайпа не тайпаға дейінгі ерекшеліктердің әлеуметтенуі нәтижесінде касталық жүйелер негізінде бірігуі арқылы сақталып қалды, бұндай жағдай, мысалы, ндістан не Оңтүстік Арабстанда орын алды. Алайда олардың бұдан да ұзағырақ сақталуы таулы аймақтың егінші, малшылары немесе таптар мен мемлекеттер баяу қалыптасқан аридтік аймақтардағы көшпенді не жартылай көшпенді малшылардың шаруашылық — мәдени түрлеріне жататын халықтарға тән болды.

Қарастырылып отырған қалдық құбылыстар екі түрлі формада сақталды: бірінші түрі  курд, пуштун, афган тайпалары мен халықтарына, араб бедуиндеріне тән болып, осыған сәйкес этникалық тайпалардың жалпылықтары билік және әлеуметтік-экономикалық өмірдің құрылымы сақталады. Екінші түрі бұдан әлдеқайда көп халықтарға тән (тек қана бұрынғы Кеңестер Одағындағы – оңтүстік сібір халықтары, қазақ, қырғыз, түркмен, ноғай, адыгейлер) болып, этникалық тайпалық жалпылықтардың қалдықтары атауларында ғана сақталды.

Бірінші түрде қоғамда қалыптасқан таптар түзілу кезеңінің салт-дәстүрлері сақталғаны байқалады. Ал екінші түр біріншіден сәл ғана өзгерген модификациясы болып, қоғамның таптарға бөлініп, мемлекеттің пайда болуының аз ғана уақыт ішінде қалыптасқанын көрсетеді.

Нормалар қалдықтары мен түсініктер. Көптеген нормалардың сарқыншақтары неке және отбасылық өмірде сақталып қалды. Әсіресе әйелдердің ролін  патриархалдық кеміту және қалыңмалға сату сияқты нормалар. Әйелдерді қалыңмалға сату арқылы неке ертедегі және орта ғасырдағы қоғамдарда пайда болып, кейінгі кезеңдерге дейін сақталып келді (қытайлықтар, Индияның төменгі касталары). Дегенмен, кейбір қоғамдарда, әсіресе исламдық қоғамдарда бұл рәсімді қалындықты жай ғана алып-сату түрінде емес белгілі бір тәртіппен реттеуге тырысты. Қалыңдықтың туыстарына төленетін ақы жесір қалуы немесе ажырасуы мүмкін болған жағдайда әйелдің күнкөруі үшін оның өзіне берілді. Бұдан басқа да қалыңдықтың туыстарына да “ана сүті үшін”, “тәрбиелегені үшін”, т.с.с. түрлі ақылар төленді.

Капитализмге дейінгі таптық қоғамдардың барлығына тән норма – бір отбасы мүшелерінің барлығы бір ғана кісіге бағынышты болды. Мысалы, ертедегі Римде отбасыны басшысы арқылы басқаруы. Бірақ басқа қоғамдарда, реформаға дейінгі кезеңдегі Ресейде де патриархалдық қатынастар кең таралды. Отбасыдағы басқа мүшелердің арасындағы статустарына байланысты қатынастар еркектер мен әйелдер, ағалы — інілілер, апалы-сіңілілер арасында әлі де сақталып қалды. Сол сияқты патриархалды этикет сақталып, тіпті әрі қарай дами түсті.

Алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтары қоғамдық сананың түрлерінде – құқық, мораль, дінде байқалады. Қарама-қайшылыққа толы христиан догматикасында байларды қаралау  мен кедейлерді мазақтау туралы көптеген идеялар болды. Ислам дінінде барлық адамдар құдай алдында бірдей жауаптылығы, және жарлылардың пайдасына бағытталған салық пен пайдакүнемдікті қаралаған уағыздар пайда болды.

Таптық қоғамның діндерінде алғашқы қауымдық түсініктер мен ритуалдардың тікелей қалдықтары көптеп кездеседі. Олардың ішіндегі көпшілікке ең танымалы – иудаистердегі ерлердің инициациясы мен мұсылмандардағы ер балаларды сүндетке отырғызу. Осы сияқты ертедегі Индияның ведистік дінінде жасөспірімдерге қасиетті жіп байлау. Тазарту арқылы жүргізілетін инициацияларға христиан дініндегі сумен шоқыну да жатады. Ертедегі грек, римдіктер мен басқа да халықтардың политеистік дндерінде осы кезге дейін ата — тектерінің отбасылық — туыстық әдет-ғұрпы сақталған. Ертедегі Қытайда басқа діндермен бірге кездесетін шаманизмнің сарқыншақтары осы кездегі буддизм-ламаизмде бар.

Қазіргі заманғы діндердің ең жоғары дамыған түрі — христиан дінінде – жын-шайтанды қуу, адамдарды жамандықтан сақтайтын періштелер туралы, әртүрлі жақсылық ниетке бағытталған магиялық іс-әрекеттер, т.б. сияқты шаманизмнің қалдықтары әлі де сақталған.

Алғашқы қауымдық қалдықтардың осы кездегі рөлі. Таптық қоғамдардағы алғашқы қауымның қалдықтары осы кезге дейін сақталып, түрлі даулы сұрақтарды туғызып отыр. Көптеген халықтардың тұрмысында сақталып қалған алғашқы қауымның қалыңмал, көп әйел алушылық, т.б. сияқты қалдықтары түрліше түсіндіріледі.

Дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарда бұл құбылыстарды этникалық мәдениеттің негізгі бөлігі болып саналатын халықтық әдет-ғұрып деп қабылдайды. Трайболизм құбылыстары – туыс-тайпалық бірлік пен айырмашылық, көсемдер мен жасырын қоғамдардың әсері, т.б. дәл осы сияқты қабылданады. Олар негізінен үшінші әлемнің жас мемлекеттеріне тән, дегенмен трайболизмнің кейбір белгілері, әсіресе территориялық-тайпалық бәсекелестік бұрынғы Кеңес Одағы халықтарында да сақталған. Трайболизмнің түп-тамырымен жойылуы қиындау, ал кейбір халықтарда ол соңғы кезде қайта жаңғыра бастады.

Сонымен, алғашқы қауымның салт-дәстүрлері халықтардың көп бөлігі үшін белгілі бір роль атқарады деуге болады.

5.6 Этностар эволюциясы 

Әдетте адамзат баласы үш нәсілге : ақ (европоид), сары (монголоид) және қара (негроид) нәсілдерге бөлінеді. Алайда көптеген антрополог-ғалымдардың пікірінше нәсілдер бұдан әлдеқайда көп – 20 дан асады. Олардың ішінде көбірек қарастырылатын – австролоидтық, американоидтық және койсан нәсілдері (готтенготтар мен Африканың оңтүстігіндегі бушмендер).

Нәсілдерге бөліну Жердің антропогендік жабынының мозайкасындағы бірінші деңгей болып табылады. Нәсілдік айырмашылықтар адам организмдерінің табиғи-климаттық жағдайларға бейімделу реакциялары ретінде пайда болғаны ғылымда дәлелденген.

Адам биологиялық түр ретінде біреу ғана. Бұны әртүрлі нәсілдерге жататын адамдар арасындағы некелерден балалардың туылуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы нәсілдік, ұлттық, тілдік, мәдени, мінез-құлықтық айырмашылықтар табиғи болып табылады. Осы белгілер бойынша қоғамдық бірлестіктерді басты түсінігі этнос болып саналатын этнология ғылымы зерттейді. Этнос дегеніміз – гуманитарлық (мәдени) белгісімен басқаша мінез-құлық (табиғи) белгілері бойынша бөлінетін адамдар бірлестігі.

Шамамен 20 жылдай бұрын БҰҰ Ұлттар жөніндегі комитеті қызықты тәжірибе жүргізді – планетамыздағы негізгі ұлттар бойынша  1 млн аса адамдардың дарындылығын зерттеді. Нәтижесінде бұл белгі бойынша ұлттардың бір де бірінің ерекшеленбейтіні анықталды. Сондықтан ұлттардың ешқайсысы да бірде-бір артықшылыққа ие бола алмайды.

Айта кететін бір жай, барлық халықтар мен ұлттар генетикалық тұрғыдан алғанда “таза” болмайтындығы. Ұлттардың бір-бірімен араласу коэффициенті үнемі ұлғаю үстінде. Генетиктердің жорамалдары бойынша, 40 ұрпақтан кезеңінен кейін барлық ұлттар араласып кетеді (әдетте, адамдардың бір ұрпағының кезеңі 25 жылға тең деп есептеледі).

Адам түсі қара және сары нәсілдерге тән меланин гендерінің әсерінен бірте-бірте қарайып, көздері қысыңқыланады. Бұл гендер доминантты гендер болғандықтан және ақ нәсілдерге қарағанда қара, сары нәсілдердің сан жағынан артықшылығына байланысты олар көбейіп, европалық фенотиптер өздеріне тән ерекшеліктерін жоғалтады.

Ұлттардың араласуы кезінде (және де фенотиптердің көп түрлілігіне байланысты), гомозиготалық қасиет (зигота – екі гаметаның қосылуынан түзілген клетка; гамета – ер немесе әйел жыныс клеткаларының тақ хромосомалары жиынтығынан құралған жыныс клеткасы, біршама азайып, нәтижесінде тұқым қуалайтын аурулар азаяды, адамдардың денсаулығы жақсарады. Сонымен, ұлттардың араласуы – адам баласының тіршілігі үшін өте қажет. Екінші жағынан, ұлттардың араласуы және энтропияның бүкіл планетарлық масштабта ұлғаю үрдісі, яғни Жердегі барлық материя түрлері, оның ішінде адамды да қамтитын қоршаған орта объектілерінің сипаттамаларының орташалануына әкеп соқты. Бұл дұрыс па, бұрыс па, ол өз алдына жеке мәселе, барлығымызға мәлім бір ғана нәрсе – табиғат тепе-теңдікті қаламайды, бірақ соған жетуге тырысады.

Белгілі этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы Л.Н.Гумилевтің пікірі бойынша, этнология – жаратылыс туралы ғылым.

Егер З.Фрейд, индивидтер әрекеттерін психикалық энергия әсерінен деп түсіндірсе, Л.Н.Гумилев әлеуметтік дамуды Күн энергиясының әсерінен деп түсіндіреді.

Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді.

1915 жылы 18 жастағы А.Л.Чижевский астрономия, химия және физика салаларын бар ынтасымен зерттей отырып, Күн бетіндегі дақтардың түзілуі мен осы кезде жүріп жатқан бірінші дүние жүзілік соғыста ұрыс қимылдарының синхрондығы қарқындағанына назар аударды. А.Л.Чижевский астрономия, биология және тарих ғылымдары бойынша түрлі ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, Күннің белсенділігінің Жердегі биологиялық және әлеуметтік үрдістерге тікелей әсер ететінін анықтады. Бұл жөнінде оның “Тарихи үрдістердің физикалық факторлары”, “Күн сәулелері желдерінің Жердегі жаңғырығы” деген еңбектері дәлел бола алады.

А.Л.Чижевскийдің бір қызықты ойы, Күндегі магниттік құбылыстар мемлекет басшыларының денсаулықтарына әсер ететіндігі туралы еді. Көптеген мемлекет басшылары жасы ұлғайған адамдар болатыны белгілі. Әрине, космостағы және Жердегі ритмдер олардың денсаулығына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе, тоталитарлық, диктаторлық тәртіп жағдайындағы елдер үшін өте қауіпті еді. Егер мемлекет басында аморальды немесе психикасы әлсіз адамдар болса, онда олардың ғарыштық құбылыстарға деген паталогиялық реакциялары тек өз мемлекеттерінің халқы үшін ғана емес, сонымен бірге, көптеген елдер жаппай қырып жоятын аса қуатты қаруға ие болып отырған кезеңде, бүкіл баласы үшін орны толмас қайғы-қасірет туғызуы мүмкін.

А.Л.Чижевский қорытындыларының бір ерекшелігі– Күннің  Жердегі тек биологиялық емес, әлеуметтік үрдістерге де біршама әсер ететіні.  Әлеуметтік қақтығыстар (соғыстар, көтерілістер, революция), А.Л.Чижевскийдің пікірінше, Жер бетіндегі тіршіліктің негізі —  Күннің күйі мен белсенділігіне тікелей байланысты жүреді. Оның есептеулері бойынша, Күннің белсенділігінің төменгі деңгейінде қоғамдағы көпшілік әлеуметтік құбылыстардың аз ғана мөлшері, шамамен 5 % жүреді, ал жоғары деңгейінде – 60 % жетеді.

А.Л.Чижевскийдің Күннің Жердегі үрдістерге әсері туралы айтылған ойлары мен қорытындылары тек біраз жыл өткен соң ғана тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оның көптеген идеялары  да космос және биология ғылымдары саласында біраз уақыт өткен соң қолданылды. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда Жерде жүретін құбылыстар мен үрдістердің Күн және Аймен байланысты болатындығы анықталды.

Күн белсенділігінің жоғары кезеңінде атмосфераның ағыны қарқындап, ортаның ылғылдылығы артып,  фитомасса ұлғайып, микроорганизмдер мен вирустардың белсенділігі артқанына байланысты, адам организмінде жүрек, қан-тамыр, онкологиялық, нерв жүйесі аурулары көбейеді. Бұлардан басқа тіршіліктің биологиялық ритмдер түріндегі  көрсеткіштерінің циклді өзгерістері – тәуліктік, ай, жыл, жарты жылдық, 2,2-5,5 жыл, 11 жыл, 22 жыл, 88-90 жыл, 180 жыл, 600 жылда байқалады. Әрбір биоритм  гелиоритммен: Күннің айналу кезеңі – 27 күн; Кұн бетіндегі дақтардың сандарының радиосәулелер ағынының өзгеруіне байланысты Күннің белсенділігінің өзгеру кезеңдері, 2,2-2,5 жыл, 5,5-6,0 жыл, 11 жыл, 22 жылдық магниттік цикл – Күннің жалпы магнит өрісінің өзгерістері, сол сияқты 88 жыл, 180 жыл 600жыл.

Адамдарға қатысты өзара байланыс анық байқалады: тік жүру – 1 жас, сөз сөйлеу, өз бетінше тамақтану 2-2,5 жас, оқып үйрену – 5,5-6 жас, жыныстық жетілу –11 жас, еркектердің ең жоғарғы жыныстық белсенділігі мен әйелдердің өсімталдық қабілеті – 22 жас, еркектердің ең жоғарғы творчестволық белсенділігі мен әйелдердің жыныстық  белсенділігі – 33 жас, әйелдердің көпшілігінде климакс пен еркектедің көпшілігінің жыныстық белсенділігінің тоқтауы – 55 жас.

Дамудың әрбір фазасы Күн циклінің белгілі бір кезеңімен сәйкес келеді. Л.Н.Гумилев «Этногенез және Жер биосферасы» атты еңбегінде этногенез (халықтың пайда болуы) проблемалары Күн әсері мен географиялық ортаға тікелей тәуелді деп көрсетті. Географиялық орта Жер биосферасының бір бөлігі болып, Күн жұйесінің құрамына – галактикаға кіреді.

Этностардың даму фазалары (эволюциясы) бар, яғни олар пайда болады, дамиды, жетіледі, ескіреді, жойылады. Ал, этностардың арасындағы айырмашылықтар қандай?

Орыстар, украиндар мен белорустар, қазақтар, өзбектер мен татарлар, немістер, француздар мен ағылшындар, және т.б. арасындағы ерекшелік — тілдік-қоғамдық (лингвистикалық-әлеуметтік) айырмашылық. Бірақ бір ұлтқа жататын адамдардың басқа ұлттар арасында тұрып, осы ұлт тілінде сөйлей тұра, өз ұлтына тән ерекшеліктерін сақтап қалатыны да көп.

Сонымен, бір ұлт екінші ұлттардан қалай ажыратылады? Л.Н.Гумилевтің түсінігі бойынша, мінез-құлықтың стереотипі арқылы. Мінез-құлықтың стереотипі тіршілік ететін белгілі бір ландшафтқа байланысты қалыптасады. Этностардың бұдан ары қарай дамуы энергиясы күшті, өз мақсаттарына жету үшін ерекше адамдар —  пассионарилерге байланысты екендігі анықталады.

Л.Н.Гумилевтің пікірінше, пассионарилердің белсенділігі мен іс-әрекеті бойынша халықтар өміріндегі негізгі тарихи оқиғалар өтеді. Пассионарилер массаға (көпшілікке) пасснарлық индукция жолымен әсер етеді. Пассионарилердің өздерінің іс-әрекеті, белсенділігі, ландшафтпен, тарихи уақыт және Күн белсенділігінің әсерімен, тіпті ғарыштық факторлармен тығыз байланысты.

Күннің белсенділігі пассионарлық соғылысқа әкеледі. Ол жөнінде Л.Н.Гумилев төмендегі гипотезаны ұсынады. Күн белсенділігі ұлғайғанда, ионосфераның қорғаныш қабілеті төмендеп, Күн энергиясы сәулелер түрінде бөлініп, Жер бетінің барлық бөліктеріне таралады. Егер сол кезде электромагниттік толқындар жиілігі Жер бетінің сол бөлігіндегі организмдердің нерв жүйесінің сәйкес толқындарымен бірдей болса, онда бұл организмдер қозу күйіне ұшырайды. Бұндай күйдегі организмдер барлық биологиялық объектілерге тән өзін-өзі қорғау сезімінен айрылып, кез келген бір идея жолында өздерін өлімге қиюға дейін барады. Бұның дәлелі дельфиндер мен киттердің жаппай жағаға шығып қалуы, шегірткелердің қаптап мұхиттарды ұшып өтуі, т.б.

Осылайша, пассионарлық соғылыс пайда болады. Оның нәтижесінде біршама энергияға бай тұлғалар пайда болып, олар басқаларды соңынан ерте отырып, этносты қалыптастырады.

Этногенездің төмендегідей кезеңдері бар: 1 – көтерілу; 2 -«қызу» – акматикалық кезең, 3 — қалыпты күйге өту – инерциялық кезең; 4 – обскурация – ауытқулардың соңғы күйінің кезеңі. Көтерілу фазасының негізгі ұраны — «этностардың мүддесі ең жоғары». Индивидум үшін ең маңыздысы -қоғам алдындағы міндет.

Акматикалық фазада (французша акмэ -«төбе») этностар өзінің ең жоғарғы шегіне жетіп, одан кейін төмендейді. Инерциялық фазада негізгі ұран — «өз өзіңмен бол», индивидуализм қарқындап дамиды; соғыстарда қан төгіліп, бірақ мәдениет дами түседі және онда әркімнің индивидуалдығы көрінеді; даңқ пен байлық талан-таражға түсіп, табиғат пассионарлық елдерде тұрақтанып, бірақ жаулап алынған елдерде бұзылады. Обскурация фазасының ұраны — «басқалар сияқты бол», «біз ұлылардан шаршадық».

Жасқа байланысты ауру – жеке сипаты жағынан ең үздіктердің өлімі. Әркім тек өз жеке басын ойлайды.

Мәдениеттің дамуы әрі қарай жалғасып, мәдени материалдық құндылықтар жинақталады. Этнос гомеостазға – тепе-теңдік күйге жетеді. Табиғат не тежеледі, не деградацияланады (бұл кезде этнос жойылады). Этнос дамуының соңында – уақыттың футуристік қабылдануы көтерілістер мен жойқын соғыстарға әкеледі. 1200-1600 жылдан соң этностар өздігінен құриды немесе оларға қарағанда жас және энергияға бай этностар шабуылынан жойылып кетеді. Соңғы кезеңдері – мемориалдық және реликтілік (есте сақтау жойылады).

Гумилевтің концепциясы барлық халықтардың фольклорындағы этностың түзілуі мен қуатты кездерін еске түсіріп батырлар жырының мәнің түсіндіреді.

5.7.Діни эволюция

Паркте «сырланған, байқаңыз» деген ескерту жазылған орындықтарда екі профессор әңгімелесіп отырады. Бірі екіншісіне:  «Адам өте қызыққұмар жаратылыс иесі.  Егер оған ғаламда 8134537540987565443861 жұлдыз бар десең, ол оған сене салады».  Ал егер орындыққа «байқаңыз, сырланған»  деп жазып қойсаң, ол міндетті түрде  қолымен тексеріп көреді.

Адамдардың дамуының белгілі бір кезеңінде діннің шығуы міндетті болды. Діни эволюциясының алғашқы кезеңінде оның түбірі күнделікті тіршіліктегі адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігі түрінде көрінді. Ол табиғаттың аса қорқынышты құбылыстары – найзағай, жер сілкінулері, вулкан атқылаулары, т.б. алдындағы дәрменсіздік емес, алғашқы адамның табиғатқа әсер ететін құралдары да, немесе оқиғалардың барысын анықтайтын білімі де болмады. Оның іс-әрекетінің барысы мен қорытындысы оның жеке өзіне емес, объективті жағдайлардың барысына байланысты болды. Бұндай жағдайда адам табиғат алдында әлсіз болды, оның тәжірибелік іс-әрекеті де еркін болған жоқ.

Адамның барлық іс-әрекеті екіге бөлінеді: біріншісі – іс-әрекеттің қорытындысы адамның тікелей өзіне байланысты еркін практикалық іс-әрекет, екіншісі – еркін емес, тәуелді іс-әрекет.

Іс-әрекеттің бұл екі түрі арасындағы айырмашылық тек салыстырмалы түрде ғана, олардың арасында өтпелі кезеңнің барлық баспалдақтары бар, дегенмен, ол шынайы түрде сақталады.

Адамның іс-әрекетінің барысында оған және адамның барлық өміріне әсер ететін белгісіз бір күш айқын сезілді. Сондықтан қалыптасып келе жатқан адам өзіне әсер етуші осы күштің құдіретін және бұл күш алдындағы өзінің әлсіздігін сезінуі қажет болды. Алайда бұл тез арада байқала қойған жоқ. Бұндай түйсік сезімнің дамуының белгілі бір деңгейінде қалыптасты. Бірақ, ең маңыздысы, адамның өз іс-әрекетінің белгілі бір саладағы дәрменсіздігін түсіну олардың құрал-жабдық жасау саласындағы дәрменсіздігін түсінусіз мүмкін емес.

Адам өзінің күші мен тіршіліктің белгілі саласының белгілі бір құбылыстарың құдіретін айқын сезінгенде ғана өзінің басқа саладағы әлсіздігін түсіне алады. Ол сол басқа салада өзінің құдіреті жетпейтін белгісіз басқаша бір күштердің бар екенін мойындайды. Осылайша дін пайда болады.

Дін адамның табиғи не әлеуметтік құбылыстардың себептері жөніндегі ойлары әсерінен емес, адамдардың табиғат күштері алдындағы әлсіздігінің нәтижесінде және қоршаған орта туралы қажетті білімнің жоқтығынан келіп туды.

Рухани өмірде ерекше орын алған табиғат құбылыстарының шығу тегін түсіндіретін қасиетті мифтер болды. Мифологияның табиғаты туралы түрлі пікірлер бар: мифология фольклордың жанры ретінде ғана емес, сонымен бірге алғашқы “ғылым” немесе “философия” деп те түсіндіріледі. Бірақ мифтер сырт қарағанда фантастикалық ертегілерге ұқсайды. Айырмашылығы, ертегілерге сенбейміз, ал мифтерге сенеміз.

Әдетте мифология шындық емес, мифологиялық уақыттар  деп аталатын түсініктерді қарастырады. Бұл адамдардың ата-тегінің өмір сүрген уақыты, батырлар және де басқа мифологиялық тұлғалар туралы болды. Бірақ баяндалуда белгілі бір реттілік болмады, ал фактілердің барлығы дерлік фантастикалық болды.

Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың діни дүние танымының негізгі ерекшелігі, олар өздерін қоршаған табиғи ортадан бөлген жоқ. Өндірістік аумақ, оның жануарлары, өсімдіктері мен минералдық байлықтары, оған әсер ететін табиғи күштер мен осында тіршілік ететін адамдардың топтары –барлығы біртұтас болып қабылданды. Сондықтан табиғатқа адамға тән қасиеттер, ал адамға табиғат қасиеттері тән деп түсінді.

Бұл діни түсініктердің барлық алғашқы түрлерінде — фетишизм, тотемизм, анимизм және магияда ерекше көрініс тапты.

Фетишизм – кейбір жансыз денелердің ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер — жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды.

Тотемизм Австралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар мен табиғат құбылыстары аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену. Туыстың аты оның өзінің тотемінің, мысалы, кенгуру не пияздың атымен аталып, олар өз тотемімен қандас туыспыз деп есептеді. Тотемге сиынған жоқ, бірақ оны басқалардың “әкесі” не “ағасы”, т.б. деп санады. Тотемі бір туыстарға өз тотемін өлтіруге, не оған зияндық жасауға не оны тамаққа пайдалануға тиым салынады. Әрбір туыстың өзінің қасиетті орталығы болды, онда тотемдік әдет-ғұрыптар сақталып, олармен байланысты салт-дәстүрлер орындалды. Жалпы алғанда, тотемизм туыстың табиғи ортамен байланысының идеологиялық көрінісі, бейнесі болды.

Анимизм – белгілі бір денелер бойында болатын ерекше құдіретті күш иелеріне сену.

Анимистикалық сенімдер табиғатқа жан бітірумен байланысты болды. Олардың бастамалары алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.

Магия немесе сиқыршылық — адамдардың басқа адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына әсер ету қабілетіне сену. Бақыланып отырған құбылыстардың өзара байланыстарының шын мәнін түсінбей, кездейсоқ сәйкестіктерді дұрыс түсінбей, кей адамдар сөз және белгілі бір әрекеттер  арқылы басқа адамдарға көмектесуге не керісінше зиян етуге болады деп сенді. Магия: “ақ” (қорғаушы) және “қара” (жамандық жасаушы) болып бөлінді. Магияның басқа да систематикасы  әсер ету объектісіне байланысты: өндірістік, махаббат, емдік, т.б. магия болып бөлінді.

Көптеген ғалымдардың пікірінше, магия дін бола коймаған, өйткені адамнан күшті құдірет иесін емес, адамның мүмкіндіктерін дәріптейді. Бірақ фетишизм, тотемизм мен анимизмде табиғаттан тыс құдірет қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.

Ертедегі жер иеленушілік қоғамда Аспан еркек мен  Жер әйелдің арасындағы неке туралы қарсы жағымсыз күштерді бағындыруға тырысты.

Егін шаруашылығының пайда болуына байланысты өсірілетін өсімдіктер мен олардың өсіуіне тікелей әсер ететін Күн мен Жердің күші деген ұғым қалыптасты. Мысалы, ирокездер маис, бұршақ және асқабақ “үш апалы-сіңлілер“, “біздің өмір“ не “бізді асыраушылар“ деп олардың рухына табынды. Ирокездердің алты мейрамдарының төртеуі егін шаруашылығына байланысты болды: жаңа жыл, егін себу, көк дән және өнім жинау. Күн – күш иесі, Жер топырақ құнарлылығын көтереді, жаңбыр шақырады, т.б. магиялық ұғымдар кең тарады. Осы сияқты мал шаруашылығында да ұғымдар қалыптасты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ