Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді оқу мен тәрбие жұмысында пайдаланып оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

0
10726

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы        \r\n\r\n№46 А.С.Пушкин атындағы \r\n\r\nмектеп-лицейінің тарих пәнінің  мұғалімі \r\n\r\nӘбдіхалықова Гүлнар Жақсылыққызы\r\n

\r\nҚазіргі таңда әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы және оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім сапасының маңыздылығын дәлелдейді. Бұған мысал ретінде қазақтың біртуар перзенті, қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, географ  Шоқан Уәлиханов: «Әр халықтың кемеліне келіп гүлденуі үшін азаттық пен білім керек»,— деп білімнің маңызына ерекше мән берген сөзі дәлел бола алады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақ елінің ғылымы мен білімінің стратегиясы  білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне замануи үдеріске кірігуімен  анықталады. Еліміздің әрбір облыс орталықтарында Ұлыбританиядағы Кембридж  университеті ұстаздарының оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерін оқып-үйрену  үшін арнайы курстар өтуде. Арнайы бағдарлама бойынша теориялық  және практика жүзінде мұғалімдер өз біліктіліктерін арттыруда. Бұл курс барысында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ пен тәрбие процесінде қалай тиімді пайдалануға болатындығы жайлы тренингтер мен лекциялар және іс-тәжірибе арқылы білім жинақтадым. Кембридж университеті мұғалімдерінің оқыту  мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерін оқытып  үйрету бағдарламасының негізгі мақсаты:\r\n\r\n— педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдыларды алудағы білімдік  қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу;\r\n\r\n— білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау;\r\n\r\n— өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту және тәлімгерлік етуде теориялық және  практикалық кәсіби құзіреттілігі  мейлінше терең мұғалімдерді даярлау./Мұғалімге арналған нұсқаулық,9-бет/\r\n\r\nБағдарламадан күтілетін нәтижелер барысында мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын  оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Өйткені, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім./Нұсқаулық,9-бет/ .\r\n\r\nОқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негізі–сындарлы оқыту теориясы. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ете отырып қаратырады. Яғни, бұл  міндеттер оқушылардың оқыған тақырыбы бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып жасалады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін  жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болады.\r\n\r\nХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы оқу туралы көптеген теориялық зерттеулерді гуманистік психологияға негіздеп және өсудің адами әлеуетін «мен» тұжырымдамасына баса назар аудара отырып қарастырған. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік,таңдау,ынта және сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып табылады. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды. Ол төменгі деңгейге психологиялық қажеттіліктерді орналастырса.жоғарғы деңгейге өзін-өзі көрсете,таныта білуді қойды. Жоғарырақ деңгейге өту тек төмен орналасқан қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады. Маслоу оқуды өзін-өзі көрсетудің бір жолы деп атап көрсеткен. Оқытудағы гуманистік тәсілді зерттеген Карл Роджерс болды. Оның зерттеуі логикалық және интуитивті,зият пен сезім үйлесім тапқан,барлық тәжірибесімен,білімімен қоса алғанда жеке тұлғаны толық қамтиды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйретуде Кембридждік оқыту тәсілі өзара байланысты жеті модуль шеңберінде  жинақталып берілген.\r\n

    \r\n

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  2. \r\n

  3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  4. \r\n

  5. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
  6. \r\n

  7. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
  8. \r\n

  9. Талантты және дарынды балаларды оқыту
  10. \r\n

  11. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
  12. \r\n

\r\n                     және оқу\r\n

    \r\n

  1. Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық.
  2. \r\n

\r\nЖеті модуль, оларды оқыту мен оқу барысында қалай пайдалану керектігін, бір-бірімен қалай байланыстырып сабақ өтуге болатындығын біздер топтық жұмыстар барысында өзіміз жұмыс істей отырып үйрендік. Аталмыш бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан-дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме  қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша,оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне  сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Сондықтан мұғалімге Шульманның «үш көмекші» деп атаған қасиеттері:\r\n\r\n1.Бас-кәсіби түсінік\r\n\r\n2.Қол-оқытудың тәжірибелік дағдылары\r\n\r\n3.Жүрек-кәсіби-адамгершілік тұтас болғанда оқыту мен оқу сапалы болады.\r\n\r\nЖалпы мағынасында сапалы оқыту — мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың.қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.\r\n\r\nОқыту — оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:\r\n\r\n1.Оқыту негізін түсіну,оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;\r\n

    \r\n

  1. Жүйелі ойлануға үйрену;
  2. \r\n

  3. Өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау.
  4. \r\n

  5. Оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру.
  6. \r\n

  7. Тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістік ойлау қабілетінің болуы
  8. \r\n

  9. Сандық технологиялар саласындағы жоғары құзіреттілік оқытудың сапасы екі тәсіл арқылы анықталады. Біріншісі,бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай,мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылады,оқыту үдерісіне тәуелді болмайды. Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан көрі,көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзыреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де саралай білу керек. Сонымен бірге оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Сондықтан мұғалім өзі жұмыс істейтін сыныбы жайлы барлық деректерді білуі керек.
  10. \r\n

\r\nОқыту мен оқуда жетістікке жету жолында бұл Бағдарлама оқыту мен зерттеуге ынта–жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып,ықпал ететін және бағдар беретін, әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын, оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар, оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін,өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз? Қандай іс-әрекет жасау керек? Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екендігін білетін, бастапқы идеядан туынды идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып,жандандыратындай етіп жинақтап,толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдерді даярлауды мақсат етеді. Бағдарлама екі бағытта әзірленген:біріншісі-мұғалімдердің оқыту мен оқуда табысқа жету жолдары  туралы бай білімді игеруі,ал екіншісі-өзара байланысты мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру  және өз әріптестеріне олардың кәсіби дамуы үшін ықпал ету мақсатында коучинг пен тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыруы. \r\n\r\n        Кембридждік оқыту тәсілдері ынтымақтастықта жұмыс істеуге негізделген. Ынтымақтастықта-оқыту мен оқу тәсілі, ол проблемеларды шешу,тапсырмаларды орындау үшін оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бұл тәсіл оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген,оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Бірлескен оқу үдерісініңи негізгі сипаттамалары болып мыналар табылады:\r\n

    \r\n

  1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс.
  2. \r\n

  3. Оқу құрдастардың белсенді қатысып,ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
  4. \r\n

  5. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.
  6. \r\n

  7. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі және осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
  8. \r\n

  9. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі,өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтады және қорғайды.
  10. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Мұғалімге арналған Нұсқаулық.
  2. \r\n

  3. Ш.Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалар жинағы.
  4. \r\n

  5. С.Мерсейітова.Сыни тұрғыдан ойлау
  6. \r\n

  7. Қ.Бітібаева.Ой толғаныс
  8. \r\n

  9. А.Жанпейісова.Модульдік технология.
  10. \r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ